Ескерту. Күші жойылды - Қарағанды облысы Саран қалалық мәслихатының 2011.12.12 N 671 шешімімен.
Қазақстан Республикасының 2001 жылғы 23 қаңтардағы "Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару және өзін-өзі басқару туралы", 1997 жылғы 16 сәуірдегі "Тұрғын үй қатынастары туралы", 2004 жылғы 5 шілдедегі "Байланыс туралы" Заңдарына, Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2008 жылғы 19 шілдедегі "Қазақстан Республикасы Әділет министрлігінің мәселелері" N 710, 2009 жылғы 14 сәуірдегі "Әлеуметтік тұрғыдан қорғалатын азаматтарға телекоммуникация қызметтерін көрсеткені үшін абоненттік төлемақы тарифінің көтерілуіне өтемақы төлеудің кейбір мәселелері туралы" N 512, 2009 жылғы 30 желтоқсандағы "Тұрғын үй көмегін көрсету ережесін бекіту туралы" N 2314 қаулыларына сәйкес, Саран қалалық мәслихаты ШЕШТІ:
1. Саран қаласы мен Ақтас кенті халқына тұрғын үй көмегін көрсету Ережесі бекітілсін.
2. Осы шешімнің қабылдануына байланысты, Саран қалалық мәслихатының келесі шешімдерінің күші жойылсын:
1) Саран қалалық мәслихатының 2009 жылғы 23 шілдедегі 16 сессиясының N 282 "Саран қаласының әлеуметтік тұрғыдан қорғалатын азаматтарына тұрғын үйді ұстауға, коммуналдық қызмет көрсету үшін тұрғын үй жәрдемақыларын беру және телекоммуникация қызметтерін көрсеткені үшін абоненттік төлемақы тарифінің көтерілуіне өтемақы төлеу Қағидаларын бекіту туралы" шешімі (нормативтік құқықтық актілер Реестрінде мемлекеттік тіркеу нөмірі 8-7-89, "Ваша газета" газетінде 2009 жылы 4 қыркүйекте N 36 жарияланған);
2) Саран қалалық мәслихатының 2009 жылғы 20 қарашадағы 20 сессиясының N 342 "Саран қалалық мәслихатының 2009 жылғы 23 шілдедегі 16 сессиясының N 282 "Саран қаласының әлеуметтік тұрғыдан қорғалатын азаматтарына тұрғын үйді ұстауға, коммуналдық қызмет көрсету үшін тұрғын үй жәрдемақыларын беру және телекоммуникация қызметтерін көрсеткені үшін абоненттік төлемақы тарифінің көтерілуіне өтемақы төлеу Қағидаларын бекіту туралы" шешіміне өзгертулер еңгізу туралы" шешімі (нормативтік құқықтық актілер Реестрінде мемлекеттік тіркеу нөмірі 8-7-94, "Ваша газета" газетінде 2009 жылы 18 желтоқсанда N 51 жарияланған).
3. Осы шешім әділет органында мемлекеттік тіркеуден өткеннен соң, бірінші ресми жарияланған күннен кейін, он күнтізбелік күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.
Сессия төрағасы Е. Туркавский
Мәслихат хатшысы Р. Бекбанов
Саран қалалық мәслихатының
2010 жылғы 1 шілдедегі
27 сессиясының N 433
шешімімен бекітілді
Саран қаласы мен Ақтас кенті халқына тұрғын үй көмегін көрсету
ЕРЕЖЕСІ
Осы Саран қаласы мен Ақтас кенті халқына тұрғын үй көмегін көрсету Ережесі (бұдан әрі – Ережесі) Қазақстан Республикасының 2001 жылғы 23 қаңтардағы "Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару және өзін-өзі басқару туралы" Заңының 31 бабына, Қазақстан Республикасының 1997 жылғы 16 сәуірдегі "Тұрғын үй қатынастары туралы" Заңының 2, 41-2, 97 баптарына, Қазақстан Республикасының 2004 жылғы 5 шілдедегі "Байланыс туралы" Заңына, Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2009 жылғы 30 желтоқсандағы "Тұрғын үй көмегін көрсету ережесін бекіту туралы" N 2314 Қаулысына, Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2009 жылғы 14 сәуірдегі "Әлеуметтік тұрғыдан қорғалатын азаматтарға телекоммуникация қызметтерін көрсеткені үшін абоненттік төлемақы тарифінің көтерілуіне өтемақы төлеудің кейбір мәселелері туралы" N 512 Қаулысына, Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2008 жылғы 19 шілдедегі "Қазақстан Республикасы Әділет министрлігінің мәселелері" N 710 Қаулысына сәйкес әзірленген және Саран қаласы мен Ақтас кентінің отбасыларына (азаматтарға) тұрғын үй көмегін көрсетудің көлемі мен тәртібін анықтайды.
