Саран қаласының әлеуметтік тұрғыдан қорғалатын азаматтарына тұрғын үйді ұстауға, коммуналдық қызмет көрсету үшін тұрғын үй жәрдемақыларын беру және телекоммуникация қызметтерін көрсеткені үшін абоненттік төлемақы тарифінің көтерілуіне өтемақы төлеу Қағидаларын бекіту туралы

Күшін жойған

Қарағанды облысы Саран қаласы мәслихатының 16 сессиясының 2009 жылғы 23 шілдедегі N 282 шешімі. Қарағанды облысы Саран қаласы Әділет басқармасында 2009 жылғы 01 қыркүйекте N 8-7-89 тіркелді. Күші жойылды - Қарағанды облысы Саран қалалық мәслихатының 27 сессиясының 2010 жылғы 1 шілдедегі N 433 шешімімен

      Ескерту. Күші жойылды Қарағанды облысы Саран қалалық мәслихатының 27 сессиясының 2010.07.01 N 433 шешімімен.

      Қазақстан Республикасының "Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару және өзін-өзі басқару туралы" Заңына, Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2009 жылғы 14 сәуірдегі "Әлеуметтік тұрғыдан қорғалатын азаматтарға телекоммуникация қызметтерін көрсеткені үшін абоненттік төлемақы тарифінің көтерілуіне өтемақы төлеудің кейбір мәселелері туралы" N 512 қаулысына сәйкес, Саран қалалық мәслихаты ШЕШТІ:
      1. Саран қаласының әлеуметтік тұрғыдан қорғалатын азаматтарына тұрғын үйді ұстауға, коммуналдық қызмет көрсету үшін тұрғын үй жәрдемақыларын беру және телекоммуникация қызметтерін көрсеткені үшін абоненттік төлемақы тарифінің көтерілуіне өтемақы төлеу Қағидалары бекітілсін.
      2. Осы шешімнің қабылдануына байланысты, Саран қалалық мәслихатының төмендегі шешімдерінің күші жойылды деп танылсын:
      1) Қалалық мәслихаттың 2006 жылғы 22 желтоқсандағы 32 сессиясының "Аз қамтылған азаматтарға тұрғын үйді ұстауға, коммуналдық қызмет көрсету үшін тұрғын үй жәрдемақыларын беру және қалалық телекоммуникация желілерінің абоненттеріне телефон үшін абоненттік ақы тарифтерінің арттырылуына өтемақы беру Қағидаларын бекіту туралы" N 517 шешімі, (нормативтік құқықтық актілер Реестрінде мемлекеттік тіркеу нөмірі 8–7-36, "Ваша газета" газетінде 2007 жылы 10 ақпанда N 6 жарияланған);
      2) Саран қалалық мәслихатының 2007 жылғы 4 қыркүйектегі 1 сессиясының "Саран қалалық мәслихатының 2006 жылғы 22 желтоқсандағы 32 сессиясының "Аз қамтылған азаматтарға тұрғын үйді ұстауға, коммуналдық қызмет көрсету үшін тұрғын үй жәрдемақыларды беру және қалалық телекоммуникация желілерінің абоненттеріне телефон үшін абоненттік ақы тарифтерінің арттырылуына өтемақы беру Қағидасын бекіту туралы" N 517 шешіміне өзгертулер мен толықтырулар енгізу туралы" N 27 шешімі (нормативтік құқықтық актілер Реестрінде мемлекеттік тіркеу нөмірі 8-7-49, "Ваша газета" газетінде 2007 жылы 6 қазанда N 40 жарияланған);
      3) Саран қалалық мәслихатының 2007 жылғы 22 қазандағы 2 сессиясының "Саран қалалық мәслихатының 2006 жылғы 22 желтоқсандағы 32 сессиясының "Аз қамтылған азаматтарға тұрғын үйді ұстауға, коммуналдық қызмет көрсету үшін тұрғын үй жәрдемақыларды беру және қалалық телекоммуникация желілерінің абоненттеріне телефон үшін абоненттік ақы тарифтерінің арттырылуына өтемақы беру Қағидасын бекіту туралы" N 517 шешіміне өзгертулер енгізу туралы" N 36 шешімі (нормативтік құқықтық актілер Реестрінде мемлекеттік тіркеу нөмірі 8-7-51, "Ваша газета" газетінде 2007 жыл 1 желтоқсан N 48 жарияланған).
      4) Саран қалалық мәслихатының 2008 жылғы 9 қазандағы 8 сессиясының "Саран қалалық мәслихатының 2006 жылғы 22 желтоқсандағы 32 сессиясының "Аз қамтылған азаматтарға тұрғын үйді ұстауға, коммуналдық қызмет көрсету үшін тұрғын үй жәрдемақыларын беру және қалалық телекоммуникация желілерінің абоненттеріне телефон үшін абоненттік ақы тарифтерінің арттырылуына өтемақы беру Қағидасын бекіту туралы" N 517 шешіміне өзгертулер мен толықтырулар енгізу туралы" N 162 шешімі (нормативтік құқықтық актілер Реестрінде мемлекеттік тіркеу нөмірі 8-7-70, "Ваша газета" газетінде 2008 жыл 1 қараша N 44 жарияланған).
      3. Осы шешім әділет органында мемлекеттік тіркеуден өткеннен соң, он күннен кейін, қалалық "Ваша газета" газетінде ресми жарияланғаннан кейін күшіне енеді.

