Ескерту. Күші жойылды - Қарағанды облысы Қаражал қалалық мәслихатының ХХХХV сессиясының 2011.12.02 N 405 шешімімен.
Қазақстан Республикасының 2001 жылғы 23 қаңтардағы "Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару және өзін-өзі басқару туралы", 1997 жылғы 16 сәуiрдегi "Тұрғын үй қатынастары туралы" Заңдарына және Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2009 жылғы 30 желтоқсандағы "Тұрғын үй көмегін көрсету ережесін бекіту туралы" N 2314 қаулысына сәйкес қалалық Мәслихат ШЕШІМ ЕТТІ:
1. Қаражал қаласының тұрғындарына тұрғын үй көмегін көрсету Ережесі бекітілсін.
2. Қаражал қалалық Мәслихатының 2006 жылғы 13 шілдедегі XXVI сессиясының "Қаражал қаласының аз қамтылған азаматтарына тұрғын үйді ұстау, коммуналдық қызметтер ақысын төлеу, қалалық телекоммуникация желілерінің абоненттеріне телефон үшін абоненттік ақы тарифтерінің көтерілуіне байланысты өтемақы төлеу үшін тұрғын үй жәрдемақысын беру Қағидасын бекіту туралы" N 26/259 шешімінің (нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу Тізілімінде 2006 жылғы 15 тамызда N 8-5-24 болып тіркелген, "Қазыналы өңір" газетінің 2006 жылғы 19 тамыздағы N 32 санында жарияланған) күші жойылған деп табылсын.
3. Осы шешімнің орындалуын бақылау қалалық Мәслихаттың әлеуметтік сала және құқық қорғау жөніндегі тұрақты комиссиясына (С. Сыртанбеков) жүктелсін.
4. Осы шешім алғаш рет ресми жарияланғаннан кейін он күнтізбелік күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.
XXVII сессияның төрағасы Н. Рахымов
Қалалық Мәслихаттың хатшысы Н. Кәдірсізов
Қаражал қалалық Мәслихатының
2010 жылғы 23 маусымдағы
N 253 шешімімен
БЕКІТІЛГЕН
Қаражал қаласының тұрғындарына тұрғын үй көмегін көрсету Ережесі
Осы Ереже Қазақстан Республикасының 2001 жылғы 23 қаңтардағы "Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару және өзін-өзі басқару туралы" Заңының 31-бабына, Қазақстан Республикасының 1997 жылғы 16 сәуірдегі "Тұрғын үй қатынастары туралы" Заңының 97-бабына, Қазақстан Республикасының 2004 жылғы 5 шілдедегі "Байланыс туралы" Заңына, Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2009 жылғы 30 желтоқсандағы N 2314 "Тұрғын үй көмегін көрсету ережесін бекіту туралы" қаулысына, Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2009 жылғы 14 сәуірдегі N 512 "Әлеуметтік тұрғыдан қорғалатын азаматтарға телекоммуникация қызметтерін көрсеткені үшін абоненттік төлемақы тарифінің көтерілуіне өтемақы төлеудің кейбір мәселелері туралы" қаулысына, Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2008 жылғы 19 шілдедегі N 710 "Қазақстан Республикасы Әділет министрлігінің мәселелері" қаулысына сәйкес әзірленген және Қаражал қаласы аз қамтылған тұрғындарына тұрғын үй көмегін көрсетудің мөлшері мен тәртібін белгілейді.
Ескерту. Кіреспеге өзгерту енгізілді - Қаражал қалалық мәслихатының 2010.12.23 N 305 (алғаш рет ресми жарияланғаннан кейін он күнтізбелік күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) шешімімен.
1. Жалпы ережелер
1. Ережеде келесідей негізгі ұғымдар пайдаланылады:
1) шығындардың жол берілетін шекті үлесі – отбасының тұрғын үйді (тұрғын үй ғимаратын) оның ішінде кондоминиум нысандарының ортақ мүліктерін күрделі жөндеуге және (немесе) күрделі жөндеу үшін қаржыны жинақтауға арналған жарнаға, коммуналдық қызметтерді, қатты отынды және телекоммуникация желісіне қосылған телефон үшін абоненттік ақыны арттырудағы байланыс қызметтерін, тұрғын үйді пайдаланғаны үшін жұмсалған шығынның жол берілетін шекті деңгейінің отбасының жиынтық табысының пайыздық қатынасы;
2) отбасының жиынтық табысы – тұрғын үй көмегін тағайындау үшін өтініш берілген тоқсанның алдындағы тоқсан ішінде отбасының тапқан табыстарының жалпы сомасы;
3) кондоминиум – үй-жай азаматтардың, заңды тұлғалардың, мемлекеттің дара (бөлек) меншігінде болатын, ал ортақ мүлік оларға ортақ үлестік меншік құқығымен тиесілі болатын жағдайда, жылжымайтын мүлікке меншіктің нысаны;
4) кондоминиум нысанын басқару органы – кондоминиум нысанын күтіп-ұстау жөніндегі функцияларды жүзеге асыратын жеке немесе заңды тұлға;
5) уәкілетті орган – "Қаражал қаласының жұмыспен қамту және әлеуметтік бағдарламалар бөлімі" ММ;
6) өтініш беруші (жеке тұлға) – тұрғын үй көмегін тағайындау үшін жеке өз атынан немесе отбасының атынан өтініш берген тұлға;
7) отбасы – некелесу, туыстық қатынастардан, бала асырап алудан немесе тәрбиеге алудың басқа да үлгілерінен шығатын, мүліктік және жеке мүліктік емес құқықтармен, міндеттермен байланысқан, заңнамада бекітілген тәртіпте бір мекен-жайда бірге тұратын және тіркелген адамдар тобы;
8) арнайы комиссия – тұрғын үй көмегін тағайындау (тағайындамау) мәселелері бойынша даулы, таласты немесе кикілжің жағдайларды шешу үшін құрылған, уәкілетті органның бұйрығымен бекітілген комиссия;
9) шот – коммуналдық қызметтерді тұтынуға, тұрғын үйді (тұрғын үй ғимаратын) кондоминиум нысандарының ортақ мүліктерін күрделі жөндеуге және (немесе) күрделі жөндеу үшін қаржыны жинақтауға арналған жарнаға, тұрғын үйді пайдаланғаны үшін байланыс қызметтеріне жұмсалған шығындарды төлеуге арналған және тұрғын үй көмегін тағайындау кезінде қызметті жеткізушімен электрондық тасымалдағышта немесе өтініш берушімен қағаз түрінде ұсынылатын есеп шот (түбіртек, хабарлама, анықтама);
10) тұрғын үйді (тұрғын үй ғимаратын) күтіп-ұстауға жұмсалатын шығыстар – жалпы жиналыстың шешімімен бекітілген ай сайынғы жарналар арқылы үй-жайлардың (пәтерлердің) меншік иелері шығындарының, кондоминиум нысанының ортақ мүліктерін пайдалану мен жөндеуге, жер учаскесін ұстауға жұмсалған, коммуналдық қызметтерді тұтынуды есептеудің ортақ жабдықтарын орнатуын, пайдалануын және тексеруін өтеуге кеткен шығындардың, кондоминиум нысанының ортақ мүліктерін ұстау үшін тұтынылған коммуналдық қызметтерді төлеуге жұмсалған шығындардың міндетті сомасы, сондай-ақ кондоминиум нысанының немесе оның жекелеген түрлерінің ортақ мүліктерін болашақта күрделі жөндеуден өткізу үшін ақшаны жинақтауға арналған жарна;
11) кондоминиум нысанының ортақ мүліктерін күрделі жөндеу жұмыстары – ғимараттың (нысанның) негізгі техникалық-экономикалық көрсеткіштерін өзгертумен байланыспаған, қажет болған жағдайда конструкциялық элементтері мен инженерлік жабдықтар жүйелерін алмастырып табиғи немесе моральдық тозуды жоятын құрылыстық және ұйымдастырушы-техникалық кешенді шаралары;
12) коммуналдық қызметтер - тұрғын үйде (тұрғын үй ғимаратын) көрсетілетін және сумен қамту канализацияны, газды тұтыну, электр қуаты, жылу қуаты (сонымен қатты отынды тұтыну) қоқыс шығарудың қызметі.