1. Жалпы ережелер
1. Осы Ережеде келесі ұғымдар пайдаланылады:
1) бірлесіп тұрып жатқан және бір мекен-жайда тіркелген некелестік, туыстық, асырап алушылық немесе басқа нысандағы балаларды тәрбиесіне қабылдаған, мүліктік немесе жеке мүліктік емес ережелер және міндеттер арқылы байланыстағы отбасылар – тұлғалар шеңбері;
2) есеп – кондоминиум объектілерінің ортақ мүлкін ұстауға, күрделі жөндеуге және (немесе) күрделі жөндеуге қаражат жинақтауға арналған жарналарға, коммуналдық қызметтерді және байланыс қызметтерін тұтынуға, жергілікті уәкілетті органмен жеке тұрғын үй қорынан жалдап алынған тұрғын үйді пайдаланғаны үшін жалға алу ақысын төлеу шығындарын төлеуге, қызметтерді жеткізушілермен электрондық тасымалдағыштарда, немесе өтініш берушімен қағаз тасымалдағыштарда тұрғын үй көмегін тағайындау мерзіміне берілетін құжат (түбіртек, хабарлама, анықтама);
3) коммуналдық қызметтер – тұрғын үй-жайларда (тұрғын үйде) берілетін және сумен жабдықтауды, канализацияны, газбен жабдықтауды, электрмен жабдықтауды, жылумен жабдықтауды, (соның ішінде қатты отынды тұтыну), қоқыс төккішті қосатын қызметтер;
4) кондоминиум – ғимараттар азаматтардың, заңды тұлғалардың, мемлекеттің бөлек (өзіндік) меншігінде бола тұра, жалпы мүлік оларға жалпы үлестік меншік құқығында ғана тиесілі болатын, бірыңғай мүліктік кешен (кондоминиум объектісі) сияқты, жылжымайтын мүлікке ерекше меншік нысаны;
5) кондоминиум объектісін басқару органы – кондоминиум объектілерін күтіп ұстау жөніндегі функцияларды жүзеге асыратын жеке немесе заңды тұлға;
6) кондоминиум объектісінің ортақ мүлкін ұстауға арналған шығыстар – кондоминиум объектісінің ортақ мүлкін пайдалануға арналған, үй жайлар (пәтерлер) меншік иелерінің жалпы жиналыстың шешімімен белгіленген ай сайынғы жарналар делдалдығының міндетті шығыстар сомасы;
7) кондоминиум объектісінің ортақ мүлкін күрделі жөндеу – ғимараттың (объектінің) негізгі техникалық-экономикалық көрсеткіштерінің өзгертілулеріне байланысы жоқ нақты және сапалық тозуын жою бойынша, қажеттілігі бойынша сындарлы элементтер мен инженерлік жабдықтар жүйелерінің ауыстырылуымен, құрылыстық және ұйымдастырушылық-техникалық шаралар кешені;
8) өтініш беруші (жеке тұлға) – өз атынан немесе отбасы мүшелерінің атынан тұрғын үй көмегін тағайындауға өтініш білдірген тұлға (әрі қарай өтініш білдіруші);
9) отбасының жиынтық табысы – тұрғын үй көмегін тағайындауға өтініш білдірген тоқсанның алдындағы тоқсанда отбасы алған кірістердің жалпы сомасы;
10) уәкілетті орган – "Саран қаласының жұмыспен қамту және әлеуметтік бағдарламалар бөлімі" мемлекеттік мекемесі (әрі қарай – уәкілетті орган);
11) шекті жол берілетін шығыстар үлесі – телекоммуникация желісіне қосылған телефон үшін абоненттік төлемақының, жалға алу ақысының ұлғаюы бөлігінде отбасының бір айда кондоминиум объектілерінің ортақ мүлкін күрделі жөндеуге және (немесе) күрделі жөндеуге қаражат жинақтауға арналған жарналарға, коммуналдық қызметтер мен байланыс қызметтерін тұтынуға жұмсалған шығыстарының шекті жол берілетін деңгейінің отбасының орташа айлық жиынтық кірісіне пайызбен қатынасы. Шекті жол берілетін шығыстар үлесі тұрғын үй көмегін көрсетудің өлшемі болып табылады.
2. Тұрғын үй көмегі отбасыларға (азаматтарға) төленеді:
1) жекешелендірілген тұрғын үй-жайларда (пәтерлерде) тұратын немесе мемлекеттік тұрғын үй қорындағы тұрғын үй-жайларды (пәтерлерді) жалдаушылар (қосымша жалдаушылар) болып табылатын отбасыларға (азаматтарға) кондоминиум объектісінің ортақ мүлкін күрделі жөндеуге және (немесе) күрделі жөндеуге қаражат жинақтауға арналған жарналарға, үйді ұстау шығындарын төлеуге;
2) тұрғын үйдің меншік иелері немесе пайдаланушылары (жалдаушылар) болып табылатын отбасыларға (азаматтарға) коммуналдық қызметтерді тұтынуға;
3) жергілікті атқарушы орган жеке тұрғын үй қорынан жалға алған тұрғын үйді пайдаланғаны үшін жалдау ақысын төлеуге;
4) байланыс саласындағы заңнамада белгіленген тәртіппен тұрғын үйдің меншік иелері немесе жалдаушылары (қосымша жалдаушылары) болып табылатын отбасыларға (азаматтарға) телекоммуникация желісіне қосылған телефон үшін абоненттік төлемақының ұлғаюы бөлігінде байланыс қызметтеріне.
Тұрғын үй көмегін есептеуге алынатын шығындар, жоғарыда көрсетілген бағыттардың әрқайсысы бойынша шығын сомасы ретінде анықталады.
Тұрғын үй көмегі, қызметтерді көрсетушілердің ұсынған есептері бойынша көрсетіледі.
3. Тұрғын үй көмегі Саран қаласы мен Ақтас кентінде тұрақты тұратын, осы тұрғын үйде тіркелген, оның меншік иелері немесе тұрғын үйді пайдаланушылар (жалдаушылар) болып табылатын тұлғаларға, егер кондоминиум объектілерінің ортақ мүлкін ұстауға, күрделі жөндеуге және (немесе) күрделі жөндеуге қаражат жинақтауға арналған жарналарға, коммуналдық қызметтерді тұтынуға, тұрғын үйді пайдаланғаны үшін жалға алу төлеміне тұрғын үй аумағының шекті шамасында, теңгерулік шамалармен қамтамасыз етілген жағдайда, бірақ алатын нақты жалпы аумағынан, кондоминиум объектілерінің ортақ мүлкін ұстауға, күрделі жөндеуге және (немесе) күрделі жөндеуге қаражат жинақтауға арналған жарналарға, коммуналдық қызметтерді тұтыну, жергілікті атқарушы орган жеке тұрғын үй қорынан жалға алған тұрғын үйді пайдаланғаны үшін жалға алу төлемақысына ақы төлеу шығындарының мөлшерлерінен аспайтын, сондай-ақ телекоммуникациялық қызметтер көрсеткені үшін абоненттік төлемақы тарифтерінің өсуі, отбасы бюджетінде осы мақсаттарға шекті жол берілетін шығыстар үлесінен асатын тұлғаларға беріледі.
Кондоминиум объектілерінің ортақ мүлкін ұстауға, күрделі жөндеуге және (немесе) күрделі жөндеуге қаражат жинақтауға арналған жарналарға, коммуналдық қызметтерді тұтынуға, жергілікті атқарушы орган жеке тұрғын үй қорынан жалға алған тұрғын үйді пайдаланғаны үшін жалға алу төлемақысына ақы төлеуге берілетін шектеулі шығындар үлесі, сондай-ақ телекоммуникациялық қызметтер үшін абоненттік төлемақы тарифтерінің өсуіне отбасының жиынтық кірісіне 10 % мөлшерде белгіленеді. Шектеулі шығындар үлесі аз қамтылған отбасыларға (азаматтарға) көмек көрсету өлшемі болып табылады.
