2011 жылы Бурабай ауданында халықтың нысаналы топтарына жататын тұлғалардың қосымша тізбесін белгілеу туралы

Күшін жойған

Ақмола облысы Бурабай ауданының әкімдігінің 2010 жылғы 31 желтоқсандағы № А-12/583 қаулысы. Ақмола облысы Бурабай аудандық Әділет басқармасында 2011 жылы 14 қаңтарда № 1-19-190 тіркелді. Күші жойылды - Ақмола облысы Бурабай ауданы әкімдігінің 2011 жылғы 28 желтоқсандағы № А-13/561 қаулысымен

      Ескерту. Күші жойылды - Ақмола облысы Бурабай ауданы әкімдігінің 28.12.2011 № А-13/561 қаулысымен.

      Қазақстан Республикасының 2001 жылғы 23 қаңтардағы «Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару және өзін-өзу басқару туралы» Заңының 31 бабының 1 тармағының 13 тармақшасына, Қазақстан Республикасының 2001 жылғы 23 қаңтардағы «Халықты жұмыспен қамту туралы» Заңының 5 бабының 2 тармағына, 7 бабының 2 тармақшасына сәйкес аудан әкiмдiгi ҚАУЛЫ ЕТЕДI:
      1. 2011 жылы Бурабай ауданында халықтың нысаналы топтарына жататын тұлғалардың қосымша тізбесі белгіленсін:
      1) ұзақ уақыт бойы жұмыс істемейтін тұлғалардың (бір жылдан астам);
      2) жиырма төрт жасқа дейінгі жастар;
      2. Бурабай ауданы әкімдігінің «Халықтың нысаналы топтарына жататын тұлғалардың қосымша тізбесін белгілеу туралы» 2010 жылғы 21 мамырдағы № а4/219 қаулысы (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 1-19-180 нөмірімен тіркелген, 2010 жылғы 8 шілдедегі аудандық «Бурабай», «Луч» газеттерінде жарияланған) күші жойылған деп танылсын.
      3. Осы қаулының орындалуын бақылау аудан әкімінің орынбасары М. Б. Нұрпановаға жүктелсiн.
      4. Осы қаулы Бурабай ауданының әділет басқармасында мемлекеттік тіркелген күннен бастап күшіне енеді және ресми жарияланған күннен бастап қолданысқа енгізіледі.

      Бурабай ауданының әкімі                    В. Балахонцев

Егер Сіз беттен қате тапсаңыз, тінтуірмен сөзді немесе фразаны белгілеңіз және Ctrl+Enter пернелер тіркесін басыңыз

 

бет бойынша іздеу

Іздеу үшін жолды енгізіңіз

Кеңес: браузерде бет бойынша енгізілген іздеу бар, ол жылдамырақ жұмыс істейді. Көбінесе, ctrl-F пернелері қолданылады