Талас ауданы бойынша табысы аз отбасыларына (азаматтарға) тұрғын үй көмегiн көрсету Ережелерiн бекiту туралы

Жамбыл облысы Талас ауданы Талас аудандық мәслихатының 2010 жылғы 28 қыркүйектегі № 36-6 Шешімі. Жамбыл облысы Талас ауданының Әділет басқармасында 2010 жылғы 4 қарашада Нормативтік құқықтық кесімдерді мемлекеттік тіркеудің тізіліміне № 112 болып енгізілді. Күші жойылды - Жамбыл облысы Талас аудандық мәслихатыныңң 2012 жылғы 14 тамыздағы № 8-5 шешімімен

      Күші жойылды - Жамбыл облысы Талас аудандық мәслихатыныңң 2012 жылғы 14 тамыздағы № 8-5 шешімімен

      «Тұрғын үй қатынастары туралы» Қазақстан Республикасы 1997 жылғы 16 сәуiрдегi Заңының 97-бабына, «Тұрғын үй көмегiн көрсету ережесiн бекiту туралы» Қазақстан Республикасы Үкiметiнiң 2009 жылғы 30 желтоқсандағы № 2314 Қаулысына сәйкес аудандық мәслихат ШЕШIМ ЕТТI:
      1.Қоса берiлiп отырған Талас ауданы бойынша табысы аз отбасыларына (азаматтарға) тұрғын үй көмегiн көрсету Ережелерi бекiтiлсiн.
      2.«Табысы аз отбасыларына (азаматтарға) тұрғын үй көмегін көрсетудің мөлшері мен тәртібін белгілеу туралы» Төртінші шақырылған Талас аудандық мәслихатының 2008 жылғы 30 маусымдағы № 11 - 13 (Нормативтік құқықтық кесімдерді мемлекеттік тіркеу тізіліміне № 6 – 10 – 62 тіркелген, 2008 жылдың 6 тамызындағы № 64 аудандық «Талас тынысы» газетінде жарияланған) шешімінің күші жойылды деп танылсын.
      3.Осы Шешiм Әдiлет органдарында мемлекеттiк тiркелген күннен бастап күшiне енедi және алғаш ресми жарияланғаннан кейiн күнтiзбелiк он күн өткен соң қолданысқа енгiзiледi.
      
      Сессия төрағасы                            Мәслихат хатшысы
      Е. Құлекеев                                Ж. Әсемов

Талас аудандық мәслихатының
2010 жылғы 28 қыркүйектегі
№ 36 – 6 Шешімімен бекітілген

Талас ауданы бойынша табысы аз отбасыларына (азаматтарға) тұрғын үй көмегiн көрсету Ережелерi

      Ескерту. Барлық мәтін бойынша (14 - тармағын қоспағанда) «кондоминиум объектiсiнiң ортақ мүлкiн күрделi жөндеу және (немесе) күрделi жөндеуге қаражат жинақтауға жұмсалатын жарналар» деген сөздер «тұрғын үйді (тұрғын ғимаратты) күтiп-ұстауға» деген сөздермен ауыстырылды және «коммуналдық қызметтерді», «коммуналдық қызметтерін» деген сөздерден кейін «және телекоммуникацияның желісіне қосылған телефонға абоненттік ақының өсуі бөлігінде байланыс қызметтерін» деген сөздермен толықтырылды - Талас аудандық мәслихатының 2011.09.02 № 45-5 Шешімімен

