Бурабай аудандық мәслихаттың 2010 жылғы 13 сәуірдегі № С-25/4 "Мұқтаж азаматтарының жекелеген санаттарына әлеуметтік көмек жасау туралы" шешіміне толықтырулар енгізу туралы

Күшін жойған

Ақмола облысы Бурабай аудандық мәслихатының 2011 жылғы 8 сәуірдегі № С-32/3 шешімі. Ақмола облысы Бурабай ауданының Әділет басқармасында 2011 жылғы 22 сәуірде № 1-19-198 тіркелді. Күші жойылды - Ақмола облысы Бурабай аудандық мәслихатының 2011 жылғы 23 желтоқсандағы № С-40/15 шешімімен

      Ескерту. Күші жойылды - Ақмола облысы Бурабай аудандық мәслихатының 2011 12.23 № С-40/15 (ресми жарияланған күннен бастап қолданысқа енгізіледі) шешімімен
      Қазақстан Республикасының 2008 жылғы 4 желтоқсандағы Бюджет Кодексінің 56 бабына, Қазақстан Республикасының «Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару және өзін-өзі басқару туралы» 2001 жылғы 23 қаңтардағы Заңының 6 бабына сәйкес Бурабай аудандық мәслихаты ШЕШІМ ЕТТІ:
      1. Бурабай аудандық мәслихаттың 2010 жылғы 13 сәуірдегі № С-25/4 «Мұқтаж азаматтарының жекелеген санаттарына әлеуметтік көмек жасау туралы» (Нормативтік құқықтық кесімдерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 1-19-178 тіркелген, 2010 жылғы 3 маусымда «Бурабай» газетінде, 2010 жылғы 3 маусымда «Луч» газетінде жарияланған) шешіміне келесі толықтырулар енгізілсін:
      1 тармақ:
      келесі мазмұндағы 5) тармақшасымен толықтырылсын:
      «Жеңіс Күніне арналған бір жолғы ақшалай төлемдер:
      Ұлы Отан соғысының қатысушыларына және мүгедектеріне – 5000 (бес мың) теңге;
      екінші дүниежүзілік соғыс кезінде фашистер мен олардың одақтастары құрған концлагерлердің, геттолардың және басқа да еріксіз ұстау орындарының жасы кәмелетке толмаған бұрынғы тұтқындарына - 3000 (үш мың) теңге;
      Ұлы Отан соғысында қаза тапқан (қайтыс болған, хабарсыз кеткен) жауынгерлердің қайта некеге тұрмаған жесірлеріне – 3000 (үш мың) теңге;
      «Ленинградты қорғағаны үшін» медалімен және «Қоршаудағы Ленинград тұрғыны» белгісімен марапатталғандарға – 3000 (үш мың) теңге;
      Ұлы Отан соғысы жылдарындағы тылдағы қажырлы еңбегі және мінсіз әскери қызметі үшін бұрынғы Кеңестік социалистік республикалар одағының ордендерімен және медальдерімен марапатталғандарға – 3000 (үш мың) теңге.
      Чернобыль атом электр станциясындағы апаттың зардаптарын жоюдың жылдығына - Чернобыль атом электр станциясындағы апаттың зардаптарын жоюға қатысу себебінен мүгедек болған тұлғаларға - 5000 (бес мың) теңге».
      2. Осы шешім Ақмола облысы Бурабай аудандық Әділет басқармасында мемлекеттік тіркеуден өткен күннен бастап күшіне енеді және ресми жарияланған күннен бастап қолданысқа енгізіледі.

      Аудандық мәслихаттың
      XXХII сессиясының төрағасы                 М.Қаржаспаев

      Аудандық мәслихаттың хатшысы               Г.Марченко

      «КЕЛІСІЛДІ»

      Бурабай ауданының әкімі                    В.Балахонцев

      «Бурабай ауданының жұмыспен қамту
      және әлеуметтік бағдарламалар бөлімі»
      мемлекеттік мекемесінің бастығы            Ш.Бостамбаева

Егер Сіз беттен қате тапсаңыз, тінтуірмен сөзді немесе фразаны белгілеңіз және Ctrl+Enter пернелер тіркесін басыңыз

 

бет бойынша іздеу

Іздеу үшін жолды енгізіңіз

Кеңес: браузерде бет бойынша енгізілген іздеу бар, ол жылдамырақ жұмыс істейді. Көбінесе, ctrl-F пернелері қолданылады