2. Тұрғын үй көмегі жергілікті бюджет есебінен Қаражал қаласында тұрақты тұратын аз қамтылған отбасыларға (азаматтарға) төленеді:
жекешелендірілген үй-жайларда (пәтерлерде) тұратын немесе мемлекеттік тұрғын үй қорынан үй-жайларды (пәтерлерді) жалға алушылар (қосымша жалдаушылар) болып табылатын отбасыларға (азаматтарға) тұрғын үйді (тұрғын үй ғимаратын) соның ішінде кондоминиум нысандарының ортақ мүліктерін күрделі жөндеу және (немесе) күрделі жөндеу жұмыстары үшін қаржыны жинақтауға арналған жарнаға жұмсалған шығындарды төлеу үшін;
үй-жайдың меншік иесі немесе жалға алушысы (қосымша жалдаушысы) болып табылатын отбасыларға (азаматтарға) коммуналдық қызметтерді, қатты отынды тұтынуды төлеу үшін;
үй-жайдың меншік иесі немесе жалға алушысы (қосымша жалдаушысы) болып табылатын отбасыларға (азаматтарға) телекоммуникация желісіне қосылған телефон үшін абоненттік ақы тарифтері артуына байланысты байланыс саласындағы қызметтерді заңнамада бекітілген тәртіпте төлеу үшін;
жергілікті атқарушы органмен жеке тұрғын үй қорынан жалға алынған тұрғын үйді пайдаланғаны үшін жалгерлік ақыны төлеу үшін беріледі.
Тұрғын үй көмегін есептеген кезде қабылданатын отбасылардың (азаматтардың) шығындары жоғарыда аталған бағыттардың әрқайсысы бойынша шығындардың сомасы ретінде анықталады.
3. Егер отбасының бюджетінен тұрғын үйді (тұрғын үй ғимаратын) оның ішінде кондоминиум нысандарының ортақ мүліктерін күрделі жөндеу және (немесе) күрделі жөндеу үшін қаржыны жинақтауға арналған жарнаға, коммуналдық қызметтерді, қатты отынды пайдалануға, тұрғын үй ауданының нормасы шегінде, бірақ нақты алып жатқан жалпы ауданынан тұрғын үйді (тұрғын үй ғимаратын) ұстауға кеткен шығындардың нормативінен артық болмайтын тұрғын үйді пайдаланғаны үшін коммуналдық қызметтерді, сондай-ақ телекоммуникация қызметтерін көрсеткені үшін абоненттік ақы тарифтерінің артуына байланысты жұмсалған шығындар осы мақсатқа қажетті жол берілетін шекті шығындардың үлесінен артық болған жағдайда тұрғын үй көмегі Қаражал қаласында тұрақты тұратын аз қамтылған отбасыларға (азаматтарға) ұсынылады.
Тұрғын үйді (тұрғын үй ғимаратын) оның ішінде кондоминиум нысандарының ортақ мүліктерін күрделі жөндеу және (немесе) күрделі жөндеу үшін қаржыны жинақтауға арналған жарна коммуналдық қызметтерді, тұрғын үйді пайдаланғаны үшін сондай-ақ көрсетілген телекоммуникация қызметтері үшін абоненттік ақы тарифтерінің артуына жұмсалған жол берілетін шекті шығындардың үлесі 15 % мөлшерінде отбасының жиынтық табысына белгіленеді. Жол берілетін шекті шығындардың үлесі аз қамтылған отбасыларға (азаматтарға) көмек көрсету үшін белгіленетін өлшем болып табылады.
Ескерту. 3 тармаққа өзгерту енгізілді - Қаражал қалалық мәслихатының 2010.12.23 N 305 (алғаш рет ресми жарияланғаннан кейін он күнтізбелік күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) шешімімен.
2. Тұрғын үй көмегін көрсетудің нормаларын анықтау
4. Тұрғын үй көмегі келесі нормаларға сәйкес көрсетіледі:
1) тұрғын үй ауданының нормасы тұрғын үй заңнамасымен бекітілген нормаға эквивалентті, және көп бөлмелі пәтерлерде (тұрғын үйлерде) тұратын отбасының әр мүшесі үшін 18 шаршы метрді құрайды; бір бөлмелі пәтерлерде (тұрғын үйлерде) тұратындар үшін – тұрғын үйдің жалпы ауданы есептеледі. Көп бөлмелі пәтерлерде (тұрғын үйлерде) тұратын жалғыз басты азаматтар үшін тұрғын үй ауданының әлеуметтік нормасы – 30 шаршы метр;
2) коммуналдық қызметтерді тұтынудың нормасы:
нақты шығындар бойынша газды тұтыну, бірақ:
орталықтандырылған ыстық сумен қамтамасыз ету болмаған жағдайда, отбасына 1 баллон газ (он бір килограмм);
қатты отынды тұтыну бір адамға (орталықтандырылған жылудың жоқ екендігі және қатты отынды тұтыну туралы мәліметтер бойынша):
тұрғын үйлерде (тұрғын үй ғимараттарында) ауданның 1 шаршы метрін жылыту үшін – 1-2 қабатты үйлерде 161 килограмм көмір, 3-5 қабатты үйлерде 98 килограмм көмір (6 айлық жылыту маусымын есептегенде), бірақ бір маусымда 7 тоннадан артық емес.
Тұрғын үй көмегін есептегенде, өткен тоқсанда Қаражал қаласында туындаған көмір мен газдың бағалары статистика жөніндегі органның мәліметтері бойынша ескеріледі.
Нақты шығындар бойынша отбасының электр энергиясын тұтынуы, бірақ:
газды плиталармен жабдықталған үйлерде айына 150 киловаттан аспауы тиіс;
электр плиталармен жабдықталған үйлерде айына 250 киловаттан аспауы тиіс;
3) басқару үлгісіне қарамастан (басқарудың заңды үлгісін рәсімдеген пәтерлер меншік иелерінің кооперативі, өзін-өзі басқару комитеті, үй комитеті және т.б.) суық суды, канализацияны, ыстық суды, қоқыс шығаруды, лифтілерге қызмет көрсетуді, тұрғын үйді (тұрғын үй ғимаратын) оның ішінде кондоминиум нысандарының ортақ мүліктерін күрделі жөндеуге және (немесе) күрделі жөндеу үшін қаржыны жинақтауға арналған жарнаға кеткен шығындарды тұтыну нормалары қызметтерді жеткізушімен немесе тарифті бекітетін органмен бекітілген тарифтер негізінде белгіленеді.
5. Тұрғын үйді (тұрғын үй ғимаратын) оның ішінде кондоминиум нысандарының ортақ мүліктерін күрделі жөндеуге және (немесе) күрделі жөндеу үшін қаржыны жинақтауға арналған жарнаға, коммуналдық қызметтерді, тұрғын үйді пайдаланғаны үшін кеткен шығындарды нормадан тыс төлеу жалпы сипаттамада іске асырылады.
6. Әлеуметтік қорғалған азаматтарға телекоммуникация қызметін көрсеткені үшін абоненттік ақы тарифтерінің өсу сомасына Қазақстан Республикасының Үкіметімен бекітілген тәртіпте тұрғын үй көмегінің механизмі арқылы өтемақы төленуге тиісті.
3. Тұрғын үй көмегін көрсету және төлеу тәртібі
7. Тұрғын үй көмегі уәкілетті органмен ұсынылады және нақты тұрғын үйде тіркелген және тұрғын үйдің меншік иесі немесе жалға алушысы (қосымша жалдаушысы) болып табылатын жеке тұлғаларға тұрғылықты мекен-жайы бойынша тағайындалады.
