Ақтөбе қаласында аз қамтамасыз етілген отбасыларына (азаматтарға) тұрғын үй көмегін көрсетудің мөлшерін және тәртібін айқындау Ережесін бекіту туралы

Ақтөбе облысының Ақтөбе қалалық мәслихатының 2010 жылғы 28 шілдедегі № 265 шешімі. Ақтөбе облысы Ақтөбе қаласының Әділет басқармасында 2010 жылғы 7 қыркүйекте № 3-1-140 тіркелді. Күші жойылды - Ақтөбе облысы Ақтөбе қалалық мәслихатының 2017 жылғы 12 желтоқсандағы № 247 шешімімен

      Ескерту. Күші жойылды - Ақтөбе облысы Ақтөбе қалалық мәслихатының 12.12.2017 № 247 шешімімен (алғашқы ресми жарияланған күнінен бастап қолданысқа енгізіледі).

      "Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару және өзін-өзі басқару туралы" Қазақстан Республикасының 2001 жылғы 23 қаңтардағы № 148 Заңының 6 және 7 баптарына, "Тұрғын үй қатынастары туралы" Қазақстан Республикасының 1997 жылғы 16 сәуірдегі № 94 Заңының 97 бабының 2 тармағына, Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2009 жылғы 14 сәуірдегі № 512 қаулысымен бекітілген, әлеуметтік тұрғыдан қорғалатын азаматтарға телекоммуникация қызметтерін көрсеткені үшін абоненттік төлемақы тарифінің көтерілуіне өтемақы төлеудің Ережесінің 3 тармағының және "Тұрғын үй көмегін көрсету ережесін бекіту туралы" Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2009 жылғы 30 желтоқсандағы № 2314 қаулысының негізінде, Ақтөбе қалалық мәслихаты ШЕШІМ ЕТТІ:

      1. Ақтөбе қаласында аз қамтамасыз етілген отбасыларына (азаматтарға) тұрғын үй көмегін көрсетудің мөлшерін және тәртібін айқындау Ережесі қосымшаға сәйкес бекітілсін.

      2. "Ақтөбе қаласының тұрғындарына коммуналдық қызметтерді тұтынғаны үшін және телефонға абоненттік ақы тарифтерінің өсуіне байланысты шығындарды өтеуге арналған тұрғын үй көмегін беру Ережесін бекіту туралы" Ақтөбе қалалық мәслихатының кезектен тыс он тоғызыншы сессиясының 2009 жылғы 27 қазандағы № 202 (құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеуге алу тізбесінде 2009 жылғы 15 желтоқсанда № 3-1-123 болып тіркелген, 2009 жылғы 15 желтоқсанда № 151-152, № 150-151 "Ақтөбе" және "Актюбинский вестник" газеттерінде жарияланған) шешімінің күші жойылды деп танылсын.

      3. Осы шешім ресми жарияланған алғашқы күннен соң он күнтізбелік күн өткеннен кейін қолданысқа енгізіледі.

      Ақтөбе қалалық мәслихатының
сессия төрағасы
К. Цхай
      Ақтөбе қалалық мәслихатының
хатшысы
С. Шынтасова

  Ақтөбе қалалық мәслихатының
кезекті жиырма бесінші сессиясының
2010 жылғы 28 шілдедегі № 265
шешіміне қосымша

Ақтөбе қаласында аз қамтамасыз етiлген отбасыларына (азаматтарға) тұрғын үй көмегiн көрсетудiң мөлшерiн және тәртiбiн айқындау
ЕРЕЖЕСI

      Ескерту. Қосымша жаңа редакцияда - Ақтөбе облысы Ақтөбе қалалық мәслихатының 2012.09.29 № 67 (алғаш ресми жарияланған күннен бастап он күнтізбелік күн өткеннен кейін қолданысқа енгізіледі) шешімімен.

