Іле ауданы әкімдігінің 2007 жылғы 25 наурыздағы № 3-1605 «Мүгедек балаларды үйде тәрбиелеп, оқытатын отбасыларына қосымша әлеуметтік көмек» қаулысына өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы

Күшін жойған

Алматы облысы Іле ауданы әкімдігінің 2010 жылғы 3 ақпандағы № 1-179 қаулысы. Алматы облысы Іле ауданының Әділет басқармасында 2010 жылғы 5 наурызда № 2-10-114 тіркелді. Күші жойылды - Алматы облысы Іле ауданы әкімдігінің 2013 жылғы 31 желтоқсандағы № 11-2306 қаулысымен

      Ескерту. Күші жойылды - Алматы облысы Іле ауданы әкімдігінің 31.12.2013 № 11-2306 қаулысымен.
      РҚАО ескертпесі.
      Мәтінде авторлық орфография және пунктуация сақталған.

      Қазақстан Республикасы «Қазақстан Республикасында мүгедектерді әлеуметтік қорғау туралы» Заңының 16 бабына сәйкес, Қазақстан Республикасының “Қазақстан Республикасындағы жергiлiктi мемлекеттiк басқару және өзін-өзі басқару туралы” Заңының 31 бабындағы 1 тармақтың 14-ші тармақшасын басшылыққа ала отырып, Іле ауданы әкiмдігі ҚАУЛЫ ЕТЕДI:
      1. Іле ауданы әкімдігінің 2007 жылғы 25 наурыздағы № 3-1605 «Мүгедек балаларды үйде тәрбиелеп, оқытатын отбасыларына қосымша әлеуметтік көмек» (Іле ауданының әділет басқармасында 2007 жылғы 24 сәуірдегі нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде 2-10-45 нөмірімен тіркелген, «Іле таңы» газетінде 2007 жылдың 11 мамыры күні 20 нөмірінде жарияланған) қаулысына мынадай толықтырулар мен өзгерістер енгізілсін:
      1-ші тармақтағы «бес» деген сөз «сегіз» деген сөзбен ауыстырылсын.
      2-ші тармақтағы «тәрбиелеу қажеттілігі танылған сәттен бастап» деген сөйлемнен кейін «ал жәрдемақы бірінші рет тағайындалған жағдайда, өтініш берген күннен бастап» деген сөйлеммен толықтырылсын.
      2-ші тармақ мынадай мазмұндағы реттік нөмірлері 2-1, 2-2, 2-3 тармақтармен толықтырылсын:
      2-1. Үйде оқытуға жәрдемақы ҚР білім және ғылым министірлігінің бұйрығына сәйкес бекітілген оқу жылына, яғни 1 қыркүйектен 25 мамыр кезеңіне тағайындалады.
      2-2. Үйде тәрбиелеуге және оқытуға жәрдемақы мүгедек балалардың интернаттық білім ұйымдарында және медициналық - әлеуметтік мекемелерде (ұйымдарда) тұрған кездерінде тағайындалмайды.
      2-3 Үйде оқытуға жәрдемақы тағайындау (тағайындаудан бас тарту) туралы шешімді уәкілетті органның басшысы өтінішті және барлық керекті құжаттарды қабылдаған күннен бастап 10 жұмыс күні ішінде қабылдайды және өтініш берушіні жәрдемақы тағайындау немесе одан бас тарту туралы жазбаша хабардар етеді.
      3-ші тармақтың 2) тармақшасы
      « - өтініш;
      - оқу орнынан үйде оқыту фактісін растайтын анықтама, жылына бір рет;
      - асырап алушылар, (қамқоршылар) тиісті органның асырап алу немесе балаға қорғаншы тағайындау туралы шешімінің көшірмесі» – деген жолдармен толықтырылсын.
      2. Осы қаулы алғаш ресми жарияланғаннан кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.
      3. Осы қаулының орындалуын бақылау аудан әкiмiнiң орынбасары Ерболат Сапарұлы Тұрымбетовке жүктелсiн.

      Аудан Әкімі                       Н. Логутов

Егер Сіз беттен қате тапсаңыз, тінтуірмен сөзді немесе фразаны белгілеңіз және Ctrl+Enter пернелер тіркесін басыңыз

 

бет бойынша іздеу

Іздеу үшін жолды енгізіңіз

Кеңес: браузерде бет бойынша енгізілген іздеу бар, ол жылдамырақ жұмыс істейді. Көбінесе, ctrl-F пернелері қолданылады