      Сессия төрағасы                            В. Закамолкин

      Мәслихат хатшысы                           Р. Бекбанов

Саран қалалық мәслихатының
2009 жылғы 23 шілдедегі
16 сессиясының N 282 шешімімен
бекітілген

Саран қаласының әлеуметтік тұрғыдан қорғалатын азаматтарына тұрғын үйді ұстауға, коммуналдық қызмет көрсету үшін тұрғын үй жәрдемақыларын беру және телекоммуникация қызметтерін көрсеткені үшін абоненттік төлемақы тарифінің көтерілуіне өтемақы төлеу
Қағидалары

      Осы Қағидалар Қазақстан Республикасының "Тұрғын үй қатынастары туралы" Заңына, Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2009 жылғы 14 сәуірдегі "Әлеуметтік тұрғыдан қорғалатын азаматтарға телекоммуникация қызметтерін көрсеткені үшін абоненттік төлемақы тарифінің көтерілуіне өтемақы төлеудің кейбір мәселелері туралы" N 512 қаулысына сәйкес әзірленген.

1. Жалпы ережелер

      1. Тұрғын үй жәрдемақысы - тұрғын үйді ұстауға, коммуналдық қызметті тұтыну, төлем шығындарын қайтару үшін, сондай-ақ қалалық телекоммуникация желілерінің абоненттеріне телефон үшін абоненттік ақы тарифтерінің арттырылулары бойынша тұрғындардың әлеуметтік қорғалатын азаматтарға берілетін өтемақы.
      2. Тұрғын үй жәрдемақысы тұрғылықты мекен-жайда тұрақты тұратын адамдарға мынандай жағдайда, егер тұрғын үйді күтіп ұстау мен коммуналдық қызметті тұтыну төлеміне шыққан шығын тұрғын үй алаңының мөлшері шегінде болса, нақты тұратын жалпы алаң көлемінен жоғары болмай және осы мақсатқа жіберілетін шығындар шегіндегі үлестен артпайтын отбасы бюджетінің коммуналдық қызметті тұтыну мен тұрғын үйді ұстауға, сонымен қатар қалалық телекоммуникация желілерінің абоненттеріне телефон үшін абоненттік ақы тарифтерінің арттырылуына шыққан шығындар мөлшерлері болса ғана беріледі. Тұрғын үйді күтіп ұстауға және тұтынған коммуналдық қызметтер төлеміне шыққан шығындар шегіндегі үлесі 10% мөлшерінде отбасының жиынтық табысымен белгіленеді
      3. Осы Ережелерде келесі түсініктер қолданылады:
      1) өтініш беруші (жеке тұлға) – тұлға, өз атынан немесе отбасы мүшелерінің атынан тұрғын үй жәрдемақысын тағайындауға қатынасқан (әрі қарай өтініш білдіруші);
      2) бірлесіп тұрып жатқан және бір мекен-жайда тіркелген некелестік, туыстық, асырап алушылық немесе басқа нысандағы балаларды тәрбиесіне қабылдаған, мүліктік немесе жеке мүліктік емес ережелер және міндеттер арқылы байланыстағы отбасылар – тұлғалар шеңбері (немесе жалғыз тұрып жатқан тұлға);
      3) жиынтық табыс – отбасымен алынған, ақшалай да, натуралды нысандағы жалпы табыс соммасы;
      4) тұрғын үй жәрдемақысын тағайындау бойынша өкілеттік орган – қаланың жергілікті орындаушы органы (бұдан әрі - өкілетті орган).

2. Көрсетілетін тұрғын үй жәрдемақысының мөлшерін анықтау

      4. Тұрғын үй жәрдемақысы өтініш берушінің тұрғылықты жері бойынша уәкілетті органдарымен келесі мөлшерде беріледі:
      1) өтемақымен қамтылған тұрғын үй алаңының нормалары тұрғын үй нормаларымен бекітілген (18 шаршы метр) отбасының әр бір мүшесіне ұсынылған тұрғын үй нормаларына балама, көп бөлмелі пәтерлерде тұратын жалғызілікті зейнеткерлер мен мүгедек азаматтар үшін - 40 шаршы метр, басқа санаттар үшін көп бөлмелі пәтерлерде тұратын жалғыз басты азаматтарға -30 шаршы метр;
      2) бір адамның газды тұтыну нормасы, орталықтан берілетін ыстық су болса да, болмаса да – 10 килограмм;
      3) қатты отынды тұтыну:
      1 шаршы метр алаңды жылытуға бір жылды есепке алғанда – 1-2 қабатта салынған үйлер үшін 346 килограмм, 3-4 қабатта салынған үйлер үшін 225 килограмм, 5 қабатты салынған үйлерге 134 килограмм (жылу беру мерзімі 7 айға есептегенде);
      Тұрғын үй жәрдемақысын есептегенде, статистика органдарының мәліметтері бойынша өткен тоқсандағы Саран қаласында қалыптасқан көмір бағасы пайдаланылады.
      4) айғақтық шығын бойынша отбасына электр қуатын - 150 киловаттан артық емес мөлшерде тұтыну;
      5) cуық суды, канализацияны, ыстық суды, қоқыс төккішті, эксплуатациялық шығындарды тұтыну нормалары қандай да заңды басқару формасында болса да тарифті бекітетін органмен белгіленеді.
      5. Тұрғын үй төлемі мен коммуналдық қызметке белгіленген мөлшерден жоғары тұтыну жалпы негізде жүргізіледі.
      6. Телекоммуникациялық қызметтер көрсетілгені үшін төленетін абоненттік төлем тарифтері соммасының көтерілуі, Қазақстан Республикасы Үкіметі орнатқан тәртіпте, өтемақыға жатқызылады.

