Тасарал селолық округіндегі көшелерін қайта атау туралы

Жаңа

Қарағанды облысы Ақтоғай ауданы Тасарал селолық округі әкімінің 2010 жылғы 11 наурыздағы N 1 шешімі. Қарағанды облысы Ақтоғай ауданының Әділет басқармасында 2010 жылғы 21 сәуірде N 8-10-113 тіркелді

      Қазақстан Республикасының 1993 жылғы 8 желтоқсандағы "Қазақстан Республикасының әкімшілік – аумақтық құрылысы туралы" Заңының 14-бабының 4-тармақшасына, Қазақстан Республикасы Үкіметінің 1996 жылғы 5 наурыздағы "Қазақстан Республикасындағы ұйымдарды, темір жол станцияларын, әуежайларды, сондай-ақ физикалық – географиялық объектілерді атау мен қайта атаудың және олардың атауларының транскрипциясын өзгертудің Тәртібін бекіту туралы" N 281 қаулысына, Тасарал селолық округі тұрғындарының 2008 жылғы 04 маусымындағы N 3, 4, 5, 6 жиналыс хаттамаларына және Ақтоғай ауданының әкімдігі жанындағы ономастикалық комиссиясының 2008 жылғы 26 маусымдағы N 188/1-9 ұйғарымына сәйкес Тасарал селолық округінің әкімі ШЕШІМ ЕТТІ:
      1. Молодежная көшесі - Жастар көшесі деп;
      Центральная көшесі – Орталық көшесі деп;
      Набережная көшесі – Жағалау көшесі деп;
      Школьная көшесі – Ағыбай батыр көшесі деп қайта аталсын.
      2. Осы шешімнің орындалуын бақылауды өзіме қалдырамын.
      3. Осы шешім ресми жарияланғаннан кейін он күнтізбелік күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.

      Тасарал селолық округінің әкімі            А. Бейсекеев

Егер Сіз беттен қате тапсаңыз, тінтуірмен сөзді немесе фразаны белгілеңіз және Ctrl+Enter пернелер тіркесін басыңыз

 

бет бойынша іздеу

Іздеу үшін жолды енгізіңіз

Кеңес: браузерде бет бойынша енгізілген іздеу бар, ол жылдамырақ жұмыс істейді. Көбінесе, ctrl-F пернелері қолданылады