Белгіленген салық ставкаларының бірыңғай мөлшерін және бір жолғы талондар құнын тағайындау туралы

Күшін жойған

Қарағанды облысы Саран қаласы мәслихатының 21 сессиясының 2009 жылғы 22 желтоқсандағы N 371 шешімі. Қарағанды облысы Саран қаласының Әділет басқармасында 2009 жылғы 28 желтоқсанда N 8-7-97 тіркелді. Күші жойылды - Қарағанды облысы Саран қалалық мәслихатының 32 сессиясының 2010 жылғы 23 желтоқсандағы N 518 шешімімен

      Ескерту. Күші жойылды - Қарағанды облысы Саран қалалық мәслихатының 32 сессиясының 2010.12.23 N 518 шешімімен.

      Қазақстан Республикасының 2008 жылғы 10 желтоқсандағы "Салық және бюджетке төленетін басқа да міндетті төлемдер туралы" Кодексіне (Салық кодексі), Қазақстан Республикасының 2001 жылғы 23 қаңтардағы "Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару және өзін-өзі басқару туралы" Заңына сәйкес, Саран қалалық мәслихаты ШЕШТІ:
      1. Саран қаласы мен Ақтас кенті аумағында ауық–ауық сипаттағы кәсіпкерлік қызметтің жекелеген түрлеріне бір жолғы талондар құны 12 қосымшаларға сәйкес белгіленсін.
      2. Саран қаласы мен Ақтас кенті аумағында орналасқан әр обьектіге тіркелген жиынтық салық ставкаларының мөлшері, 3 қосымшаға сәйкес белгіленсін.
      3. Осы шешімнің қабылдануына байланысты, Саран қалалық мәслихатының 2008 жылғы 19 желтоқсандағы 10 сессиясының N 198 "2009 жылға жекеленген қызмет түрлеріне белгіленген жиынтық салық бағаларының мөлшерін және бір жолғы талондар құнын тағайындау туралы"  шешімінің (нормативтік құқықтық актілер Реестрінде мемлекеттік тіркеу нөмірі 8–7-76, 2009 жылғы 19 қаңтарда, "Ваша газета" газетінде 2009 жылы 24 қаңтарда N 4 жарияланған), Саран қалалық мәслихатының 2009 жылғы 26 ақпандағы 13 сессиясының N 227 "Саран қалалық мәслихатының 2008 жылғы 19 желтоқсандағы 10 сессиясының "2009 жылға жекеленген қызмет түрлеріне белгіленген жиынтық салық бағаларының мөлшерін және бір жолғы талондар құнын тағайындау туралы" N 198 шешіміне өзгертулер енгізу туралы" шешімінің (нормативтік құқықтық актілер Реестрінде мемлекеттік тіркеу нөмірі 8–7-82, 2009 жылғы 8 сәуірде, "Ваша газета" газетінде 2009 жылы 17 сәуірде N 16 жарияланған) күші жойылсын.
      4. Осы шешім Әділет органында мемлекеттік тіркеуден өткеннен соң, ресми жарияланғаннан кейін, күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.

      Сессия төрағасы                            К. Сатова

      Мәслихат хатшысы                           Р. Бекбанов

Саран қалалық мәслихатының
2009 жылғы 22 желтоқсандағы
21 сессиясының N 371 шешіміне
1 қосымша

Ауық-ауық сипатта қызмет жасайтын жеке тұлғалар үшін бір
жолғы талондар құны (тұрақты жайлардағы қызметтен басқа)*

N

Кәсіпкерлік қызмет түрлері

Бір күнге бір жолғы талон құны, теңгемен

1.

Газеттер мен журналдарды сату

127 теңге

2.

Тұқымдарды, сондай ақ көшет материалдарын сату (көшеттер, тұқым)

170 теңге

3.

Бақша өнімдерін сату

184 теңге

4.

Үй маңында, саяжайларда өсірілген гүлдерді сату

170 теңге

5.

Қосалқы ауыл шаруашылық, бау-бақша, саяжайда өндірілген өнімдерді, жануарлар мен құстарға жемдерді, сыпырғыштарды, орман жидектерін, саңырауқұлақ, балықтар, бал сату

85 теңге

6.

Жер учаскелерін өңдеу бойынша жеке тракторлары бар адамдардың қызметтері

339 теңге

7.

Үй жануарлары мен құстарды жаю

71 теңге

      * Ауық-ауық сипатта қызмет жасайтын жеке тұлғалар үшін бір жолғы талондар құнының (тұрақты жайлардағы қызметтен басқа) жиынтық салық бағаларының бірдей мөлшері салық салу объектісіне бір күнге белгіленген.

Саран қалалық мәслихатының
2009 жылғы 22 желтоқсандағы
22 сессиясының N 371 шешіміне
2 қосымша

Жеке және заңды тұлғалардың, кәсіпкерлердің тауарларын сату, жұмыстарын атқару, базарларда қызметтерін көрсету бойынша атқаратын жұмыстары үшін бір жолғы талондар құны, киоскілерді, базар аумағындағы тұрақты жайларды (оқшауланған жерлерді) қоспағанда*

Базардың атауы

Сауда орнының түрі

Шаршы метр ауданы

1 шаршы метрге жинау ставкасы, теңгемен

Саран қаласы мен Ақтас кентінің базарлары





Өндірістік тауарларды сату үстелдері

3,2

57 теңге


Азық-түлік тауарларды сату үстелдері

2,8

28 теңге


Ет сату үстелдері

2,8

42 теңге


Сүт және сүт өнімдерін сату үстелдері

1,5

28 теңге


Жеке көкөніс - жеміс өнімдерін сату үстелдері

1,0

21 теңге


Қолданылған тауарларды сату

1,0

21 теңге


Машиналардан тауар сату

12

35 теңге

      * Бір объектіге тіркелген жиынтық салықтың бірыңғай ставкаларының мөлшері бір күнге белгіленген.

Саран қалалық мәслихатының
2009 жылғы 22 желтоқсандағы
21 сессиясының N 371 шешіміне
3 қосымша

Жеке қызмет түрлеріне салық салу объектісінің бірлігінен тіркелген жиынтық салығының базалық ставкаларының мөлшері

N

Салық салынатын объектінің атауы

Тіркелген салықтың базалық ставкаларының мөлшері (айлық есептік көрсеткіштерімен)

1.

Бір ойыншымен ойын өткізуге арналған ақшалай ұтысы жоқ ойын автоматы

6

2.

Көп ойыншының қатысуымен ойын өткізуге арналған ақшалай ұтысы жоқ ойын автоматы

9

3.

Ойынға арналған жеке компьютер

2

4.

Ойын жолдары

44

5.

Бильярд үстелі

7

6.

Карта

6

Егер Сіз беттен қате тапсаңыз, тінтуірмен сөзді немесе фразаны белгілеңіз және Ctrl+Enter пернелер тіркесін басыңыз

 

бет бойынша іздеу

Іздеу үшін жолды енгізіңіз

Кеңес: браузерде бет бойынша енгізілген іздеу бар, ол жылдамырақ жұмыс істейді. Көбінесе, ctrl-F пернелері қолданылады