3. Тұрғын үй жәрдемақыларды тағайындау және төлеу тәртібі

      7. Тұрғын үй жәрдемақылары өкілетті органмен, жеке тұлғаларға тіркелген жері бойынша тағайындалады.
      8. Жеке меншігінде бірнеше үйі бар (пәтер, үй) немесе тұрғын үйлерін жалға беретін (жалдайтын) немесе жалдайтын отбасылары тұрғын үй жәрдемақысын алуға құқықтарын жоғалтады.
      Жергілікті өкілетті органдар шешімі бойынша коммуналдық қызметтер төлеміне материалдық көмек алатын тұлғалар тұрғын үй көмегін алуға немесе таңдауға, немесе жергілікті өкілетті органдар шешімі бойынша көмек алуға құқықты.
      9. Егер де күтімді қажет етеді деп танылған он сегіз жастан асқан азаматтарға және мүгедектерге күтім жасайтын, үш жасқа дейінгі баланы тәрбиелеу (бір немесе бірнешеу) және сондай-ақ төрт және одан да көп баланы - бірінші сыныпты ең кіші баланың аяқтауына дейін (бірақ 9 жастан жоғары емес) тәрбиелеумен айналысатын адамдарды есепке алмағанда отбасында жұмыс істеуге қабілеті бар адамдар тұрса, еш жерде жұмыс істемейтін, оқымайтын, әскер қатарында қызмет етпейтін, жұмыспен қамту органдарында жұмыссыздығы жөнінде тіркелмеген адамдардың тұрғын үй жәрдемақысын алуға құқықтары жоқ.
      10. Дау-жанжал туған кезде немесе сәйкес келмейтін жағдайлар болған кезде тұрғын үй жәрдемақысы туралы мәселені шешу үшін уәкілетті орган жанындағы арнайы комиссияның қарауына енгізіледі. Комиссия шешімімен келіспеген жағдайда жәрдемақыға үміткер тұлға оны сот арқылы шешіп алуға құқығы бар.
      11. Тұрғын үй жәрдемақысы қолма-қол немесе қолма-қол ақысыз беріледі. Қолма-қол ақысыз төлемнің үлгісі – бұл тұрғын үй жәрдемақысының тең соммасына тұрғын үй және коммуналдық қызметтерді ұстауға төлемді азайтады. Тұрғын үй жәрдемақысының соммасы коммуналдық қызметтерді жеткізушіге аударылады.
      Қолма-қол үлгісі ақшалай төлем түрінде, Қазақстан Республикасының Ұлттық банкінің лицензиясы бар, екінші кезеңдегі банктер мен ұйымдар арқылы жүзеге асырылады. Берілген операция түрі азаматтардың салымы бойынша есеп шоттарына аудару жолымен жүзеге асырылады.
      12. Тұрғын үй жәрдемақылары төлемдерін қаржыландыру бюджет қаражаты есебінен жүргізіледі.

4. Тұрғын үй жәрдемақыларды беру мерзімдері

      13. Тұрғын үй жәрдемақылары тоқсан сайын отбасы құрамы және табыстары туралы, коммуналдық шығындар мен берілген үйде тұрушылардың отбасы құрамы жайлы мәліметтерді бере отырып, өтініш берілген айдан бастап барлық қажетті құжаттармен бір жылға тағайындалады.
      Тұрғын үй жәрдемақысын алушылардың қайта тіркелуі құжаттарды алғаш рет тапсырған рәсіміне сәйкес болады.
      Тоқсан сайын отбасы құрамы және табыстары туралы мәліметтерді ұсынған отбасылар құжаттарды нақты тапсырған күннен бастап емес, тұрғын үй жәрдемақысын бір тоқсанға алады.
      Ағымдағы тоқсан бойы отбасы құрамы және табыстары туралы мәліметтерді ұсынбаған отбасылар, себебіне қарамай, тұрғын үй жәрдемақыларды есептеу құжаттар ұсынылған айдан бастап жүргізіледі.
      14. Тұрғын үй жәрдемақсын алушылар он бес күннің ішінде тұрғын үй жәрдемақсын алу құқығына және мөлшеріне әсер ететін қандайда жағдайлар жөнінде, өз үйінің жекеменшік нысанының өзгеруі, отбасы құрамы және жиынтық табысы туралы уәкілетті органдарға хабарлауы керек.
      Өтем жоғары немесе төмен тағайындалуына әкелген, дұрыс емес ақпарат ұсынған отбасы(тұлға) бір жыл бойы жәрдемақы алу құқығынан айрылады, ал тұрғын үй жәрдемақысы түрінде алынған сома заңнамада белгіленген тәртіппен қайтаруға жатады.
      15. Тұрғын үйді ұстауға және коммуналдық қызмет ақысын төлеуге рұқсат етілетін шығындар шегінің үлесі, коммуналдық қызметтердің тарифтері өзгерген жағдайда бұрында тағайындалған жәрдемақылар тиісті өзгерістер болған айда өкілетті органға мәлімет берген уақыттан бастап қайта тағайындалады.
      16. Жәрдемақыға құқылыларды анықтау кезде басқа қалаларда уақытша тұратыны тиісті құжаттармен дәлелденген адамдар (оқушылар, студенттер) есепке алынбайды.