1. Жалпы ережелер

      Осы ереже Қазақстан Республикасының 1997 жылғы 16 сәуiрдегi "Тұрғын үй қатынастары туралы" Заңына, Қазақстан Республикасы Үкiметiнiң 2009 жылғы 14 сәуiрдегi "Әлеуметтiк тұрғыдан қорғалатын азаматтарға телекоммуникация қызметтерiн көрсеткенi үшiн абоненттiк төлемақы тарифiнiң көтерiлуiне өтемақы төлеудiң кейбір мәселелері туралы" № 512 Қаулысына, Қазақстан Республикасы Үкiметiнiң 2009 жылғы 30 желтоқсандағы "Тұрғын үй көмегiн көрсету ережесін бекіту туралы" № 2314 Қаулысына, Қазақстан Республикасы құрылыс және тұрғын үй-коммуналдық шаруашылық iстерi агенттiгi Төрағасының 2011 жылғы 05 желтоқсандағы № 471 "Тұрғын үй көмегiн алуға сондай-ақ мемлекеттiк тұрғын үй қорынан тұрғын үйдi немесе жеке тұрғын үй қорынан жергiлiктi атқарушы орган жалдаған тұрғын үйдi алуға үмiткер отбасының (азаматтың) жиынтық табысын есептеу қағидасын бекiту туралы" бұйрығына сәйкес әзірленді және тұрғын үй көмегін көрсетудің мөлшері мен тәртібін айқындайды.

      1. Осы Ережеде мынадай түсiнiктер пайдаланылады:

      1) тұрғын үй көмегi – келесі шығыстар сомасын төлеуге шығындарды ішінара өтеу үшін аз қамтылған отбасыларға (азаматтарға) берілетін көмек:

      тұрғын үйдің меншік иелері немесе жалдаушылар (қосымша жалдаушылар) болып табылатын коммуналдық қызметтерді және байланыс қызметтерін тұтынғаны;

      жекешелендiрiлген тұрғынжайларда тұратын немесе мемлекеттiк тұрғын үй қорындағы тұрғын үй - жайларды (пәтерлердi) жалдаушылар (қосымша жалдаушылар) болып табылатын отбасыларға (азаматтарға) кондоминиум объектісінің ортақ мүлкін күтіп - ұстауға жұмсалатын шығыстарына;

      жеке тұрғын үй қорынан жергілікті атқарушы органдар жалға алған тұрғын үйді пайдаланғаны үшін жалдау ақысына.

      2) кондоминиум объектісінің ортақ мүлкін күтіп - ұстауға жұмсалатын шығыстар - үй - жайлардың (пәтерлердің) меншік иелерінің жалпы жиналысынын шешімімен белгіленген ай сайынғы жарналар арқылы кондоминиум объектісінің ортақ мүлкін пайдалануға және жөндеуге, жер учаскесін күтіп - ұстауға, коммуналдық қызметтерді тұтынуды есептеудің үйге ортақ аспаптарын сатып алуға, орнатуға, пайдалануға және салыстырып тексеруге, кондоминиум объектісінің ортақ мүлкін күтіп - ұстауға тұтынылған коммуналдық қызметтерді төлеуге жұмсалатын шығыстарға жалпы жиналыстың шешімімен белгіленген ай сайынғы жарналар арқылы төленетін үй - жайлардың (пәтерлердің) меншік иелері шығыстарының міндетті сомасы, сондай - ақ болашақта кондоминиум объектісінің ортақ мүлкін немесе оның жекеленген түрлерін күрделі жөндеуге ақша жинақтауға жұмсалатын жарналар;

      3) телефон үшiн абоненттiк төлемақы тарифтері өсуінің өтемақысы – 2004 жылдың қыркүйегінде қолданыста болған абоненттік төлемақы мен қолданыстағы абоненттік төлемақы арасындағы айырмашылықты белгiлейтiн және телефонға абоненттiк төлемақы тарифтерiнiң өсуiнің шығындарын өтеуге арналған тұрғын үй көмегiнiң құрамына кiретiн ақшалай өтемақы;

      4) өтiнiш иесi (жеке тұлға) – жеке өзiнiң немесе отбасының атынан тұрғын үй көмегiн тағайындау үшiн жолыққан адам;

      5) отбасының жиынтық табысы – тұрғын үй көмегiн тағайындауға өтiнiш бiлдiрiлген тоқсанның алдындағы тоқсанда отбасы алған кiрiстердiң жалпы сомасы;

      6) уәкілеттi орган – тұрғын үй көмегiн тағайындауды жүзеге асыратын "Қалалық жұмыспен қамту және әлеуметтiк бағдарламалар бөлiмi" мемлекеттік мекемесі.

      Ескерту. 1 тармаққа өзгерістер енгізілді - Ақтөбе облысы Ақтөбе қалалық мәслихатының 20.12.2013 № 190 (01.01.2014 бастап қолданысқа енгізіледі); 10.06.2015 № 337 (алғашқы ресми жарияланған күннен соң күнтізбелік он күн өткеннен кейін қолданысқа енгізіледі) шешімдерімен.

      2. Тұрғын үй көмегі Ақтөбе қаласында тұрақты тұратын және тіркелген аз қамтылған отбасыларға (азаматтарға) беріледі.

