Ортадересін селолық округі көлеміндегі құрамдас бөлігінің елді-мекендердегі көшелерге ат беру жөнінде

Жаңа

Қарағанды облысы Ақтоғай ауданы Ортадересін селолық округі әкімінің 2010 жылғы 19 ақпандағы N 1 шешімі. Қарағанды облысы Ақтоғай ауданының Әділет басқармасында 2010 жылғы 06 сәуірде N 8-10-106 тіркелді

      Қазақстан Республикасының 1993 жылғы 8 желтоқсандағы "Қазақстан Республикасының әкімшілік-аумақтық құрылысы туралы" Заңының 14-бабының 4-тармақшасына, Қазақстан Республикасының Үкіметінің 1996 жылғы 5 наурыздағы "Қазақстан Республикасындағы ұйымдарды, темір жол станцияларын, әуежайларды, сондай-ақ физикалық – географиялық объектілерді атау мен қайта атаудың және олардың атауларының транскрипциясын өзгертудің Тәртібін бекіту туралы" N 281 қаулысына, Ортадересін селолық округі тұрғындарының 2008 жылғы 10 маусымындағы N 8, 9 жиналыс хаттамаларына және Ақтоғай ауданының әкімдігі жанындағы ономастикалық комиссиясының 2009 жылғы 29 қыркүйектегі N 188/1-9 ұйғарымына сәйкес Ортадересін селолық округінің әкімі ШЕШІМ ЕТТІ:
      1. Ақжайдақ елді мекеніндегі:
      N 1 көшесі - Достық көшесі деп;
      N 2 көшесі - Бәйтерек көшесі деп қайта аталсын.
      2. Ортадересін станциясындағы елді мекеніндегі:
      Атауы жоқ көшеге - Ақорда деген көше атауы берілсін.
      3. Осы шешімнің орындалуын бақылауды өзіме қалдырамын.
      4. Осы шешім ресми жарияланғаннан кейін он күнтізбелік күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.

      Ортадересін селолық
      округінің әкімі                            К. Жаксылыкова

Егер Сіз беттен қате тапсаңыз, тінтуірмен сөзді немесе фразаны белгілеңіз және Ctrl+Enter пернелер тіркесін басыңыз

 

бет бойынша іздеу

Іздеу үшін жолды енгізіңіз

Кеңес: браузерде бет бойынша енгізілген іздеу бар, ол жылдамырақ жұмыс істейді. Көбінесе, ctrl-F пернелері қолданылады