1.Жалпы ережелер

      1. Осы Талас ауданы бойынша табысы аз отбасыларына (азаматтарға) тұрғын үй көмегiн көрсету Ережелерi (әрi қарай - Ережелер) «Тұрғын үй қатынастары туралы» Қазақстан Республикасы 1997 жылғы 16 сәуiрдегi Заңының 97-бабына, «Тұрғын үй көмегiн көрсету ережесiн бекiту туралы» Қазақстан Республикасы Үкiметiнiң 2009 жылғы 30 желтоқсандағы № 2314 Қаулысына (әрi қарай - Қазақстан Республикасы Үкiметiмен бекiтiлген Тұрғын үй көмегiн көрсету ережесi) сәйкес әзiрленген.
      2. Осы Ережелерде келесi негiзгi ұғымдар пайдаланылады:
      коммуналдық қызметтер - тұрғын үйде (тұрғын жайда) көрсетiлетiн және сумен жабдықтауды, канализацияны, газбен, электрмен, жылумен жабдықтауды, қоқысты әкету қамтитын қызметтер;
      қызмет көрсетудi берушi - электрмен жабдықтаумен, жылумен жабдықтаумен, сумен жабдықтаумен, канализациялаумен айналысатын заңды және жеке тұлға, сондай-ақ қоқысты әкету бойынша қызмет көрсету, абоненттерi мен кондоминиум объектiлерiне қызмет көрсету - жылу және электр энергиясын жеткiзу болып табылады;
      өтiнiш иесi (жеке тұлға) - жеке өзiнiң немесе отбасының атынан тұрғын үй көмегiн тағайындауға өтiнiш берген адам;
      уәкiлеттi орган – «Талас ауданы әкiмдiгiнiң жұмыспен қамту және әлеуметтiк бағдарламалар бөлiмi» мемлекеттiк мекемесi.
      3. Тұрғын үй көмегi жергiлiктi бюджет есебiнен аз қамтамасыз етiлген отбасыларға (азаматтарға):
      жекешелендiрiлген тұрғын үй-жайларда (пәтерлерде) тұратын немесе мемлекеттiк тұрғын үй қорындағы тұрғын үй-жайларды (пәтерлердi) жалдаушылар (қосымша жалдаушылар) болып табылатын отбасыларға (азаматтарға) тұрғын үйді (тұрғын ғимаратты) күтiп-ұстауға төлемiн;
      тұрғын жайдың меншiк иелерi немесе жалдаушылары (қосымша жалдаушылары) болып табылатын отбасыларға (азаматтарға) коммуналдық қызметтердi және телекоммуникацияның желісіне қосылған телефонға абоненттік ақының өсуі бөлігінде байланыс қызметтерін тұтыну төлемiн;
      жергiлiктi атқарушы орган жеке тұрғын үй қорынан жалға алған тұрғын жайды пайдаланғаны үшiн жалға алу ақысын төлеуге көрсетiледi.
      Талас ауданындағы тұрақты тұратын адамдарға кондоминиум объектiсiнiң ортақ мүлкiн күтiп-ұстауға, күрделi жөндеуге ай сайынғы және нысаналы жарналардың мөлшерiн айқындайтын сметаға сай, бюджет қаражаты есебiнен кондоминиум объектiсiнiң ортақ мүлкiн күтiп-ұстауға, күрделi жөндеуге жұмсалатын коммуналдық қызметтердiң ақысын төлеуге жеткiзушiлер ұсынған шоттар бойынша тұрғын үй көмегi көрсетiледi.
      Ескерту. 3-тармаққа өзгерту енгізілді - Талас аудандық мәслихатының 2011.09.02 № 45-5 Шешімімен.
      4. Тұрғын үй көмегi тұрғын үйдi пайдаланғаны үшiн жалға алу ақысының ұлғаюы бөлiгiнде «тұрғын үйді (тұрғын ғимаратты) күтiп - ұстауға, коммуналдық қызметтерін және телекоммуникацияның желісіне қосылған телефонға абоненттік ақының өсуі бөлігінде байланыс қызметтерін тұтынуға нормалар шегiнде ақы төлеу сомасы мен отбасының осы мақсаттарға жұмсаған шығыстарының шектi жол берiлетiн деңгейiнiң арасындағы айырма ретiнде айқындалады.
      Отбасының шектi ұйғарынды шығындардың үлесi отбасының жиынтық табысының 10 пайыз мөлшерiнде белгiленедi.
      Ескерту. 4-тармаққа өзгерту енгізілді - Талас аудандық мәслихатының 2011.09.02 № 45-5 Шешімімен.
      5. Ресми расталмаған табыс жұмысқа жарамды отбасының (азаматтың) әрбiр мүшесiнінің жеке өтінішіне сәйкес есепке алынады.
      6. Белгiленген нормадан жоғары кондоминиум объектiсiнiң ортақ мүлкiн күрделi жөндеуге, коммуналдық қызметтердi және   телекоммуникацияның желісіне қосылған телефонға абоненттік ақының өсуі бөлігінде байланыс қызметтерін тұтыну төлемiн, тұрғын жайды пайдаланғаны үшiн ақы төлеу жалпы негiздерде жүргiзiледi.
      7. Жеке меншiгiнде бiреуден артық тұрғын жайы (үйi, пәтерi) бар немесе тұрғын үй-жайларын жалға тапсыратын табысы аз отбасыларына (азаматтарға) тұрғын үй көмегi тағайындалмайды.
      Мүгедектердi, магистратураны қоса алғанда, күндiзгi оқыту нысанында оқитын оқушылар мен студенттердi, тыңдаушылар мен курсанттарды, сондай-ақ I және II топтағы мүгедектердi, он алты жасқа дейiнгi бала кезiнен мүгедек-балаларды, сексен жастан асқан адамдарды, үш жасқа дейiнгi балаларды бағып-күтумен айналысатын азаматтарды қоспағанда, жұмыспен қамту мәселелерi жөнiндегi уәкiлеттi органдарда тiркелмеген, еңбек iстеуге қабiлетi болса да жұмыс iстемейтiн адамдары бар табысы аз отбасыларына (азаматтарға) тұрғын үй көмегi тағайындалмайды.