      Тұрғын үй көмегі егер отбасының коммуналдық қызметтерді (орталықтандырылған жылыту және жеке газбен жылыту, ыстық, суық сумен жабдықтау, кәріз, тамақ дайындағаны үшін газға, электрмен жабдықтау, қоқыс шығару) шығыстары, кондоминиум объектісінің ортақ мүлкін күтіп - ұстауға жұмсалатын, жеке тұрғын үй қорынан жергілікті атқарушы органдар жалға алған тұрғын үйді пайдаланғаны үшін жалдау ақысы, тұрғын үй алаңының белгіленген нормасының шегінде өтемақылық шаралармен қамтамасыз етілетін, бірақ іс жүзінде алып отырған ауданнан және коммуналдық қызметтерді тұтыну нормативтерінен көп емес шығыстар, телекоммуникация желісіне қосылған телефон үшін абоненттік төлемақының ұлғаюы бөлігінде байланыс қызметтері үшін шығыстары осы мақсаттарға шекті үлесінен асқан жағдайда беріледі.

      Коммуналдық қызметтерді тұтынғаны және кондоминиум объектісінің ортақ мүлкін күтіп - ұстауға ақы төлеуге, жеке тұрғын үй қорынан жергілікті атқарушы органдар жалға алған тұрғын үйді пайдаланғаны үшін жалдау ақысына және телекоммуникация желісіне қосылған телефон үшін абоненттік ақының ұлғаюы бөлігіндегі байланыс қызметіне шекті жол берілетін шығыстар үлесі отбасының жиынтық кірісінің 10 пайызы мөлшерінде белгіленеді.

      Ескерту. 2 тармаққа өзгерістер енгізілді - Ақтөбе облысы Ақтөбе қалалық мәслихатының 20.12.2013 № 190 (01.01.2014 бастап қолданысқа енгізіледі); 10.06.2015 № 337 (алғашқы ресми жарияланған күннен соң күнтізбелік он күн өткеннен кейін қолданысқа енгізіледі) шешімдерімен.

      3. Тұрғын үй көмегi тұрғын үй иесiне, жалдаушыға (жалға берушiге) есептелген сомамен салыстыру бойынша коммуналдық қызметтердi (орталық жылыту және жеке газбен жылыту, ыстық-суық сумен жабдықтау, канализация, тамақ дайындағаны үшiн газды) тұтынғаны және кондоминиум объектісінің ортақ мүлкін күтіп - ұстауға жұмсалатын шығыстарының және жеке тұрғын үй қорынан жергiлiктi атқарушы органдар жалға алған, тұрғын үйдi пайдаланғаны үшiн жалдау ақысы шығындарының, байланыс қызметіне телефон үшiн абоненттiк төлемақының ұлғаюы бөлiгiне шығындарының орнын толтыру үшiн, азайту ретiнде қолма-қол емес түрде берiледi. Белгiленген нормадан артық коммуналдық қызметті және байланыс қызметiн тұтынғаны, тұрғын үйдi (тұрғын ғимаратты) күтiп-ұстауға арналған шығыстарды және жеке тұрғын үй қорынан жергiлiктi атқарушы орган жалға алған тұрғын үйдi пайдаланғаны үшiн жалдау ақысын төлеу жалпы негiзде жүргізіледі.

      Ескерту. 3 тармаққа өзгерістер енгізілді - Ақтөбе облысы Ақтөбе қалалық мәслихатының 20.12.2013 № 190 (01.01.2014 бастап қолданысқа енгізіледі); 10.06.2015 № 337 (алғашқы ресми жарияланған күннен соң күнтізбелік он күн өткеннен кейін қолданысқа енгізіледі) шешімдерімен.

      4. Кондоминиум объектісінің ортақ мүлкін жылыту және күтіп - ұстау шығыстары, жеке тұрғын үй қорынан жергiлiктi атқарушы орган жалға алған тұрғын үйдi пайдаланғаны үшiн жалдау ақысы жөніндегі әлеуметтік норманы есептеу кезінде барлық меншiк түрiндегi тұрғын жайлардағы тұрғын үй алаңының бiр адамға 18 ш.м. (жалғыз тұратын азаматтар үшiн 30 ш. м.), бiрақ тұрғын жайдың iс жүзiнде алып отырған пайдалы алаңынан көп емес пайдалы алаңның әлеуметтік нормасы қолданылады.