5. Тұрғын үй жәрдемақыларын өтіну және есептеу тәртібі

      17. Тұрғын үй жәрдемақыларын тағайындау үшін өтініш беруші тұрғылықты жері бойынша уәкілетті органға немесе Халыққа қызмет көрсету орталығына келесі құжаттармен өтінеді:
      1) тұрғын үй жәрдемақысын тағайындау туралы өтініш;
      2) жеке басын куәландыратын құжат;
      3) Қазақстан Республикасы ұлттық банкінің лицензиясы бар, екінші деңгейлі банктер мен ұйымдарда ашылған жеке есеп шоты, (көшірмесі);
      4) салықтық тіркеу нөмірі (көшірмесі);
      5) отбасы мүшелерінің қызмет түрі жөнінде мәлімет (еңбек кітапшасының көшірмесі (бұрынғы жұмыс орны туралы мәлімет), еңбек шартының көшірмесі, өтініш берушінің және отбасы мүшелерінің табыстары жайлы анықтама, оқу орнынан анықтама және басқалар);
      6) жұмыссыздар тұрғылықты жер бойынша жұмыспен қамту мәселесі жөніндегі уәкілетті органның анықтамасын тапсырады;
      7) дәрігерлік - әлеуметтік сараптама қорытындысы;
      8) отбасы құрамын (азаматтарды тіркеу кітабы) және тіркеуін, мекен жайын растайтын құжат;
      9) тұрғын үйге құқығын анықтайтын құжаттардың көшірмесі (ордер, тұрғын үйді жекешелендіру туралы шарт, сату-сатып алу шарты, сыйға беру шарты, мұрагерлік құқығы туралы куәлік, жалдау (жалға алу) шарты, пәтердің меншік құқығын тану жөніндегі сот шешімі, тіркеулік куәлігі, пәтердің техникалық төлқұжаты және басқалар);
      10) өтініш берушінің отбасы жағдайын анықтайтын құжат (неке туралы немесе некені бұзу туралы, өлгені туралы куәлік, N 4 нысандағы азаматтық жағдайы жазбасынан анықтама, жалғызбасты 65 жастан асқан адамдарды қоспағанда);
      11) тұрғын үйді ұстау бойынша, коммуналдық қызметтер мен телекоммуникация қызметтерінің түбіртектері немесе шарты, архитектура бөлімінен орталықтандырылған жылудың жоқтығы мен пешпен жылынатын үйге берілген анықтама;
      12) тіркелген жылжымайтын мүліктерге құқының жоқтығы жайлы (арнайы комиссия шешімі бойынша, қажеттілігі жағдайында) анықтама;
      Құжаттың түпнұсқасы мен көшірмесі салыстырып тексеру үшін тапсырылады, одан соң түпнұсқа өтініш берушіге қайтарылып беріледі.
      Құжатты қабылдаған тұлға, құжаттарды қабылдағаны туралы талон береді.
      18. Қажеттілігіне қарай уәкілетті орган тұрғын үй жәрдемақысын тағайындауға өтініш білдірген отбасының материалдық-тұрмыстық жағдайын тексеруге құқығы бар (арнаулы комиссияның тапсырысы бойынша). Тексеру актісі тұрғын үй жәрдемақысын алушының жеке ісіне тіркеледі.
      19. Тапсырылған құжаттарды қарау нәтижесінде өкілетті органмен ай сайын тұрғын үй жәрдемақысын, өтініш берушіге өтіну шаралары бойынша беруге есептеулер жүргізіледі.
      20. Ақпараттың дұрыстығына күмән туындаған жағдайда, уәкілетті орган сұрау салуға құқықты, ал заңды және жеке тұлғалар тұрғын үй жәрдемақысын алуға үміткердің кірістері туралы мәлімет беруі қажет.
      Ескерту. 20 тармақ жаңа редакцияда - Қарағанды облысы Саран қаласы мәслихатының 2009.11.20 N 342 шешімімен (қолданысқа енгізілу тәртібін 2-тармақты қараңыз).
      21. Жәрдемақы мөлшері тұрғын үйді ұстауға және коммуналдық қызметті пайдалануға тұрғын үй жәрдемақысын алушының қалалық телекоммуникация желісінің абоненттеріне телефон үшін абоненттік ақы тарифтерінің арттырылуына төлем мен тұрғын үй жәрдемақы алуға үміткер отбасылардың шығындар деңгейінің айырмасы ретінде есептеледі.
      Қызмет көрсетушілер тұрғын үй жәрдемақысын есептегенде коммуналдық қызметтерге белгіленген төлемдерді, тұрғын үй жәрдемақысын тағайындау мерзіміне анықтама немесе электронды түрде ұсынады.

6. Тұрғын үй жәрдемақысын тағайындаудағы жиынтық табысты есептеу

      22. Тұрғын үй жәрдемақысын алуға үміткер отбасының жиынтық табысын тұрғын үй жәрдемақысын тағайындауды жүзеге асыратын уәкілетті орган есептейді.
      23. Отбасының жиынтық табысын есептегенде отбасы құрамында бірге тұратын, шаруашылықты бірге жүргізетін және тұрғылықты бір жерде тіркелген барлық мүшелері, тоқсанына, кейінгі тоқсандағы алдындағы тоқсандағы тұрғын үй жәрдемақысын тағайындауга өтініш білдіргендер ескеріледі.
      24. Отбасының жиынтық табысын есептегенде, құрамында өзгерістер болған отбасының, келген отбасы мүшесінің табысы тоқсанына, келесі тоқсаннан бастап есептеледі. Отбасы мүшесінің кеткен жағдайында, отбасының жиынтық табысы кеткендер табысының есебінсіз, кеткен немесе өлгеннен кейінгі айдан бастап есептеледі.
      25. Отбасының жиынтық табысын есептеу кезінде тұрғын үй жәрдемақсына өтініш берген тоқсанның Қазақстан Републикасында және одан тыс жерлерде ақшалай немесе заттай түрде алынған табыстың барлық түрлерi есептеледі.
      26. Егер отбасының бір мүшесі табыс есептелетін тоқсаннан аз уақыт жұмыс істесе, осы тоқсанда жұмыс істеген барлық уақыты отбасының жиынтық табысына есептеледі.
      27. Бір тоқсанан астам уақытқа төленуге тиесілі табыс бiр мезгілде алынған кезде (оның iшiнде жалақы, алимент, зейнетақы, жәрдемақылар және т.б. бойынша берешектер) жиынтық табысқа есептiк кезеңде алынған табыстың барлық соммасы тоқсанына, алдындағы тоқсандағы тұрғын үй жәрдемақысын тағайындауға есептеледі.
      28. Шетелдiк валютада алынған табыс Қазақстан Республикасының бухгалтерлiк есепке алу және қаржылық есеп беру туралы заңнамасында және бухгалтерлiк есеп стандарттарында белгiленген тәртiппен валюта айырбастаудың нарықтық бағамы бойынша ұлттық валютаға қайта есептеледi.
      29. Орташа жан басына шаққандағы табыс отбасының тоқсан ішіндегі жиынтық табысын отбасы мүшелерінің санына және үш айға бөлу жолымен белгіленеді.