2. Көрсетілетін тұрғын үй көмегінің мөлшерлерін анықтау
4. Тұрғын үй көмегі уәкілетті органдармен келесі тәртіпте беріледі:
1) өтемақымен қамтылған тұрғын үй алаңының нормалары отбасының әрбір мүшесіне ұсынылған тұрғын үй заңдар жинағымен бекітілген тұрғын үй нормаларына балама және көп бөлмелі пәтерлерде тұратын бір адамға шаққанда 18 шаршы метр, бір бөлмелі пәтерлерде тұратындар үшін – пәтердің жалпы алаңы. Жалғыз басты тұрып жатқан зейнеткерлер мен мүгедектер, көп бөлмелі пәтерлерде тұратындар үшін алаңның әлеуметтік нормасы - 40 шаршы метр, көп бөлмелі пәтерлерде тұратын жалғыз басты азаматтардың басқа санаттары үшін әлеуметтік нормасы - 30 шаршы метр;
2) нақты шығындар бойынша бір адамның баллонды газды тұтыну нормасы - айына 10 килограмнан артық емес мөлшерде;
3) қатты отынды тұтыну:
1 шаршы метр алаңды жылытуға (жылыту маусымын есепке алғанда) 1-2 қабатта салынған үйлер үшін 161 килограмм көмір, 3-5 қабатта салынған үйлер үшін 1 шаршы метр алаңды жылытуға (жылыту маусымын есепке алғанда) 98 килограмм көмір;
жылыту маусымының ұзақтығы - 7 ай;
тұрғын үй көмегін есептеу барысында статистика органдарының мәліметтері бойынша өткен тоқсандағы Саран қаласында қалыптасқан көмір бағасы пайдаланылады;
4) нақты шығындар бойынша отбасына электр қуатын 150 киловаттан артық емес мөлшерде тұтыну;
5) cуық суды, канализацияны, қоқыс төккішті және тұрғын үйді ұстауға арналған шығындарды тұтыну нормалары, басқару үлгісіне тәуелсіз (заңды басқарудың үлгісін рәсімдеген пәтер иелерінің кооперативі, өзін-өзі басқару комитеті, үй комитеттері және тағы басқа) қызмет берушілермен немесе тарифті бекітуші орган белгілейді.
5. Кондоминиум объектілерінің ортақ мүлкін күрделі жөндеуге және (немесе) күрделі жөндеуге қаражат жинақтауға арналған жарналарға, коммуналдық қызметтерді тұтыну, жеке тұрғын үй қорындағы жергілікті атқарушы орган жалға берген үйді пайдаланғаны үшін жалдау төлемі белгіленген мөлшерден жоғары, жалпы негізде жүргізіледі.
6. Телекоммуникациялық қызметтер көрсетілгені үшін төленетін абоненттік төлем тарифтері соммасының өсуі, Қазақстан Республикасының Үкіметі орнатқан тәртіпте, өтемақыға жатқызылады.
3. Тұрғын үй көмегін тағайындау және төлеу тәртібі
7. Тұрғын үй көмегі өкілетті органмен, жеке тұлғаларға олардың тіркелген жері бойынша тағайындалады.
8. Жеке меншігінде бірнеше үйі бар (пәтерлер, үйлер) немесе тұрғын үйлерін жалға беретін (жалдайтын) немесе жалдайтын отбасылар тұрғын үй көмегін алу құқықтарын жоғалтады.
9. Тұрғын үй көмегін келесі отбасылардың алуға құқығы жоқ, отбасында жұмыс істеуге қабілеті бар, бірақ еш жерде жұмыс істемейтін, оқымайтын, әскер қатарында қызмет етпейтін, уәкілетті органдарда жұмыссыздығы жөнінде тіркелмеген тұлғалары бар отбасылардың тұрғын үй көмегін алуға құқықтары жоқ.
Құқығы бар тұлғалар:
1) күтімді қажет етеді деп танылған мүгедектерге күтім жасаушылар;
2) сексен жастан асқан азаматтарға күтім жасаушылар;
3) туберкулездік, психоневрологиялық диспансерлерде, емдеу – профилактикалық мекемеде стационарлық немесе амбулаториялық емделудегі тұлғаларға;
4) үш жасқа дейінгі (бір немесе бірнеше) баланы тәрбиелеу және сондай-ақ төрт және одан да көп баланы бірінші сыныпты ең кіші баланың аяқтауына дейін (бірақ 9 жастан жоғары емес) тәрбиелеумен айналысатын тұлғаларға;
5) мемлекеттік арнайы жәрдемақы алушылар.
10. Дау-жанжал туған жағдайда, немесе сәйкес келмейтін, келіспеген жағдайда тұрғын үй көмегін тағайындау мәселесі сот арқылы шешіледі.
11. Тұрғын үй көмегі қолма-қол немесе қолма-қол ақысыз үлгіде беріледі. Қолма-қол ақысыз төлемнің үлгісі – бұл ақшалай қаражаттарды қызметтерді жеткізушілердің есеп шоттарына аудару, сондай–ақ кондоминиум объектілерін басқарушы органдардың есеп шоттарына (ағымдағы, жинақтаушы) аудару.
Тұрғын үй көмегінің сомасын коммуналдық қызметтерді жеткізушілердің есеп шоттарына аудару мүмкін болмаған жағдайда, (кәсіпорынның таратылуы, қайта құрылу, банктік реквизиттерінің өзгеруі, қатты отынды сатып алу төлемі, телекоммуникация желісіне қосылған телефон үшін абоненттік төлемнің көтерілуіне байланыс қызметтері) ол өтініш беруші қызметтерін пайдаланушы басқа жеткізушілердің арасында үлестіріледі немесе қолма-қол жолымен төленеді. Қолма-қол үлгісі ақшалай төлем түрінде белгіленеді, берілген операция түрін азаматтардың салымы бойынша есеп шоттарына аударуға Қазақстан Республикасының Ұлттық Банкінің лицензиясы бар, екінші деңгейдегі банктер мен ұйымдар арқылы жүзеге асырылады. Жеке шотын ашу үшін өтініш беруші келесі құжаттарды тапсырады:
1) салық төлеушінің тіркелу нөмірі;
2) әлеуметтік жеке коды;
3) екінші деңгейлі банкте, немесе Қазақстан Республикасының Ұлттық Банкінің лицензиясы бар ұйымдарда ашылған есеп шоты.
4. Тұрғын үй көмегін көрсету мерзімдері және кезеңділігі
12. Тұрғын үй көмегі тоқсан сайын табыстары туралы, коммуналдық шығындар мен берілген үйде тұрушылардың отбасы құрамы жайлы мәліметтерді бере отырып, өтініш берілген айдан бастап барлық қажетті құжаттармен бір жылға тағайындалады.
Тұрғын үй көмегін алушылардың қайта тіркелуі құжаттарды алғаш рет тапсырған рәсіміне сәйкес болады.
13. Тоқсан сайын табыстары туралы, коммуналдық шығындар мен отбасы құрамы жайлы мәліметтерді ұсынған отбасылар құжаттарды нақты тапсырған күнге тәуелсіз, тұрғын үй көмегін бір тоқсанға алады.