2. Тұрғын үй көмегiн көрсетудiң тәртiбi мен мөлшерi

      8. Тұрғын үй көмегiн тағайындау үшiн азамат (отбасы) уәкiлеттi органға өтiнiш бередi және Қазақстан Республикасының Үкiметi бекiткен тұрғын үй көмегiн көрсетудiң ережелерiнде көрсетiлген құжаттарды ұсынады.
      Тұрғын үй көмегiн тағайындау үшiн қажеттi құжаттар салыстыру үшiн көшiрме және түпнұсқада ұсынылады, одан кейiн құжаттардың түпнұсқалары өтiнiш берушiге қайтарылады.
      9. Тұрғын үй көмегiнiң мөлшерi тұрғын үйді(тұрғын ғимаратты) күтiп-ұстауға; коммуналдық қызметтердi және телекоммуникацияның желісіне қосылған телефонға абоненттік ақының өсуі бөлігінде байланыс қызметтерін қызметтерiн тұтыну, жергiлiктi атқарушы орган жеке тұрғын үй қорынан жалға алған тұрғын жайды пайдаланғаны үшiн жалға алу ақысын төлеуге кеткен нақты шығындардың сомасынан асырыла алмайды.
      10.алынып тасталды - Талас аудандық мәслихатының 2011.09.02 № 45-5 Шешімімен.
      11. Отбасының тұрғын үйді(тұрғынғимаратты) күтiп-ұстауға, коммуналдық қызметтерiн және телекоммуникацияның желісіне қосылған телефонға абоненттік ақының өсуі бөлігінде байланыс қызметтерін тұтыну, жергiлiктi атқарушы орган жеке тұрғын үй қорынан жалға алған тұрғын жайды пайдаланғаны үшiн жалға алу ақысын төлеуге шектi ұйғарынды шығындардың үлесi өзгерген кезде уәкiлеттi орган бұрын тағайындалған тұрғын үй көмегiн қайта санауды жүргiзедi.
      12. Тұрғын үй көмегiн алушылар он күн iшiнде қандай да болсын тұрғын үй меншiгi нысандарының, отбасы құрамының, жиынтық табысының өзгергендерi туралы және тұрғын үй көмегi мөлшерiне әсер ететiн басқа да факторлар туралы, сондай-ақ, тұрғын үй көмегiн дұрыс емес есептеген жағдайда уәкiлеттi органға хабарлайды.
      13. Тұрғын үй көмегiнен заңсыз алынған сомалар алушымен ерiктi түрде, ал бас тартқан жағдайда – сот тәртiбiмен қайтарылуға жатады.
      14. Тұрғын үй көмегiн тағайындау кезiнде келесi өтемақы шараларымен қамтамасыз етiлетiн тұрғын үй алаңының және коммуналдық қызметтердi тұтынудың нормалары ескерiледi:
      1) өтемақы шараларымен қамтамасыз етiлетiн тұрғын үй алаңының нормалары:
      жеке басты азаматтар үшiн – 30 шаршы метр, бiрақ бiр бөлмелi пәтердiң мөлшерiнен аз емес және нақты алып жатқан алаңынан артық емес;
      екi және одан да көп адамнан тұратын – отбасының әр мүшесiне 18 шаршы метр, бiрақ нақты алып жатқан алаңынан артық емес;
      2) электр қуатын тұтыну нормалары (бiр айда):
      бiрден бес адамға дейiнгi отбасына – отбасының әрбiр мүшесiне 80 киловатт;
      бес және одан да көп мүшелi отбасына – 400 киловатт;
      3) газ шығындарының нормасы:
      газ пешiнiң, орталық жылу беру және ыстық су болған жағдайда айына 1 адамға – 18 текше метр;
      газ пешiнiң, орталық жылу беру және ыстық су болмаған жағдайда айына 1 адамға – 22 текше метр.
      4) Қатты отынды жергілікті жылу берілетін жекеменшік үйлерде тұратын аз қамсыздандырылған отбасыларға тұрғын көмегін есептеу үшін әлеуметтік тұрғын үй нормасына сәйкес отын шығыны 1 шаршы метрге 49,75 килограмм мөлшерінде есепке алынады. Қатты отын құнын есептеу үшін тұрғын үй көмегі есептелген алдыңғы тоқсандағы (наурыз, маусым, қыркүйек, желтоқсан) тоқсанның соңғы айындағы жағдай бойынша аудандық ақпарат және статистика басқармасының ұсынған аудан бойынша орташа баға пайдаланылады.
      Коммуналдық қызмет тұтыну нормалары табиғи монополияларды (монополистiк қызметтi) реттеу бойынша аумақтық уәкiлеттi орган қолданатын, көрсетiлетiн қызметтерге тарифтердi (бағаларды) бекiткен кездегi коммуналдық қызметтердi босату нормаларына баламды.