7. Отбасының жиынтық табысын есептеу кезiнде есепке алынатын табыс түрлерi

      30. Отбасының жиынтық табысын есептеу кезiнде Қазақстан Республикасында және одан тыс жерлерде есептi кезеңде алынған табыстың мынадан басқа барлық түрлерi тоқсанына, алдындағы тоқсандағы тұрғын үй жәрдемақысын тағайындауға есепке алынады:
      Отбасының жиынтық табысында мыналар есепке алынбайды:
      1) мемлекеттiк атаулы әлеуметтiк көмек;
      2) тұрғын үй жәрдемақысы;
      3) жерлеуге арналған бiр жолғы жәрдемақы;
      4) бала тууына байланысты берiлетiн бiр жолғы мемлекеттiк жәрдемақы;
      5) жеке iсiн ашуға және (немесе) жеке қосалқы шаруашылықты дамытуға арналған материалдық көмек;
      6) отбасы мүшелерінің бipeуi осы отбасында тұрмайтын адамдарға төлейтiн алимент;
      7) азаматтардың тегiн немесе жеңiлдiкпен протездеуге бару жолына ақы төлеу;
      8) протездеу уақытында азаматтарды ұстау;
      9) азаматтардың елдi мекеннен тыс жерлерге емделуге тегiн немесе жеңілдiкпен жол жүру құны;
      10) Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес: дәрілiк препараттар, санаторийлiк-курорттық емдеу, протездік-ортопедиялық бұйымдар (жасау және жөндеу), жүрiп-тұру құралдары (кресло-арбалар) мен мүгедектерге бөлiнген басқа да сауықтыру құралдары, бiлiм алу кезеңiнде оқушыларды тегiн тамақтандыру түрiнде көрсетiлген заттай көмек түрлерi.
      11) ақшалай және заттай түрдегі (құндық бағадағы) қайырымдылық көмек;
      12) төтенше жағдайлар салдарынан олардың денсаулығына және мүлкiне келтірілген зиянды өтеу мақсатында отбасына көрсетiлген көмек.
      13) мемлекеттік бюджет есебінен көрсетілетін, қала ішіндегі көліктерде жүріп-тұруға, мүгедектерге мамандандырылған көлік арқылы көліктік қызмет көрсету материалдық (әлеуметтік) көмектері;
      14) мемлекетпен мерекелік күндерде көрсетілетін, материалдық және заттай көмектері;
      15) жергілікті бюджет есебінен, көмек алушының жазбаша өтініші бойынша көрсетілетін, бір жолғы төлемдер мен материалдық көмектер;
      16) жинақтаушы зейнетақы қорынан алынатын төлемдер.
      17) бағаның өсуіне байланысты әлеуметтік көмек.
      31. Балаларға және басқа асырауындағыларға арналған алимент жиынтық табыс құрамында есепке алынады:
      1) тұрғын үй жәрдемақысы, ата – анасының арасындағы некені бұзу барысында, екеуінің бірі балаларға алимент төлейтін жағдайда ғана тағайындалады. Алимент алудан бас тартқан жағдайда, отбасы жәрдемақы алу құқынан айырылады.
      Алимент бойынша қарыздары болған жағдайда, жиынтық табыс сот орындаушының алименттік қарызды анықтау туралы қаулысын ұсыну арқылы, алимент есебінсіз есептеледі;
      2) алимент төлеушінің жалақысынан қайта есептеуіне байланысты алынған, алимент, сондай-ақ алименттің қосымша соммалары, оларды алу мерзімі бойынша жиынтық табыста есептеледі;
      3) асыранушыларға алимент төлеуге міндетті тұлғаның мекен-жайын білмегендіктен, тұлғалардың алимент өндіруге мүмкіндігі болмаған жағдайда, берілген тұлғаға іздеу салу туралы сәйкесінше органның құжаттары бойынша отбасының жиынтық табысы есептеледі;
      4) егер ерлі-зайыптылар арасындағы неке бұзылмаған болса, бірақ ерлі-зайыптылардың бірінен алимент өндірілетін болса, берілген ерлі-зайыптылардың отбасымен бірге тұрып жатқан болса, оның табыстары жиынтық табысқа барынша есептеледі. Ерлі-зайыптылардың жеке-жеке тұрып жатқан жағдайында, алимент отбасының жиынтық табысына есептеледі;
      5) егер, төлеуші жұмыс істемесе және жұмыссыз ретінде өкілетті органда тіркеуде тұрса, бас бостандығынан айыру орындарында, немесе уақытша ұстау изоляторында, туберкулездік емдеудің стационарында немесе емханасында болса, психоневрологиялық диспансерлерде, емдеу-профилактикалық мекемеде, Қазақстан Республикасының сәйкесінше келісімі жоқ мемлекетке тұрақты мекен етуге кетсе немесе іздеу салынуда болса, сәйкесінше органдардың растаушы құжаттары негізінде отбасының жиынтық табысы алименттің есебінсіз есептеледі;
      Балаларға және басқа асыранушыларға алынған алименттер, алиментті санау туралы ұйымдардың анықтамасымен, немесе алынған алиментті аудару туралы пошталық түбіртектермен, сондай-ақ алынған алименттер жайлы сот органдарының шешімі негізінде расталады.
      32. Жиынтық табысты есептеу кезiнде, еңбекақы түрінде алынған табыстар есепке алынады:
      1) жұмыс берушінің есептеген барлық суммалары;