14. Ағымдағы тоқсан бойы табыстары туралы, коммуналдық шығындар мен отбасы құрамы жайлы мәліметтерді ұсынбаған отбасыларға, қандай да себепке қарамастан, тұрғын үй көмегін тағайындау құжаттар ұсынылған айдан бастап жүргізіледі.
15. Тұрғын үй көмегін алушылар он күннің ішінде өз үйінің жеке меншік үлгісінің, отбасы құрамы және жиынтық табысы өзгеруінің қандайда жағдайлары туралы уәкілетті органдарға хабарлауы қажет.
Тұрғын үй көмегінің аса жоғары немесе төмен сомасын тағайындауға әкеліп соқтырған, дұрыс емес ақпарат ұсынған жағдайда, көмекті тағайындау және төлеу оны тағайындау кезеңіне тоқтатылады, ал тұрғын үй көмегі түрінде алынған сомалар ерікті тәртіппен, бас тартқан жағдайда – сот тәртібінде қайтаруға жатады.
16. Коммуналдық қызметтердің тарифтері өзгерген жағдайда, көмекті тағайындау қайта бекітілген тариф бойынша өкілетті органға тарифтің өзгеруі туралы құжат берген айдан бастап тағайындалады.
17. Көмекке құқылыларды анықтау кезінде басқа қалаларда уақытша тұратыны тиісті құжаттармен дәлелденген тұлғалар (оқушылар, студенттер) есепке алынбайды.
5. Тұрғын үй көмегін өтіну және есептеу тәртібі
18. Тұрғын үй көмегін тағайындау үшін өтініш беруші уәкілетті органға немесе "Халыққа қызмет көрсету орталығы" мемлекеттік мекемесіне тұрған жері бойынша өтініш береді және мынадай құжаттарды ұсынады:
1) жеке басын куәландыратын құжаттың көшірмесі (жеке куәлігі, тұрғын үй түрі, азаматтығы жоқ тұлғаның куәлігі);
2) азаматтарды тіркеу кітабының көшірмесі;
3) тұрғын үйге құқық беретін құжаттың көшірмесі;
4) отбасы мүшелерінің қызметтері туралы деректер (еңбек кітапшасы, жұмыс орнынан анықтама, еңбек шарты, жұмыссыздарды жұмыспен қамту уәкілетті органынан анықтама тапсырады, салық басқармасынан жеке кәсіпкерлік қызметі туралы тіркелгені немесе тіркелмеуі туралы анықтама, мүгедектік тобын белгілеу туралы анықтама);
5) өтініш берушінің отбасылық жағдайын растайтын құжат:
неке қию туралы немесе некені бұзу туралы куәлік, өлім туралы куәлік, азаматтық хал актілер жазбасынан N 4 анықтама, жетпіс жастан асқан жалғыз басты тұлғалар қосылмайды;
6) тұрғын үйді ұстауға жұмсалатын шығындар туралы, коммуналдық қызметтер төлемдері бойынша есеп, тұрғын үй көлемінің жалпы ауданын растайтын техникалық төлқұжат, телекоммуникация желілерінің қызметін көрсету шарты немесе түбіртегі, жалпы және баллонды газды пайдалану есебі (түбіртек, анықтамалар), қатты отынды пайдалану (анықтамалар, есеп-фактуралар), жергілікті атқарушы органмен (тұрғын үй инспекциясымен) келісілген, пәтерлердің меншік иелері мен пайдаланушылардың (жалдаушылардың) жалпы жиналысында бекітілген кондоминиум объектісінің ортақ мүлкін күрделі жөндеудің жекелеген түрлерін жүргізуге арналған шығыстар сметасы негізінде кондоминиум объектісін басқару органы ұсынатын және мөрмен, кондоминиум объектісін басқару органы басшының қолымен расталған кондоминиум объектісінің ортақ мүлкін күрделі жөндеуге қаражат жинақтауға арналған ай сайынғы жарналардың мөлшері туралы шот;
7) отбасы мүшелерінің табыстары туралы анықтамалар;
8) жылжымайтын мүлікке тіркелген құқығы жоқтығы туралы анықтама (болуы).
Құжаттар түпнұсқада және салыстыру үшін көшірмелері беріледі, соңынан құжаттардың түпнұсқалары өтініш берушіге қайтарылады, ал көшірмелері жеке ісіне қосымшаланады.
19. Қажеттілігіне қарай уәкілетті орган тұрғын үй көмегін тағайындауға өтініш білдірген отбасының материалдық-тұрмыстық жағдайын тексеруге құқығы бар. Тексеру актісі тұрғын үй көмегін алушының жеке ісіне тіркеледі.
20. Тапсырылған құжаттарды қарастыру нәтижелері бойынша уәкілетті органмен тұрғын үй көмегін, өтініш берушіге өтіну шамалары бойынша беруге есептеулер жүргізіледі, тұрғын үй көмегін беруге арналған екі данадағы келісім-шарт жасалынады, оның біреуі тұрғын үй көмегін алушыда сақталады.
21. Мәліметтердің шындығына сенімсіздік туған жағдайда, уәкілетті орган тұрғын үй көмегін алуға үміткер туралы қажетті ақпарат сұрауға құқылы.
22. Көмек мөлшері кондоминиум объектілерінің ортақ мүлкін ұстауға, күрделі жөндеуге және (немесе) күрделі жөндеуге қаражат жинақтауға арналған жарналарға, коммуналдық қызметтерді және телекоммуникация желісіне қосылған телефон үшін абоненттік төлемақының, жергілікті уәкілетті органмен жеке тұрғын үй қорынан жалдап алынған тұрғын үйді пайдаланғаны үшін жалға алу ақысының арттырылуы бөлігінде, отбасының осы мақсаттарға шекті жол берілетін шығыстар үлесі мен деңгейінің айырмасы ретінде есептеледі.
Тұрғын үй көмегін есептеуге арналған коммуналдық қызметтер бойынша есептелген төлемдер коммуналдық қызметтерді жеткізушілермен тұрғын үй көмегін тағайындау кезеңіне қағаз және электрондық тасымал түрінде беріледі.
6. Тұрғын үй көмегін тағайындаудағы жиынтық табысты есептеу
23. Тұрғын үй көмегін алуға үміткер отбасының жиынтық табысын тұрғын үй көмегін тағайындауды жүзеге асыратын уәкілетті орган есептейді.
24. Отбасының жиынтық табысына, азаматтарды тіркеу кітабына сәйкес, тұрғылықты бір жерде тіркелген барлық тұлғалардың, тұрғын үй көмегін тағайындауға өтініш білдірген тоқсандағы, оның алдындағы тоқсандағы табыстары қосылады.