      Ескерту. 4 тармаққа өзгерістер енгізілді - Ақтөбе облысы Ақтөбе қалалық мәслихатының 10.06.2015 № 337 (алғашқы ресми жарияланған күннен соң күнтізбелік он күн өткеннен кейін қолданысқа енгізіледі) шешімімен.

      5. Коммуналдық қызметтердi есептейтiн құралдары бар тұтынушылардың әлеуметтiк нормасын есептеу кезiнде есептегiштер көрсеткiштерiндегi нақты шығындар, бiрақ белгiленген тарифтер мен нормативтерден артық емес қолданылады.

      6. Тұрғын үй көмегiн алушылар өзiнiң тұрғын жайының меншiк түрiнiң, отбасы құрамындағы және оның жиынтық табысындағы кез-келген өзгерiстер, көмектi дұрыс есептемеген жағдайлар туралы уәкiлеттi органға 10 күн iшiнде ақпарат бередi.

      7. Тұрғын үй көмегi түрiнде алынған заңсыз сома заңда белгiленген тәртiппен бюджетке қайтарылады.

2. Тұрғын үй көмегiн тағайындау

      8. Тұрғын үй көмегiн тағайындау оны алу үшiн жолыққан күннен бастап ағымдағы тоқсанның аяғына дейiнгi мерзiмде жүргiзiледi. Жолығу айы деп қоса берiлетiн құжаттармен бiрге өтiнiш тапсырған ай есептелiнедi.

      9. Тұрғын үй көмегi отбасы құрамы, iс жүзiнде тұрғын жайдың алып отырған пайдалы ауданының көлемi, отбасының жиынтық кiрiсi, коммуналдық қызметтердi (орталық жылыту және жеке газбен жылыту, ыстық-суық сумен жабдықтау, канализация, тамақ дайындағаны үшiн газды, электрмен жабдықтау, қоқыс жинау) және телефон үшiн абоненттiк төлемақының ұлғаюы бөлiгiне, кондоминиум объектісінің ортақ мүлкін күтіп - ұстауға жұмсалатын шығыстарына шығындарына және жеке тұрғын үй қорынан жергiлiктi атқарушы органдар жалға алған, тұрғын үйдi пайдаланғаны үшiн жалдау ақысы шығындары көрсетiлетiн меншiк иесiнiң, жалдаушының (жалға алушының) өтiнiшi негiзiнде тағайындалады.

      Ескерту. 9 тармаққа өзгерістер енгізілді - Ақтөбе облысы Ақтөбе қалалық мәслихатының 20.12.2013 № 190 (01.01.2014 бастап қолданысқа енгізіледі); 10.06.2015 № 337 (алғашқы ресми жарияланған күннен соң күнтізбелік он күн өткеннен кейін қолданысқа енгізіледі) шешімдерімен.

      10. Азаматтардың табысы жөнiндегi мәлiметтердi тiзiмдер немесе электронды тасығыштардағы ақпараттар түрiндегi тиiстi төлемдердi есептеуді және аударуды жүргізетін қалалық қызметтер, бөлiмдер, ұйымдар тоқсан басында бiр рет растайды.

      11. Тұрғын үй көмегiн алуға жолыққан отбасының (азаматтың) жиынтық кiрiсiн есептеу Қазақстан Республикасы Құрылыс және тұрғын үй-коммуналдық шаруашылық iстерi Агенттiгiнің 2011 жылғы 5 желтоқсандағы № 471 "Тұрғын үй көмегiн алуға, сондай-ақ мемлекеттiк тұрғын үй қорынан тұрғын үйдi немесе жеке тұрғын үй қорынан жергiлiктi атқарушы орган жалдаған тұрғын үйдi алуға үмiткер отбасының (азаматтың) жиынтық табысын есептеу Қағидасын бекіту туралы" бұйрығына сәйкес жүргізіледі.

      12. Коммуналдық қызметтерге және байланыс қызметiне тарифтер, жалдау ақысының мөлшері өзгерген жағдайда бұрын тағайындалған тұрғын үй көмегiне ағымдағы тоқсанда қайта есептеу жүргiзiледi.

      13. Тұрғын үй көмегiнiң мөлшерi өтемақы шараларымен қамтамасыз етiлетiн нормалар шегiндегi коммуналдық қызметтерді тұтынғаны үшін, телефон үшiн абоненттiк төлемақының өсуі бөлiгiндегі байланыс қызметтерi, кондоминиум объектісінің ортақ мүлкін күтіп - ұстауға жұмсалатын шығыстары, жеке тұрғын үй қорынан жергiлiктi атқарушы орган жалға алған тұрғын үйдi пайдаланғаны үшiн жалдау ақысы үшін меншiк иесiнiң, жалға алушының (жалдаушының) төлемақы сомасы мен сол отбасының осы мақсаттарға шығындарының шектi мүмкiн деңгейi арасындағы айырмашылық ретiнде есептеледi және іс жүзіндегі шығындар сомасынан артық болуы мүмкiн емес.