3. Тұрғын үй көмегiн төлеу тәртiбi

      15. Тұрғын үйді(тұрғынғимаратты) күтiп-ұстауға, коммуналдық қызметтердi және телекоммуникацияның желісіне қосылған телефонға абоненттік ақының өсуі бөлігінде байланыс қызметтерін тұтыну, жергiлiктi атқарушы орган жеке тұрғын үй қорынан жалға алған тұрғын жайды пайдаланғаны үшiн жалға алу ақысын төлеуге шығындарды өтеу өтемақы соммалары уәкiлеттi органмен екiншi деңгейдегi банктер арқылы алушылардың өтiнiштерi бойынша, ал телефон үшін абоненттік ақы тарифтерінің арттырылу өтемақысын абоненттердің жеке есеп шотына аударылуы мүмкiн.
      Ескерту. 15-тармаққа өзгерту енгізілді - Талас аудандық мәслихатының 2011.09.02 № 45-5 Шешімімен.

4. Қорытынды ережелер

      16. Осы ережелермен реттелмеген қатынастар Қазақстан Республикасының қолданыстағы заңнамасына сәйкес реттеледi.


Об утверждении Правил оказания жилищной помощи малообеспеченным семьям (гражданам) по Таласскому району

Решение Таласского районного маслихата Жамбылской области от 28 сентября 2010 года № 36-6. Зарегистрировано Управлением юстиции Таласского района Жамбылской области 4 ноября 2010 года за № 6-10-112. Утратило силу решением маслихата Таласского района Жамбылской области от 14 августа 2012 года № 8-5

      Утратило силу решением маслихата Таласского района Жамбылской области от 14 августа 2012 года № 8-5 

      В соответствии со статьей-97 Закона Республики Казахстан от 16 апреля 1997 года «О жилищных отношениях», Постановлением Правительства Республики Казахстан от 30 декабря 2009 года № 2314 «Об утверждении Правил предоставления жилищной помощи», районный маслихат РЕШИЛ:
      1.Утвердить Правила оказания жилищной помощи малообеспеченным семьям (гражданам) по Таласскому району согласно приложению.
      2.Решение Таласского районного маслихата четвертого созыва от 30 июня 2008 года за № 11 – 13 «Установления размера и порядка оказания жилищной помощи малообеспеченным семьям (гражданам)» (зарегистрированный в Реестре государственной регистрации нормативных правовых актов за № 6 – 10 – 62, опубликованный в районой газете 6 августа 2008 года за № 64 «Талас тынысы») считать утратившим силу.
      3.Настоящее решение вступает в силу со дня государственной регистрации в органах юстиции и вводится в действие по истечении десяти календарных дней после дня его первого официального опубликования.
      
      Председатель сессии                        Секретарь маслихата
      Е. Кулекеев                                Ж.Асемов

Утвержден решением Таласского
районного маслихата от 28 сентября
2010 года за № 36 – 6

Правила оказания жилищной помощи малообеспеченным семьям (гражданам) по Таласскому району.