25. Отбасының жиынтық табысын есептегенде, құрамында өзгерістер болған отбасының, келген отбасы мүшесінің табысы тоқсанына, келесі тоқсаннан бастап есептеледі. Отбасы мүшесінің кеткен жағдайында, отбасының жиынтық табысы кеткендер табысының есебінсіз, кеткен немесе өлгеннен кейінгі айдан бастап есептеледі.
26. Отбасының жиынтық табысын есептеу кезінде тұрғын үй көмегіне өтініш берген тоқсанның, оның алдындағы тоқсандағы Қазақстан Республикасында және одан тыс жерлерде ақшалай немесе заттай түрде алынған табыстың барлық түрлерi есептеледі.
27. Егер отбасының бір мүшесі табыс есептелетін тоқсаннан аз уақыт жұмыс істесе, осы тоқсанда жұмыс істеген барлық уақыты отбасының жиынтық табысына есептеледі.
28. Бір тоқсаннан астам уақытқа төленуге тиесілі табыс бiр мезгілде алынған кезде (оның iшiнде еңбекақы бойынша берешектер, алимент, зейнетақы, жәрдемақылар), жиынтық табысқа есептiк кезеңде алынған табыстың барлық сомасы ескеріледі.
29. Шетелдiк валютада алынған табыс Қазақстан Республикасының бухгалтерлiк есепке алу және қаржылық есеп беру туралы заңнамасында және бухгалтерлiк есеп стандарттарында белгiленген тәртiппен валюта айырбастаудың нарықтық бағамы бойынша ұлттық валютаға қайта есептеледi.
30. Орташа жан басына шаққандағы табыс отбасының тоқсан ішіндегі жиынтық табысын отбасы мүшелерінің санына және үш айға бөлу жолымен есептеледі.
7. Отбасының жиынтық табысын есептеу кезiнде, есепке алынатын табыс түрлерi
31. Отбасының жиынтық табысын есептеу кезiнде, тоқсан ішіндегі, алдыңғы тоқсандағы алынған табыстың ақшадай немесе заттай формадағы кірістердің барлық түрі есепке алынады:
1) еңбекақысы түріндегі табыстар;
2) зейнетақылар, стипендиялар, жәрдемақылар және әлеуметтік төлемдер;
3) балаларға және асырауындағыларға төленетін алименттер түріндегі табыстар;
4) жеке қосалқы шаруашылықтан түскен кірістер;
5) жиынтық табысты есептегенде, ескерілетін басқа да табыстар.
32. Еңбекақы түрінде алынған сомалар есепке алынады:
1) жалақының барлық түрлерi, оның iшiнде кесiмдi, мерзiмдi, сондай-ақ ақшалай және заттай нысандағы сыйлық ақылар, қосымша ақылар, үстеме ақылар, (Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес жалақысы сақталатын кезеңге қызметкерге Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес төленетiн ақшалай соманы қоса алғанда, қаржыландыру көзiне қарамастан жалақысы сақталады) негізгі жұмыс орнында да, қосымша жұмыс орнында да;
2) демалыс уақытында сақталатын жалақы, сондай-ақ пайдаланылмаған еңбек демалысы үшiн ақшалай өтемақы;
3) ұйым (заңды тұлға) таратылған немесе жұмыс берушiнiң (жеке тұлғаның) қызметi тоқтатылған, қызметкерлер саны немесе штаты қысқартылған жағдайда жеке еңбек шартының бұзылуы кезiнде, Қазақстан Республикасының заңнамасында белгiленген мөлшерде төленетiн өтемақылар;
4) уақытша, маусымдық және қоғамдық жұмыстарды орындау кезеңiндегi жалақы;
5) маусымдық жұмыстармен айналысатын қызметкерлердің жалақысы оны алған кезеңнен бастап отбасының жиынтық табысына есептеледі. Жалақы болмаған кезеңде ол жиынтық табысқа есептелмейді;
6) сақтандыру агенттерi мен брокерлерге төленетiн комиссиялық сыйақы;
7) жалақы есептеу кезiнде ескерiлмейтiн және ұйым қаражатының есебiнен төленетiн (оқу демалысын төлеу, авторлық қаламақы, жаңалық ашу, өнер табыстары мен рационализаторлық ұсыныстары үшін сыйақы,) басқа да төлем түрлерi;
8) мерзiмдi қызметтегi әскери қызметшiлердiң ақшалай үлесiн қоспағанда, әскери қызметшiлердiң, оның iшiнде келiсiм-шарт бойынша қызмет өткерiп жүргендердiң және iшкi iстер органдарының қатардағы және басшы құрамдағы адамдарының, сондай-ақ соларға теңестiрiлген азаматтар санаттарының үстеме ақылары мен қосымша ақылары ескерiлген ақшалай үлесi;
9) шет елдерде жұмыс істейтін және отбасы құрамындағылардың жиынтық табысында, олардың еңбекақысы ұлттық ақшамен және шет ел ақшасымен есептеледі. Мұндайда, шет ел ақшасы қайта саналып, ұлттық валютаға отбасының жиынтық табысын есептеу кездегі Ұлттық Банкпен анықталған курс бойынша есептеледі;
10) егер Қазақстан Республикасының азаматы шет ел азаматымен некеде тұрса, ол отбасы құрамында болса, жұмыс істеуге немесе оқуға келсе, отбасының жиынтық табысы Қазақстан Республикасының азаматының кірісінен және Қазақстан Республикасынан алған шетел азаматының кірісінен ұлттық ақшамен, сондай-ақ шетел валютасы қайта саналып, ұлттық валютаға отбасының жиынтық табысын есептеу кездегі Ұлттық Банкпен анықталған курс бойынша есептеледі;
11) авторлық қаламақылар (шарттар болмаса) сондай-ақ рационализаторлық ұсыныстарға және өнер табыстарға, жаңалық ашуға төленген сыйақылар ай сайын отбасының жиынтық табысына қаламақы сомасын 12 айға бөлгендегі алынған мөлшері кіреді;
12) жабылған қарыздардың, несиелердің сомасы жиынтық табысқа енгізіледі және қарызды беру мерзіміне, қарыз берілген сәттен бастап бөлінеді (тең берілген соманы бөлшектеп қайтару және қарызды, несиені берген мерзімде);
13) жекеленген азаматтар, егер олар шартқа отырмай жұмыс істесе, олардың жиынтық табысы нақты еңбек ақысымен есептеледі. Мұндайда еңбек ақының заттай бөлігі нарық бағасымен ақша түрінде жиынтық табысқа енгізіледі. Өтініш беруші еңбек ақысын ерікті түрде көрсетеді, бірақ заңды түрде;
14) азаматтық – құқықтық шарттар (мердігерлік) бойынша жұмыстарды атқаратын тұлғалардың табысы шарттық қолданыс мерзіміне есептеледі. Түскен табыс жұмыстың орындалу шартында көрсетілген айлардың санына бөлінеді және жиынтық табыста есептік мерзімдегі айлары ескеріледі;
15) жиынтық табыста салық басқармасында тіркеуде тұрған, өздігінен жұмыспен қамтылған тұлғалардың, салық басқармасының анықтамасымен расталған табыстары есептеледі;
16) арнайы салықтық тәртіп шарттарында кәсіпкерлік қызметтермен айналысушы тұлғалардың табыстары, бір жолғы талон, патент, ықшамдалған декларация арқылы расталады;
17) жұмыс берушінің кінәсінен, бір айдан аса, бос уақыт төлемінсіз еңбекақысын сақтамай демалыста болған тұлғалардың жиынтық табысы ерікті тапсырылған табыстан есептеледі.