      Ескерту. 13 тармаққа өзгерістер енгізілді - Ақтөбе облысы Ақтөбе қалалық мәслихатының 20.12.2013 № 190 (01.01.2014 бастап қолданысқа енгізіледі); 10.06.2015 № 337 (алғашқы ресми жарияланған күннен соң күнтізбелік он күн өткеннен кейін қолданысқа енгізіледі) шешімдерімен.

      14. Берiлген өтiнiш және оған қоса берілген құжаттарды қарау нәтижелерi бойынша екi данада келiсiм-шарт жасалынады, оның бiреуi меншiк иесiнде, жалға алушыда (жалдаушыда), ал екiншiсi – уәкiлеттi органда сақталынады.

      15. Аталған келiсiм-шарт тұрғын үй көмегiн ұсыну үшiн негiз болады. Уәкілетті органнан келісім-шарты алғаннан кейiн меншік иесінде, жалға алушыда (жалдаушыда) коммуналдық қызметтердi жеткiзушiлерге он күндiк мерзiмде деректер базасына енгiзу үшiн ұсыну қажет.

      16. Ақпаратқа сенiмсiздiк туындаған жағдайда уәкiлеттi орган:

      1) өтiнiш иесiнiң тұрғын үй жағдайына тексеру жүргiзедi;

      2) тиiстi ұйымдардан кiрiстер туралы ақпарат сұратады;

      3) кiрiстердi жасыру фактiлерiн тексеру жөнiнде салық қызметiне жолығады;

      4) тұрғын үй көмегiн мақсатты пайдалану туралы тұрғын үй инспекциясына сұраныс жасайды.

3. Қаржыландыру көздерi

      17. Тұрғын үй көмегiн төлеудi қаржыландыру республикалық және жергілікті бюджет қаржысы есебiнен жүзеге асырылады.

      18. Тұрғын үй көмегiн төлеу уәкiлеттi органмен тұрғын үй көмегiн алушының өтiнiшi бойынша тұрғын үй көмегiн алушының, қызмет көрсетушiлердiң, кондоминиум объектiлерiн басқару органдарының жеке шоттарына екiншi деңгейдегi банктер арқылы жүзеге асырылады.

      Телефон үшiн абоненттiк төлемақы, жергілікті атқарушы орган жеке тұрғын үй қорынан жалға алған тұрғын үйдi пайдаланғаны үшiн жалдау ақысы тарифтерінің өсуіне өтемақы төлеу алушының таңдауы бойынша, жеке шот реквизиттерiн көрсете отырып, ол таңдаған екінші деңгейдегі банктің немесе оның өтініші негiзiнде банк операцияларының тиісті түріне ҚР Ұлттық банкісінің лицензиясы бар ұйымдарда жүзеге асырылады.

      Ескерту. 18 тармаққа өзгерістер енгізілді - Ақтөбе облысы Ақтөбе қалалық мәслихатының 20.12.2013 № 190 (01.01.2014 бастап қолданысқа енгізіледі) шешімімен.

      19. Тұрғын үй көмегiн төлеуге арналған бюджеттiк қаражаттың есептелуi мен шығыстарының дұрыстығын тексеру заңнамамен белгiленген тәртiпте жүргiзiледi.

Об утверждении Правил определения размера и порядка оказания жилищной помощи малообеспеченным семьям (гражданам) в городе Актобе

Решение маслихата города Актобе Актюбинской области от 28 июля 2010 года № 265. Зарегистрировано Управлением юстиции города Актобе Актюбинской области 7 сентября 2010 года № 3-1-140. Утратило силу решением маслихата города Актобе Актюбинской области от 12 декабря 2017 года № 247

      Сноска. Утратило силу решением маслихата города Актобе Актюбинской области от 12.12.2017 № 247 (вводится в действие со дня его первого официального опубликования).

