Саран қаласы мен Ақтас кентінде күндізгі бөлімде оқитын оқушылардың қала ішіндегі қоғамдық көліктерде (таксиден басқа) жол жүруіне жеңілдік туралы

Жаңартылған

Қарағанды облысы Саран қалалық мәслихатының 2015 жылғы 29 мамырдағы 42 сессиясының № 440 шешімі. Қарағанды облысының Әділет департаментінде 2015 жылғы 23 маусымда № 3297 болып тіркелді.

      Қазақстан Республикасының 2008 жылғы 4 желтоқсандағы Бюджеттік кодексіне, Қазақстан Республикасының 2001 жылғы 23 қаңтардағы "Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік және өзін-өзі басқару туралы" Заңына, Қазақстан Республикасының 1994 жылғы 21 қыркүйектегі "Қазақстан Республикасындағы көлік туралы" Заңына, Қазақстан Республикасының 2007 жылғы 27 шілдедегі "Білім туралы" Заңына сәйкес, Саран қалалық мәслихаты ШЕШІМ ЕТТІ:

      1. Саран қаласы және Ақтас кентінде оқитын оқушылардың келесі санаттарына, қала ішінде қоғамдық көліктерде (таксиден басқа) жол жүруіне жеңілдік белгіленсін:

      1) жалпы білім беретін оқу ұйымдарында оқитындарға бірінші (7 жастан жоғары) сыныптан төртінші сыныпты қоса тегін 1 маусымнан 31 тамыз аралығындағы жазғы мерзімді қоспағанда;

      2) жалпы білім беретін мектептердің қорғаншылыққа алынған, аз қамтылған отбасыларының оқушылары, жетім – балалар бірінші сыныптан (7 жастан жоғары) сегізінші сыныпты қоса алғанда, тегін, тоғызыншы сыныптан он бірінші сыныпты қоса алғанда, қолданыстағы тариф құнының 50% төлейді, 1 маусымнан 31 тамыз аралығындағы жазғы мерзімді қоспағанда;

      2-1) Саран қаласы мен Ақтас кентінің көшелерінде тұратын жалпы білім беретін орта білім беру ұйымдарының, интернаттардың білім алушыларына 01 маусымнан 31 тамызды қоса есептегенге дейінгі жазғы кезеңді қоспағанда, осы шешімнің қосымшасына сәйкес тегін;

      3) жалпы білім беретін оқу ұйымдарында (15 жастан жоғары) бесінші сыныптан он бірінші сыныпты қоса алғанда, барлық меншік формаларындағы күндізгі бөлімде оқитын колледждердің оқушылары белгілі күнтізбелік мерзімге ұзақ пайдалануға жеңілдетілген жол жүру билетін көрсетсе, қолданыстағы тариф құнының 50% төлейді.

      Ескерту. 1-тармаққа өзгеріс енгізілді - Қарағанды облысы Саран қалалық мәслихатының 23.11.2023 № 76 (оның алғашқы ресми жарияланған күнінен бастап қолданысқа енгізіледі және 01.01.2023 бастап туындаған құқықтық қатынастарда қолданылады) шешімімен.

      2. Осы шешімнің қабылдануына байланысты, Саран қалалық мәслихатының 2010 жылғы 25 ақпандағы 23 сессиясының "Саран қаласы мен Ақтас кентінде күндізгі бөлімде оқитын оқушылардың қоғамдық көліктерде (таксиден басқа) жол жүруіне жеңілдік туралы" № 389 шешімінің (нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу Тізілімінде № 8-7-103 болып тіркелген, 2010 жылғы 26 наурыздағы № 2 "Саран газеті" газетінде жарияланған), Саран қалалық мәслихатының 2014 жылғы 26 сәуірдегі 4 сессиясының "Саран қалалық мәслихатының 2010 жылғы 25 ақпандағы 23 сессиясының "Саран қаласы мен Ақтас кентінде күндізгі бөлімде оқитын оқушылардың қоғамдық көліктерде (таксиден басқа) жол жүруіне жеңілдік туралы" № 389 шешіміне өзгерістер енгізу туралы" № 52 (нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу Тізілімінде № 8-7-136 болып тіркелген, 2012 жылғы 7 маусымдағы № 23 "Спутник" газетінде жарияланған) шешімінің күші жойылды деп танылсын.

      3. Осы шешім алғаш ресми жарияланған күннен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.