8. Жеке меншігінде бір бірліктен артық тұрғын үйі (пәтері, үйі) бар немесе тұрғын үй-жайларды жалға не қосымша жалға беретін отбасылар тұрғын үй көмегін ала алмайды.
9. Егер отбасыда жұмыс істемейтін, күндізгі бөлімде оқымайтын, әскерде қызмет етпейтін және жұмыспен қамту мекемесінде жұмыссыз ретінде тіркелмеген жұмысқа қабілетті тұлғалар болса, онда ол отбасылардың тұрғын үй көмегін алуға құқығы жоқ, мүгедек, мүгедек бала болып табылатын немесе күтім жасауға мұқтаж деп танылған мүгедектерге, мүгедек балаларға, сексен жастан асқан адамдарға күтім жасайтын немесе жеті жасқа дейінгі баланың (бір және одан да көп баланың) тәрбиесімен айналысатын тұлғалардан басқа.
10. Даулы, таласты немесе кикілжің жағдайлар туындаған жағдайда тұрғын үй көмегін тағайындау (тағайындамау) мәселелері сот тәртібінде қаралады.
11. Тұрғын үй көмегінің мөлшері тұрғын үйді (тұрғын үй ғимаратын) оның ішінде кондоминиум нысандарының ортақ мүліктерін күрделі жөндеуге және (немесе) күрделі жөндеу үшін қаржыны жинақтауға арналған жарнаға, коммуналдық қызметтерді, тұрғын үйді пайдаланғаны үшін сондай-ақ телекоммуникация қызметтерін көрсеткені үшін абоненттік ақының өсу айырмашылығына кеткен шығындарға нақты есептелген төлем сомасынан артық болмауға тиісті.
12. Тұрғын үйді (тұрғын үй ғимаратын) кондоминиум нысандарының ортақ мүліктерін күрделі жөндеуге және (немесе) күрделі жөндеу үшін қаржыны жинақтауға арналған жарнаға, тұрғын үйді пайдаланғаны үшін жалгерлік ақыға кеткен шығындарды төлеуге арналған нақты есептелген сомасы туралы жөніндегі мәліметтерді коммуналдық қызметтерді жеткізуші (қағаз түрінде немесе электрондық тасымалдағышта) және (немесе) жеке тұлғалар (қағаз түрінде) ұсынады.
Өтініш берушінің отбасылық жағдайын растайтын құжаттың көшірмесі (65 жастан асқан жеке тұратын жалғызбасты тұлғалардан басқа тұлғалардың некеге отыру немесе некені бұзу туралы куәліктері, Ф-N 4 туу туралы анықтамасы) және орталықтандырылған жылыту жүйесінің жоқтығы және қатты отынды пайдаланатындығын растайтын мәліметтер.
Салыстырып тексеру үшін басқа құжаттар түпнұсқада және көшірмелерде ұсынылады, одан кейін құжаттардың түпнұсқалары өтініш берушіге қайтарылып беріледі.
13. Тапсырылған құжаттарды қараудың қорытындысы бойынша уәкілетті орган осы Ереженің 3, 4, 5-қосымшаларына сәйкес үлгі бойынша бланктерді толтырады, тұрғын үй көмегін ұсынуға арналған келісім шартты жасайды және тұрғын үй көмегін алушының жеке ісін ашады.
Келісім шарт екі данадан жасалады, оның біреуі тұрғын үй көмегін алушыда сақталады. Аталған келісім шарт тұрғын үй көмегін ұсыну үшін негіздеме болып табылады.
Келесі тоқсандарда отбасының құрамы мен тұратын тұрғын үйдің жалпы ауданының көлемі өзгерусіз қалса, онда осы Ереженің 3-қосымшасына сәйкес үлгідегі бланк толтырылмайды.
14. Қажет болған жағдайда уәкілетті орган тұрғын үй көмегін тағайындау үшін өтініш берген отбасының материалдық-тұрмыстық жағдайын тексеруге құқылы (арнайы комиссияның тапсырмасы бойынша) Тексеру актісі тұрғын үй көмегін алушының жеке ісіне тігіледі.
15. Берілген ақпараттың растығында күмән туындаған жағдайда уәкілетті орган ақпаратты сұрауға, ал заңды және жеке тұлғалар тұрғын үй көмегін алуға үміткер тұлғалардың табысы туралы ақпаратты беру қажет.
16. Тұрғын үй көмегінің мөлшері тұрғын үйді (тұрғын үй ғимаратын) оның ішінде кондоминиум нысандарының ортақ мүліктерін күрделі жөндеуге және (немесе) күрделі жөндеу үшін қаржыны жинақтауға арналған жарнаға, коммуналдық қызметтерді, қатты отынды пайдалануға кеткен шығындар мен телекоммуникация желісіне қосылған телефон үшін абоненттік ақы тарифтерінің арттырылуына байланыс қызметтерінің, нормалар шегінде тұрғын үй көмегін пайдаланғаны үшін осы мақсаттарға кеткен отбасының жол берілетін шекті шығындарының деңгейін төлеу сомасының арасындағы айырмасы ретінде есептеледі.
17. Тұрғын үй көмегін төлеу екінші деңгейдегі банктер арқылы қызметтерді жеткізушінің, кондоминиум нысандарының басқару органының есеп шоттарына, одан арғы тұрғын үй көмегін алушылардың дербес шоттарына аудару арқылы уәкілетті органмен іске асырылады.
18. Тұрғын үй көмегінің төленуін қаржыландыру бюджет қаражаты есебінен іске асырылады.
4. Тұрғын үй көмегін тағайындау тәртібі
19. Тұрғын үй көмегін тағайындау үшін азамат (отбасы) уәкілетті органға немесе тұрғылықты мекен-жайы бойынша халыққа қызмет көрсету орталығына өтініш береді (1 қосымша) және келесі құжаттарды ұсынуы қажет:
1) өтініш берушінің жеке куәлігінің көшірмесі;
2) тұрғын үйге құқығын белгілейтін құжаттың көшірмесі;
3) азаматтарды тіркеуге алу кітабының көшірмесі;
4) отбасының табысын айналысатын қызмет түрін растайтын құжаттар;
5) кондоминиум нысанының ортақ мүліктерін күрделі жөндеу жүргізу мақсатын енгізу көлемінің шоттары;
6) кондоминиум нысанының ортақ мүліктерін күрделі жөндеу жұмыстарының жекелеген түрлерін өткізу үшін кеткен шығындардың сметасы негізінде жергілікті атқарушы органмен келісіп шешілген (тұрғын үй инспекциясымен), пәтерлердің меншік иелерінің және жалға алушылардың (жалдаушылардың) жалпы жиналысында бекітіліп, мөр басылып, кондоминиум нысанын басқарушы органның жетекшісі қол қойған, кондоминиум нысанын басқарушы органмен ұсынылған кондоминиум нысанының ортақ мүліктерін күрделі жөндеу үшін қаржыны жинақтауға арналған ай сайынғы жарнаның мөлшері туралы шот;
7) коммуналдық қызметтерді тұтынғаны үшін шоттар;
8) телекоммуникация қызметтері үшін түбіртек-шоты немесе байланыс қызметтерін көрсетуге арналған келісім шарттың көшірмесі;
9)жергілікті атқарушы органмен ұсынылған тұрғын үйді пайдаланғаны үшін жалгерлік ақының мөлшері туралы шот.
5. Тұрғын үй көмегін көрсету мерзімі мен кезеңділігі
20. Тұрғын үй көмегі барлық қажетті құжаттармен бірге өтініш берген айдан бастап уәкілетті органмен 1 жыл мерзімге тағайындалады. Отбасының табысы мен құрамы жөніндегі, сондай-ақ тұрғын үйді (тұрғын үй ғимаратын) оның ішінде кондоминиум нысандарының ортақ мүліктерін күрделі жөндеуге және (немесе) күрделі жөндеу үшін қаржыны жинақтауға арналған жарнаға, коммуналдық қызметтерді пайдалануға, тұрғын үйді пайдаланғаны үшін жалгерлік ақыға кеткен шығындар жөніндегі мәліметтер уәкілетті органға тоқсан сайын ұсынылады.