      В соответствии со статьями 6 и 7 Закона Республики Казахстан от 23 января 2001 года № 148 "О местном государственном управлении и самоуправлении в Республике Казахстан", пунктом 2 статьи 97 Закона Республики Казахстан от 16 апреля 1997 года № 94 "О жилищных отношениях" и на основании пункта 3 Правил компенсации повышения тарифов абонентской платы за оказание услуг телекоммуникаций социально защищаемым гражданам, утвержденных постановлением Правительства Республики Казахстан от 14 апреля 2009 года № 512, постановлением Правительства Республики Казахстан от 30 декабря 2009 года № 2314 "Об утверждении Правил предоставления жилищной помощи", маслихат города Актобе РЕШИЛ:

      1. Утвердить Правила определения размера и порядка оказания жилищной помощи малообеспеченным семьям (гражданам) в городе Актобе согласно приложению.

      2. Признать утратившим силу решение внеочередной девятнадцатой сессии маслихата города Актобе от 27 октября 2009 года № 202 "Об утверждении Правил предоставления жилищной помощи для возмещения расходов за потребление коммунальных услуг и компенсации повышения тарифов абонентской платы за телефон населению города Актобе" (зарегистрированное в Реестре государственной регистрации нормативных правовых актов от 8 декабря 2009 года № 3-1-123, опубликованное в газетах "Актобе", "Актюбинский вестник" 15 декабря 2009 года № 151-152, № 150-151).

      3. Настоящее решение вводится в действие по истечении десяти календарных дней после дня его первого официального опубликования.

Председатель сессии

Секретарь маслихата

маслихата города Актобе

города Актобе

К.Цхай

С.Шинтасова

  Приложение к решению
очередной двадцать пятой сессии
маслихата города Актобе
от 28 июля 2010 года № 265

ПРАВИЛА
определения размера и порядка оказания жилищной помощи малообеспеченным семьям (гражданам) в городе Актобе

      Сноска. Приложение в редакции решения маслихата города Актобе Актюбинской области от 29.09.2012 № 67 (вводится в действие по истечении десяти календарных дней после дня его первого официального опубликования).

1. Общие положения

      Настоящие Правила разработаны в соответствии с Законом Республики Казахстан от 16 апреля 1997 года "О жилищных отношениях", Постановлением Правительства Республики Казахстан от 14 апреля 2009 года N 512 "О некоторых вопросах компенсации повышения тарифов абонентской платы за оказание услуг телекоммуникаций социально защищаемым гражданам", Постановлением Правительства Республики Казахстан от 30 декабря 2009 года N 2314 "Об утверждении Правил предоставления жилищной помощи", Приказом Председателя Агентства Республики Казахстан по делам строительства и жилищно-коммунального хозяйства от 5 декабря 2011 года N 471 "Об утверждении Правил исчисления совокупного дохода семьи (гражданина), претендующий на получение жилищной помощи, а также на предоставление жилища из государственного жилищного фонда или жилища, арендованного местным исполнительным органом в частном жилищном фонде" и определяет размер и порядок оказания жилищной помощи.

      1. В настоящих Правилах используются следующие понятия:

      1) жилищная помощь – пособие, предоставляемое малообеспеченным семьям (гражданам) для частичного возмещения затрат на оплату суммы следующих расходов:

      потребления коммунальных услуг и услуг связи в части увеличения абонентской платы за телефон, подключенный к сети телекоммуникации, являющимся собственниками или нанимателями (поднанимателями) жилища;

      на содержание общего имущества объекта кондоминиума семьям (гражданам), проживающим в приватизированных жилищах или являющимся нанимателями (поднанимателями) жилых помещений (квартир) в государственном жилищном фонде;

      арендной платы за пользование жилищем, арендованным местным исполнительным органом в частном жилищном фонде.

      2) расходы на содержание общего имущества объекта кондоминиума - обязательная сумма расходов собственников помещений (квартир) посредством ежемесячных взносов, установленных решением общего собрания, на эксплуатацию и ремонт общего имущества объекта кондоминиума, содержание земельного участка, на приобретение, установку, эксплуатацию и поверку общедомовых приборов учета потребления коммунальных услуг, оплату коммунальных услуг, потребленных на содержание общего имущества объекта кондоминиума, а также на накопление денег на предстоящий в будущем капитальный ремонт общего имущества объекта кондоминиума или отдельных его видов;

      3) компенсация повышения тарифов абонентской платы за телефон – денежная компенсация, входящая в состав жилищной помощи, предназначенная для возмещения затрат повышения тарифов, абонентской платы за телефон и определяемая как разница между действующей абонентской платой и абонентской платой, действовавшей в сентябре 2004 года;

      4) заявитель (физическое лицо) - лицо, обратившееся от себя лично или от имени семьи за назначением жилищной помощи;

      5) совокупный доход семьи - общая сумма доходов, полученных семьей за квартал, предшествующий кварталу обращения за назначением жилищной помощи;

      6) уполномоченный орган – государственное учреждение "Городской отдел занятости и социальных программ", осуществляющий назначение жилищной помощи.

