Жол картасы бойынша 2010 жылға Абай ауданында әлеуметтік жұмыс орындарын ұйымдастыру жөніндегі шаралар туралы

Қарағанды облысы Абай ауданы әкімдігінің 2010 жылғы 04 наурыздағы N 03/01 қаулысы. Қарағанды облысы Абай ауданының Әділет басқармасында 2010 жылғы 12 наурызда N 8-9-76 тіркелді. Күші жойылды - Қарағанды облысы Абай ауданы әкімдігінің 2010 жылғы 28 желтоқсандағы N 30/28 қаулысымен

      Ескерту. Күші жойылды - Қарағанды облысы Абай ауданы әкімдігінің 2010.12.28 N 30/28 қаулысымен.

      Қазақстан Республикасының 2001 жылғы 23 қаңтардағы "Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару және өзін-өзі басқару туралы" Заңын, Қазақстан Республикасының 2001 жылғы 23 қаңтардағы "Халықты жұмыспен қамту туралы" Заңын, Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2001 жылғы 19 маусымдағы N 836 "Халықты жұмыспен қамту туралы" Қазақстан Республикасының 2001 жылғы 23 қаңтардағы Заңын іске асыру жөніндегі шаралар туралы" Қаулысын, Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2009 жылғы 22 желтоқсандағы N 2162 "2010 - 2012 жылдарға арналған республикалық бюджет туралы Қазақстан Республикасының Заңын іске асыру туралы" Қаулысын басшылыққа ала отырып және халықтың нысаналы топтарына жататын жұмыссыз азаматтарды әлеуметтік қолдау үшін "Жол картасының" инвестициялық бағыттарын іске асыру мақсатында, Абай ауданының әкімдігі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:
      1. Ауданның ұйымдары, мекемелері, кәсіпорындары Абай ауданының жұмыспен қамту және әлеуметтік бағдарламалар бөлімінде жұмыссыз ретінде тіркелген халықтың нысаналы топтарына жататын жұмыссыз азаматтарды уақытша жұмысқа орналастыру үшін әлеуметтік жұмыс орындарын ашсын.
      2. Абай ауданының жұмыспен қамту және әлеуметтік бағдарламалар бөлімі (Ақсанов С.А.):
      1) әлеуметтік жұмыс орындарында жұмыс істеуге ниет білдірген, халықтың нысаналы топтарына жататын жұмыссыз азаматтарды жұмысқа қабылдау және жіберу бойынша жұмыс жүргізсін;
      2) осы санаттағы азаматтарды жұмысқа орналастыру бойынша жұмыс берушілермен келісімшарт жасау бойынша жұмыс жүргізсін;
      3) әлеуметтік жұмыс орындарының ұйымдастырылуының тиімділігін бақылау, жасалған келісімшарттардың орындалуы бойынша жұмыс жүргізсін;
      4) әлеуметтік жұмыс орындарына жұмысқа орналастыру мониторингін жүргізсін;
      5) республикалық бюджетте қарастырылған нысаналы трансферттерден жұмыссыздарға 20000 (жиырма мың) теңге мөлшерінде еңбек төлеміне жұмыс берушінің шығындарының орны өтелсін.
      3. Әлеуметтік жұмыс орындарын ұйымдастырған жұмыс берушілер жұмыссыздардың еңбек төлемін келесі мөлшерде қамтамасыз етсін: жергілікті бюджеттің қаражаты есебінен 20000 (жиырма мың) теңге және жұмыс берушінің қаражаты есебінен 20000 (жиырма мың) теңге.
      4. Әлеуметтік жұмыс орындарын ұйымдастыруды ұсынатын жұмыс берушілерді іріктеу ережелері қосымшаға сәйкес бекітілсін.
      5. Абай ауданы әкімдігінің 2009 жылғы 20 сәуірдегі N 10/06 "Жол картасы бойынша 2009 жылға Абай ауданында әлеуметтік жұмыс орындарын ұйымдастыру жөніндегі шаралар туралы" (Абай ауданының әділет басқармасында 2009 жылғы 29 мамырда N 8-9-62 тіркелген, "Абай-Ақиқат" аудандық апта сайынғы газетінің 2009 жылғы 5 маусымдағы N 25 санында жарияланған) қаулысы күшін жойған болып саналсын.
      6. Осы қаулының орындалуын бақылау Абай ауданы әкімінің орынбасары Ібірахым Ісләмұлы Ісләмовқа жүктелсін.
      7. Осы қаулы оның алғашқы ресми жарияланған күнінен бастап он күнтізбелік күн өткеннен кейін күшіне енеді.