      2) жұмыс берушi еңбекақы ретiнде есептеген, атап айтқанда: жалақының барлық түрлерi, оның iшiнде кесiмдi, мерзiмдi, сондай-ақ ақшалай және заттай нысандағы сыйлықақылар, қосымша ақылар, үстемеақылар (Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес жалақысы сақталатын кезеңге қызметкерге Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес төленетiн ақшалай соманы қоса алғанда, қаржыландыру көзiне қарамастан жалақысы сақталады), негізгі жұмыс орнында да, қосымша жұмыс орнында да;
      3) демалыс уақытында сақталатын жалақы, сондай-ақ пайдаланылмаған еңбек демалысы үшiн ақшалай өтемақы;
      4) ұйым (заңды тұлға) таратылған немесе жұмыс берушiнiң (жеке тұлғаның) қызметi тоқтатылған, қызметкерлер саны немесе штаты қысқартылған жағдайда жеке еңбек шартының бұзылуы кезiнде, Қазақстан Республикасының заңнамасында белгiленген мөлшерде төленетiн өтемақылар;
      5) уақытша, маусымдық және қоғамдық жұмыстарды орындау кезеңiндегi жалақы;
      6) Маусымдық жұмыстармен айналысатын қызметкерлердің жалақысы оны алған кезеңнен бастап отбасының жиынтық табысына есептеледі. Жалақы болмаған кезеңде ол жиынтық табысқа есептелмейді;
      7) сақтандыру агенттерi мен брокерлерге төленетiн комиссиялық сыйақы;
      8) жалақы есептеу кезiнде ескерiлмейтiн және ұйым қаражатының есебiнен төленетiн (оқу демалысын төлеу, авторлық қаламақы, ашылғаны үшін сыйақы, ойлап шығару мен рационализациялық ұсыныстар) басқа да төлем түрлерi;
      9) мерзiмдi қызметтегi әскери қызметшiлердiң ақшалай үлесiн қоспағанда, әскери қызметшiлердiң, оның iшiнде келiсiм-шарт бойынша қызмет өткерiп жүргендердiң және iшкi iстер органдарының қатардағы және басшы құрамдағы адамдарының, сондай-ақ соларға теңестiрiлген азаматтар санаттарының үстемеақылар мен қосымша ақылар ескерiлген ақшалай үлесi;
      10) салық комитетінде тіркеуде тұрған, өздігінен жұмыспен қамтылған тұлғалардың табыстары салық комитетінің растау анықтамасы арқылы жиынтық табыста есептеледі;
      11) арнайы салықтық тәртіп шарттарында кәсіпкерлік қызметтермен айналысушы тұлғалардың табыстары, біржолғы талон, патент, ықшамдалған декларация арқылы расталады;
      12) азаматтық-құқықтық келісім шарттар (мердігерлік) бойынша жұмыс атқарушы тұлғалардың табыстары, келісім шарттың барлық әрекет ету кезеңіне соммаланады, алынған табыс келісім шартта жұмысты орындау үшін қарастырылған айлар санына бөлінеді де, тоқсанына, кейінгі тоқсанға тұрғын үй жәрдемақысына өтіну, тоқсанына келетін айларға жиынтық табыс есептеледі.
      13) жиынтық табыс құрамына бір жолғы төлемдер мен жұмыс берушінің заңдар жинағына сәйкес, жұмыскерлердің еңбектік және қызметтік міндеттерін орындау барысында өмірі мен денсаулығына келтірілген зиянның орнын толтыруға төленетін, ай сайынғы соммалары қосылады.
      Табыстар, олардың көлемі жайлы анықтамалармен расталады.
      33. Отбасының жиынтық табысын есептеу барысында, зейнетақы, стипендиялар, жәрдемақылар мен басқа әлеуметтік төлемдер түріндегі табыстар есептеледі:
      1) Қазақстан Республикасының заңдарында және өзге де нормативтiк құқықтық кесiмдерiнде белгiленген тәртiппен тағайындалатын зейнетақылардың барлық түрлерi, оларға өтемақы төлемдерi;
      2) мүгедектiгi бойынша, асыраушысынан айырылу жағдайы бойынша және жасына байланысты берiлетiн мемлекеттiк әлеуметтiк жәрдемақылар;
      3) арнаулы мемлекеттiк жәрдемақылар;
      4) жерасты және ашық кен жұмыстарында, сондай-ақ еңбек жағдайлары ерекше зиянды және ауыр жұмыстарда iстеген адамдарға берiлетiн мемлекеттiк арнаулы жәрдемақылар;
      5) мемлекеттiк әлеуметтiк сақтандыру қорынан төленетiн әлеуметтiк төлемдер;
      6) уақытша жұмысқа жарамсыздық бойынша (сонымен қатар - бала бiр жасқа толғанға дейiн оның күтiмiне) берiлетiн мемлекеттiк жәрдемақылар;
      7) аяғы ауырлық пен босану бойынша берілетін жәрдемақылар;
      8) үйде тәрбиеленетiн және оқитын мүгедек-балаларға жәрдемақылар;
      9) жұмыс берушiнiң қаражаты есебiнен берiлетiн әлеуметтiк қамсыздандыру жөнiндегi жәрдемақылар;
      10) 1, 2-топтағы жалғызiлiктi, басқа адамның көмегiне мұқтаж мүгедектердiң мемлекеттiк әлеуметтiк жәрдемақыларына қосылатын күтiмге арналған қосымша үстемеақылар;
      11) қаржыландыру көзiне қарамастан, оқушыларға, студенттерге, аспиранттарға, докторанттарға, басқа да оқу орындарының тыңдаушыларына төленетiн стипендия. Орташа білім алу жүйесінде оқитын студенттерге, сондай-ақ күндізгі бөлімдегі ақылы оқу нысанындағы стипендиясыз жоғарғы және арнайы орташа білім алу, жиынтық табысқа, студенттің өз еркінен өтініш білдіруінде табыс есептеледі;
      12) жұмыс берушiнiң қаражаты есебiнен берiлетiн әлеуметтiк қамсыздандыру жөнiндегi жәрдемақылар;
      13) бала бiр жасқа толғанға дейiн оның күтiмiне берiлетiн мемлекеттiк жәрдемақылар;