      Сноска. Пункт 1 с изменениями, внесенными решениями маслихата города Актобе Актюбинской области от 20.12.2013 № 190 (вводится в действие с 01.01.2014); от 10.06.2015 № 337 (вводится в действие по истечении десяти календарных дней после дня его первого официального опубликования).

      2. Жилищная помощь предоставляется малообеспеченным семьям (гражданам), постоянно проживающим и зарегистрированным в городе Актобе.

      Жилищная помощь предоставляется в том случае, если расходы в бюджете семьи за потребление коммунальных услуг (центральное тепловое и индивидуальное газовое отопление, горячее, холодное водоснабжение, канализацию, за газ на приготовление пищи, электроснабжение, мусороудаление), расходы на содержание общего имущества объекта кондоминиума, арендную плату за пользование жилищем, арендованным местным исполнительным органом в частном жилищном фонде в пределах установленной нормы площади жилья, обеспечиваемой компенсационными мерами, но не более фактически занимаемой и нормативов на потребление коммунальных услуг, за услуги связи в части увеличения абонентской платы за телефон, подключенный к сети телекоммуникации превышают долю предельно допустимых расходов на эти цели.

      Доля предельно допустимых расходов на оплату потребления коммунальных услуг и содержание общего имущества объекта кондоминиума, арендную плату за пользование жилищем, арендованным местным исполнительным органом в частном жилищном фонде и услуги связи в части увеличения абонентской платы за телефон, подключенный к сети телекоммуникации, устанавливается в размере 10 процентов к совокупному доходу семьи.

      Сноска. Пункт 2 с изменениями, внесенными решениями маслихата города Актобе Актюбинской области от 20.12.2013 № 190 (вводится в действие с 01.01.2014); от 10.06.2015 № 337 (вводится в действие по истечении десяти календарных дней после дня его первого официального опубликования).

      3. Жилищная помощь предоставляется в безналичной форме, как уменьшение платежей за потребление коммунальных услуг (центральное тепловое и индивидуальное газовое отопление, горячее, холодное водоснабжение, канализацию, за газ на приготовление пищи), абонентской платы за телефон, расходов на содержание общего имущества объекта кондоминиума, арендной платы за пользование жилищем, арендованным местным исполнительным органом в частном жилищном фонде по сравнению с суммой, начисленной собственнику, нанимателю (арендатору) жилья. Оплата потребления коммунальных услуг и услуг связи, расходов на содержание общего имущества объекта кондоминиума, арендной платы за пользование жилищем, арендованным местным исполнительным органом в частном жилищном фонде сверх установленной нормы производится на общих основаниях.

      Сноска. Пункт 3 с изменениями, внесенными решениями маслихата города Актобе Актюбинской области от 20.12.2013 № 190 (вводится в действие с 01.01.2014); от 10.06.2015 № 337 (вводится в действие по истечении десяти календарных дней после дня его первого официального опубликования).

      4. При расчете социальной нормы по отоплению и расходам на содержание общего имущества объекта кондоминиума, арендной плате за пользование жилищем, арендованным местным исполнительным органом в частном жилищном фонде применяется социальная норма площади жилья в жилищах всех форм собственности на одного человека - 18 кв.м. (для одиноко проживающих граждан в пределах - 30 кв.м.) полезной площади, но не более фактически занимаемой полезной площади жилья.

      Сноска. Пункт 4 с изменениями, внесенными решением маслихата города Актобе Актюбинской области от 10.06.2015 № 337 (вводится в действие по истечении десяти календарных дней после дня его первого официального опубликования).

      5. При расчете социальной нормы потребителям, имеющим приборы учета коммунальных услуг, применяются фактические затраты по показаниям счетчиков, но не выше установленных тарифов и нормативов.

      6. Получатели жилищной помощи в течение 10 дней информируют уполномоченный орган о любых изменениях формы собственности своего жилья, в составе семьи и ее совокупного дохода, а также в случаях неверного начисления помощи.

      7. Незаконно полученные в виде жилищной помощи суммы, подлежат возврату в бюджет в установленном законодательством порядке.

2. Назначение жилищной помощи

      8. Назначение жилищной помощи осуществляется с месяца обращения за ее получением на срок до конца текущего квартала. Месяцем обращения считается месяц подачи заявления с прилагаемыми документами.