      Сноска. По всему тексту (за исключением пункта 14)слова «капитального ремонта и (или) взносов на накопление средств на капитальный ремонт общего имущества объекта кондоминиума» заменить словами «расходов на содержание жилого дома (жилого здания) семьям (гражданам)» и после слов «коммунальных услуг» дополнить словами «и услуг связи в части увеличения абонентской платы за телефон, подключенный к сети телекоммуникаций» решением Таласского районного маслихата от 02.09.2011 № 45-5 

1.Общие положения

      1.Настоящие Правила оказания жилищной помощи малообеспеченным семьям (гражданам) по Таласскому району (далее Правила) разработаны в соответствии со статьей - 97 Закона Республики Казахстан от 16 апреля 1997 года «О жилищных отношениях», постановлением Правительства Республики Казахстан от 30 декабря 2009 года № 2314 «Об утверждении Правил предоставления жилищной помощи» (далее Правила предоставления жилищной помощи, утвержденные Правительством Республики Казахстан).
      2.В настоящих Правилах используются следующие основные понятия:
      коммунальные услуги - услуги, предоставляемые в жилом доме (жилом здании) и включающие водоснабжение, канализацию, газоснабжение, электроснабжение, теплоснабжение, мусороудаление;
      услугодатель – юридическое или физическое лицо, занимающееся, электроснабжением, теплоснабжением, водоснабжением, канализованием (далее – энергоснабжающая организация), а также предоставляющее (оказывающее) услуги по удалению мусора, оказание услуг для абонентов и объектов кондоминиума – является доставка электрической и тепловой энергии;
      заявитель (физическое лицо) – лицо, обратившееся от себя лично или от имени семьи по назначением жилищной помощи;
      уполномоченный орган – государственное учреждение «Отдел занятости и социальных программ акимата Таласского района».
      3.Жилищная помощь оказывается за счет средств местного бюджета малообеспеченным семьям (гражданам) на оплату:
      расходов на содержание жилого дома (жилого здания) семьям (гражданам), проживающим в приватизированных жилых помещениях (квартирах) или являющимся нанимателями (поднанимателями) жилых помещений (квартир) в государственном жилищном фонде;
      потребления коммунальных услуг и услуг связи в части увеличения абонентской платы за телефон, подключенный к сети телекоммуникаций семьям (гражданам) являющимся собственниками или нанимателями (поднанимателями) жилища;
      арендной платы за пользование жилищем, арендованным местным исполнительным органом в частном жилищном фонде.
      Жилищная помощь оказывается по предъявленным поставщиками счетам на оплату коммунальных услуг, расходов на содержание жилого дома (жилого здания) согласно смете, определяющей размер и целевых взносов на содержание, капитальный ремонт общего имущества объекта кондоминиума, за счет бюджетных средств лицам, постоянно проживающим в Таласском районе.

      Сноска. Пункт 3 с изменениями, внесенными решением Таласского районного маслихата от 02.09.2011 № 45-5 
      4.Жилищная помощь определяется как разница между суммой оплаты расходов на содержание жилого дома (жилого здания), потребление коммунальных услуг и услуг связи в части увеличения абонентской платы за телефон, подключенный к сети телекоммуникаций, арендной платы за пользование жилищем в пределах норм и предельно-допустимого уровня расходов семьи на эти цели.
      Доля предельно допустимых расходов семьи устанавливается к совокупному доходу семьи в размере 10 процентов.
      Сноска. Пункт 4 с изменениями, внесенными решением Таласского районного маслихата от 02.09.2011 № 45-5 
      5.Официально не подтвержденные доходы учитываются на каждого трудоспособного члена семьи (гражданина) на основание письменного заявления.
      6.Оплата капитального ремонта общего имущества объектов кондоминиума, потребления коммунальных услуг и услуг связи в части увеличения абонентской платы за телефон, подключенный к сети телекоммуникаций, арендной платы за пользование жилищем сверх установленной нормы производится на общих основаниях.
      7.Жилищная помощь не назначается малообеспеченным семьям (гражданам), имеющим в частной собственности более одной единицы жилья (дома, квартиры) или сдающим жилые помещения в наем. Жилищная помощь не назначается малообеспеченным семьям (гражданам), имеющим трудоспособных лиц, которые не работают, не зарегистрированы в уполномоченных органах по вопросам занятости, кроме инвалидов, учащихся и студентов, слушателей и курсантов дневной формы обучения, включая магистратуру, а также граждан, занятых уходом за инвалидами 1 и 2 групп, детьми-инвалидами с детства до шестнадцати лет, лицами старше восьмидесяти лет, детьми в возрасте до трех лет.

