Саран қалалық мәслихатының 2009 жылғы 23 шілдедегі 16 сессиясының N 282 "Саран қаласының әлеуметтік тұрғыдан қорғалатын азаматтарына тұрғын үйді ұстауға, коммуналдық қызмет көрсету үшін тұрғын үй жәрдемақыларын беру және телекоммуникация қызметтерін көрсеткені үшін абоненттік төлемақы тарифінің көтерілуіне өтемақы төлеу Қағидаларын бекіту туралы" шешіміне өзгертулер еңгізу туралы

Күшін жойған

Қарағанды облысы Саран қаласы мәслихатының 20 сессиясының 2009 жылғы 20 қарашадағы N 342 шешімі. Қарағанды облысы Саран қаласының Әділет басқармасында 2009 жылғы 10 желтоқсанда N 8-7-94 тіркелді. Күші жойылды - Қарағанды облысы Саран қалалық мәслихатының 27 сессиясының 2010 жылғы 1 шілдедегі N 433 шешімімен

      Ескерту. Күші жойылды Қарағанды облысы Саран қалалық мәслихатының 27 сессиясының 2010.07.01 N 433 шешімімен.

      Қазақстан Республикасының 2001 жылғы 23 қаңтардағы "Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару және өзін-өзі басқару туралы", 1997 жылғы 16 сәуірдегі "Тұрғын үй қатынастары туралы" Заңдарына, Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2009 жылғы 14 сәуірдегі N 512 "Әлеуметтік тұрғыдан қорғалатын азаматтарға телекоммуникация қызметтерін көрсеткені үшін абоненттік төлемақы тарифінің көтерілуіне өтемақы төлеудің кейбір мәселелері туралы" Қаулысына сәйкес, Саран қалалық мәслихаты ШЕШТІ:
      1. Саран қалалық мәслихатының 2009 жылғы 23 шілдедегі 16 сессиясының N 282 "Саран қаласының әлеуметтік тұрғыдан қорғалатын азаматтарына тұрғын үйді ұстауға, коммуналдық қызмет көрсету үшін тұрғын үй жәрдемақыларын беру және телекоммуникация қызметтерін көрсеткені үшін абоненттік төлемақы тарифінің көтерілуіне өтемақы төлеу Қағидаларын бекіту туралы" шешіміне (нормативтік құқықтық актілер Реестрінде мемлекеттік тіркеу нөмірі 8–7-89, "Ваша газета" газетінде 2009 жылы 4 қыркүйекте N 36 жарияланған) келесі өзгертулер еңгізілсін: 20 тармақ жаңа редакцияда мазмұндалсын "Ақпараттың дұрыстығына күмән туындаған жағдайда, уәкілетті орган сұрау салуға құқықты, ал заңды және жеке тұлғалар тұрғын үй жәрдемақысын алуға үміткердің кірістері туралы мәлімет беруі қажет".
      2. Осы шешім Әділет органында мемлекеттік тіркеуден өткеннен соң, ресми жарияланғаннан кейін, күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа еңгізіледі.

      Сессия төрағасы                            К. Сатова

      Мәслихат хатшысы                           Р. Бекбанов

Егер Сіз беттен қате тапсаңыз, тінтуірмен сөзді немесе фразаны белгілеңіз және Ctrl+Enter пернелер тіркесін басыңыз

 

бет бойынша іздеу

Іздеу үшін жолды енгізіңіз

Кеңес: браузерде бет бойынша енгізілген іздеу бар, ол жылдамырақ жұмыс істейді. Көбінесе, ctrl-F пернелері қолданылады