21. Тұрғын үй көмегін алушылар тұрғын үй көмегін алу құқығына немесе мөлшеріне әсер ететін жағдайлар туралы 10 күн ішінде уәкілетті органға хабарлауға тиісті.
Тұрғын үй көмегін заңсыз немесе асыра көтеріп тағайындауға себеп болған көрінеу жалған мәлімет бергені үшін отбасыға (азаматқа) тұрғын үй көмегін тағайындау және төлеу тағайындалған кезеңде тоқтатылады, ал тұрғын үй көмегі ретінде заңсыз алынған сома өз еркімен қайтарылады, ал одан бас тартқан жағдайда-сот арқылы қайтарылады.
22. Кондоминиум объектілерінің ортақ мүліктерін күрделі жөндеуге және (немесе) күрделі жөндеу үшін қаржыны жинақтауға арналған жарнаға, коммуналдық қызметтерді пайдалануға, жеке меншіктегі тұрғын үй қорында жергілікті атқарушы органмен жалға алынған тұрғын үйді пайдаланғаны үшін телекоммуникация қызметтерін көрсеткені үшін абоненттік ақы тарифтерінің өсуіне кеткен отбасының жол берілетін шекті шығындар үлесінің өзгеруі, тиісті өзгерістер басталған мезгілден бастап, алдында тағайындалған жәрдемақылар қайтадан есептеледі.
23. Тұрғын үй көмегіне құқықты анықтаған кезде отбасыда тиісті құжатпен расталатын басқа қалада уақытша тұратын тұлғалар ескерілмейді.
6. Жиынтық табысты есептеу
24. Тұрғын үй көмегін алудан үміткер отбасының жиынтық табысы (бұдан әрі-жиынтық табыс) тұрғын үй көмегін тағайындауды іске асыратын уәкілетті органмен есептеледі.
25. Жиынтық табысты есептеген кезде отбасының құрамындағы бірге тұратын, ортақ шаруашылық жүргізетін және бірге тұратын, бір мекенжайда тіркелген отбасының барлық мүшелері ескеріледі.
Есептік кезеңде құрамында өзгеріс болған отбасының жиынтық табысын есептеген кезде, келген (кеткен) отбасы мүшесінің табысы келесі тоқсанның бірінші айынан бастап ескеріледі (ескерілмейді).
26. Жиынтық табысты есептеген кезде тұрғын үй көмегіне өтініш берген тоқсан алдында Қазақстан Республикасында және оның сыртында ақшалай немесе заттай түрде тоқсан ішінде алған табыстың барлық түрлері ескеріледі (бұдан әрі-есептік кезең).
27. Егер де отбасының бір мүшесі табысы есептелетін тоқсаннан кем жұмыс істесе, онда отбасының жиынтық табысында оның сол тоқсанда жұмыс істеген уақытының табысы ескеріледі.
28. Бір тоқсаннан артық төлеуге тиесілі табысты бір-ақ рет алған кезде жиынтық табыста есептік кезеңде алынған табыстың барлық сомасы ескеріледі.
29. Шетел валютасымен алынған табыс Қазақстан Республикасының бухгалтерлік және қаржылық есеп туралы заңнамасында, бухгалтерлік есептеудің стандарттарында бекітілген тәртіпте валютаны айырбастаудың нарықтың бағамы бойынша ұлттық валютаға аударылады.
30. Орташа айлық жиынтық табыс отбасының тоқсандық жиынтық табысын 3 айға бөлу арқылы есептеледі.
7. Отбасының жиынтық табысын есептеген кезде ескерілетін табыстардың түрлері
31. Отбасының жиынтық табысын есептеген кезде Қазақстан Республикасында және оның сыртында есептік кезең ішінде алған табыстардың барлық түрлері ескеріледі:
1) еңбекақы, әлеуметтік төлемдер түрінде алынатын табыстар;
2) кәсіпкерліктен және қызметтің басқа да түрлерінен түсетін табыс;
3) балаларға және басқа да асырауындағыларға алатын алименттер түріндегі табыс;
4) мал, құс ұстау және бау-бақша өсіруді қамтитын жеке қосалқы шаруашылықтан-үй жанындағы шаруашылықтан түсетін табыстар;
5) басқа да табыстар.
32. Отбасының жиынтық табысында ескерілмейді:
1) мемлекеттік атаулы әлеуметтік көмек;
2) тұрғын үй көмегі;
3) жерлеу үшін біржолғы жәрдемақы;
4) баланың тууына байланысты біржолғы мемлекеттік жәрдемақы;
5) өз ісін ашу үшін және (немесе) жеке қосалқы шаруашылығын дамыту үшін материалдық көмек (өз ісін ашу үшін және (немесе) жеке қосалқы шаруышылығын дамыту үшін берілген материалдық көмек басқа мақсаттарға жұмсалған жағдайда, жиынтық табыс көрсетілген көмекпен бірге есептеледі);
6) мерекелік күндерге орай жергілікті бюджет қаражаты есебінен көрсетілетін біржолғы материалдық көмек;
7) осы отбасыда тұрмайтын тұлғаларға отбасының бір мүшесімен төленетін алименттер;
8) тегін немесе жеңілдікпен протездеу үшін азаматтардың жол ақысын төлеу;
9) протездеу уақыты кезінде азаматтардың күтімі;
10) ем алу үшін елді мекеннен тыс жерлерде азаматтардың жеңілдікпен жол жүру ақысының құны және қалалық қоғамдық көліктерде (таксиден, трамвайдан басқа) жеңілдікпен жол жүру билеттерінің құны;
11) Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес:
дәрі-дәрмек;
санаторлық-курорттық емделу;
протезді-ортопедиялық бұйымдар (жасап шығару мен жөндеу);
мүгедектерге берілетін жүріп-тұру құралдары (кресло-арбалар) мен басқа да оңалту құралдары;
білім алу кезеңіндегі оқушының тегін тамақтануы;
білім беру заңнамасына сәйкес білім беру ұйымдарында тегін көмек көрсету мен тегін тамақтану түрінде көрсетілген көмектің заттай түрлері;
12) ақшалай және заттай сипаттағы қайырымдылық көмек;
13) төтенше жағдайлар салдарынан денсаулыққа және мүлікке келген зардаптың орнын толтыру мақсатында отбасыға көрсетілген көмек;
14) халықтың көші-қон мәселесі жөніндегі заңнамалық актілерде қарастырылған:
оралмандардың тұрақты тұратын жеріне дейін келу және мүлкін (оның ішінде малды) тасымалдауға кеткен шығындарын төлеуге жұмсалған қаражат;
оралмандардың көшіп келген жерінен тұрғын үй алып беруге және біржолғы материалдық жәрдемақы төлеуге жұмсалған қаражат;
15) жергілікті бюджет қаражаты есебінен көрсетілетін ақшалай немесе заттай сипаттағы көмек, соның ішінде негізгі азық-түлік өнімдер бағасының артуына байланысты азаматтарға берілетін біржолғы материалдық көмек ескерілмейді.
