Табысы аз отбасыларына (азаматтарға) тұрғын үй көмегін көрсетудің мөлшері мен тәртібін белгілеу туралы

Күшін жойған

Жамбыл облысы Талас аудандық мәслихатының 2008 жылы 30 маусымдағы N 11-13 Шешімі. Жамбыл облысы Талас ауданының Әділет басқармасында 2008 жылғы 30 шілдеде N 62 тіркелді.Күші жойылды - Талас аудандық мәслихатының 2010 жылғы 28 қыркүйектегі № 36-6 Шешімімен

      Ескерту. Күші жойылды - Жамбыл облысы Талас аудандық мәслихатының 2010.09.28 № 36-6 Шешімімен.

      "Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару туралы" Қазақстан Республикасының 2001 жылғы 23 қаңтардағы Заңының 6 бабы 11 тармағына және "Тұрғын үй қатынастары туралы" Қазақстан Республикасының 1997 жылғы 16 сәуірдегі Заңының 97 бабының 2 тармағына сәйкес аудандық мәслихат ШЕШІМ ЕТТІ:
      1. Табысы аз отбасыларына (азаматтарға) тұрғын үй көмегін көрсетудің мөлшері мен тәртібі қосымшаға сәйкес белгіленсін.
      2. Үшінші шақырылған Талас аудандық мәслихатының 2004 жылғы 2 ақпандағы № 3-6 "Азаматтардың жекелеген санаттарына тұрғын үйді ұстауға және коммуналдық қызметтерге төлеу үшін тұрғын үй жәрдем ақысын тағайындау тәртібі туралы Ережені бекіту туралы" (нормативтік құқықтық кесімдерді мемлекеттік тіркеу тізіліміне № 1205 тіркелген, аудандық "Талас тынысы" газетінің 2004 жылдың 28 ақпанында № 13 жарияланған) шешімінің күші жойылды деп танылсын.
      3. Осы шешім әділет органдарында мемлекеттік тіркеуден өткен күннен бастап заңды күшіне енеді және алғаш ресми жарияланғаннан кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.

      Аудандық мәслихаттың             Талас аудандық
      ХІ сессиясының төрағасы:         мәслихатының хатшысы:
      Д. Төлепбергенов                 Ж. Әсемов

Талас аудандық мәслихаттың
2008 жылғы 30 маусымдағы
№ 11–13 шешіміне қосымша

Табысы аз отбасыларына (азаматтарға) тұрғын үй көмегін көрсету туралы Тәртіп

      Осы тәртіп "Тұрғын үй қатынастары туралы" Қазақстан Республикасының 1997 жылғы 16 сәуірдегі Заңын және осы жылдар аралығында оған енгізген өзгерістер мен толықтырулар негізінде табысы аз отбасыларына (азаматтарға) тұрғын үй көмегін көрсетуге ақы төлеу тәртібін белгілейді.

1. Табысы аз отбасыларына (азаматтарға) тұрғын үй көмегін көрсетудің мөлшері мен тәртібі

      Ескерту. Атауға өзгерту енгізілді - Талас аудандық мәслихатының 2008.06.30 № 11-13 (қолданысқа енгізілу тәртібін 2-тармақтан қараңыз) Шешімімен.

      1. Табысы аз отбасыларына (азаматтарға) тұрғын үй көмегін көрсету "Талас ауданы әкімиятының жұмыспен қамту және әлеуметтік бағдарламалар бөлімі" мемлекеттік мекемесі арқылы қала және ауыл әкімдері жанынан құрылған арнайы комиссия қорытындысы бойынша төленеді.

      Ескерту. 1-тармаққа өзгерту енгізілді - Талас аудандық мәслихатының 2008.06.30 № 11-13 (қолданысқа енгізілу тәртібін 2-тармақтан қараңыз) Шешімімен.

       2. Тұрғын үй көмегі Талас ауданында тұрақты тұратын және тұрғын жайдың меншік иесі немесе жалдаушысы (жалға алушылары) болып табылатын адамдарға бюджет қаражаты есебінен беріледі.
      3. Тұрғын үй көмегі орташа табысы азық-түлік себетінің құнынан аспайтын табысы аз отбасыларына (азаматтарға) беріледі;

      Ескерту. 3-тармаққа өзгерту енгізілді - Талас аудандық мәслихатының 2008.06.30 № 11-13 (қолданысқа енгізілу тәртібін 2-тармақтан қараңыз) Шешімімен.

       4. "Талас ауданы әкімиятының жұмыспен қамту және әлеуметтік бағдарламалар бөлімі" мемлекеттік мекемесі ұсынылған тізім бойынша тұрғын үй көмегінің көлемін анықтайды және аудандық қаржы басқармасына қаржы бөлу жөнінде сұраныс дайындайды.

Табысы аз отбасыларына (азаматтарға) тұрғын үй көмегін көрсетудің мөлшері

      5. Табысы аз отбасыларына тұрғын жайларын ұстау үшін (жеке тұрғын үйді ұстаудан басқа) әр отбасына жетпіс айлық есептік көрсеткіш көлемінде жылына бір рет және коммуналдық қызметтерді пайдаланғаны үшін әр отбасына (азаматтарға) жылу берілмейтін кезеңде он айлық есептік көрсеткіш көлемінде, ал жылу берілетін кезеңде жиырма айлық есептік көрсеткіш көлемінде тоқсанына бір рет көрсетіледі.

      Ескерту. 5-тармаққа өзгерту енгізілді - Талас аудандық мәслихатының 2008.06.30 № 11-13 (қолданысқа енгізілу тәртібін 2-тармақтан қараңыз) Шешімімен.

3. Табысы аз отбасыларына (азаматтарға) тұрғын үй көмегін көрсетудің төлеу тәртібі

      6. Табысы аз отбасыларына (азаматтарға) тұрғын үй көмегі аудандық бюджет есебінен осы көмекті көрсетуге көзделген сома шегінде ғана жүзеге асырылады.
      7. Табысы аз отбасыларына (азаматтарға) тұрғын үй көмегі екінші деңгейдегі банктер немесе пошта бөлімдері арқылы жүзеге асырылады және қолма-қол төленбейді. Ол өтініш берушінің тілегі бойынша қызметті жеткізушілердің есеп шоттарына аударылуы мүмкін.

      Ескерту. 7-тармақ жаңа редакцияда - Талас аудандық мәслихатының 2009.09.29 № 24-10 (қолданысқа енгізілу тәртібін 2-тармақтан қараңыз) Шешімімен.

Егер Сіз беттен қате тапсаңыз, тінтуірмен сөзді немесе фразаны белгілеңіз және Ctrl+Enter пернелер тіркесін басыңыз

 

бет бойынша іздеу

Іздеу үшін жолды енгізіңіз

Кеңес: браузерде бет бойынша енгізілген іздеу бар, ол жылдамырақ жұмыс істейді. Көбінесе, ctrl-F пернелері қолданылады