Тіркелген салық ставкаларының бірыңғай мөлшерін тағайындау туралы

Күшін жойған

Қарағанды облысы Саран қаласы мәслихатының 15 сессиясының 2013 жылғы 15 ақпандағы N 159 шешімі. Қарағанды облысының Әділет департаментінде 2013 жылғы 13 наурызда N 2223 болып тіркелді. Күші жойылды - Қарағанды облысы Саран қалалық мәслихатының 2018 жылғы 17 мамырдағы № 278 шешімімен

      Ескерту. Күші жойылды - Қарағанды облысы Саран қалалық мәслихатының 17.05.2018 № 278 (алғаш ресми жарияланған күннен кейін он күнтізбелік күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) шешімімен.

      Қазақстан Республикасының 2008 жылғы 10 желтоқсандағы "Салық және бюджетке төленетін басқа да міндетті төлемдер туралы" (Салық кодексі) Кодексіне, "Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару және өзін-өзі басқару туралы" Қазақстан Республикасының 2001 жылғы 23 қаңтардағы Заңына сәйкес, Саран қалалық мәслихаты ШЕШІМ ЕТТІ:

      1. Саран қаласы мен Ақтас кентінде орналасқан салық салынатын объектілер бірлігіне тіркелген салық мөлшерлемесінің көлемі қосымшаға сәйкес белгіленсін.

      2. Осы шешім қабылдануына байланысты, 2010 жылғы 23 желтоқсандағы "Белгіленген салық ставкаларының бірыңғай мөлшерін және бір жолғы талондар құнын тағайындау туралы" N 518 шешімінің күші жойылсын (нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу Тізілімінде N 8-7-116, 2010 жылы 30 желтоқсанда, 2010 жылы 31 желтоқсандағы N 42 "Саран газеті" газетінде жарияланған).

      3. Осы шешімнің қабылдануына байланысты, Саран қалалық мәслихатының 2011 жылғы 22 желтоқсандағы 44 сессиясының "Саран қалалық мәслихатының 2010 жылғы 23 желтоқсандағы 32 сессиясының" Белгіленген салық ставкаларының бірыңғай мөлшерін және бір жолғы талондар құнын тағайындау туралы" N 518 шешіміне өзгерістер енгізу туралы" N 677 шешімінің күші жойылсын (нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу Реестірінің тіркеу нөмірі 8-7-131, 2012 жыл 20 қаңтар, "Спутник" газетінде 2012 жылы 8 наурызда N 10 жарияланған).

      4. Осы шешім Әділет органдарында мемлекеттік тіркеуден өткеннен соң, алғаш ресми жарияланған күннен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.

Сессия төрағасы

Қ. Абзалиева

Мәслихат хатшысы

Р. Бекбанов


  Саран қалалық мәслихатының
2013 жылғы 15 ақпандағы
15 сессиясының N 159 шешіміне
қосымша

Жеке қызмет түрлеріне салық салу объектісінің бірлігінен тіркелген жиынтық салығының базалық ставкаларының мөлшері

N

Салық салынатын объектінің атауы

Тіркелген салықтың базалық ставкаларының мөлшері (айлық есептік көрсеткіштерімен)

1

Бір ойыншымен ойын өткізуге арналған ақшалай ұтысы жоқ ойын автоматы

6

2

Көп ойыншының қатысуымен ойын өткізуге арналған ақшалай ұтысы жоқ ойын автоматы

9

3

Ойынға арналған дербес компьютер

2

4

Ойын жолдары

44

5

Карта

6

6

Бильярд үстелі

7


Егер Сіз беттен қате тапсаңыз, тінтуірмен сөзді немесе фразаны белгілеңіз және Ctrl+Enter пернелер тіркесін басыңыз

 

бет бойынша іздеу

Іздеу үшін жолды енгізіңіз

Кеңес: браузерде бет бойынша енгізілген іздеу бар, ол жылдамырақ жұмыс істейді. Көбінесе, ctrl-F пернелері қолданылады