Саран қаласы мен Ақтас кентінде күндізгі бөлімде оқитын оқушылардың қоғамдық көліктерде (таксиден басқа) жол жүруіне жеңілдік туралы

Қарағанды облысы Саран қаласы мәслихатының 23 сессиясының 2010 жылғы 25 ақпандағы N 389 шешімі. Қарағанды облысы Саран қаласының Әділет басқармасында 2010 жылғы 18 наурызда N 8-7-103 тіркелді. Күші жойылды - Қарағанды облысы Саран қалалық мәслихатының 2015 жылғы 29 мамырдағы N 440 шешімімен

      Ескерту. Күші жойылды - Қарағанды облысы Саран қалалық мәслихатының 29.05.2015 N 440 (алғаш ресми жарияланған күннен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) шешімімен.

      2008 жылғы 4 желтоқсандағы Қазақстан Республикасының Бюджеттік кодексіне, Қазақстан Республикасының 2001 жылғы 23 қаңтардағы "Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару және өзін-өзі басқару туралы" Заңына, Қазақстан Республикасының 1994 жылғы 21 қыркүйектегі "Қазақстан Республикасындағы көлік туралы" Заңына, Қазақстан Республикасының 2007 жылғы 27 шілдедегі "Білім туралы" Заңына, Қазақстан Республикасының 2004 жылғы 7 шілдедегі "Қазақстан Республикасындағы мемлекеттік жастар саясаты туралы" Заңына сәйкес, Саран қалалық мәслихаты ШЕШТІ:
      1. Саран қаласы және Ақтас кентінде қоғамдық көліктерде (таксиден басқа), төмендегі санаттағы оқушылардың жол жүруіне жеңілдік беру белгіленсін:
      1) Саран қаласы білім ұйымдарында тәрбиеленушілер мен жалпы білім беретін мектеп оқушылары бірінші сыныптан сегізінші сыныпты қоса алғанда, сондай-ақ тиісті оқу орнымен берілген бірдей үлгідегі арнаулы жол жүру билетін көрсетсе, гимназиялар мен лицей топтарындағы осы сыныптардың оқушылары да тегін жүру құқығына ие болады (20 маусымнан 31 тамыз аралығынан басқа уақыттар);
      2) Саран қаласы білім ұйымдарында тәрбиеленушілер мен жалпы білім беретін мектеп оқушылары бірінші сыныптан сегізінші сыныпты қоса алғанда, сондай-ақ тиісті оқу орнымен берілген бірдей үлгідегі арнаулы жол билетін көрсетсе, гимназиялар мен лицей топтарындағы осы сыныптардың оқушылары да "Қарағанды қаласы – Шахан кенті" N 127 маршрутында Саран қаласынан Восьмидомики кентіне дейін жол жүрсе, тегін жүру құқығына ие болады (1 маусымнан 31 тамыз аралығынан басқа уақыттар);
      3) Саран қаласы білім ұйымдарында тәрбиеленушілер мен жалпы білім беретін мектеп оқушылары тоғызыншы сыныптан он бірінші сыныпты қоса алғанда, сондай–ақ тиісті оқу орнымен берілген бірдей үлгідегі жол жүру билетін көрсетсе, гимназиялар мен лицей топтарындағы осы сыныптардың оқушылары да, Саран қаласы қоғамдық көліктерінде жол жүрсе, қолданыстағы тариф құнының 50 % төлейді, (20 маусымнан 31 тамыз аралығынан басқа уақыттар);