      9. Жилищная помощь назначается на основе заявления собственника, нанимателя (арендатора) жилья, в котором указываются состав семьи, размер полезной площади фактически занимаемого жилья, совокупный доход семьи, расходы по оплате коммунальных услуг (центральное тепловое и индивидуальное газовое отопление, горячее, холодное водоснабжение, канализацию, за газ на приготовление пищи, электроснабжение, мусороудаление) и разница увеличения абонентской платы за телефон, расходы на содержание общего имущества объекта кондоминиума и арендная плата за пользование жилищем, арендованным местным исполнительным органом в частном жилищном фонде.

      Сноска. Пункт 9 с изменениями, внесенными решениями маслихата города Актобе Актюбинской области от 20.12.2013 № 190 (вводится в действие с 01.01.2014); от 10.06.2015 № 337 (вводится в действие по истечении десяти календарных дней после дня его первого официального опубликования).

      10. Сведения по доходам граждан подтверждаются один раз в начале квартала городскими службами, отделами, организациями, ведущими учет и начисление соответствующих выплат в виде списков или информаций на электронных носителях.

      11. Исчисление совокупного дохода семьи (гражданина), обратившейся за получением жилищной помощи производится в соответствии с приказом Агентства Республики Казахстан по делам строительства и жилищно-коммунального хозяйства от 5 декабря 2011 года № 471 "Об утверждении Правил исчисления совокупного дохода семьи (гражданина), претендующей на получение жилищной помощи, а также на предоставление жилища из государственного жилищного фонда или жилища, арендованного местным исполнительным органом в частном жилищном фонде".

      12. При изменении тарифов на коммунальные услуги и услуги связи, размера арендной платы производится перерасчет ранее назначенной жилищной помощи в текущем квартале.

      13. Размер жилищной помощи рассчитывается как разница между суммой оплаты собственника, нанимателя (арендатора) за потребление коммунальных услуг, за услуги связи в части увеличения абонентской платы за телефон, оплаты расходов на содержание общего имущества объекта кондоминиума, арендной платы за пользование жилищем, арендованным местным исполнительным органом в частном жилищном фонде в пределах норм, обеспечиваемых компенсационными мерами и предельно-допустимого уровня расходов данной семьи на эти цели, и не может превышать сумму фактических затрат.

      Сноска. Пункт 13 с изменениями, внесенными решениями маслихата города Актобе Актюбинской области от 20.12.2013 № 190 (вводится в действие с 01.01.2014); от 10.06.2015 № 337 (вводится в действие по истечении десяти календарных дней после дня его первого официального опубликования).

      14. По результатам рассмотрения предоставленного заявления и приложенных к нему документов составляется договор в двух экземплярах, один из которых хранится у собственника, нанимателя (арендатора) жилья, а второй - в уполномоченном органе.

      15. Указанный договор является основанием для предоставления жилищной помощи. При получении Договора в уполномоченном органе, собственник, наниматель (арендатор) жилья в десятидневный срок представляет его поставщикам коммунальных услуг для занесения в базу данных.

      16. В случае возникновения сомнения в достоверности информации уполномоченный орган:

      1) проводит обследование жилищных условий заявителя;

      2) запрашивает информацию о доходах в соответствующих организациях;

      3) обращается в налоговую службу о проверке факта сокрытия доходов;

      4) делает запрос в жилищную инспекцию о целевом использовании жилищной помощи.

3. Источники финансирования

      17. Финансирование выплат жилищной помощи осуществляется за счет средств местного бюджета.

      18. Выплата жилищной помощи осуществляется уполномоченным органом по заявлению получателя жилищной помощи через банки второго уровня, на лицевые счета получателя жилищной помощи, поставщиков услуг, органов управления объектов кондоминиума.

      Выплата компенсации повышения тарифов абонентской платы за телефон, арендной платы за пользование жилищем, арендованным местным исполнительным органом в частном жилищном фонде осуществляется на лицевые счета заявителя через банки второго уровня по выбору получателя, на основании его заявления с указанием реквизитов лицевого счета выбранного им банка второго уровня или в организации, имеющей лицензию Национального банка РК на соответствующие виды банковских операций.

      Сноска. Пункт 18 с изменениями, внесенными решением маслихата города Актобе Актюбинской области от 20.12.2013 № 190 (вводится в действие с 01.01.2014).

      19. Проверка правильности начисления и расходования бюджетных средств на выплату жилищной помощи проводится в установленном законодательством порядке.