"Талас ауданы бойынша табысы аз отбасыларына (азаматтарға) тұрғын ұй көмегiн көрсету Ережелерiн бекiту туралы" Талас аудандық мәслихатының 2010 жылғы 28 қыркүйектегі № 36-6 шешіміне өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы

Күшін жойған

Жамбыл облысы Талас аудандық мәслихатының 2011 жылғы 2 қыркүйектегі N 45-5 Шешімі. Жамбыл облысы Талас ауданының Әділет басқармасында 2011 жылғы 26 қыркүйекте № 6-10-124 тіркелді. Күші жойылды - Жамбыл облысы Талас аудандық мәслихатының 2019 жылғы 14 ақпандағы № 51-3 шешімімен

      Ескерту. Күші жойылды - Жамбыл облысы Талас аудандық мәслихатының 14.02.2019 № 51-3 шешімімен (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік 10 күн өткен соң қолданысқа енгізіледі).
      РҚАО ескертпесі:
      Мәтінде авторлық орфография және пунктуация сақталған.

      "Тұрғын үй қатынастары туралы" Қазақстан Республикасының 1997 жылғы 16 сәуірдегі Заңының 97-бабына сәйкес, аудандық мәслихат ШЕШІМ ЕТТІ:

      1. "Талас ауданы бойынша табысы аз отбасыларына (азаматтарға) тұрғын үй көмегiн көрсету Ережелерiн бекiту туралы" Талас аудандық мәслихатының 2010 жылғы 28 қыркүйектегі № 36-6 шешіміне (Нормативтік құқықтық кесімдерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 6 – 10 – 112 болып тіркелген, 2010 жылғы 17 қарашадағы № 97 аудандық "Талас тынысы" газетінде жарияланған) келесі өзгерістер мен толықтырулар енгізілсін:

      аталған шешімен бекітілген Талас ауданы бойынша табысы аз отбасыларына (азаматтарға) тұрғын үй көмегін көрсету Ережелерінің:

      бүкіл мәтініндегі (14 тармағын қоспағанда):

      "кондоминиум объектiсiнiң ортақ мүлкiн күрделi жөндеу және (немесе) күрделi жөндеуге қаражат жинақтауға жұмсалатын жарналар" деген сөздер "тұрғын үйді (тұрғын ғимаратты) күтiп-ұстауға" деген сөздермен ауыстырылсын;

      "коммуналдық қызметтерді", "коммуналдық қызметтерін" деген сөздерден кейін "және телекоммуникацияның желісіне қосылған телефонға абоненттік ақының өсуі бөлігінде байланыс қызметтерін" деген сөздермен толықтырылсын;

      3 - тармағындағы "кондоминиум объектiсiнiң ортақ мүлкiн күтiп-ұстауға, күрделi жөндеуге" деген сөздер "тұрғын үйді (тұрғын ғимаратты) күтiп-ұстауға" деген сөздермен ауыстырылсын;

      4 - тармағындағы "кондоминиум объектiлерiнiң ортақ мүлкiн күрделi жөндеуге және (немесе) күрделi жөндеуге қаражат жинақтауға арналған жарналарға" деген сөздер "тұрғын үйді (тұрғын ғимаратты) күтiп-ұстауға" деген сөздермен ауыстырылсын.

      10 тармақ алынып тасталсын;

      15 тармағы "тиісті қызмет көрсетушілердің (қызмет жабдықтаушылардың) есеп шотына" деген сөздерден кейін ", ал телефон үшін абоненттік ақы тарифтерінің арттырылу өтемақысын абоненттердің жеке есеп шотына" деген сөздермен толықтырылсын.

      2. Осы шешім алғаш ресми жарияланғаннан кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.

      Сессия төрағасы Д. Шыныбек
      Мәслихат хатшысы Ж.Әсемов

Егер Сіз беттен қате тапсаңыз, тінтуірмен сөзді немесе фразаны белгілеңіз және Ctrl+Enter пернелер тіркесін басыңыз

 

бет бойынша іздеу

Іздеу үшін жолды енгізіңіз

Кеңес: браузерде бет бойынша енгізілген іздеу бар, ол жылдамырақ жұмыс істейді. Көбінесе, ctrl-F пернелері қолданылады