Еңбек төлемі түрінде алынған табыстар, олардың мөлшері туралы анықтамалармен расталады.
33. Зейнетақы, стипендиялар, жәрдемақылар және әлеуметтік төлемдер:
1) Қазақстан Республикасының заңдарында және өзге де нормативтiк құқықтық кесiмдерiнде белгiленген тәртiппен тағайындалатын зейнетақылардың барлық түрлерi, оларға өтемақы төлемдерi;
2) мүгедектiгi бойынша, асыраушысынан айырылу жағдайы бойынша және жасына байланысты берiлетiн мемлекеттiк әлеуметтiк жәрдемақылар;
3) арнаулы мемлекеттiк жәрдемақылар;
4) жерасты және ашық кен жұмыстарында, сондай-ақ еңбек жағдайлары ерекше зиянды және ауыр жұмыстарда iстеген адамдарға берiлетiн мемлекеттiк арнаулы жәрдемақылар;
5) қаржыландыру көзiне қарамастан, оқушыларға, студенттерге, аспиранттарға, докторанттарға, басқа да оқу орындарының тыңдаушыларына төленетiн шәкірт ақылар. Орташа білім алу жүйесінде, сондай-ақ жоғарғы және арнайы орташа білім алу жүйесінде күндізгі бөлімде, ақылы оқу түрінде шәкірт ақысыз оқитын студенттерге, жиынтық табысқа студенттің өз еркінен берген табысы есептеледі;
6) уақытша жұмысқа жарамсыздық бойынша (сонымен қатар бала күтiмi бойынша) берiлетiн жәрдемақылар;
7) жүктілік пен босану бойынша берілетін жәрдемақылар;
8) жергілікті өкілетті және атқарушы органдардың шешімі бойынша бюджеттен төленетін тұрақты төлемдер;
9) 1 топтағы мүгедектерге жеке көмекшіге әлеуметтік қызмет төлемдері;
10) алушының жазбаша өтініші бойынша жергілікті бюджеттен төленетін материалдық көмек және бір жолғы төлемдер;
11) әлеуметтік сақтандыру мемлекеттік қорынан төленетін әлеуметтік төлемдер;
12) жұмыс берушінің қаржысынан төленетін әлеуметтік қамтамасыз ету жәрдемақысы;
13) бала бiр жасқа толғанға дейiн оның күтiмiне берiлетiн мемлекеттiк жәрдемақылар;
14) мүгедек-баланы тәрбиелеушіге мемлекеттiк жәрдемақы.
Әлеуметтік төлемдер ретінде алынған табыстар, олардың мөлшері туралы анықтамалармен расталады.
34. Балаларға және асырауындағыларға алимент түріндегі табыстар:
1) алименттер, сондай–ақ алимент төлеушінің жалақысын қайта есептеуіне байланысты алынған алименттердің қосымша сомасы оларды алу уақыты бойынша жиынтық табыста есептеледі;
2) ата–аналар арасында неке бұзылған жағдайда тұрғын үй көмегі әкесінің (анасының) балаларына берген алиментін төлеу жағдайында тағайындалады. Алименттерді өндіріп алу туралы бас тартса, тұрғын үй көмегі отбасына берілмейді;
3) егер төлемші жұмыс істемесе, уәкілетті органда жұмыссыз болып тіркелсе, бостандығынан айыру орнында болса, немесе уақытша ұстау изоляторында болса, емделуде немесе туберкулез есебінде тұрса, психоневрологиялық диспансерлерде, емдеу-еңбек профилакторияларында болса, Қазақстан Республикасының сәйкесінше келісімі жоқ мемлекетке тұрақты мекен етуге кетсе немесе іздеу салынуда болса, сәйкесінше органдардың растаушы құжаттары негізінде, жазбаша өтінішін қоса отбасының жиынтық табысы алименттің есебінсіз есептеледі;
4) алименттер бойынша берешектер жиналған жағдайда, жиынтық табыс алиментсіз, берешекті анықтау туралы сот атқарушысының қаулысын қоса беріп есептеледі;
5) егер ерлі-зайыптылар арасындағы неке бұзылмаған болса, бірақ ерлі-зайыптылардың бірінен алимент өндірілетін болса, олардың біреуі отбасымен бірге тұрып жатқан болса, оның барлық табыстары жиынтық табысқа есептеледі. Ерлі-зайыптылардың жеке-жеке тұрып жатқан жағдайында, алимент отбасының жиынтық табысына есептеледі;
6) қамқорлық рәсімделген балаларға алимент төленбесе, жиынтық табыс ата–аналардан алынатын алименттер туралы анықтамасыз есептеледі;
7) балаларға және асырауындағыларға алынған алименттер, алиментті санау туралы ұйымдардың анықтамасымен, немесе алынған алиментті аудару туралы пошталық түбіртектермен, сондай-ақ алынған алименттер жайлы сот органдарының шешімі негізінде расталады.