      Сессия төрағасы З. Қожықова
      Мәслихат хатшысы Р. Бекбанов

  Саран қалалық
мәслихатының 2015 жылғы
"29" мамырдағы № 440
шешіміне қосымша

Жалпы білім беретін орта білім беру ұйымдарының, интернаттардың білім алушыларының 01 маусымнан 31 тамызды қоса есептегенге дейінгі жазғы кезеңді қоспағанда, қала ішіндегі қоғамдық көліктерде (таксиден басқа) тегін жол жүруге арналған Саран қаласы мен Ақтас кенті көшелерінің тізбесі

      Ескерту. Шешім қосымшамен толықтырылды - Қарағанды облысы Саран қалалық мәслихатының 23.11.2023 № 76 (оның алғашқы ресми жарияланған күнінен бастап қолданысқа енгізіледі және 01.01.2023 бастап туындаған құқықтық қатынастарда қолданылады) шешімімен.

      Проточная көшесі: 21, 30, 32 үйлер;

      Нұркен көшесі: 10, 20, 33, 34, 38, 57, 86, 100, 102, 110 үйлер;

      Шмидт көшесі: 6, 8, 9, 14, 15, 18, 28, 70 үйлер;

      Крылов көшесі: 11, 17, 25, 69, 73 үйлер;

      Казахстанская көшесі: 12,19, 27 үйлер;

      Клара Цеткина көшесі: 1, 2, 8, 22, 26 үйлер;

      Кузнецкая көшесі: 6, 11 үйлер;

      Вахтерская көшесі: 2, 5, 16 үйлер;

      Индустриальная көшесі: 10, 13 үйлер;

      Спортивная көшесі : 1, 9 үйлер;

      Проточная көшесі: 21, 30, 32 үйлер;

      Панфилов көшесі : 10, 14, 25, 37, 39 үйлер;

      Ибаррури көшесі: 15, 23, 25, 36 үйлер;

      Некрасов көшесі: 1, 46 үйлер;

      Амангелді көшесі: 2 үй;

      Чапаев көшесі: 29 үй;

      Красноармейская көшесі: 23, 24 үйлер;

      Цветная көшесі: 72 үй;

      Шевченко көшесі: 14 үй;

      Цимлянская көшесі: 27, 28, 29 үйлер;

      Комсомольская көшесі: 5 үй;

      Геологическая: 71,72, 56, 60, 86, 90, 94, 97 үйлер;

      Шоссейная көшесі көшесі: 14 үй;

      Разведчиков көшесі : 66, 69, 75, 76, 85, 93, 99, 105 үйлер;

      Морозов көшесі: 65, 88, 96, 100, 102, 113 үйлер;

      Арычная көшесі: 11, 12, 23 үй;

      Сәкен көшесі: 5, 9, 11 үйлер;

      Алматы көшесі: 1,7;

      1 а ықшам ауданы: 6 үй;

      1 а ықшам ауданы: 1, 3, 5, 9, 10, 12, 13, 14, 16, 17, 18, 21, 22, 23, 24, 29, 73 үйлер;

      Горняк ықшам ауданы: 83, 86, 87, 88, 89, 90 үйлер;

      Угольщиков көшесі: 5 үй;

      Жакенов көшесі: 3, 21 үйлер;

      Юности көшесі: 47 үй;

      Жамбыл көшесі: 55, 56, 59, 73 үйлер;

      Тимирязев көшесі: 9 үй;

      Цветная көшесі: 53 үй;

      Чкалов көшесі: 9 үй;

      Панфилов көшесі: 57 үй;

      Шахтерская көшесі: 15/1, 37/2 үйлер;

      Құжанов көшесі: 21 үй;

      Победа көшесі: 22, 42, 76 үйлер;

      Индустриальная көшесі: 11 үй;

      Абай көшесі: 17, 24 үйлер;

      Гоголь көшесі: 11 үй;

      Пролетарская көшесі: 10 үй;

      Красина көшесі: 8 үй;

      Комсомольская көшесі: 6 үй;

      Крайняя көшесі: 8 үй;

      Менделеев көшесі: 10 үй;

      Кольцевая көшесі: 12 үй;

      Жуковский көшесі: 22 үй;

      Сәтпаев көшесі: 9 үй;

      Победа көшесі: 22үй;

      Московская көшесі: 3 үй;

      Луговая көшесі: 16 үй;

      Солнечная көшесі: 2 үй.

Егер Сіз беттен қате тапсаңыз, тінтуірмен сөзді немесе фразаны белгілеңіз және Ctrl+Enter пернелер тіркесін басыңыз

 

бет бойынша іздеу

Іздеу үшін жолды енгізіңіз

Кеңес: браузерде бет бойынша енгізілген іздеу бар, ол жылдамырақ жұмыс істейді. Көбінесе, ctrl-F пернелері қолданылады