Щучье аудандық мәслихаттың 2008 жылғы 13 қарашадағы № С-9/3 "Мұқтаж азаматтардың жекелеген топтарына әлеуметтік көмек көрсету ережелерін бекіту туралы" шешіміне өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы

Күшін жойған

Ақмола облысы Щучье аудандық мәслихатының 2009 жылғы 24 сәуірдегі № С-13/14 шешімі. Ақмола облысы Щучье ауданының Әділет басқармасында 2009 жылғы 4 маусымда № 1-19-156 тіркелді. Күші жойылды - Ақмола облысы Бурабай аудандық мәслихатының 2010 жылғы 13 сәуірдегі № С-25/4 шешімімен

      Ескерту. Күші жойылды - Ақмола облысы Бурабай аудандық мәслихатының 2010.04.13 № С-25/4 шешімімен

      2008 жылғы 4 желтоқсандағы Қазақстан Республикасының Бюджет Кодексінің 56 бабының 1 тармағының 4 тармақшасына, «Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару және өзін-өзі басқару туралы» Қазақстан Республикасының 2001 жылғы 23 қаңтардағы Заңының 6 бабына, «Ұлы Отан соғысының қатысушылары мен мүгедектеріне және соларға теңестірілген адамдарға берілетін жеңілдіктер мен оларды әлеуметтік қорғау туралы» Қазақстан Республикасының 1995 жылғы 28 сәуірдегі Заңының 5, 6 және 20 баптарына сәйкес Щучье аудандық маслихаты ШЕШІМ ЕТТІ:
      1. Щучье аудандық маслихатының «Мұқтаж азаматтардың жекелеген топтарына әлеуметтік көмек көрсету ережелерін бекіту туралы» 2008 жылғы 13 қарашадағы № С-9/3 (Нормативтік құқықтық кесімдердің мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 1-19-141 тіркелген, 2009 жылғы 15 қаңтардағы «Бурабай» газетінде, 2009 жылғы 15 қаңтардағы «Луч» газетінде жарияланған) шешіміне келесі өзгерістер мен толықтырулар енгізілсін:
      Мұқтаж азаматтардың жекелеген санаттарына әлеуметтік көмек көрсету Ережелерінің 2 «Әлеуметтік көмек алу құқығы» бөлімінің 4 тармағы келесі редакцияда берілсін:
      «Ай және тоқсан сайын әлеуметтік көмек алуға кұқығы барлар:
      1) Ай сайын отбасының табысы есептелмей:
      екінші дүниежүзілік соғыс кезінде фашистер мен олардың одақтастары құрған концлагерлердің, геттолардың және басқа да еріксіз ұстау орындарының жасы кәмелетке толмаған бұрынғы тұтқындарға;
      Ұлы Отан соғысына қатысушыларға дәрігерлік-сараптау комиссиясының тұжырымдамасы бойынша подгузниктер.
      2) тоқсан сайын:
      нан және негізгі азық-түлік тағамдары бағаларының өсуіне байланысты табысы кедейлік деңгейінен төмен, атаулы әлеуметтік көмек алатын азаматтарға әлеуметтік көмек».
      Мұқтаж азаматтардың жекелеген санаттарына әлеуметтік көмек көрсету Ережелерінің 4 «Қажетті құжаттардың тізімі» бөлімінің 10 тармағы келесі мазмұндағы абзацпен толықтырылсын:
      «Екінші дүниежүзілік соғыс кезінде фашистер мен олардың одақтастары құрған концлагерлердің, геттолардың және басқа да еріксіз ұстау орындарының жасы кәмелетке толмаған бұрынғы тұтқындарға және Ұлы Отан соғысына қатысушыларға дәрігерлік-сараптау комиссиясының тұжырымдамасы бойынша подгузниктер алуға:
      9) жеңілдік алуға жататындығы туралы құжат;
      10) мекен-жайын растайтын құжат».
      Мұқтаж азаматтардың жекелеген санаттарына әлеуметтік көмек көрсету Ережелерінің 5 «Әлеуметтік көмектің көлемі және төлеу» бөлімінің 13 тармағы келесі мазмұндағы 4, 5 тармақшалармен толықтырылсын:
      «4) екінші дүниежүзілік соғыс кезінде фашистер мен олардың одақтастары құрған концлагерлердің, геттолардың және басқа да еріксіз ұстау орындарының жасы кәмелетке толмаған бұрынғы тұтқындарға ай сайын айлық есептік көрсеткіш көлемінде».
      «5) Ұлы Отан соғысына қатысушыларға дәрігерлік-сараптау комиссиясының тұжырымдамасымен подгузниктер алуға 5000 теңге».
      2. Осы шешімнің орындалуын бақылау Щучье ауданы әкімінің орынбасарына (Нұрпанова М.Б.) жүктелсін.
      3. Осы шешім Ақмола облысы Щучье аудандық әділет басқармасында мемлекеттік тіркеуден өткен күннен бастап күшіне енеді және 2009 жылдың 1 сәуірінен қолданысқа енгізіледі.

      Аудандық мәслихаттың
      XIII сессиясының
      төрағасы                                   П.Проскурин

      Аудандық мәслихаттың
      хатшысы                                    Г.Марченко

      КЕЛІСІЛДІ:

      Щучье ауданының
      әкімі                                      В.Н.Балахонцев

      «Щучье ауданының
      жұмыспен қамту және
      әлеуметтік бағдарламалар
      бөлімі» мемлекеттік
      мекемесі бастығының
      міндеттерін атқарушы                       Ш.Ә.Бостамбаева

      «Щучье ауданының
      экономика және бюджеттік
      жоспарлау бөлімі»
      мемлекеттік мекемесінің
      бастығы                                    Г.А.Тінәлинова

      «Щучье ауданының
      қаржы бөлімі»
      мемлекеттік мекемесінің
      бастығы                                    В.И.Корнеева

Егер Сіз беттен қате тапсаңыз, тінтуірмен сөзді немесе фразаны белгілеңіз және Ctrl+Enter пернелер тіркесін басыңыз

 

бет бойынша іздеу

Іздеу үшін жолды енгізіңіз

Кеңес: браузерде бет бойынша енгізілген іздеу бар, ол жылдамырақ жұмыс істейді. Көбінесе, ctrl-F пернелері қолданылады