35. Жеке қосалқы шаруашылықтан алынған табыстар:
1) жеке қосалқы шаруашылықтан (үй малын, құс өсіруден, ауыл шаруашылығы (гүл) өнімдерін өсіруден), саяжайлық танаптар табысынан басқа, түскен табыс жиынтық табыстың құрамына қосылады;
2) жиынтық табыста есепке алынатын жеке қосалқы шаруашылықтан, ауыл шаруашылығы (гүл) өнiмдерiн өсiруден, мал мен құс ұстаудан және өсiруден алынған табыс өтiнiш берушiнiң, қосалқы шаруашылығының болуы және мөлшерi туралы мәлiметтерiнiң негiзiнде әрбiр отбасы бойынша есептеледi;
3) жеке қосалқы шаруашылықтан алынған табысты уәкiлеттi орган осы ережеге 1, 2, 3 қосымшалардың негiзiнде есептейдi;
4) жеке қосалқы шаруашылықтың табысын есептегенде, Саран қаласының табиғи жағдайы бойынша құрғақ дала зонасына жататынын ескеру қажет;
5) жеке қосалқы шаруашылықта өсiрiлген гүл өнiмдерiн сатудан, сондай-ақ терiсi бағалы аңдар, ара, құс (тауықтан, қаздан, үйректен басқа) өсiруден алынған табыс жиынтық табысқа жазбаша өтiнiштiң негiзiнде қосылады;
6) бiр сотық жерден (бip бастан) өндiрiлген өнiмнiң құны өсiрiлетiн дақылдың орташа түсiмiн (жеке қосалқы шаруашылықта ұсталатын мал мен құстың орташа өнiмдiлiгiн) 1 кг өнiмнiң орташа бағасына көбейту жолымен, қосымшаға сәйкес айқындалады;
7) отбасының жиынтық табысын есептеуде, жеке қосалқы шаруашылықтың тоқсанына алынған табысы есептеледі. Отбасының жеке қосалқы шаруашылықтан тоқсанына алынған табысы, жеке қосалқы шаруашылықтың жылдық табысын төрт тоқсанға бөлу жолымен анықталады;
8) табысты есептеу үшiн алдыңғы күнтiзбелiк жылдың өсiмдiк шаруашылығы мен мал шаруашылығы өнiмдерiне Қарағанды облысында қалыптасқан, облыстық статистика органдары облыстық уәкiлеттi органға ұсынатын орташа жылдық бағалары пайдаланылады;
9) малды (құсты) сату кезiнде, жиынтық табысқа облыстық статистика органдарының деректерi бойынша тiрi мал нарығында қалыптасқан бағалар бойынша бiр жолғы табыс қосылады;
10) жиынтық табыс жұмыс малы (жылқы, түйе және басқалары) мен бiр жыл iшiнде төлдемеген малдан (мәселен, қысыр сиыр) түскен табыс ескерiлмей есептеледi. Жеке қосалқы шаруашылықта көрсетiлген мал бiр жылдан астам ұсталса, табыс ет бағытындағы малдан түскен табыс ретiнде есепке алынады;
11) өнiм бермейтiн жастағы (төл) үй малынан, құстан түсетiн табыс ол сыйға тартылған немесе өткiзiлген (сату, сою және тағы басқа) жағдайда ғана есепке алынады. Төлдiң құны отбасының жиынтық табысына тiрi мал нарығында қалыптасқан, облыстық статистика органдары ұсынған бағалар бойынша қосылады;
12) жеке қосалқы шаруашылықтың жеке нормативтік шығындарды есептеу карточкасы, отбасының жиынтық табысына есептелуі үшін, өтініш берушінің өзімен толтырылады.
36. Отбасының жиынтық табысын есептеу кезiнде мынадай өзге де табыстар есепке алынады:
1) жылжымайтын мүлiктi және көлiк құралдарын жалға беруден. Жылжымайтын мүлiктi және көлiк құралдарын жалға беруден ресми расталмаған табыстар бір айлық минималдық жалақыдан кем емес көлемде есептеледі;
2) жылжымайтын мүлiктi және көлiк құралдарын сатудан. Жылжымайтын мүлiктi және көлiк құралдарын сатудан түскен табыс, бір жолғы алған уақыты бойынша жалпы жиынтық табысқа қосылады;
3) жылжымайтын мүлiктi, көлiк құралдарын және басқа да мүлiктi сыйға тарту, мұрагерлiкке алу түрiнде алынған мүліктер;
4) конкурстарда, жарыстарда (олимпиадаларда), фестивальдарда, лотереялар, салымдар мен борышкерлiк бағалы қағаздар бойынша ұтыстарды қоса алғанда, ақшалай және (немесе) заттай түрдегi ұтыстар;
5) бағалы қағаздардан (дивидендтер);
6) шетелдiк валютаны өткiзуден;
7) асыл тастар мен қымбат бағалы металдарды, олардан жасалған зергерлiк бұйымдарды және құрамында асыл тастар мен қымбат бағалы металдар бар басқа да заттарды, сондай-ақ өнер туындыларын және антиквариат сатудан;
8) ақша салымдары бойынша сыйақы (мүдде);
9) ақшалай аударымдар;
10) туысқандарының және басқа да адамдардың ақшалай және заттай көмегiн (құн түрiнде) қоса алғанда, өзге де мәлiмделген табыс;
11) басқа жылжымайтын мүлiк (көлiк құралын) сатып алған жағдайда, жылжымайтын мүлiктi (көлiк құралын) сатудан алынған сома мен сатып алынған жылжымайтын мүлік (көлiк құралы) құнының арасындағы айырма отбасының жиынтық табысында есепке алынады.
Көрсетілген табыстар алынған уақыты бойынша есептелінеді және жазбаша өтінішпен расталады.
8. Отбасының жиынтық табысын есептегенде ескерілмейтін табыстардың түрлері
37. Отбасының жиынтық табысын есептеу кезiнде мыналар есепке алынбайды:
1) мемлекеттiк атаулы әлеуметтiк көмек;
2) тұрғын үй көмегі;
3) бала тууға жәрдемақы;
4) мемлекеттің мерекелік күндерге берген материалдық және заттай көмектері;
5) жеке iсiн ашуға материалдық көмек;
6) Саран қаласы мен Ақтас кентінің жекелеген азаматтарына, негізгі азық-түлік өнімдеріне бағалардың өсуіне байланысты, ай сайынғы әлеуметтік көмек;
7) 18 жасқа дейінгі балаларға мемлекеттік жәрдемақы;
8) жерлеуге бір жолғы жәрдемақы;
9) отбасында бірге тұрмайтын отбасының бір мүшесіне төленетін алименттер;
10) ақысыз немесе жеңілдетілген протездеу уақытында азаматтардың жол төлемі;
11) протездеу уақытында азаматтардың сақталуы;
12) азаматтардың елдi мекеннен тыс жерлерге емделуге жеңілдiкпен жол жүру құны;
13) Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес, көрсетілетін көмектердің заттай түрлері: дәрілiк препараттар, санаторийлiк-курорттық емдеу, протездік-ортопедиялық бұйымдар (жасау және жөндеу), жүрiп-тұру құралдары (кресло-арбалар) мен мүгедектерге бөлiнген басқа да сауықтыру құралдары, бiлiм алу кезеңiнде оқушыларды тегiн тамақтандыру;
14) ақшалай және заттай түрдегі (құндық бағадағы) қайырымдылық көмек;
15) төтенше жағдайлар салдарынан олардың денсаулығына және мүлкiне келтірілген зиянды өтеу мақсатында отбасына көрсетiлген көмек;
16) мемлекеттік бюджет есебінен мүгедектерге көрсетілетін, арнауландандырылған көлік арқылы көліктік қызмет көрсетуге материалдық (әлеуметтік) көмек;
17) мемлекеттік және мемлекеттік емес жинақтаушы зейнетақы қорынан алынатын зейнетақылық төлемдер;
18) қалалық қоғамдық көлікте (таксиден басқа) әлеуметтік жол жүру құны түрінде жекелеген азаматтарға берілетін әлеуметтік көмек;
19) үйде тәрбиеленіп және оқытылып жатқан мүгедек-балаларды материалдық қамтамасыз ету;
20) бөгде адамның көмегіне мұқтаждық етуші жалғыз басты бірінші, екінші топ мүгедектерін күтуге арналған мемлекеттік әлеуметтік жәрдемақыларға қосымша үстеме ақылар.