      4) Саран қаласы білім ұйымдарында тәрбиеленушілер мен жалпы білім беретін мектеп оқушылары тоғызыншы сыныптан он бірінші сыныпты қоса алғанда, сондай–ақ гимназиялар мен лицей топтарындағы осы сыныптардың оқушылары да, "Қарағанды қаласы – Шахан кенті" N 127 маршрутында Саран қаласынан Восьмидомики кентіне дейін жол жүрсе, бірдей үлгідегі арнаулы жол жүру билетін көрсетіп, қолданыстағы тариф құнының 50 % төлейді (1 маусымнан 31 тамыз аралығынан басқа уақыттар);
      5) Ақтас кентінің жалпы білім беретін мектеп оқушылары, оныншы сыныптан он бірінші сыныпты қоса алғанда, "Ақтас кенті - Саран қаласы" N 90 маршрутында жол жүрсе, тиісті оқу орнымен берілген арнаулы жол жүру билетін көрсетіп, қолданыстағы тариф құнының 50 % төлейді, бірақ жол жүру аптасына екі реттен аспау керек (1 маусымнан 31 тамыз аралығынан басқа уақыттар);
      6) Саран қаласы қоғамдық көліктерінде, кәсіптік мектептердің, лицейлердің және колледж оқушылары тиісті оқу орнымен берілген оқушының немесе студенттік билетін көрсетсе, жол жүру құнының 50 %, (20 маусымнан 31 тамыз аралығынан басқа уақыттар);
      7) Саран қаласы N 4 кәсіптік лицей оқушылары "Ақтас кенті - Саран қаласы" N 90 маршрутында және "Қарағанды қаласы – Шахан кенті" N 127 маршрутында Саран қаласынан Шахан кентіне дейін жол жүрсе, тиісті оқу орнымен берілген бірдей үлгідегі арнаулы жол жүру билетін көрсетіп, қолданыстағы тариф құнының 50 % төлейді, бірақ жол жүру аптасына алты реттен аспау керек (1 шілдеден 31 тамыз аралығынан басқа уақыттар);
      8) жол жүру жеңілдігі қала ішінде үнемі жүретін автобустарға, маусымдық (саяжайға) маршруттарға берілмейді;
      9) жол жүру жеңілдігі басқа қалалардың білім беру ұйымдарында, сондай-ақ сырттай, кешкі мектепте оқитындарға берілмейді.
      Ескерту. 1-тармаққа өзгеріс енгізілді - Қарағанды облысы Саран қаласы мәслихатының 2012.04.26 N 52 (алғаш ресми жарияланған күннен кейін он күнтізбелік күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) шешімімен.
      2. Осы шешімнің қабылдануына байланысты, Саран қалалық мәслихатының 2009 жылғы 22 желтоқсандағы 21 сессиясының "Саран қаласы мен Ақтас кентінде күндізгі бөлімде оқитын оқушылардың қала ішіндегі қоғамдық көліктерде (таксиден басқа) жол жүруіне жеңілдік туралы" N 364 шешімінің күші жойылсын (нормативтік құқықтық актілер Реестрінде мемлекеттік тіркеу нөмірі 8–7-99, "Ваша газета" газетінде 2009 жылы 31 желтоқсанда N 53 жарияланған).
      3. Осы шешім Әділет органында мемлекеттік тіркеуден өткеннен соң, ресми жарияланғаннан кейін күнтізбелік он күн өткен соң күшіне енеді.