      Абай ауданының әкімі                       Т. Алтынбеков

Абай ауданы әкімдігінің
2010 жылғы 04 наурыздағы
N 03/01 қаулысымен
бекітілді

Әлеуметтiк жұмыс орындарын ұйымдастыруды ұсынатын жұмыс берушiлердi iрiктеу
Ережелері

1. Жалпы ережелер

      1. Бұл ережелер Қазақстан Республикасының 2001 жылғы 23 қаңтардағы "Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару және өзін-өзі басқару туралы" Заңына, Қазақстан Республикасының 2001 жылғы 23 қаңтардағы "Халықты жұмыспен қамту туралы" Заңына сәйкес әзiрленген және нысаналы топтардағы жұмыссыздарды жұмысқа орналастыру үшiн әлеуметтiк жұмыс орындарын ұйымдастыруды ұсынатын жұмыс берушiлердi iрiктеу ережелерін белгiлейдi.
      2. Осы ережеде мынадай негiзгi ұғымдар пайдаланылады:
      1) әлеуметтiк жұмыс орны – жұмыс берушi нысаналы топтардағы жұмыссыздарды жұмысқа орналастыру үшiн жергiлiктi атқарушы органмен (оның уәкілетті органымен) шарттық негiзде құратын, жұмыс берушiнiң олардың еңбегiне ақы төлеу шығындары iшiнара өтелетiн жұмыс орны;
      2) жұмысқа орналастыру – халықтың жұмыспен қамтылуын қамтамасыз етуге жәрдемдесуге бағытталған ұйымдастырушылық, экономикалық және құқықтық iс-шаралар кешенi;
      3) нысаналы топтар – жұмысқа орналасуда қиындық көрiп жүрген және әлеуметтiк қорғауды қажет ететін тұлғалар топтары;
      4) жұмыс берушi – қызметкермен еңбек қатынастарында тұратын заңды немесе жеке тұлға;
      5) уәкiлеттi орган – халықтың жұмыспен қамтылуына жәрдемдесуді және жұмыссыздықтан әлеуметтiк қорғауды аймақтық деңгейде қамтамасыз ететiн жергiлiктi атқарушы органның құрылымдық бөлiмшесi (бұдан әрi – уәкiлеттi орган).
      3. Әлеуметтiк жұмыс орындарында жұмыс iстейтiн қызметкерлердің еңбек және басқа қатынастары Қазақстан Республикасының заңнамасымен реттеледi.

2. Әлеуметтiк жұмыс орындарын ұйымдастыру

      4. Жұмыс берушi нысаналы топтардағы жұмыссыздарды жұмысқа орналастыру үшiн уәкiлеттi органмен шарттық негiзде жұмыс орындарының саны шектелмейтiн және уақытша сипаттағы әлеуметтiк жұмыс орындарын құрады. Әлеуметтік жұмыс орындарын ұйымдастыру үшiн тұрақты жұмыс орындары мен бос орындар пайдаланылмайды.
      5. Әлеуметтiк жұмыс орындарын ұйымдастыруға тiлек бiлдiрген жұмыс берушi уәкiлеттi органға әлеуметтiк жұмыс орындарының саны, еңбекақы мөлшерi көрсетiлген еркiн нысанды өтiнiш бередi.
      6. Әлеуметтiк жұмыс орындарын ұйымдастыруды ұсынатын жұмыс берушiлердi iрiктеуді және тiзiмiн жасауды уәкiлеттi орган төмендегi сипаттар негiзiнде жүзеге асырады:
      1) қаржы ахуалы;
      2) материалдық базасының болуы және техникалық жарақтануы.
      7. Әлеуметтiк жұмыс орындарын ұйымдастыруды ұсынатын жұмыс берушiлердiң тiзiмiн уәкiлеттi орган жасайды және олармен "Уәкiлеттi орган – Жұмыс берушi" келiсiмшартын жасайды. Келісімшарт екі данада екі жақтың әрқайсысына құрастырылады.
      8. Келісімшартта жұмыс уақыты режимiне байланысты еңбек қатынастарын реттеу, еңбек қауiпсiздiгi және еңбектi қорғауды қамтамасыз ету, еңбекақы төлеу шарттары, әлеуметтiк жұмыс орындарын қаржыландырудың мерзiмi мен көздерi, шартқа өзгерiстер енгiзу, бұзу ережелері және басқа да еңбек заңнамаларында көзделген мәлiметтер қамтылуға тиiс.
      9. Әлеуметтiк жұмыс орындарына жұмысқа орналасқан нысаналы топтардағы жұмыссыздардың жұмыс мерзiмi алты айға дейiн белгіленеді.

3. Жұмыссыздарды әлеуметтiк жұмыс орындарына жiберу

      10. Жұмыссыздарды әлеуметтiк жұмыс орындарына жұмысқа орналастыруға жiберуді жұмыссыздың келiсiмiмен уәкiлеттi орган жүзеге асырады.
      11. Жұмыс берушi жұмыссызды жұмысқа қабылдағандығы туралы бұйрықтың көшiрмесiн үш күн мерзiмде уәкiлеттi органға бередi.