Саран қаласы мен Ақтас
кенті халқына тұрғын үй
көмегін көрсету Ережесіне
N 1 қосымша
Қуаң дала аймағындағы жеке қосалқы
шаруашылықтан түсетін табысты есептеудің
нормативтік карточкасы
Өсімдік шаруашылығының өнiмi
Өнiм |
1 сотық жерден алынатын орташа түсiмi, кг |
1 сотық жерден жұмсалған шығыстың орташа деңгейi, теңге |
1 кг өнiмнiң орташа бағасы, теңге |
1 сотықтан өндiрiлген өнiмнiң құны, теңге (2-бағ.х 4-бағ.) |
1 сотық жерден түскен табыс (+), шығыс (-), теңге (5-бaғ - 3-бағ.) |
1 |
2 |
3 |
4 |
5 |
6 |
Бидай |
20 |
268 |
|||
Арпа |
25 |
188 |
|||
Қарамық |
5 |
150 |
|||
Жүгерi (жасыл салмағы) |
100 |
128 |
|||
Көп жылдық шөптер |
15 |
91 |
|||
Бiр жылдық шөптер |
10 |
83 |
|||
Картоп |
70 |
1164 |
|||
Көкөнiстер |
80 |
1245 |
|||
Бақшалар |
115 |
518 |
|||
Шекілдеуiк бақтары (алма, алмұрт және басқалары) |
30 |
583 |
|||
Сүйектi жемiс бақтары (өрiк, қара өрiк және басқалары) |
22 |
514 |
|||
Жидек дақылдары |
23 |
819 |
|||
Жүзім |
22 |
595 |
Саран қаласы мен Ақтас
кенті халқына тұрғын үй
көмегін көрсету Ережесіне
N 2 қосымша
Мал шаруашылығының өнімi
Өнiм |
1 бастан алатын орташа өнімділік кг (л) |
1 басқа жұмсалған шығыстың орташа деңгейi, теңге |
1 кг өнiмнiң, (1 л, 10 дана жұмырт қаның) орташа бағасы, теңге |
1 бастан өндірілген өнімнің орташа бағасы теңге (2-бағ. х 4-бағ.) |
1 бастан түскен табыс (+), шығыс (-), теңге (5-бaғ - 3-бағ.) |
1 |
2 |
3 |
4 |
5 |
6 |
Сүтті iрi қара мал (сүт) |
1900 |
21034 |
|||
Eтті iрi қара мал (сиыр еті) |
179 |
16435 |
|||
Шошқалар (шошқа еті) |
110 |
9107 |
|||
Қойлар, ешкілер ет/жүн |
22/2,5 |
3042 |
|||
Жылқы (жылқы еті) |
124 |
7446 |
|||
Түйе (түйе еті) |
126 |
2979 |
|||
Жұмыртқалайтын құс (жұмыртқа) |
200 жұмыртқа |
728 |
|||
Етті құс (құс еті) |
2,5 |
489 |
Саран қаласы мен Ақтас
кенті халқына тұрғын үй
көмегін көрсету Ережесіне
N 3 қосымша
Азық-түліктік пайдаланылатын
үй малдары мен құстарының жасы
Малдардың түрi |
Өлшем бірлігі |
Өнiм беру жағдайына жеткен мал төлiнiң және құстардың жасы |
Iрi қара мал |
ай |
25 |
Қойлар мен ешкiлер |
ай |
12 |
Шошқалар |
ай |
10 |
Жылқылар |
ай |
16 |
Түйелер |
ай |
18 |
Жұмыртқалайтын құс |
күн |
195 |
Етті құс |
күн |
125 |
Саран қаласы мен Ақтас
кенті халқына тұрғын үй
көмегін көрсету Ережесіне
N 4 қосымша
Жеке қосалқы шаруашылығынан түсетiн табыс есебiнiң
тұрпатты жеке нормативтік карточкасы
Өтiнiш берушiнiң тегі, аты, әкесінің аты. Мекен-жайы.
Ауыл шаруашылығы дақылдарының, үй малдарының, құстарының түрлерi |
жер, сотық, мал басы, саны |
жылына түсетiн табыс нормативi, теңге |
жылына түсетiн табыстың барлығы, теңге |
бiр тоқсанда түсетiн табыстың барлығы, теңге |
Бидай |
||||
Арпа |
||||
Дәнi алынатын жүгерi |
||||
Күрiш |
||||
Қарамық |
||||
Картоп |
||||
Көкөністер |
||||
Бақшалар |
||||
Күнбағыс |
||||
Қант қызылшасы |
||||
Темекi |
||||
Шекiлдеуiк бақтары |
||||
Сүйектi жемiс бақтары |
||||
Жемiстер |
||||
Жүзiм |
||||
Көп жылдық шөп |
||||
Бiр жылдық шөп |
||||
Жасыл жемге берiлетiн жүгерi |
||||
Сүттi iрi қара мал |
||||
Еттi iрi қара мал |
||||
Шошқалар |
||||
Қойлар мен ешкілер |
||||
Жылқылар |
||||
Түйелер |
||||
Жұмыртқалайтын құс |
||||
Еттi құс |
||||
Барлығы: бiр жылғы табыс |
х |
х |
х |
|
Барлығы: бiр тоқсандағы табыс |
х |
х |
х |
20___ж. "__"_________ ____________________________
(өтiнiш берушiнiң қолы)
__________________________________________________________
(есепті жасаған адамның тегі, аты, әкесінің аты және қолы)