      Сессия төрағасы                            Н. Аликас

      Мәслихат хатшысы                           Р. Бекбанов

О льготном проезде в общественном транспорте (кроме такси) учащихся очной формы обучения города Сарани и поселка Актас

Решение 23 сессии Саранского городского маслихата Карагандинской области от 25 февраля 2010 года N 389. Зарегистрировано Управлением юстиции города Сарани Карагандинской области 18 марта 2010 года N 8-7-103. Утратило силу решением Саранского городского маслихата Карагандинской области от 29 мая 2015 года № 440

      Сноска. Утратило силу решением Саранского городского маслихата Карагандинской области от 29.05.2015 № 440 (вводится в действие по истечении десяти календарных дней после дня его первого официального опубликования).

      В соответствии с Бюджетным кодексом Республики Казахстан от 4 декабря 2008 года, Законом Республики Казахстан от 23 января 2001 года "О местном государственном управлении и самоуправлении в Республике Казахстан", Законом Республики Казахстан от 21 сентября 1994 года "О транспорте в Республике Казахстан", Законом Республики Казахстан от 27 июля 2007 года "Об образовании", Законом Республики Казахстан от 7 июля 2004 года "О государственной молодежной политике в Республике Казахстан" Саранский городской маслихат РЕШИЛ:
      1. Установить льготный проезд в общественном транспорте (кроме такси) следующим категориям учащихся города Сарани и поселка Актас:
      1) правом бесплатного проезда пользуются учащиеся общеобразовательных школ и воспитанники организаций образования города Сарани с первого по восьмой классы включительно, а также соответствующих им классов гимназий и групп лицеев при предъявлении специального проездного билета единого образца, выданного соответствующим учебным заведением (за исключением летнего периода с 20 июня по 31 августа);
      2) правом бесплатного проезда пользуются учащиеся общеобразовательных школ и воспитанники организаций образования города Сарани с первого по восьмой классы включительно, а также соответствующих им классов гимназий и групп лицеев при предъявлении специального проездного билета единого образца, при проездах на маршруте N 127 "город Караганда - поселок Шахан" от города Сарани до поселка Восьмидомики" (за исключением летнего периода с 1 июня по 31 августа);
      3) учащиеся общеобразовательных школ и воспитанники организаций образования города Сарани с девятого по одиннадцатый класс включительно, а также соответствующих им классов гимназий и групп лицеев, при поездках в общественном транспорте города Сарани оплачивают 50 % действующего тарифа, при предъявлении специального проездного билета единого образца, выданного соответствующим учебным заведением (за исключением летнего периода с 20 июня по 31 августа);
      4) учащиеся общеобразовательных школ и воспитанники организаций образования города Сарани с девятого по одиннадцатый класс включительно, а также соответствующих им классов гимназий и групп лицеев, при проездах на маршруте N 127 "город Сарань – поселок Восьмидомики" оплачивают 50 % от действующего тарифа, при предъявлении специального проездного билета единого образца (за исключением летнего периода с 1 июня по 31 августа);
      5) учащиеся общеобразовательных школ поселка Актас с десятого по одиннадцатый класс включительно при поездках на маршруте N 90 "поселок Актас – город Сарань" оплачивают 50 % действующего тарифа за одну поездку при предъявлении специального проездного билета единого образца, но не более двух поездок в неделю (за исключением летнего периода с 1 июня по 31 августа);
      6) учащиеся профессиональных школ, лицеев и колледжей, при поездках в общественном транспорте города Сарани оплачивают 50 % от стоимости действующего тарифа, при предъявлении ученического или студенческого билета соответствующего учебного заведения (за исключением летнего периода с 20 июня по 31 августа);
      7) учащиеся профессионального лицея N 4 города Сарани при поездках на маршруте N 90 "поселок Актас – город Сарань" и на маршруте 127 "город Сарань - поселок Шахан" оплачивают 50 % действующего тарифа за одну поездку при предъявлении специального проездного билета единого образца, но не более шести поездок в неделю (за исключением летнего периода с 1 июля по 31 августа);
      8) право льготного проезда не распространяется на автобусы, обслуживающие регулярные городские сезонные (дачные) маршруты города Сарани;
      9) правом льготного проезда не пользуются обучающиеся и воспитанники иногородних организаций образования, а также обучающиеся заочной и вечерней форм обучения.
      Сноска. Пункт 1 с изменениями, внесенными решением Саранского городского маслихата Карагандинской области от 26.04.2012 N 52 (вводится в действие по истечении десяти календарных дней после его первого официального опубликования).
      2. В связи с принятием данного решения, признать утратившим силу решение 21 сессии Саранского городского маслихата "О льготном проезде на внутригородском общественном транспорте (кроме такси) учащихся очной формы обучения города Сарани и поселка Актас" от 22 декабря 2009 года N 364 (регистрационный номер в Реестре государственной регистрации нормативных правовых актов 8-7-99, опубликованного 31 декабря 2009 года в газете "Ваша газета" N 53).
      3. Настоящее решение вступает в силу после государственной регистрации в органах юстиции и вводится в действие по истечении десяти календарных дней после дня его первого официального опубликования.

      Председатель сессии                        Н. Аликас

      Секретарь маслихата                        Р. Бекбанов