      Әлеуметтік төлемдер ретінде алынған табыстар, олардың көлемі жайлы анықтамалармен расталады.
      34. Жеке қосалқы шаруашылықтан алынған табыс.
      1) Жеке қосалқы шаруашылықтан (үй малын, құс өсіруден, ауыл шаруашылығы (гүл) өнімдерін өсіруден), дачалық танаптар табысынан басқа, түскен табыс жиынтық табыстың құрамына қосылады.
      2) Жиынтық табыста есепке алынатын жеке қосалқы шаруашылықтан, ауыл шаруашылығы (гүл) өнiмдерiн өсiруден, мал мен құс ұстаудан және өсiруден алынған табыс өтiнiш берушiнiң, қосалқы шаруашылығының болуы және мөлшерi туралы мәлiметтерiнiң негiзiнде әрбiр отбасы бойынша есептеледi.
      3) Жеке қосалқы шаруашылықтан алынған табысты уәкiлеттi орган осы ережеге 1, 2, 3 қосымшалардың негiзiнде есептейдi.
      4) Жеке қосалқы шаруашылықтың табысын есептегенде Саран қаласы табиғи жағдайы бойынша құрғақ дала зонасына жататынын ескеру керек.
      5) Жеке қосалқы шаруашылықта өсiрiлген гүл өнiмдерiн сатудан, сондай-ақ терiсi бағалы аңдар, ара, құс (тауықтан, қаздан, үйректен басқа) өсiруден алынған табыс жиынтық табысқа жазбаша өтiнiштiң негiзiнде қосылады.
      6) Бiр сотка жерден (бip бастан) өндiрiлген өнiмнiң құны өсiрiлетiн дақылдың орташа түсiмiн (жеке қосалқы шаруашылықта ұсталатын мал мен құстың орташа өнiмдiлiгiн) 1 кг өнiмнiң орташа бағасына көбейту жолымен айқындалады (ocы Ережеге 1-қосымшаға сәйкес) және шығыстардың орташа деңгейi шегерiледi.
      7) отбасының жиынтық табысын есептеуде, жеке қосалқы шаруашылықтың тоқсанына алынған табысы есептеледі. Отбасының жеке қосалқы шаруашылықтан тоқсанына алынған табысы, жеке қосалқы шаруашылықтың жылдық табысын төрт тоқсанға бөлу жолымен анықталады;
      8) Табысты есептеу үшiн алдыңғы күнтiзбелiк жылдың өсiмдiк шаруашылығы мен мал шаруашылығы өнiмдерiне Қарағанды облысында қалыптасқан, облыстық статистика органдары облыстық уәкiлеттi органға ұсынатын орташа жылдық бағалары пайдаланылады.
      9) Малды (құсты) есептi кезеңде сату кезiнде жиынтық табысқа облыстық статистика органдарының деректерi бойынша тiрi мал нарығында қалыптасқан бағалар бойынша бiр жолғы табыс қосылады.
      10) Жиынтық табыс жұмыс малы (жылқы, түйе және басқалары) мен бiр жыл iшiнде төлдемеген малдан (мәселен, қысыр сиыр) түскен табыс ескерiлмей есептеледi. Жеке қосалқы шаруашылықта көрсетiлген мал бiр жылдан астам ұсталса, табыс ет бағытындағы малдан түскен табыс ретiнде есепке алынады.
      11) өнiм бермейтiн жастағы (төл) үй малынан, құстан түсетiн табыс ол сыйға тартылған немесе өткiзiлген (сату, сою және т.б.) жағдайда ғана есепке алынады. Төлдiң құны отбасының жиынтық табысына тiрi мал нарығында қалыптасқан, облыстық статистика органдары ұсынған бағалар бойынша қосылады.
      12) жеке қосалқы шаруашылықтың жеке нормативтік шығындарды есептеу кәртішкесі, отбасының жиынтық табысына есептелуі үшін, өтініш берушінің өзімен толтырылады.
      35. Отбасының жиынтық табысын есептеу кезiнде мынадай өзге де табыс есепке алынады:
      1) жылжымайтын мүлiктi және көлiк құралдарын жалға беруден. жылжымайтын мүлiктi және көлiк құралдарын жалға беруден ресми расталмаған табыстар бір айлық минималдық жалақыдан кем емес көлемде есептеледі;
      2) жылжымайтын мүлiктi және көлiк құралдарын сатудан. Жылжымайтын мүлiктi және көлiк құралдарын сатудан түскен табыс, бір жолғы алған уақыты бойынша жалпы жиынтық табысқа қосылады;
      3) жылжымайтын мүлiктi, көлiк құралдарын және басқа да мүлiктi сыйға тарту, мұрагерлiкке алу түрiнде алынған мүліктер;
      4) конкурстарда, жарыстарда (олимпиадаларда), фестивальдарда, лотереялар, салымдар мен борышкерлiк бағалы қағаздар бойынша ұтыстарды қоса алғанда, ақшалай және (немесе) заттай түрдегi ұтыстар;
      5) бағалы қағаздардан (дивидендтер);
      6) шетелдiк валютаны өткiзуден;
      7) асыл тастар мен қымбат бағалы металдарды, олардан жасалған зергерлiк бұйымдарды және құрамында асыл тастар мен қымбат бағалы металдар бар басқа да заттарды, сондай-ақ өнер туындыларын және антиквариат сатудан;
      8) ақша салымдары бойынша сыйақы (мүдде);
      9) ақшалай аударымдар;
      10) туысқандарының және басқа да адамдардың ақшалай және заттай көмегiн (құн түрiнде) қоса алғанда, өзге де мәлiмделген табыс.
      11) Басқа жылжымайтын мүлiк (көлiк құралын) сатып алған жағдайда, жылжымайтын мүлiктi (көлiк құралын) сатудан алынған сома мен сатып алынған жылжымайтын мүлік (көлiк құралы) құнының арасындағы айырма отбасының жиынтық табысында есепке алынады.
      Көрсетілген табыстар алынған уақыты бойынша есептелінеді және жазбаша өтінішпен расталады.

