Ескерту. Күші жойылды - Қарағанды облысы Балқаш қалалық мәслихатының 11.11.2020 № 43/350 (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) шешімімен.
Қазақстан Республикасының 2001 жылғы 23 қаңтардағы "Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару және өзін-өзі басқару туралы" Заңына сәйкес қалалық мәслихат ШЕШТІ:
1. Қалалық мәслихаттың 2007 жылғы 16 шілдедегі N 45/437 "Бейбіт жиналыстар, митингілер, шерулер, пикеттер және демонстрациялар өткізу тәртібін қосымша реттеу туралы" (нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу Тізілімінде N 8-4-80 болып тіркелген, 2007 жылғы 20 шілдедегі N 60 "Балқаш өңірі" газетінде, 2007 жылғы 20 шілдедегі N 79-80 "Северное Прибалхашье" газетінде жарияланған) шешіміне келесі толықтыру енгізілсін:
1) кіріспе бөліміндегі "жергілікті мемлекеттік басқару" сөздерінен кейін "және өзін-өзі басқару" деген сөздермен толықтырылсын.
2. Осы шешімнің орындалуын бақылау қалалық мәслихаттың бюджет, экономика, заңдылық және азамат құқығы, әлеуметтік-мәдени даму және халықты әлеуметтік қорғау жөніндегі тұрақты комиссиясына жүктелсін (Баймағанбетов Е.К.).
3. Осы шешім алғаш ресми жарияланғаннан кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енеді.
Сессия төрағасы | Е. Баймағанбетов |
Қалалық мәслихат хатшысы | И. Сторожко |
КЕЛІСІЛДІ | |
Қала әкімі | Қ.Г. Тейлянов |
2010 жыл 09 маусым |