Саран қаласы мен Ақтас кентінде күндізгі бөлімде оқитын оқушылардың қала ішіндегі қоғамдық көліктерде (таксиден басқа) жол жүруіне жеңілдік туралы

Күшін жойған

Қарағанды облысы Саран қаласы мәслихатының 21 сессиясының 2009 жылғы 22 желтоқсандағы N 364 шешімі. Қарағанды облысы Саран қаласының Әділет басқармасында 2009 жылғы 30 желтоқсанда N 8-7-99 тіркелді. Күші жойылды - Қарағанды облысы Cаран қаласының мәслихатының 2010 жылғы 25 ақпандағы N 389 шешімімен

      Ескерту. Күші жойылды - Қарағанды облысы Cаран қаласының мәслихатының 2010.02.25 N 389 шешімімен.

      Қазақстан Республикасының 2008 жылғы 4 желтоқсандағы Бюджеттік Кодексіне, Қазақстан Республикасының 2001 жылғы 23 қаңтардағы "Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару және өзін-өзі басқару туралы", 2007 жылғы 27 шілдедегі "Білім туралы", 1994 жылғы 21 қыркүйектегі "Қазақстан Республикасындағы көлік туралы", 2004 жылғы 7 шілдедегі "Қазақстан Республикасындағы мемлекеттік жастар саясаты туралы" Заңдарына сәйкес, Саран қалалық мәслихаты ШЕШТІ:
      1. Саран қаласы және Ақтас кентінде қоғамдық көліктерде (таксиден басқа), төмендегі санаттағы оқушылардың жол жүрулеріне жеңілдік беру белгіленсін:
      1) Саран қаласы білім ұйымдарында тәрбиеленушілер мен жалпы білім беретін мектеп оқушылары бірінші сыныптан сегізінші сыныпты қоса алғанда, сондай-ақ тиісті оқу орнымен берілген бірдей үлгідегі арнаулы жол жүру билетін көрсетсе, гимназиялар мен лицейлердің осы сыныптарының оқушылары да тегін жүру құқығына ие болады (20 маусымнан 31 тамыз аралығынан басқа уақыттар);
      2) Саран қаласы білім ұйымдарында тәрбиеленушілері мен жалпы білім беретін мектептердің оқушылары тоғызыншы сыныптан он бірінші сыныпты қоса алғанда, сонымен қатар гимназия сыныптары мен лицей топтарының оқушылары қала ішіндегі қоғамдық көліктерде тиісті оқу орны берген бір үлгідегі арнаулы жол билетін көрсетсе, жол жүру құнының 50 %, яғни бір рет жол жүргені үшін он бес теңгеден артық төлемейді (20 маусымнан 31 тамыз аралығынан басқа уақыттар);
      3) Ақтас кенті жалпы білім беру мектептерінің оқушылары тоғызыншы сыныптан он бірінші сыныпты қоса алғанда, "Ақтас кенті - Саран қаласы" N 90 маршрутында жол жүрсе, тиісті оқу орны берген арнаулы жол жүру билетін көрсетсе, аптасына екі рет жол жүргені үшін қолданыстағы тариф құнының 50 % төлейді (20 маусымнан 31 тамыз аралығынан басқа уақыттар);
      4) Саран қаласы қоғамдық көліктерінде, кәсіптік мектептердің, лицейлердің және колледж оқушылары тиісті оқу орны берген оқушының немесе студенттік билетін көрсетсе, жол жүру құнының 50 %, яғни бір рет жол жүргені үшін он бес теңгеден артық төлемейді;
      5) Саран қаласы N 4 кәсіптік лицей оқушылары "Ақтас кенті - Саран қаласы" N 90 маршрутында жол жүрсе, тиісті оқу орны берген бірдей үлгідегі арнаулы жол жүру билетін көрсетсе, аптасына алты рет жол жүргені үшін қолданыстағы тариф құнының 50 % төлейді (1 шілдеден 31 тамыз аралығынан басқа уақыттар);
      6) жол жүру жеңілдігі қала ішінде үнемі жүретін автобустарға, маусымдық (саяжайға) маршруттарға берілмейді;
      7) жол жүру жеңілдігі басқа қалалардың білім беру ұйымдарында, сондай-ақ сырттай, кешкі мектепте оқитындарға берілмейді.
      2. Осы шешімнің қабылдануына байланысты, Саран қалалық мәслихатының 2008 жылғы 19 желтоқсандағы 10 сессиясының "2009 жылға Саран қаласында күндізгі бөлімде оқитын оқушылардың қала ішіндегі қоғамдық көліктерде (таксиден басқа) жол жүруіне жеңілдік туралы" N 196 шешімінің күші жойылсын (нормативтік құқықтық актілер Реестрінде мемлекеттік тіркеу нөмірі 8–7-77, "Ваша газета" газетінде 2009 жылы 31 қаңтарда N 5 жарияланған).
      3. Осы шешім Әділет органында мемлекеттік тіркеуден өткеннен соң, ресми жарияланғаннан кейін күнтізбелік он күн өткен соң күшіне енеді.

      Сессия төрағасы                            К. Сатова

      Мәслихат хатшысы                           Р. Бекбанов

Егер Сіз беттен қате тапсаңыз, тінтуірмен сөзді немесе фразаны белгілеңіз және Ctrl+Enter пернелер тіркесін басыңыз

 

бет бойынша іздеу

Іздеу үшін жолды енгізіңіз

Кеңес: браузерде бет бойынша енгізілген іздеу бар, ол жылдамырақ жұмыс істейді. Көбінесе, ctrl-F пернелері қолданылады