Саран қаласының әлеуметтік
тұрғыдан қорғалатын азаматтарына
тұрғын үйді ұстауға, коммуналдық
қызмет көрсету үшін тұрғын үй
жәрдемақыларын беру және
телекоммуникация қызметтерін
көрсеткені үшін абоненттік
төлемақы тарифінің көтерілуіне
өтемақы төлеу Қағидаларына
N 1 қосымша

Қуаң дала аймағындағы жеке қосалқы шаруашылықтан түсетін табысты есептеудің нормативтік карточкасы Өсімдік шаруашылығының өнiмi

Өнiм

Жердiң 1 соткасының орташа түсiмi, кг

Жердiң 1 соткасына жұмсалған шығыстың орташа еңгейi, теңге

1 кг өнiмнiң орташа бағасы, теңге

1 соткадан өндiрiлген өнiмнiң құны, теңге (2-бағ.х 4-бағ.)

1 сотка жерден түскен табыс (+), шығыс (-), теңге (5-бaғ - 3-ағ.)

1

2

3

4

5

6

Бидай

20

268




Арпа

25

188




Қарамық

5

150




Жүгерi (жасыл салмағы)

100

128




Көп жылдық шөптер

15

91




Бiр жылдық шөптер

10

83




Картоп

70

1164




Көкөнiстер

80

1245




Бақшалар

115

518




Шекілдеуiк бақтары (алма, алмұрт және басқалары)

30

583




Сүйектi жемiс бақтары (өрiк, қара өрiк және басқалары)

22

514




Жидек дақылдары

23

819




Жүзім

22

595




Саран қаласының әлеуметтік
тұрғыдан қорғалатын азаматтарына
тұрғын үйді ұстауға, коммуналдық
қызмет көрсету үшін тұрғын
үй жәрдемақыларын беру және
телекоммуникация қызметтерін
көрсеткені үшін абоненттік төлемақы
тарифінің көтерілуіне өтемақы төлеу
Қағидаларына
N 2 қосымша

Мал шаруашылығының өнімi

Өнiм

1 бастан алатын орташа өнімділік кг (л)

1 басқа жұмсалған шығыстың орташа деңгейi, теңге

1 кг өнiмнiң, (1 л, 10 дана жұмыртқаның) орташа бағасы, теңге

1 бастан өндірілген өнімнің орташа бағасы теңге (2-бағ. х 4-бағ.)

1 бастан түскен табыс (+), шығыс (-), теңге (5-бaғ - 3-ағ.)

1

2

3

4

5

6

Сүтті iрi қара мал (сүт)

1900

21034




Eтті iрi қара мал (сиыр еті)

179

16435




Шошқалар (шошқа еті)

110

9107




Қойлар, ешкілер ет/жүн

22/2,5

3042




Жылқы (жылқы еті)

124

7446




Түйе (түйе еті)

126

2979




Жұмыртқалайтын құс (жұмыртқа)

200 жұмыртқа

728




Етті құс (құс еті)

2,5

489




Саран қаласының әлеуметтік
тұрғыдан қорғалатын азаматтарына
тұрғын үйді ұстауға, коммуналдық
қызмет көрсету үшін тұрғын үй
жәрдемақыларын беру және
телекоммуникация қызметтерін
көрсеткені үшін абоненттік төлемақы
тарифінің көтерілуіне өтемақы төлеу
Қағидаларына
N 3 қосымша

Азық-түліктік пайдаланылатын үй малдары мен құстарының жасы

Малдардың түрi

Өлшем бірлігі

Өнiм беру жағдайына жеткен мал төлiнiң және құстардың жасы

Iрi қара мал

ай

25

Қойлар мен ешкiлер

ай

12

Шошқалар

ай

10

Жылқылар

ай

16

Түйелер

ай

18

Жұмыртқалайтын құс

күн

195

Етті құс

күн

125

Саран қаласының әлеуметтік
тұрғыдан қорғалатын азаматтарына
тұрғын үйді ұстауға, коммуналдық
қызмет көрсету үшін тұрғын үй
жәрдемақыларын беру және
телекоммуникация қызметтерін
көрсеткені үшін абоненттік төлемақы
тарифінің көтерілуіне өтемақы төлеу
Қағидаларына
N 4 қосымша

Жеке қосалқы шаруашылығынан түсетiн табыс есебiнiң тұрпатты жеке нормативтік карточкасы

Өтiнiш берушiнiң аты, жөні, тегі. Үйiнiң мекен-жайы

Ауыл шаруашылығы дақылдарының, үй малдарының, құстарының түрлерi

Жер, сотка, мал басы, саны

Жылына түсетiн табыс нормативi, теңге

Жылына түсетiн табыстың барлығы, теңге

Бiр тоқсанда түсетiн табыстың барлығы, теңге

Бидай





Арпа





Дәнi алынатын жүгерi





Күрiш





Қарамық





Картоп





Көкөністер





Бақшалар





Күнбағыс





Қант қызылшасы





Темекi





Шекiлдеуiк бақтары





Сүйектi жемiс бақтары





Жемiстер





Жүзiм





Көп жылдық шөп





Бiр жылдық шөп





Жасыл жемге берiлетiн жүгерi





Сүттi iрi қара мал





Еттi iрi қара мал





Шошқалар





Қойлар мен ешкілер





Жылқылар





Түйелер





Жұмыртқалайтын құс





Еттi құс





Жиыны: бiр жылғы табыс

х

х


х

Жиыны: бiр тоқсандағы табыс

х

х

х


      2009___ж. "___"_________ ____________________________
                        (өтiнiш берушiнiң қолы)

      _____________________________________________________
            (есепті жасаған адамның Т.А.Ә. және қолы)

Егер Сіз беттен қате тапсаңыз, тінтуірмен сөзді немесе фразаны белгілеңіз және Ctrl+Enter пернелер тіркесін басыңыз

 

бет бойынша іздеу

Іздеу үшін жолды енгізіңіз

Кеңес: браузерде бет бойынша енгізілген іздеу бар, ол жылдамырақ жұмыс істейді. Көбінесе, ctrl-F пернелері қолданылады