Ескерту. Күші жойылды - Ақмола облысы Бурабай ауданы әкімдігінің 28.12.2011 № А-13/561 қаулысымен.
Қазақстан Республикасының 2001 жылғы 23 қаңтардағы «Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару және өзін-өзу басқару туралы» Заңының 31 бабының 1 тармағының 13 тармақшасына, Қазақстан Республикасының 2001 жылғы 23 қаңтардағы «Халықты жұмыспен қамту туралы» Заңының 5 бабының 2 тармағына, 7 бабының 2 тармақшасына сәйкес аудан әкiмдiгi ҚАУЛЫ ЕТЕДI:
1. 2011 жылы Бурабай ауданында халықтың нысаналы топтарына жататын тұлғалардың қосымша тізбесі белгіленсін:
1) ұзақ уақыт бойы жұмыс істемейтін тұлғалардың (бір жылдан астам);
2) жиырма төрт жасқа дейінгі жастар;
2. Бурабай ауданы әкімдігінің «Халықтың нысаналы топтарына жататын тұлғалардың қосымша тізбесін белгілеу туралы» 2010 жылғы 21 мамырдағы № а4/219 қаулысы (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 1-19-180 нөмірімен тіркелген, 2010 жылғы 8 шілдедегі аудандық «Бурабай», «Луч» газеттерінде жарияланған) күші жойылған деп танылсын.
3. Осы қаулының орындалуын бақылау аудан әкімінің орынбасары М. Б. Нұрпановаға жүктелсiн.
4. Осы қаулы Бурабай ауданының әділет басқармасында мемлекеттік тіркелген күннен бастап күшіне енеді және ресми жарияланған күннен бастап қолданысқа енгізіледі.
Бурабай ауданының әкімі В. Балахонцев