"Коммуналдық қызметті төлеуге және тұрғын жайды ұстауға Ұлы Отан соғысының мүгедектеріне және қатысушыларына әлеуметтік көмек көрсету туралы" қалалық мәслихаттың 2006 жылғы 1 ақпандағы N 30/275 шешіміне өзгерістер енгізу туралы

Жаңа

Қарағанды облысы Балқаш қалалық мәслихатының 2007 жылғы 21 ақпандағы N 40/388 шешімі. Қарағанды облысы Балқаш қаласы Әділет басқармасында 2007 жылғы 5 наурызда N 8-4-64 тіркелді

      Қазақстан Республикасының Бюджет кодексіне және Қазақстан Республикасының "Ұлы Отан соғысының қатысушылары мен мүгедектерiне және соларға теңестiрiлген адамдарға берiлетiн жеңiлдiктер мен оларды әлеуметтiк қорғау туралы", "Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару туралы" Заңдарына сәйкес қалалық мәслихат ШЕШТІ:
      1. Қалалық мәслихаттың 2006 жылғы 1 ақпандағы N 30/275 "Коммуналдық қызметті төлеуге және тұрғын жайды ұстауға Ұлы Отан соғысының мүгедектеріне және қатысушыларына әлеуметтік көмек көрсету туралы" (нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде тіркеу нөмірі – 8-4-25, "Балқаш өңірі" газетінің 2006 жылғы 17 наурыздағы N 23 санында жарияланған) шешіміне келесі өзгерістер енгізілсін:
      2 тармақтың екінші абзацында "969" саны "1115" санымен ауыстырылсын, "1368" саны "1820" санымен ауыстырылсын;
      үшінші абзацында "831"саны "920" санымен ауыстырылсын, "1388" саны "1841" санымен ауыстырылсын;
      төртінші абзацында "778" саны "813" санымен ауыстырылсын, "1480" саны "1933" санымен ауыстырылсын.
      2. Осы шешімнің орындалуын бақылау қалалық мәслихаттың бюджет, адам құқығын қорғау, әлеуметтік сала бойынша тұрақты комиссиясына (Баймағанбетов Е.Қ.) жүктелсін.
      3. Осы шешім алғаш ресми жарияланған күннен кейiн күнтiзбелiк он күн өткен соң қолданысқа енеді.

      Сессия төрағасы                            Г. Ахрименя

      Қалалық мәслихаттың хатшысы                Л. Коробейникова

      "КЕЛІСІЛДІ"
      Қала әкімі                                 Токушев Қ.Ә.
      14 ақпан 2007 жыл

      Жұмыспен қамту және
      әлеуметтік бағдарламалар
      бөлімінің бастығы                          Адамова Қ.Қ.
      14 ақпан 2007 жыл

      Қаржы бөлімінің
      меңгерушісі                                Томпиева Ж.Қ.
      14 ақпан 2007 жыл

      Экономика және
      бюджетті жоспарлау
      бөлімінің бастығы                          Шлыкова З.С.
      14 ақпан 2007 жыл

Егер Сіз беттен қате тапсаңыз, тінтуірмен сөзді немесе фразаны белгілеңіз және Ctrl+Enter пернелер тіркесін басыңыз

 

бет бойынша іздеу

Іздеу үшін жолды енгізіңіз

Кеңес: браузерде бет бойынша енгізілген іздеу бар, ол жылдамырақ жұмыс істейді. Көбінесе, ctrl-F пернелері қолданылады