4. Әлеуметтiк жұмыс орындарына жұмысқа орналастырылған нысаналы топтардағы тұлғалардың еңбегін төлеу

      12. Жалақының мөлшерi орындалатын жұмыстың сапасына, санына және күрделiлiгiне байланысты белгiленедi, бiрақ ол 40000 теңгеден (қырық мың теңге) кем болмауы тиiс.
      13. Қызметкерлердің көрсетілген санатының еңбегін төлеу жұмыс берушімен жүзеге асырылады.
      14. Мерзiмiнен тыс жұмыстарға, мереке және демалыс күндерiндегi жұмыстарға, түнгi уақыттағы еңбекке ақы төлеу Қазақстан Республикасының еңбек заңнамасына сәйкес жүзеге асырылады.
      15. Әлеуметтiк жұмыс орындарында жұмыс iстейтiндердің жалақыларына заңдарда белгiленген тәртiппен салық салынады.

5. Есеп берушiлiк

      16. Нысаналы топтардағы жұмыссызды әлеуметтік жұмыс орнына уақытында қабылдаған жұмыс берушi, уәкiлеттi орган берген жолдамаға тиiстi белгi қою арқылы жұмысқа қабылдау немесе жұмысқа қабылдаудан бас тарту себебiн көрсете отырып, ол туралы дер кезiнде (уәкiлеттi орган оған азаматтарды жiберген күннен бастап бес жұмыс күнi iшiнде) хабарлайды.
      17. Уәкiлеттi орган әлеуметтiк жұмыс орындарына жiберiлген жұмыссыздардың жұмыспен қамтылуына тұрақты мониторинг жүргiзедi, Қарағанды облысының жұмыспен қамтуды үйлестiру және әлеуметтiк бағдарламалар басқармасына тоқсан сайын ақпарат бередi.

О мерах по организации социальных рабочих мест в Абайском районе на 2010 год по Дорожной карте

Постановление акимата Абайского района Карагандинской области от 04 марта 2010 года N 03/01. Зарегистрировано Управлением юстиции Абайского района Карагандинской области 12 марта 2010 года N 8-9-76. Утратило силу - постановлением акимата Абайского района Карагандинской области от 28 декабря 2010 года N 30/28

      Сноска. Утратило силу - постановлением акимата Абайского района Карагандинской области от 28.12.2010 N 30/28.

      Руководствуясь Законом Республики Казахстан от 23 января 2001 года "О местном государственном управлении и самоуправлении в Республике Казахстан", Законом Республики Казахстан от 23 января 2001 года "О занятости населения", постановлением Правительства Республики Казахстан от 19 июня 2001 года N 836 "О мерах по реализации Закона Республики Казахстан от 23 января 2001 года "О занятости населения", постановлением Правительства Республики Казахстан от 22 декабря 2009 года N 2162 "О реализации Закона Республики Казахстан "О республиканском бюджете на 2010-2012 годы" и в целях реализации инвестиционных направлений "Дорожной карты" для оказания социальной поддержки безработным гражданам, относящимся к целевым группам населения, акимат Абайского района ПОСТАНОВЛЯЕТ:
      1. Организациям, учреждениям, предприятиям района создать социальные рабочие места для временного трудоустройства безработных граждан из целевых групп населения, зарегистрированных в качестве безработных в отделе занятости и социальных программ Абайского района.
      2. Отделу занятости и социальных программ Абайского района (Аксанов С.А.):
      1) проводить работу по приему и направлению на работу безработных граждан из целевых групп населения, изъявивших желание работать на социальных рабочих местах;
      2) проводить работу по заключению договоров с работодателями по трудоустройству данной категории граждан;
      3) проводить работу по отслеживанию эффективности организации социальных рабочих мест, исполнению заключенных договоров;
      4) проводить мониторинг трудоустройства на социальные рабочие места;
      5) производить компенсацию затрат работодателя на оплату труда безработных в размере 20000 (двадцать тысяч) тенге из целевых трансфертов, предусмотренных в республиканском бюджете.
      3. Работодателям, у которых организованы социальные рабочие места, обеспечить оплату труда безработных в следующем размере: 20000 (двадцать тысяч) тенге за счет средств местного бюджета и 20000 (двадцать тысяч) тенге за счет средств работодателя.
      4. Утвердить прилагаемые Правила отбора работодателей, предлагающих организацию социальных рабочих мест.
      5. Признать утратившим силу постановление акимата Абайского района от 20 апреля 2009 года N 10/06 "О мерах по организации социальных рабочих мест в Абайском районе на 2009 год по Дорожной карте" (зарегистрированное в управлении юстиции Абайского района от 29 мая 2009 года N 8-9-62, опубликованное в районной еженедельной газете "Абай ақиқат" от 5 июня 2009 года N 25).
      6. Контроль за исполнением настоящего постановления возложить на заместителя акима Абайского района Ислямова Ибрагима Ислямовича.
      7. Настоящее постановление вводится в действие по истечении десяти календарных дней после дня его первого официального опубликования.