8. Жиынтық табысты есептеген кезде ескерілетін еңбекақы, әлеуметтік төлемдер түрінде алынған табыстар
33. Отбасының жиынтық табысын есептеген кезде (осы Ереженің 32-тармағында көрсетілгендерден басқа):
1) жұмыс берушімен еңбек ақы түрінде есептелген сома, атап айтқанда:
жалақының барлық түрлері, соның ішінде кесімді, уақыт бойынша, сондай-ақ ақшалай және заттай түрдегі сыйақы, қосымша төлем, үстем ақы (қаржыландыру көзіне қарамастан, Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес жалақысы сақталатын кезеңге Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес жұмысшыларға төленетін ақшалай соманы қосқанда);
кезекті демалыс кезеңінде сақталатын жалақы, сондай-ақ пайдаланылмаған еңбек демалысы үшін берілетін ақшалай өтемақы;
ұйымның таратылуы (заңды тұлғаның) немесе жұмыс беруші қызметінің тоқтатылуы (заңды тұлғаның), қызметкерлер штаты не саны қысқарған жағдайда жеке еңбек келісім шартын бұзған кезде Қазақстан Республикасының заңнамасында бекітілген мөлшерде төленетін өтемақы;
уақытша, маусымдық және қоғамдық жұмыстарды орындаған кезеңге төленетін еңбекақы;
маусымдық жұмыстарда істейтін жұмыскерлердің еңбекақылары алған кезеңге сәйкес отбасының жиынтық табысында ескеріледі. Еңбекақы болмаған кезеңде жиынтық табыс оның есептелуінсіз есепке алынады;
сақтандыру агенттеріне және брокерлерге төленетін комиссиялық сыйақылар;
еңбекақыны есептеген кезде ескерілмейтін және ұйымның қаражаты есебінен төленетін төлемдердің басқа да түрлері, жерлеуге және баланың тууына берілетін жәрдемақыдан басқа;
қосымша және үстеме ақыны ескере отырып, әскери қызметшілердің, соның ішінде келісім шарт бойынша қызмет өткеріп жатқан, және ішкі істер органдарының қатардағы және басшылық ететін құрамдағы тұлғалардың, сондай-ақ соларға теңестірілген азаматтар санатының ақшалай үлесі, мерзімді қызметтің әскери қызметшілерінен басқа;
жалдау еңбегінің төлемі;
жұмыс беруші төлейтін несиенің сомасы түрінде алынған табыстар ескеріледі. Аталған төлемдер несиені өтеу мерзіміне үйлестіріледі;
2) әлеуметтік төлемдер, атап айтқанда:
зейнетақының барлық түрлері, және оларға Қазақстан Республикасының заңнамасында және басқа да нормативтік құқықтық актілерінде бекітілген тәртіпте тағайындалатын өтемақы төлемдері;
мүгедектігі бойынша, асыраушысынан айырылу бойынша және жасына байланысты мемлекеттік әлеуметтік жәрдемақылар;
арнаулы мемлекеттік жәрдемақылар;
жерасты және ашық тау-кен жұмыстарында, сондай-ақ аса зиянды және ауыр еңбек өндірісінде жұмыс істейтін адамдарға төленетін арнаулы мемлекеттік жәрдемақылар;
мемлекеттік әлеуметтік сақтандыру қорынан төленетін әлеуметтік төлемдер;
баланың бір жасқа толуына дейінгі күтіміне берілетін мемлекеттік жәрдемақы;
он сегіз жасқа дейінгі балаларға берілетін ай сайынғы мемлекеттік жәрдемақы;
үйде тәрбиеленетін және оқытылатын мүгедек балаларды материалдық қамтамасыз ету;
оқушыларға, студенттерге, аспиранттарға, докторанттарға, қаржыландыру көзіне қарамастан басқа оқу орындарының тыңдаушыларына төленетін стипендия;
жұмыс берушінің қаражаты есебінен төленетін әлеуметтік қамтамасыз ету жәрдемақысы;
жалғыз басты 1, 2 топ мүгедектеріне күтім жасауға арналған мемлекеттік әлеуметтік жәрдемақыларға қосымша үстемеақылар мен жергілікті мемлекеттік басқару органдарының шешімі бойынша бюджеттен төленетін басқа да тұрақты төлемдер;
заңға және басқа да нормативтік құқықтық актілерге сәйкес ұсынылатын заттай көмек түрінің құны (осы Ереженің 32-тармағының 11 тармақшасында көрсетілгеннен басқасы), сондай-ақ осы көмектің орнына төленетін сома;
осы бөлімде көрсетілген Қазақстан Республикасының заңнамалық актілерімен, жергілікті мемлекеттік басқару органдарымен, мекемелермен және басқа да ұйымдармен бекітілген басқа да үстеме ақылар мен төлемдердің барлық түрлеріне қосымша төлемдер түрінде алынған табыстар ескеріледі;
34. Жиынтық табыстың құрамына еңбек және қызметтік міндеттерді орындау барысында жұмыскерлердің өмірі мен денсаулығына келтірілген зиянның орнын толтыру туралы заңына сәйкес, жұмыс берушімен төленетін біржолғы төлемдер мен ай сайынғы сомалар қосылады.
35. Еңбекақы, әлеуметтік төлем түрінде алынған табыстар, олардың мөлшері жөніндегі анықтамамен расталады.
Республикалық бюджет қаражаты есебінен төленетін әлеуметтік төлемдер түрінде алынған табыстар Мемлекеттік зейнетақы төлеу орталығының бөлімшесімен берілетін анықтамамен расталады.
9. Жиынтық табысты есептеген кезде, кәсіпкерлік және
басқа да қызмет түрлерінен түсетін табыс
36. Кәсіпкерліктен және басқа да қызмет түрлерінен түсетін жиынтық табысты есептеген кезде:
1) өнімді (жұмысты, қызметті) сатқаннан;
2) тауарлық-материалдық құндылықтарды, мүлікті сатқан кезде құнының өсуінен;
3) шаруа қожалығы (ауыл шаруашылығы) қызметінің нәтижесінде алынған және шартты жер үлесі мен мүліктік үлестен түскен табыстар есептеледі (шаруа қожалығы мүшелерінің жиынтық табысын есептеу салық органдарына ұсынылатын алынған табыс туралы декларацияда көрсетілген ауыл шаруашылық өнімдерін сатудан түскен нақты табысты есептеу арқылы іске асырылады. Сонымен бірге, жылдық табыс он екі айға бөлінеді және оның тиісті бөлігі анықталатын кезеңнің жалпы жиынтық табысына қосылады);
4) өзін-өзі жұмыспен қамтудан түскен табыстар есептеледі.
37. Жекелеген азаматтардың жұмысында қамтылған тұлғалар өзінің жалақысын келісім шарттың көшірмесімен, жалдаушының анықтамасымен немесе өтініш берудің негізінде растайды.
Жекелеген азаматтардың жұмысында келісім шартсыз жұмыс істеп жүрген тұлғалардың жиынтық табысы жұмыс берушінің өтініші негізінде расталады. Сонымен бірге, еңбекақының натуралды бөлігі нарық бағасының ақшалай эквивалентінде жиынтық табысқа қосылады.
38. Өзін-өзі жұмыспен қамтыған тұрғындардың табысы жазбаша өтінішпен расталады.
39. Арнайы салық шарттары жағдайында кәсіпкерлік қызметпен айналысатын тұлғалардың табысы бір жолғы талон, патент, жеңілтілген декларация негізінде расталады.
Ресми түрде расталмаған табыстар және шаруа қожалығы (ауыл шаруашылығы) қызметінің нәтижесінде алынған табыстар әр жұмысшының табысы ең төменгі еңбекақыдан төмен болмайтын мөлшерде есептеледі.
10. Жиынтық табысты есептеген кезде ескерілетін, балаларға және басқа асырауындағы адамдарға алименттер түрінде берілетін табыстар
40. Жиытық табыстың құрамында балаларға және басқа да асырауындағыларға берілетін алименттер есептеледі.
Алимент төлеушілердің еңбекақысын қайта есептеуден алынатын алименттер мен алименттердің қосымша сомалары, оларды алу уақытына сәйкес жиынтық табыста есептеледі.
