Ескерту. Күші жойылды - Ақмола облысы Бурабай ауданы әкімдігінің 2010.12.31 № а-12/583 қаулысымен
Қазақстан Республикасының 2001 жылғы 23 қаңтардағы «Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару және өзін-өзі басқару туралы» Заңының 31 бабының 1 тармағының 13 тармақшасына, Қазақстан Республикасының 2001 жылғы 23 қаңтардағы «Халықты жұмыспен қамту туралы» Заңының 5 бабының 2 тармағына, 7 бабының 2 тармақшасына, сәйкес аудан әкiмдiгi ҚАУЛЫ ЕТЕДI:
1. Халықтың нысаналы топтарына жататын тұлғалардың қосымша тізбесі белгіленсін:
1) ұзақ уақыт бойы жұмыс істемейтін тұлғалардың (бір жылдан астам);
2) жиырма төрт жасқа дейінгі жастар;
2. Осы қаулының орындалуын бақылау аудан әкімінің орынбасары М. Б. Нұрпановаға жүктелсiн.
3. Осы қаулы Бурабай ауданының әділет басқармасында мемлекеттік тіркелген өткен күннен бастап күшіне енеді және ресми жарияланған күннен бастап қолданысқа енгізіледі.
Бурабай ауданының әкімі В.Балахонцев