      Аким Абайского района                      Т. Алтынбеков

Утверждены
постановлением акимата
Абайского района
04 марта 2010 года N 03/01

Правила
отбора работодателей, предлагающих организацию социальных рабочих мест

1. Общие правила

      1. Настоящие Правила разработаны в соответствии с Законом Республики Казахстан от 23 января 2001 года "О местном государственном управлении и самоуправлении в Республике Казахстан", Законом Республики Казахстан от 23 января 2001 года "О занятости населения" и устанавливают правила отбора работодателей, предлагающих организацию социальных рабочих мест для трудоустройства безработных из целевых групп.
      2. В настоящих правилах используются следующие основные понятия:
      1) социальное рабочее место – рабочее место, создаваемое работодателем на договорной основе с местным исполнительным органом (его уполномоченным органом), для трудоустройства безработных из целевых групп с частичной компенсацией затрат работодателя на оплату их труда;
      2) трудоустройство – комплекс организационных, экономических и правовых мероприятий, призванных способствовать обеспечению трудовой занятости населения;
      3) целевые группы – группы лиц, испытывающие затруднения в трудоустройстве и требующие социальной защиты;
      4) работодатель – юридическое или физическое лицо, с которым работник состоит в трудовых отношениях;
      5) уполномоченный орган – структурное подразделение местного исполнительного органа, обеспечивающее содействие занятости населения и социальную защиту от безработицы на региональном уровне (в дальнейшем уполномоченный орган).
      3. Трудовые и иные отношения работников работающих на социальных рабочих местах регулируются законодательством Республики Казахстан.

2. Организация социальных рабочих мест

      4. Социальные рабочие места для трудоустройства безработных из целевых групп, создаются работодателями в неограниченном количестве, на основе договоров с уполномоченным органом и носит временный характер. Для организации социальных рабочих мест не могут быть использованы постоянные места и вакансии.
      5. Работодатель, изъявивший желание на организацию социальных рабочих мест подает в уполномоченный орган заявку в произвольной форме с указанием количества социальных рабочих мест, размера оплаты труда.
      6. Отбор и составление перечня работодателей, предлагающих организацию социальных рабочих мест, осуществляется уполномоченным органом на основе следующих критериев:
      1) финансовая состоятельность;
      2) наличие материальной базы и технической оснащенности.
      7. Уполномоченный орган составляет перечень работодателей, предлагающих организацию социальных рабочих мест и заключают с ними договора "Уполномоченный орган – Работодатель". Договор составляется в двух экземплярах для каждой из сторон.
      8. Договор должен содержать обязанности сторон, регулирующие трудовые отношения в части режима работы, обеспечения охраны и безопасности труда, условия оплаты труда, срок и источники финансирования социальных рабочих мест, правила изменения, расторжения договора и другие сведения, предусмотренные трудовым законодательством.
      9. Срок работы трудоустроенных на социальные рабочие места безработных из целевых групп устанавливается до шести месяцев.

3. Направление безработных на социальные рабочие места

      10. Направление безработных для трудоустройства на социальные рабочие места осуществляется уполномоченным органом с согласия безработных.
      11. Работодатель предоставляет уполномоченному органу в трехдневный срок копию приказа о приеме безработного на работу.

4. Оплата труда трудоустроенных лиц из целевых групп на социальные рабочие места

      12. Размер заработной платы зависит от качества, количества и сложности выполняемых работ, но не может быть ниже 40000 тенге (сорока тысяч тенге).
      13. Оплата труда указанной категорий работников осуществляется работодателем.
      14. Оплата сверхурочной работы, работы в праздничные и выходные дни, в ночное время производится в соответствии с трудовым законодательством Республики Казахстан.
      15. Заработная плата работающих на социальных рабочих местах облагается налогом в установленном законодательством порядке.

5. Отчетность

      16. Работодатель, принявший безработного из целевых групп на социальное рабочее место своевременно (в течение пяти рабочих дней со дня направления к нему уполномоченным органом граждан) извещает о приеме на работу или отказе в приеме на работу с указанием причины путем соответствующей отметки в направлении, выданном уполномоченным органом.
      17. Уполномоченный орган проводит постоянный мониторинг занятости безработных, направленных на социальные рабочие места и их трудоустройства, ежеквартально предоставляет информацию в Управление координации занятости и социальных программ Карагандинской области.