41. Қарауындағыларды асырауға міндетті тұлғаның тұратын жері туралы мәліметтің жоқтығына байланысты алименттерді алу мүмкіндігі болмаған жағдайда, тиісті органдардан аталған тұлғаға іздеу жарияланғаны туралы құжатты қоса ұсына отырып, отбасының жиынтық табысы жазбаша өтініш берудің негізінде есептеледі.
42. Төлеуші алимент төлеуден жалтарып жүрген жағдайда, жиынтық табысты алименттерді қоспай есептейді (сот атқарушысынан анықтама ұсынған жағдайда).
43. Алимент төлеуші:
бас бостандығынан айыру мекемесінде, не уақытша қамауға алу изоляторында болған жағдайда (сот атқарушысынан немесе түзеу мекемесінен бас бостандығынан айыру мекемесінде немесе уақытша қамауға алу изоляторында болатын мерзімін көрсете отырып, балаларға алименттердің төленбейтіні жөніндегі анықтаманы ұсынған жағдайда);
ем алып жатса немесе туберкулез, психоневрологиялық диспансерде (стационарда), емдеу-еңбек ету профилакториында тіркеуде тұрған жағдайда (анықтама ұсынған жағдайда);
Қазақстан Республикасының тиісті келісімі жоқ мемлекеттерге тұрақты тұруға көшіп кеткен жағдайда;
құзырлы органдардың анықтамасымен расталып, спиртті ішімдіктерді, есірткі заттарын пайдалануға байланысты балаларын және басқа да қарауындағыларды асыраудан жалтарып жүрген жағдайда жиынтық табысқа алименттер қосылмай есептелінді.
44. Егер де баланың анасы баланың әкесімен заңды некеде тұрмаған болса, онымен бірге тұрмайтын болса және алименттерді ұстау туралы соттың шешімі болмаса, онда жиынтық табыс алиментсіз есептеледі.
45. Егер де ата-ана арасындағы неке бұзылмаса, алайда ерлі-зайыптының біреуінен алименттер төленіп жатса, отбасымен бірге тұрып жатса, онда жиынтық табыста табыстардың барлығы толығымен есептеледі. Ерлі-зайыпты бөлек тұрған жағдайда, отбасының жиынтық табысында алименттер есептеледі.
46. Балаларға және басқа да қарауындағыларға алынатын алименттер ұйымдардың алименттерді аударуы жөніндегі анықтамамен немесе алынған алименттер жөніндегі пошталық аударудың түбіртегімен расталады, сондай-ақ алименттерді төлеу жөніндегі сот органдарының шешімін қоса ұсынып, жазбаша өтініш берудің негізінде расталады.
11. Жиынтық табысты есептеген кезде ескерілетін жеке қосалқы шаруашылықтан түсетін табыстар
47. Жиынтық табыстың құрамына жеке қосалқы шаруашылықтан ( мал, құс өсіру, ауыл шаруашылық (гүл) өнімдерін өсіру) түсетін табыстар қосылады.
48. Жиынтық табыста ескерілетін ауыл шаруашылық (гүл) өнімдерін өсіруден, мал, құс өсіру мен ұстаудан алынған қосалқы шаруашылықтан түскен табыс, өтініш берушінің жеке қосалқы шаруашылығының болуы мен оның көлемі жөніндегі мәліметтер бойынша есептеледі.
49. Жеке қосалқы шаруашылықтан түскен табыс уәкілетті органмен есептеледі. Қаражал қаласы табиғи жағдайлары бойынша Қарағанды облысының жартылай шөлейт аймағына жатады.
Жеке қосалқы шаруашылығында гүлді өнімдер, сондай-ақ мамық жүнді аң, бал ара, құс (тауық, қаз, үйректен басқа) өсіруден алынған өнімді сату арқылы түскен табыс, жазбаша өтініш беру негізінде, жиынтық табысқа қосылады.
50. Бір ар жерден (бір бастан) өндірілетін өнімнің құны, өсіретін дақылдардың орташа өнімділігін (жеке қосалқы шаруашылығында ұсталынатын мал мен құстың орташа өнімділігі) 1 килограмм өнімнің орташа бағасына (6-қосымшасына) көбейтіп, шығындардың орташа деңгейін шегеру арқылы анықталады.
51. Табысты есептеу үшін статистика жөніндегі облыстық органдармен облыстық уәкілетті органдарға ұсынылатын өсімдік шаруашылығы мен мал шаруашылығының өнімдеріне облыста қалыптасқан алдыңғы күнтізбелік жылдың орташа жылдық бағалары қолданылады.
Есептік кезеңде малды (құсты) сатқан кезде статистика жөніндегі облыстық органдардың мәліметтері бойынша тірі мал нарығында қалыптасқан бағаларға сәйкес жиынтық табысқа біржолғы табыс қосылады.
Жиынтық табыс жұмыс малынан (жылқы, түйе және т.б.) және бір жыл ішінде төлдемеген малдан (мысалы: қысыр сиыр) түскен табыс есепке алынбай есептеледі. Жеке қосалқы шаруашылықта аталған малды бір жылдан астам уақыт ұстаған кезде табыс етті мал ретінде есептеледі.
52. Өнім бермейтін жастағы малдан, құстан түсетін табыс (7-қосымшасына) оны сату (сою) жағдайында ғана есептеледі. Отбасының жиынтық табысына статистика жөніндегі облыстық органдармен ұсынылған тірі мал нарығында қалыптасқан бағаларға сәйкес жас малдың құны қосылады.
53. Малы, құсы болған жағдайда (осы Ереженің 52-тармағында көрсетілгеннен басқа) табыстың жылдық сомасын он екі айға бөлу арқылы жиынтық табыс есептеледі. Алынған шама есептік кезеңдегі айлардың санына көбейтіледі.
54. Жеке қосалқы шаруашылықтан түскен табысты есептеудің жеке нормативтік карточкасы (8-қосымша) өтініш берушінің мәліметтері бойынша уәкілетті органмен толтырылады.
12. Жиынтық табысты есептеген кезде ескерілетін басқа да табыстар
55. Отбасының жиынтық табысын есептеген кезде келесідей басқа да табыстар ескеріледі:
1) қозғалмайтын мүлікті және көлік құралын жалға беруден түскен табыс;
2) құнды қағаздардан түскен табыс (дивидендтер);
3) шетел валютасын сатқаннан түскен табыс;
4) асыл тастарды, қымбат металдарды, және осылардан жасалған зергерлік бұйымдарды және құрамында асыл тастар мен қымбат металдары бар заттарды, сондай-ақ өнер туындылары мен антиквариатты сатудан түскен табыс;
5) қозғалмайтын мүлікті және көлік құралын сатудан түскен табыс;
6) авторлық сыйақы түріндегі табыс;
7) қозғалмайтын мүлікті, көлік құралын және басқа да мүлікті сыйға, мұрагерлікке алу түрінде түскен табыс;
8) несиені (кіші несиені) қолданудан түскен табыс;
9) тегін түрде алынған ақша;
10) ақшалай төлемнің сыйақылары (ынталандыру);
11) ақшалай аударулар;
12) салымдар мен борышкерлік құнды қағаздарды қоса есептегенде, конкурстардан, жарыстардан (олимпиадаларда), фестивальдардан, лотереялардан, ұтыс ойындардан алынған заттай және (немесе) ақшалай түрдегі ұтыстар;
13) туыстардың және басқа да тұлғалардың ақшалай және заттай (құны бар түріндегі) көмегін қоса есептегенде, өзге де мәлімделген табыстар. Аталған табыстардың алынған уақыты ескеріледі және олар жазбаша өтінішпен расталады.
Орта білім беру жүйесінде, сондай-ақ жоғарғы және орта арнайы білім берудің ақылы негіздегі күндізгі бөлімінде стипендия алмай оқитын студенттердің жиынтық табысында өз еркімен мәлімделген табыстар есептеледі.
56. Қозғалмайтын мүлікті және көлік құралын жалға беруден түскен ресми түрде расталмаған табыстар айына ең төменгі еңбекақыдан төмен болмайтын мөлшерде есептеледі.
