Қазақстан Республикасының 2008 жылғы 4 желтоқсандағы Бюджет кодексіне, Қазақстан Республикасының 1995 жылғы 28 сәуірдегі "Ұлы Отан соғысының қатысушылары мен мүгедектеріне және соларға теңестірілген адамдарға берілетін жеңілдіктер мен оларды әлеуметтік қорғау туралы" және 2001 жылғы 23 қаңтардағы "Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару және өзін-өзі басқару туралы" Заңдарына сәйкес қалалық мәслихат ШЕШТІ:
1. Қалалық мәслихаттың 2006 жылғы 1 ақпандағы N 30/275 "Коммуналдық қызметті төлеуге және тұрғын жайды ұстауға Ұлы Отан соғысының мүгедектеріне және қатысушыларына әлеуметтік көмек көрсету туралы" (нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу Тізілімінде N 8-4-25 болып тіркелген, 2006 жылғы 17 наурыздағы N 23 "Балқаш өңірі" газетінде жарияланған), қалалық мәслихаттың 2007 жылғы 21 ақпандағы N 40/388 "Коммуналдық қызметті төлеуге және тұрғын жайды ұстауға Ұлы Отан соғысының мүгедектеріне және қатысушыларына әлеуметтік көмек көрсету туралы" қалалық мәслихаттың 2006 жылғы 1 ақпандағы N 30/275 шешіміне өзгерістер енгізу туралы" шешімімен өзгерістер енгізілген (нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу Тізілімінде N 8-4-64 болып тіркелген, 2007 жылғы 9 наурыздағы N 21 "Балқаш өңірі" газетінде, 2007 жылғы 9 наурыздағы N 25-26 "Северное Прибалхашье" газетінде жарияланған), қалалық мәслихаттың 2008 жылғы 12 наурыздағы N 7/60 "Коммуналдық қызметті төлеуге және тұрғын жайды ұстауға Ұлы Отан соғысының мүгедектеріне және қатысушыларына әлеуметтік көмек көрсету туралы" қалалық мәслихаттың 2006 жылғы 1 ақпандағы N 30/275 шешіміне өзгерістер енгізу туралы" шешімімен өзгерістер енгізілген (нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу Тізілімінде N 8-4-103 болып тіркелген, 2008 жылғы 9 сәуірдегі N 28 "Балқаш өңірі" газетінде, 2008 жылғы 9 сәуірдегі N 42 "Северное Прибалхашье" газетінде жарияланған) шешіміне келесі өзгерістер енгізілсін:
2 тармақтың екінші абзацында "1360" сандары "2726" сандарымен ауыстырылсын, "1955" сандары "3327" сандарымен ауыстырылсын;
үшінші абзацында "1088" сандары "2509" сандарымен ауыстырылсын, "1976" сандары "3327" сандарымен ауыстырылсын;
төртінші абзацында "947" сандары "2015" сандарымен ауыстырылсын, "2067" сандары "3392" сандарымен ауыстырылсын.
2. Осы шешімнің орындалуын бақылау қалалық мәслихаттың бюджет, экономика, заңдылық және азамат құқығы, әлеуметтік-мәдени даму және халықты әлеуметтік қорғау жөніндегі тұрақты комиссиясына жүктелсін (Баймағанбетов Е.К.).
3. Осы шешім алғаш ресми жарияланған күннен бастап қолданысқа енеді және 2010 жылдың 1 сәуірінен туындаған қатынастарға таратылады.
Сессия төрағасы С. Пшенбаев
Қалалық мәслихат хатшысы И. Сторожко
КЕЛІСІЛДІ
Қала әкімінің
міндетін атқарушы
Нысанғалиев Ж.Ә.
2010 жыл 16 сәуір
Қаржы бөлімінің бастығы
Томпиева Ж.К.
2010 жыл 16 сәуір
Жұмыспен қамту және
әлеуметтік бағдарламалар
бөлімінің бастығы
Адамова Қ.Қ.
2010 жыл 16 сәуір