Қазақстан Республикасының 2016 жылғы 6 сәуірдегі "Құқықтық актілер туралы", 2001 жылғы 23 қаңтардағы "Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару және өзін-өзі басқару туралы" Заңдарына сәйкес қалалық мәслихаты ШЕШІМ ЕТТІ:
1. Қарағанды облысы Балқаш қалалық мәслихатының 2010 жылғы 09 маусымдағы № 30/239 ""Бейбіт жиналыстар, митингілер, шерулер, пикеттер және демонстрациялар өткізу тәртібін қосымша реттеу туралы" қалалық мәслихаттың 2007 жылғы 16 шілдедегі № 45/437 шешіміне толықтыру енгізу туралы" (Нормативтік құқықтық актілер мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 8-4-189 болып тіркелген, 2010 жылғы 16 шілдедегі № 80-81 (629) "Северное Прибалхашье" газетінде жарияланған) күші жойылды деп танылсын.
2. Қарағанды облысы Балқаш қалалық мәслихатының 2013 жылғы 15 мамырдағы № 15/132 ""Қалалық мәслихаттың 2007 жылғы 16 шілдедегі № 45/437 "Бейбіт жиналыстар, митингілер, шерулер, пикеттер және демонстрациялар өткізу тәртібін қосымша реттеу туралы" шешіміне өзгеріс енгізу туралы" (Нормативтік құқықтық актілер мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 2345 болып тіркелген, 2013 жылғы 03 шілдедегі № 71 "Балқаш өңірі", 2013 жылғы 03 шілдедегі № 69 "Северное Прибалхашье" газеттерінде жарияланған) күші жойылды деп танылсын.
3. Осы шешім оның алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.
Сессия төрағасы | Л. Григоренко |
Қалалық мәслихат хатшысы | К. Тейлянов |