Ескерту. Қолданылу мерзімінің аяқталуына байланысты күші жойылды - (Қарағанды облысы Қаражал қалалық мәслихатының 28.06.2013 № 1-24/167 хатымен).
Қазақстан Республикасының 2001 жылғы 23 қаңтардағы "Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару және өзін-өзі басқару туралы", 1997 жылғы 16 сәуiрдегi "Тұрғын үй қатынастары туралы" Заңдарына сәйкес қалалық Мәслихат ШЕШІМ ЕТТІ:
1. Қаражал қалалық Мәслихатының 2010 жылғы 23 маусымдағы XXVII сессиясының N 253 "Қаражал қаласының тұрғындарына тұрғын үй көмегін көрсету Ережесін бекіту туралы" шешіміне (нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу Тізілімінде 2010 жылғы 22 шілдеде N 8-5-98 болып тіркелген, "Қазыналы өңір" газетінің 2010 жылғы 31 шілдедегі N 30 (494) санында жарияланған) келесі толықтырулар енгізілсін:
1) Қаражал қаласының тұрғындарына тұрғын үй көмегін көрсету Ережесінің (бұдан әрі - Ереже) мемлекеттік тілдегі кіріспесінде "және Қаражал қаласы" сөздерінен кейін "аз қамтылған" сөздерімен толықтырылсын;
Ереженің орыс тіліндегі кіріспесінде "порядок оказания жилищной помощи" сөздерінен кейін "малообеспеченному" сөздерімен толықтырылсын.
2) Ереженің мемлекеттік тілдегі 3 тармағында "Қаражал қаласында тұрақты тұратын" сөздерінен кейін "аз қамтылған" сөздерімен толықтырылсын;
Ереженің орыс тіліндегі 3 тармағында "Жилищная помощь предоставляется" сөздерінен кейін "малообеспеченным" сөздерімен толықтырылсын.
2. Осы шешімнің орындалуын бақылау қалалық Мәслихаттың әлеуметтік сала және құқық қорғау жөніндегі тұрақты комиссиясына (төрағасы - С. Сыртанбеков) жүктелсін.
3. Осы шешім алғаш рет ресми жарияланғаннан кейін он күнтізбелік күн өткен соң қолданысқа енгізіледі және 2011 жылғы 1 қаңтардан бастап пайда болған қатынастарға қолданылады.
ХХХIV сессия төрағасы Т. Қасимов
Қалалық Мәслихаттың хатшысы Н. Кәдірсізов