Ескерту. Күші жойылды - Қарағанды облысы Саран қалалық мәслихатының 15 сессиясының 15.02.2013 N 159 (алғаш ресми жарияланған күннен кейін, күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) шешімімен.
Қазақстан Республикасының 2008 жылғы 10 желтоқсандағы "Салық және бюджетке төленетін басқа да міндетті төлемдер туралы (Салық кодексі)" Кодексіне, Қазақстан Республикасының 2001 жылғы 23 қаңтардағы "Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару және өзін-өзі басқару туралы" Заңына және Қазақстан Республикасының 2011 жылғы 24 қарашадағы "2012-2014 жылдарға арналған республикалық бюджет туралы" Заңына сәйкес Саран қалалық мәслихаты ШЕШІМ ЕТТІ:
1. Саран қалалық мәслихатының 2010 жылғы 23 желтоқсандағы 32 сессиясының "Белгіленген салық ставкаларының бірыңғай мөлшерін және бір жолғы талондар құнын тағайындау туралы" N 518 шешіміне (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде N 8-7-116 болып тіркелген, 2010 жылғы 31 желтоқсандағы N 42 "Саран газеті" газетінде жарияланған) келесі өзгерістер енгізілсін:
көрсетілген шешімнің 1, 2 қосымшалары осы шешімнің 1, 2 қосымшаларына сәйкес жаңа редакцияда мазмұндалсын.
2. Осы шешімінің орындалуын бақылау "Саран қаласы Салық басқармасы" мемлекеттік мекемесінің бастығы К.Р. Медеубаевқа және Саран қаласы әкімінің орынбасары М.Е. Блокқа жүктелсін.
3. Осы шешім, оның бірінші ресми жарияланған күнінен он күнтізбелік күн өткеннен соң қолданысқа енгізіледі.
Сессия төрағасы,
мәслихат хатшысы Р. Бекбанов
Саран қалалық мәслихатының
2011 жылғы 22 желтоқсандағы
44 сессиясының N 677 шешіміне
1 қосымша
Саран қалалық мәслихатының
2010 жылғы 23 желтоқсандағы
32 сессиясының N 518 шешіміне
1 қосымша
Дүркін–дүркін сипатта қызмет жасайтын жеке тұлғалар үшін бір жолғы талондар құны (тұрақты жайлардағы қызметтен басқа)
N |
Кәсіпкерлік қызмет түрлері |
Бір күнге бір жолғы талон құны, теңгемен |
1 |
Газеттер мен журналдарды сату |
146 |
2 |
Тұқымдарды, сондай-ақ көшет материалдарын сату (көшеттер, тұқымдар) |
194 |
3 |
Бақша өнімдерін сату |
211 |
4 |
Үй маңында, саяжайларда өсірілген гүлдерді сату |
211 |
5 |
Қосалқы ауыл шаруашылық, бау-бақша, саяжайда өндірілген өнімдерді, жануарлар мен құстарға жемдерді, сыпырғыштарды, орман жидектерін, саңырауқұлақ, балықтар, бал сату |
97 |
6 |
Жер учаскелерін өңдеу бойынша жеке тракторлары бар адамдардың қызметі |
388 |
7 |
Үй жануарлары мен құстарды жаю |
81 |
Саран қалалық мәслихатының
2011 жылғы 22 желтоқсандағы
44 сессиясының N 677 шешіміне
2 қосымша
Саран қалалық мәслихатының
2010 жылғы 23 желтоқсандағы
32 сессиясының N 518 шешіміне
2 қосымша
Базарларда қызмет көрсету, жұмыстарды атқару, тауарларын сату қызметін атқаратын жеке тұлғалар, жеке кәсіпкерлер мен заңды тұлғалар үшін, бір жолғы талондар құны, базар маңындағы дүңгіршектер мен тұрақты жайлардағы қызметтен басқа (оқшауланған блоктарда)
Базардың атауы |
Cауда орнының түрі |
Ауданы, шаршы метр |
Бір шаршы метрге жинақ ставкасы, теңгемен |
Саран қаласы мен Ақтас кентінің базарлары |
|||
Өндіріс тауарларын сату үстелдері |
3,2 |
65 |
|
Азық-түлік тауарларын сату үстелдері |
2,8 |
33 |
|
Ет сату үстелдері |
2,8 |
122 |
|
Сүт және сүт өнімдерін сату үстелдері |
1,5 |
32 |
|
Жеке көкөніс - жеміс өнімдерін сату үстелдері |
1 |
25 |
|
"Қолдан" тауар сату |
1 |
25 |
|
Машиналардан тауар сату |
12 |
41 |