57. Қозғалмайтын мүлікті және көлік құралын сатудан түскен табыс бірден алған күннен бастап жалпы жиынтық табысқа қосылады.
Басқа қозғалмайтын мүлікті (көлік құралын) сатып алған жағдайда, отбасының жиынтық табысында қозғалмайтын мүлікті (көлік құралын) сатудан түскен сома мен сатып алынған қозғалмайтын мүліктің (көлік құралының) құны арасындағы айырмашылық ескеріледі.
Қаражал қаласының
тұрғындарына тұрғын
үй көмегін көрсету Ережесіне
1 қосымша
Тұрғын үй жәрдемақысын тағайындау туралы өтініш
Өтініш берушіні есепке алғанда, ________ адамнан тұратын менің отбасыма тұрғын үйді ұстау, коммуналдық қызметтерді пайдалану, тұрғын үйді жалға алу (жалға беру), сондай-ақ қалалық телекоммуникация желісінің абоненттеріне телефон үшін абоненттік ақы тарифтерінің көтерілуіне байланысты жұмсалатын шығындардың орнын толтыру үшін жәрдемақы тағайындауыңызды сұраймын.
Мен және менің отбасымның мүшелері табысы жөніндегі мәліметтерді беруге келісім білдіргеніміздің дәлелі ретінде заңды және жеке тұлғаларға ұсынылуы мүмкін табыстар жөніндегі ақпаратты жариялауға өз рұқсатымызды береміз.
Маған тұрғын үй көмегінің артық немесе заңсыз тағайындалуына әкеліп соқтыратын көрінеу жалған мәліметтерді бергені үшін өтініш иесі бір жылға дейін тұрғын үй көмегін алу құқығынан айырылатыны, ал тұрғын үй көмегі түрінде заңсыз алынған сомалар заңнамада белгіленген тәртіппен қайтарылуы тиіс екендігі туралы ескертілді.
Қажетті құжаттарды қоса ұсынамын.
Қазақстан Республикасы Қылмыстық кодексінің 177 бабының 1 тармағына және 325 бабының 3 тармағына сәйкес ұсынылған құжаттардың дұрыстығына жүктелетін жауапкершілік туралы ескертілдім.
Өтініш берушінің деректері:
Тегі, аты, әкесінің аты _______________________________________
Жеке куәлік деректері ________________________________ берілген
(өтініш берушінің туған күні, N және куәліктің уақыты)
СТН ___________________________________________________________
ӘЖК ___________________________________________________________
Отбасының өтініш беру тоқсанының алдындағы тоқсандағы жиынтық табысының орташа айлық мөлшері ______________________________________
Өтініште көрсетілген табыстардан басқа табыстар жоқ.
Тұрғылықты жері _________________ ______________ көшесі
____________ үй ________________ пәтер телефон ________________
тиістілік ____________________________ түрі ___________________
(пәтер иелері кооперативі) (жеке, мемлекеттік)
Жалпы ауданы ______ шаршы метр.
Қосымша аудан _____ шаршы метр.
Бөлме саны ________
Әлеуметтік мәртебе _______________ отбасылық жағдай ___________
Қызмет берушілерге тұрғын үй көмегін аударуға келісім беремін.
Меншігімде бір тұрғын үй бар.
Өтініш берушінің қолы __________________
Күні ___________________________________
Қаражал қаласының
тұрғындарына тұрғын
үй көмегін көрсету Ережесіне
2 қосымша
Тұрғын үй көмегін көрсету
КЕЛІСІМ ШАРТЫ
"____"__________ 20___ ж. Қаражал қаласы
1. "Қаражал қаласының жұмыспен қамту және әлеуметтік бағдарламалар бөлімі" мемлекеттік мекемесі бір тараптан және екінші тараптан өтініш беруші төмендегілер жайлы осы келісім шартты жасасты.
2. Өтініш беруші ұсынған құжаттардың негізінде "Қаражал қаласының жұмыспен қамту және әлеуметтік бағдарламалар бөлімі" мемлекеттік мекемесі тұрғын үй көмегін отбасында ______ адам бар ___________________________________________________________ ұсынады.
(өтініш берушінің Т.А.Ә.)
Тұрғын үй көмегі қолма-қол жасалмайтын төлем түрінде өтініш берілген айдан бастап бір жыл мерзімге ұсынылады.
3. Өтініш беруші "Қаражал қаласының жұмыспен қамту және әлеуметтік бағдарламалар бөлімі" мемлекеттік мекемесіне тұрғын үй көмегін заңсыз немесе асыра көтеріп тағайындауға себеп болған көрінеу жалған мәлімет бергені үшін, тұрғын үй көмегін тағайындау және төлеу тағайындалған кезеңде тоқтатылады, ал тұрғын үй көмегі ретінде заңсыз алынған сома өз еркімен қайтарылады, ал одан бас тартқан жағдайда-сот арқылы қайтарылады.
4. Өтініш беруші "Қаражал қаласының жұмыспен қамту және әлеуметтік бағдарламалар бөлімі" мемлекеттік мекемесіне отбасының табысы және құрамы жөніндегі, сондай-ақ тұрғын үйді (тұрғын үй ғимаратын) ұстауға, оның ішінде кондоминиум нысанының ортақ мүліктерін күрделі жөндеуге және (немесе) күрделі жөндеу үшін қаржыны жинақтауға арналған жарнаға, коммуналдық қызметтерді пайдалануға, тұрғын үйді пайдаланғаны үшін жалгерлік ақыға кеткен шығындар жөніндегі мәліметті тоқсан сайын ұсынып отыруға міндетті.
5. Осы келісім шарт тұрғын үй көмегін ұсыну үшін негіздеме болып табылады.
6. Шығындардың жол берілетін шектің үлесі, тұрғын үйді (тұрғын үй ғимаратын) ұстауға, оның ішінде кондоминиум нысанының ортақ мүліктерін күрделі жөндеуге және (немесе) күрделі жөндеу үшін қаржыны жинақтауға арналған жарнаға, коммуналдық қызметтерді пайдалануға, тұрғын үйді пайдаланғаны үшін жалгерлік ақыға кеткен шығындардың тарифтері, отбасылық жиынтық табыстың мөлшері және отбасының құрамы өзгерген жағдайда, тұрғын үй көмегінің сомасы өзгеруі мүмкін.
"Қаражал қаласының жұмыспен Өтініш беруші
қамту және әлеуметтік
бағдарламалар бөлімі"
мемлекеттік мекемесінің бастығы
___________________________ _________________________
(қолы) (қолы)
Қаражал қаласының
тұрғындарына тұрғын
үй көмегін көрсету Ережесіне
3 қосымша
Отбасының тіркелу нөмірі _____________
Отбасының құрамы және тұратын тұрғын үйдің жалпы ауданының көлемі туралы
МӘЛІМЕТ
______________________________________________________________
(өтініш берушінің Т.А.Ә.)
______________________________________________________________
(үйдің мекен-жайы)
Өтініш берушінің отбасылық жағдайы ___________________________
Отбасының құрамында ____ адам бар. Тұрғын үйдің ауданы ____ шаршы метр.
____________ жылғы N ________ ________________________________
(тұрғын үйге құқықты дәлелдейтін құжаттың атауы)
Отбасы мүшелерінің Т.А.Ә. |
Туылған күні, айы, жылы |
Өтініш берушіге қандай туыстық байланыстары бар |
Өтініш берушінің қолы ______________ Маманның қолы ____________
Күні __________________________________
Қаражал қаласының
тұрғындарына тұрғын
үй көмегін көрсету Ережесіне
4 қосымша
Отбасының тіркелу нөмірі _____________
20___ жылғы _______________ тоқсандағы
өтініш берушінің отбасысы мүшелерінің алған табысы туралы
МӘЛІМЕТ
_______________________________________________________________
(өтініш берушінің Т.А.Ә.)
