Саран қалалық мәслихатының 2010 жылғы 25 ақпандағы 23 сессиясының "Саран қаласы мен Ақтас кентінде күндізгі бөлімде оқитын оқушылардың қоғамдық көліктерде (таксиден басқа) жол жүруіне жеңілдік туралы" N 389 шешіміне өзгерістер енгізу туралы

Күшін жойған

Қарағанды облысы Саран қаласы мәслихатының 4 сессиясының 2012 жылғы 26 сәуірдегі N 52 шешімі. Қарағанды облысы Саран қаласының Әділет басқармасында 2012 жылғы 23 мамырда N 8-7-136 тіркелді. Күші жойылды - Қарағанды облысы Саран қалалық мәслихатының 2015 жылғы 29 мамырдағы N 440 шешімімен

      Ескерту. Күші жойылды - Қарағанды облысы Саран қалалық мәслихатының 29.05.2015 N 440 (алғаш ресми жарияланған күннен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) шешімімен.

      Қазақстан Республикасының 2008 жылғы 4 желтоқсандағы Бюджеттік Кодексіне, Қазақстан Республикасының 2001 жылғы 23 қаңтардағы "Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару және өзін-өзі басқару туралы" Заңына, Қазақстан Республикасының 1994 жылғы 21 қыркүйектегі "Қазақстан Республикасындағы көлік туралы" Заңына, Қазақстан Республикасының 2007 жылғы 27 шілдедегі "Білім туралы" Заңына, Қазақстан Республикасының 2004 жылғы 7 шілдедегі "Қазақстан Республикасындағы мемлекеттік жастар саясаты туралы" Заңына сәйкес, Саран қалалық мәслихаты ШЕШТІ:
      1. Саран қалалық мәслихатының 2010 жылғы 25 ақпандағы 23 сессиясының "Саран қаласы мен Ақтас кентінде күндізгі бөлімде оқитын оқушылардың қоғамдық көліктерде (таксиден басқа) жол жүруіне жеңілдік туралы" N 389 шешіміне (нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу Тізілімінде N 8-7-103 тіркелген, "Саран газеті" газетінде 2010 жылғы 26 наурызда N 2 жарияланған) келесі өзгерістер енгізілсін:
      1) 1 тармақтың 3) тармақшасында "бір рет жол жүргені үшін он бес теңгеден артық төлемейді" сөзі алынып тасталсын;
      2) 1 тармақтың 6) тармақшасында "яғни бір рет жол жүргені үшін он бес теңгеден артық төлемейді" сөзі алынып тасталсын.
      2. Осы шешімнің орындалуын бақылау Саран қалалық мәслихатының азаматтардың құқықтарын қорғау заңдылықтары және әлеуметтік саланы дамыту мәселелері жөніндегі тұрақты комиссиясына және "Саран қаласының білім беру, дене шынықтыру және спорт бөлімі" мемлекеттік мекемесінің бастығы Қ.Қ. Омаровқа жүктелсін.
      3. Осы шешім алғаш ресми жарияланған күннен кейін он күнтізбелік күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.

      Сессия төрағасы                            Д. Ахмадуллин

      Мәслихат хатшысы                           Р. Бекбанов

Егер Сіз беттен қате тапсаңыз, тінтуірмен сөзді немесе фразаны белгілеңіз және Ctrl+Enter пернелер тіркесін басыңыз

 

бет бойынша іздеу

Іздеу үшін жолды енгізіңіз

Кеңес: браузерде бет бойынша енгізілген іздеу бар, ол жылдамырақ жұмыс істейді. Көбінесе, ctrl-F пернелері қолданылады