2.Размер и порядок оказания жилищной помощи

      8. Для назначения жилищной помощи гражданин (семья) обращается в уполномоченный орган с заявлением и представляет документы, указанные в Правилах предоставления жилищной помощи, утвержденных Правительством Республики Казахстан.
      Документы, необходимые для назначения жилищной помощи, предоставляются в копиях и подлинниках для сверки, после чего подлинники документов возвращаются заявителю.
      9.Размер жилищной помощи не может превышать сумму фактических расходов на оплату расходов на содержание жилого дома (жилого здания) семьям (гражданам), потребления коммунальных услуг и услуг связи в части увеличения абонентской платы за телефон, подключенный к сети телекоммуникаций, арендной платы за пользование жилищем, арендованным местным исполнительным органом в частном жилищном фонде.
      10.Сноска. Пункт 10 исключен решением Таласского районного маслихата от 02.09.2011 № 45-5 
      11.При изменении доли предельно допустимых расходов семьи на оплату расходов на содержание жилого дома (жилого здания) семьям (гражданам), потребления коммунальных услуг и услуг связи в части увеличения абонентской платы за телефон, подключенный к сети телекоммуникаций, арендной платы за пользование жилищем, арендованным местным исполнительным органом в частном жилищном фонде уполномоченный орган производит перерасчет ранее назначенной жилищной помощи.
      12.Получатели жилищной помощи в течение десяти дней информируют уполномоченный орган о любых изменениях формы собственности жилья, состава семьи, совокупного дохода и других факторах, влияющих на размер жилищной помощи, а также о случаях неверного начисления жилищной помощи.
      13.Незаконно полученные суммы жилищной помощи подлежат возврату получателем в добровольном порядке, а в случае отказа – в судебном порядке.
      14.При назначении жилищной помощи учитываются следующие нормы площади жилья и потребления коммунальных услуг, обеспечиваемые компенсационными мерами:
      1) нормы площади жилья, обеспечиваемые компенсационными мерами:

для одиноких граждан – 30 квадратных метров, но не менее размера однокомнатной квартиры и не более фактически занимаемой площади;
      для семьи из двух и более человек – 18 квадратных метров на каждого члена семьи но не более фактически занимаемой площади;
      2) нормы потребления электрэнергии (в месяц):
      на семью от одного до пяти человек – 80 киловатт на каждого члена семьи;
      от пяти и более человек – 400 киловатт
      3) нормы расхода газа;
      при наличии газовой плиты, центральгог отопления и горячего водоснобжения – 18 кубических метров на 1 человека;
      при наличии газовой плиты,отсутствий центрального горячего водоснобжения и газового водонагревателя – 22 кубических метров на одного человека.
      4) предоставление твердого топлива малообеспеченным семьям проживающих в частном доме начисление жилищно помощи для семей (граждан), проживающим в частных домостроениях с местным отоплением, местные исполнительные органы устанавливают норматив расхода условного топлива на 1 кв. метр жилища 49,75 килограмм. Для расчета стоимости топлива, используемого в частных домостроениях с местным отоплением, используются средние цены по населенному пункту представляемые органами статистики по состоянию на последний месяц квартала (март, июнь, сентябрь, декабрь) предшествующего кварталу расчет жилищной помощи.
      Нормы потребления коммунальных услуг эквивалентны нормам отпуска коммунальных услуг, территориальным уполномоченным органом по регулированию естественных монополий (монополистической деятельности), при утверждении ими тарифов (цен) на оказываемые услуги.

3.Порядок выплаты жилищной помощи

      15.Суммы, начисленные на оплату расходов на содержание жилого дома (жилого здания) семьям (гражданам), потребления коммунальных услуг и услуг связи в части увеличения абонентской платы за телефон, подключенный к сети телекоммуникаций , арендной платы за пользование жилищем, арендованным местным исполнительным органом в частном жилищном фонде уполномоченным органом через банки второго уровня по письменному заявлению получателей могут перечесляться на лицевые счета соответствующих услугодателей (поставщиков услуг),а компенсации повышения тарифов абонентской платы за телефон – на лицевые счета абонентов.

      Сноска. Пункт 15 с изменениями, внесенными решением Таласского районного маслихата от 02.09.2011 № 45-5 

4.Заключительные положения

      16. Отношения не урегулированные ностоящими Правилами регулируются в соответствии с действующим законодательством Республики Казахстан