т/б N |
Отбасы мүшелерінің Т.А.Ә. |
Табыстардың құжатпен расталған сомасы |
Басқа да мәлімделген табыстар |
||
табыс түрі |
сомасы, теңге |
табыс түрі |
сомасы, теңге |
||
Өтініш берушінің қолы _____________ Маманның қолы _____________
Күні __________________________________
Қаражал қаласының
тұрғындарына тұрғын
үй көмегін көрсету Ережесіне
5 қосымша
20___ жылғы _______________ тоқсандағы
тұрғын үйді (тұрғын үй ғимаратын) ұстауға, оның ішінде кондоминиум нысанының ортақ мүліктерін күрделі жөндеуге және (немесе) күрделі жөндеу үшін қаржыны жинақтауға арналған жарнаға, коммуналдық қызметтерді, қатты отынды пайдалануға, байланыс қызметтеріне, тұрғын үйді пайдаланғаны үшін жалгерлік ақыға кеткен шығындар туралы
МӘЛІМЕТ
___________________________________________ Әлеуметтік топ
(өтініш берушінің Т.А.Ә.) зейнеткер-
___________________________________________ мүгедек-
(үйдің мекен-жайы) жұмысшы-
жұмыссыз-
басқа топ-
Тұрғын үйдің жалпы ауданы ____ ш.м. Бөлме саны ___ Әлеуметтік норма ______ ш.м.
Үйдің жалпы сипаттамасы _______________________________________
(орталықтандырылған немесе баллонды газ, электрикалық плита)
20 ___ жылғы ____ тоқсандағы жиынтық табыс.
т/б N |
Төлем түрі |
_________ |
________ |
_________ |
1 |
Тұрғын үйді (тұрғын үй ғимаратын) ұстауға кеткен шығын, атап айтқанда: |
|||
Кондоминиум нысанының ортақ мүліктерін пайдалану |
||||
Кондоминиум нысанының ортақ мүліктерінің күрделі жөндеу жұмыстары |
||||
Кондоминиум нысанының ортақ мүліктерін күрделі жөндеу үшін қаржыны жинақтауға арналған жарна |
||||
Кондоминиум нысанының ортақ мүліктерінің ағымдағы жөндеу жұмыстары |
||||
2 |
Жылу беру (орталықтандырылған, қатты отын) |
|||
3 |
Суық су |
|||
4 |
Канализация |
|||
5 |
Ыстық су |
|||
6 |
Қоқыс шығару |
|||
7 |
Электр энергиясы |
|||
8 |
Газ |
|||
9 |
Телефон |
|||
10 |
Тұрғын үйді пайдаланғаны үшін жалгерлік ақы |
|||
11 |
Лифтілерге қызмет көрсету |
|||
БАРЛЫҒЫ: |
"___"____________ 20___ жыл. Маманның қолы ____________________
Қаражал қаласының
тұрғындарына тұрғын
үй көмегін көрсету Ережесіне
6 қосымша
Жартылай шөлейт аймағында жеке қосалқы шаруашылықтан түскен табысты есептеудің нормативтік карточкасы
Өсімдік шаруашылығының өнімдері
Өнім |
1 ар жерден алынған орташа өнімділік, кг |
1 ар жердің шығынының орташа деңгейі, теңге |
1 кг өнімнің орташа бағасы, теңге |
1 ар жерден өндірілген өнімнің құны, теңге (2 т. х 4 т.) |
1 ар жердің табысы (+), шығыны (-), теңге (5 т. - 3 т.) |
1 |
2 |
3 |
4 |
5 |
6 |
Бидай |
10 |
226 |
|||
Арпа |
15 |
174 |
|||
Қарақұмық |
8 |
153 |
|||
Жүгері |
100 |
128 |
|||
Көп жылдық шөптер |
10 |
91 |
|||
Бір жылдық шөптер |
10 |
84 |
|||
Картоп |
70 |
1102 |
|||
Көкөніс |
90 |
1249 |
|||
Бақша дақылдары |
85 |
458 |
|||
Тұқымды бақша (алма, алмұрт және т.б.) |
22 |
525 |
|||
Қатты жидектер (өрік, алхоры және т.б.) |
20 |
498 |
|||
Жидек дақылдары |
10 |
589 |
|||
Жүзім |
20 |
564 |
Мал шаруашылығының өнімдері
Өнім |
1 бастан алынған орташа өнімділік, кг (л) |
1 басқа кеткен шығынының орташа деңгейі, теңге |
1 кг өнімнің орташа бағасы, (1 л, он шақты жұмыртқа) теңге |
1 бастан алынған өнімнің құны, теңге (2 т. х 4 т.) |
1 бастан алынған табыс (+), шығын (-), теңге (5 т. - 3 т.) |
1 |
2 |
3 |
4 |
5 |
6 |
Сүтті ІҚМ* (сүт) |
1100 |
19944 |
|||
Етті ІҚМ (ет) |
165 |
16016 |
|||
Шошқа (шошқа еті) |
110 |
8462 |
|||
Қой, ешкі (еті мен жүні) |
22/2,2 |
1200/105 |
|||
Жылқы (жылқы еті) |
138 |
6044 |
|||
Түйе (түйе еті) |
140 |
2925 |
|||
Жұмыртқалайтын құс (жұмыртқа) |
200 яиц |
728 |
|||
Етті құс (ет) |
2,5 |
489 |
* (ІҚМ) – ірі қара мал
Қаражал қаласының
тұрғындарына тұрғын
үй көмегін көрсету Ережесіне
7 қосымша
ӨНІМДІ ПАЙДАЛАНУ ҮШІН ҮЙ МАЛЫ МЕН ҚҰСЫНЫҢ ЖАСЫ
Малдың түрі |
Өлшем бірлігі |
Өнім беретін жағдайға жеткен төл мал мен құстың жасы |
Ірі қара мал |
ай |
25 |
Қой мен ешкі |
ай |
12 |
Шошқа |
ай |
10 |
Жылқы |
ай |
16 |
Түйе |
ай |
18 |
Жұмыртқалайтын құс |
күн |
195 |
Етті құс |
күн |
125 |
Қаражал қаласының
тұрғындарына тұрғын
үй көмегін көрсету Ережесіне
8 қосымша
Жеке қосалқы шаруашылықтан түскен табысты есептеудің
ҮЛГІЛІК ЖЕКЕ НОРМАТИВТІК КАРТОЧКАСЫ
Өтініш берушінің Т.А.Ә. _____________________________________
Мекен-жайы __________________________________________________
Ауыл шаруашылық дақылдардың, үй малы мен құсының түрлері |
Жер, ар көлемі, бас саны |
Жылдық табыстың нормативі, теңге |
Жылдық табыстық барлығы, теңге |
Тоқсандық табыстың барлығы, теңге |
Бидай |
||||
Арпа |
||||
Дәнге арналған жүгері |
||||
Күріш |
||||
Қарақұмық |
||||
Картоп |
||||
Көкөніс |
||||
Бақша дақылдары |
||||
Күнбағыс |
||||
Қант қызылшасы |
||||
Темекі |
||||
Тұқымды бақша |
||||
Қатты жидектер |
||||
Жидек дақылдары |
||||
Жүзім |
||||
Көп жылдық шөптер |
||||
Бір жылдық шөптер |
||||
Жасыл жемге арналған жүгері |
||||
Сүтті ірі қара мал |
||||
Етті ірі қара мал |
||||
Шошқа |
||||
Қой мен ешкі |
||||
Жылқы |
||||
Түйе |
||||
Жұмыртқалайтын құс |
||||
Етті құс |
||||
Барлығы: жылдық табыс |
Х |
Х |
Х |
|
Барлығы: тоқсандық табыс |
Х |
Х |
Х |
"__"________ 20____ жыл. _________________________________
(өтініш берушінің қолы)
(Есепті орындаған тұлғаның Т.А.Ә. және қолы) _____________