Жол картасы бойынша 2009 жылға Абай ауданында әлеуметтік жұмыс орындарын ұйымдастыру жөніндегі шаралар туралы

Күшін жойған

Қарағанды облысы Абай ауданы әкімдігінің 2009 жылғы 20 сәуірдегі N 10/06 қаулысы. Қарағанды облысы Абай ауданы Әділет басқармасында 2009 жылғы 29 мамырда N 8-9-62 тіркелді. Күші жойылды - Қарағанды облысы Абай ауданы әкімдігінің 2010 жылғы 4 наурыздағы N 03/01 қаулысымен

      Ескерту. Күші жойылды Қарағанды облысы Абай ауданы әкімдігінің 2010.03.04 N 03/01 қаулысымен.

      Жол картасы іс-шараларын орындау және мақсатты топтарға жататын жұмыссыз азаматтарға әлеуметтік қолдау көрсету мақсатында, Қазақстан Республикасының 2001 жылғы 23 қаңтардағы "Халықты жұмыспен қамту туралы" Заңын, Қазақстан Республикасының 2001 жылғы 23 қаңтардағы "Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару және өзін-өзі басқару туралы" Заңын Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2009 жылғы 6 наурыздағы N 264 "Мемлекеттік басшының 2009 жылғы 6 наурыздағы "Дағдарыстан жаңарту мен дамуға" атты Қазақстан халқына Жолдауын іске асыру жөніндегі шаралар туралы" қаулысын басшылыққа ала отырып, Абай ауданының әкімдігі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:
      1. Ауданның ұйымдарына, мекемелеріне, кәсіпорындарына жұмыспен қамту бөлімінде жұмыссыз ретінде тіркелген мақсатты топтарға жататын жұмыссыз азаматтарды уақытша жұмыспен қамту үшін, әлеуметтік жұмыс орындарын ашсын.
      2. Абай ауданының жұмыспен қамту және әлеуметтік бағдарламалар бөлімі (С.А. Ақсанов):
      1) әлеуметтік жұмыс орындарында жұмыс істеуге ниет білдірген, мақсатты топтарға жататын жұмыссыз азаматтарды жұмысқа қабылдау және жұмысқа жіберу бойынша жұмыстар жүргізсін;
      2) осы санаттағы азаматтарды жұмысқа орналастыру жөнінде жұмыс берушілермен келісімшарт жасау бойынша жұмыстар жүргізсін;
      3) әлеуметтік жұмыс орындарын тиімді ұйымдастыруға, жасалған келісімшарттардың орындалуына байланысты жұмыстар жүргізсін;
      4) әлеуметтік жұмыс орындарына жұмысқа орналастыру мониторингін жүргізсін;
      5) мақсатты топтардағы жұмыссыздарға 15000 (он бес мың) теңге мөлшерінде еңбек төлемін төлеуге жұмыс берушінің шығындарының орны өтелсін.
      3. Әлеуметтік жұмыс орындарын ұйымдастырған жұмыс берушілер жұмыссыздарға келесі мөлшерде еңбек төлемін қамтамасыз етсін: жергілікті бюджеттің қаражаты есебінен 15000 (он бес мың) теңге және жұмыс берушінің қаражаты есебінен 15000 (он бес мың) теңге.
      4. Осы қаулының орындалуын бақылау Абай ауданы әкімінің орынбасары Ібырахым Ісләмұлы Ісләмовқа жүктелсін.
      5. Осы қаулы алғаш ресми жарияланғаннан кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.

      Абай ауданының әкімі                       Т. Алтынбеков

Егер Сіз беттен қате тапсаңыз, тінтуірмен сөзді немесе фразаны белгілеңіз және Ctrl+Enter пернелер тіркесін басыңыз

 

бет бойынша іздеу

Іздеу үшін жолды енгізіңіз

Кеңес: браузерде бет бойынша енгізілген іздеу бар, ол жылдамырақ жұмыс істейді. Көбінесе, ctrl-F пернелері қолданылады