Ескерту. Күші жойылды - Қарағанды облысы Саран қалалық мәслихатының 15 сессиясының 15.02.2013 N 159 (алғаш ресми жарияланған күннен кейін, күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) шешімімен.
Қазақстан Республикасының 2008 жылғы 10 желтоқсандағы "Салық және бюджетке төленетін басқа да міндетті төлемдер туралы" Кодексіне (Салық кодексі), Қазақстан Республикасының 2001 жылғы 23 қаңтардағы "Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару және өзін-өзі басқару туралы" Заңына сәйкес, Саран қалалық мәслихаты ШЕШТІ:
1. Саран қаласы мен Ақтас кенті аумағында ауық – ауық сипаттағы кәсіпкерлік қызметтің жекелеген түрлеріне бір жолғы талондар құны 1, 2 қосымшаларға сәйкес белгіленсін.
2. Саран қаласы мен Ақтас кенті аумағында орналасқан әр объектіге тіркелген жиынтық салық ставкаларының мөлшері, 3 қосымшаға сәйкес белгіленсін.
3. Осы шешімнің қабылдануына байланысты, Саран қалалық мәслихатының 2009 жылғы 22 желтоқсандағы 21 сессиясының "Белгіленген салық ставкаларының бірыңғай мөлшерін және бір жолғы талондар құнын тағайындау туралы" N 371 шешімінің күші жойылсын (нормативтік құқықтық актілер Реестрінде мемлекеттік тіркеу нөмірі 8–7-97, 2009 жылғы 28 желтоқсанда, "Ваша газета" газетінде 2009 жылы 31 желтоқсанда N 53 жарияланған).
4. Осы шешім Әділет органында мемлекеттік тіркеуден өткеннен соң, бірінші ресми жарияланғаннан кейін, күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.
Сессия төрағасы В. Закамолкин
Мәслихат хатшысы Р. Бекбанов
Саран қалалық мәслихатының
2010 жылғы 23 желтоқсандағы
32 сессиясының N 518 шешіміне
1 қосымша
Дүркін–дүркін сипатта қызмет жасайтын жеке тұлғалар үшін бір жолғы талондар құны (тұрақты жайлардағы қызметтен басқа)
Ескерту. 1-қосымша жаңа редакцияда - Қарағанды облысы Саран қаласы мәслихатының 2011.12.22 N 677 (оның бірінші ресми жарияланған күнінен он күнтізбелік күн өткеннен соң қолданысқа енгізіледі) шешімімен.
N |
Кәсіпкерлік қызмет түрлері |
Бір күнге бір жолғы талон құны, теңгемен |
1 |
Газеттер мен журналдарды сату |
146 |
2 |
Тұқымдарды, сондай-ақ көшет материалдарын сату (көшеттер, тұқымдар) |
194 |
3 |
Бақша өнімдерін сату |
211 |
4 |
Үй маңында, саяжайларда өсірілген гүлдерді сату |
211 |
5 |
Қосалқы ауыл шаруашылық, бау-бақша, саяжайда өндірілген өнімдерді, жануарлар мен құстарға жемдерді, сыпырғыштарды, орман жидектерін, саңырауқұлақ, балықтар, бал сату |
97 |
6 |
Жер учаскелерін өңдеу бойынша жеке тракторлары бар адамдардың қызметі |
388 |
7 |
Үй жануарлары мен құстарды жаю |
81 |
Саран қалалық мәслихатының
2010 жылғы 23 желтоқсандағы
32 сессиясының N 518 шешіміне
2 қосымша
Базарларда қызмет көрсету, жұмыстарды атқару, тауарларын сату қызметін атқаратын жеке тұлғалар, жеке кәсіпкерлер мен заңды тұлғалар үшін, бір жолғы талондар құны, базар маңындағы дүңгіршектер мен тұрақты жайлардағы қызметтен басқа (оқшауланған блоктарда)
Ескерту. 2-қосымша жаңа редакцияда - Қарағанды облысы Саран қаласы мәслихатының 2011.12.22 N 677 (оның бірінші ресми жарияланған күнінен он күнтізбелік күн өткеннен соң қолданысқа енгізіледі) шешімімен.
Базардың атауы |
Cауда орнының түрі |
Ауданы, шаршы метр |
Бір шаршы метрге жинақ ставкасы, теңгемен |
Саран қаласы мен Ақтас кентінің базарлары |
|||
Өндіріс тауарларын сату үстелдері |
3,2 |
65 |
|
Азық-түлік тауарларын сату үстелдері |
2,8 |
33 |
|
Ет сату үстелдері |
2,8 |
122 |
|
Сүт және сүт өнімдерін сату үстелдері |
1,5 |
32 |
|
Жеке көкөніс - жеміс өнімдерін сату үстелдері |
1 |
25 |
|
"Қолдан" тауар сату |
1 |
25 |
|
Машиналардан тауар сату |
12 |
41 |
Саран қалалық мәслихатының
2010 жылғы 23 желтоқсандағы
32 сессиясының N 518 шешіміне
3 қосымша
Жеке қызмет түрлеріне салық салу объектісінің бірлігінен тіркелген жиынтық салығының базалық ставкаларының мөлшері*
N |
Салық салынатын объектінің атауы |
Тіркелген салықтың базалық ставкаларының мөлшері (айлық есептік көрсеткіштерімен) |
1. |
Бір ойыншымен ойын өткізуге арналған ақшалай ұтысы жоқ ойын автоматы |
6 |
2. |
Көп ойыншының қатысуымен ойын өткізуге арналған ақшалай ұтысы жоқ ойын автоматы |
9 |
3. |
Ойынға арналған дербес компьютер |
2 |
4. |
Ойын жолдары |
44 |
5. |
Карта |
6 |
6. |
Бильярд үстелі |
7 |