Коммуналдық қызметті төлеуге және тұрғын жайды ұстауға Ұлы Отан соғысының мүгедектеріне және қатысушыларына әлеуметтік көмек көрсету туралы

Күшін жойған

Қарағанды облысы Балқаш қалалық мәслихатының 2006 жылғы 1 ақпандағы N 30/275 шешімі. Қарағанды облысы Балқаш қаласы Әділет басқармасында 2006 жылғы 7 наурызда N 8-4-25 тіркелді. Күші жойылды - Қарағанды облысы Балқаш қалалық мәслихатының 2011 жылғы 24 наурыздағы N 43/335 шешімімен

      Ескерту. Күші жойылды - Қарағанды облысы Балқаш қалалық мәслихатының 2011.03.24 N 43/335 шешімімен.

      Қазақстан Республикасының Бюджет кодексіне және Қазақстан Республикасының "Ұлы Отан соғысының қатысушылары мен мүгедектерiне және соларға теңестiрiлген адамдарға берiлетiн жеңiлдiктер мен оларды әлеуметтiк қорғау туралы", "Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару туралы" Заңдарына сәйкес қалалық мәслихат ШЕШТІ:
      1. Коммуналдық қызметті төлеуге және тұрғын жайды ұстауға арналған шығындар бойынша Ұлы Отан соғысының мүгедектеріне және қатысушыларына, Совет Армиясының ерікті жалдамалы құрамаларының адамдарына, қоршаудағы кезеңінде Ленинград қаласының кәсіпорындарында, мекемелері мен ұйымдарында жұмыс істеген және "Ленинградты қорғағаны үшін" медалімен әрі "Қоршаудағы Ленинград тұрғыны" белгісімен наградталған азаматтарға әлеуметтік көмек көрсетуді қамтамасыз етсін.
      Ескерту. 1-тармаққа өзгерту енгізілді - Қарағанды облысы Балқаш қалалық мәслихатының 2010.07.30 N 32/260 (қолданысқа енгізілу тәртібін 3-тармақтан қараңыз) шешімімен.
      2. Жергілікті тұрғын орыны бойынша бір алушыға ай сайынғы көрсетілетін әлеуметтік көмектің мөлшері жеке ыңғайда (диференциалды) анықталсын:
      Балқаш қаласының орталықтандырылған жылуы бар тұрғындары үшін - 2726 теңге, пешпен жылынатын тұрғындары үшін - 3327 теңге;
      Қоңырат кентінің орталықтандырылған жылуы бар тұрғындары үшін - 2509 теңге, пешпен жылынатын тұрғындары үшін - 3327 теңге;
      Саяқ кентінің орталықтандырылған жылуы бар тұрғындары үшін - 2015 теңге, пешпен жылынатын тұрғындары үшін - 3392 теңге.
      Ескерту. 2-тармаққа өзгерту енгізілді - Қарағанды облысы Балқаш қалалық мәслихатының 2007.02.21 N 40/388 (қолданысқа енгізілу тәртібін 3-тармақтан қараңыз); 2008.03.12 N 7/60 (қолданысқа енгізілу тәртібін 3-тармақтан қараңыз); 2010.04.16 N 29/227 (қолданысқа енгізілу тәртібін 3-тармақтан қараңыз) шешімдерімен.
      3. Жұмыспен қамту және әлеуметтік бағдарламалар бөлімі (Асылбекова С.С.) әлеуметтік көмек көрсетуді тағайындауды және төлеуді келесі құжаттар негізінде мезгілінде қамтамасыз етсін:
      зейнетақы және көмек алушының банктік қызметтерді жүзеге асыруға сәйкес лицензиясы бар мекемелерде жеке шоттары көрсетілген өтініші;
      алушының жеке басын куәландыратын құжаты;
      салық төлеушінің тіркеу нөмірі көрсетілген куәлігінің көшірмесі;
      Ұлы Отан соғысының мүгедегі немесе қатысушысы, Совет Армиясының ерікті жалдамалы құрамаларының адамы, қоршаудағы кезеңінде Ленинград қаласының кәсіпорындарында, мекемелері мен ұйымдарында жұмыс істеген және "Ленинградты қорғағаны үшін" медалімен әрі "Қоршаудағы Ленинград тұрғыны" белгісімен наградталған азамат екендігін растайтын құжаты;
      азаматтарды тіркеу кітабы (немесе пәтерлік есеп карточкасы).
      Жоғарғы көрсетілген азаматтар санатының тізімі ай сайын зейнет ақы және жәрдем ақы төлеу бойынша Мемлекеттік орталықтың қалалық филиалымен салыстырып тексеру жүргізілсін.
      Ескерту. 3-тармаққа өзгерту енгізілді - Қарағанды облысы Балқаш қалалық мәслихатының 2010.07.30 N 32/260 (қолданысқа енгізілу тәртібін 3-тармақтан қараңыз) шешімімен.
      4. Қаржы бөлімі (Адамова Қ.Қ.) "Жергілікті өкілетті органдардың шешімімен жеке санаттағы мұқтаж азаматтарға әлеуметтік көмек" 007 бағдарламасы бойынша көрсетілген қаражаттар есебінен мезгілінде қаржыландыруды қамтамасыз етсін.
      5. Осы шешімнің орындалуын бақылау қалалық мәслихаттың бюджет, адам құқығын қорғау, әлеуметтік сала бойынша тұрақты комиссиясына (Баймағанбетов Е.Қ.) жүктелсін.

      Сессия төрағасы                            А. Омаров

      Қалалық мәслихаттың хатшысы                Л. Коробейникова

      КЕЛІСІЛДІ

      Қала әкімі                                 Токушев Қ.А.
      20 қаңтар 2006 жыл

      Экономика және бюджетті
      жоспарлау бөлімінің бастығы                Шлыкова З.С.
      20 қаңтар 2006 жыл

      Қаржы бөлімінің
      меңгерушісі                                Адамова К.Қ.
      20 қаңтар 2006 жыл

      Жұмыспен қамту және
      әлеуметтік бағдарламалар
      бөлімінің бастығы                          Асылбекова С.С.
      20 қаңтар 2006 жыл

Егер Сіз беттен қате тапсаңыз, тінтуірмен сөзді немесе фразаны белгілеңіз және Ctrl+Enter пернелер тіркесін басыңыз

 

бет бойынша іздеу

Іздеу үшін жолды енгізіңіз

Кеңес: браузерде бет бойынша енгізілген іздеу бар, ол жылдамырақ жұмыс істейді. Көбінесе, ctrl-F пернелері қолданылады