Өңірде қажет мамандықтар бойынша білім алушы студенттерге әлеуметтік көмек тағайындау туралы

Маңғыстау облысы әкімдігінің 2010 жылғы 04 қарашадағы № 384 қаулысы. Маңғыстау облысының Әділет департаментінде 2010 жылғы 03 желтоқсанда № 2089 тіркелді. Күші жойылды - Маңғыстау облысы әкімдігінің 2014 жылғы 16 қыркүйектегі № 224 қаулысы.

      Күші жойылды - Маңғыстау облысы әкімдігінің 2014 жылғы 16 қыркүйектегі № 224 қаулысы.

       Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару және өзін - өзі басқару туралы» Қазақстан Республикасының 2001 жылғы 23 қаңтардағы Заңының 27 - бабының 1 - тармағының 17) тармақшасына сәйкес, ауылдық елдi мекенде орналасқан бiлiм, денсаулық сақтау, агроөнеркәсіптік кешен, әлеуметтiк қорғау, мәдениет және спорт мемлекеттiк мекемелерін, мемлекеттiк қазыналық кәсiпорындарын білікті мамандармен қамтамасыз ету мақсатында, облыс әкімдігі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:
      1. Өңiрге қажет мамандықтар бойынша білім алушы студенттерге (бұдан әрi – Студенттер) Қазақстан Республикасының оқу орындарында бакалавр академиялық дәрежесін алу үшін білім беру қызметіне төлеуге әлеуметтiк көмек (бұдан әрi – Әлеуметтiк көмек) белгiленсiн.
      2. Әлеуметтік көмек күндізгі оқыту нысаны бойынша білім алатын Маңғыстау облысының жастарына тағайындылатын болып белгiленсiн.
      3. Әлеуметтік көмек тағайындау туралы шешім Студенттердің біліктілік сипаттамаларын бағалау критерийлерінің негізінде қабылданатын болып белгiленсiн.
      4. Студенттің әлеуметтiк мәртебесі, оқу жүзеге асырылатын мамандыққа деген қажеттілік, оқуды аяқтап, бакалавр академиялық дәрежесін алғаннан кейін мамандығы бойынша ауылдық жерде кемінде 3 (үш) жыл жұмыс істеуге дайындығын білдіруі біліктілік сипаттамаларын бағалау критерийлері болып табылады.
      Ескерту. 4 - тармаққа өзгерту енгізілді - Маңғыстау облысы әкімдігінің 2011.06.14 № 190 (жарияланғаннан кейін 10 күн өткеннен соң қолданысқа енгізіледі)Қаулысымен;
      5. Әлеуметтік көмек тағайындау туралы шешім, Әлеуметтік көмек тағайындауға Студенттерді іріктеу жөніндегі облыстық конкурстық комиссиямен (бұдан әрi – Комиссия) Маңғыстау облысының жұмыспен қамтуды үйлестіру және әлеуметтік бағдарламалар басқармасының қорытындысы негізінде қабылданатын болып белгiленсiн.
      6. Комиссия Маңғыстау облысы әкімдігінің Студентерге Әлеуметтік көмек тағайындау туралы шешім қабылдайтын уәкілетті органы болып анықталсын.
      7. Комиссияның құрамы 1 - қосымшаға сәйкес бекiтiлсiн.
      8. Комиссия туралы Ереже 2 - қосымшаға сәйкес бекiтiлсiн.
      9. Маңғыстау облысының жұмыспен қамтуды үйлестіру және әлеуметтік бағдарламалар басқармасы Маңғыстау облысы әкімдігінің:
      1) Әлеуметтік көмек тағайындау үшін Студенттер ұсынатын құжаттар тізбесін бекіту жөніндегі;
      2) Студенттер ұсынған құжаттардың конкурстық іріктеу талаптарына сәйкестігіне сараптама жүргізу жөніндегі;
      3) біліктілік сипаттамаларын бағалау критерийлерінің негізінде қорытынды әзірлеу жөніндегі;
      4) Комиссия отырысын әзірлеу, отырыстың күн тәртібін қалыптастыру, Комиссия мүшелеріне отырыстың өтетін күні мен уақыты туралы хабарлау жөніндегі;
      5) Студенттерге Әлеуметтік көмек тағайындау, негізін баяндай отырып, бас тарту туралы Комиссия шешімі туралы хабарлау жөніндегі;
      6) Студентке Әлеуметтік көмек тағайындау туралы Комиссия шешімінің негізінде тараптардың өзара міндеттемелері қарастырылған шартқа қол қою жөніндегі уәкілетті органы болып белгіленсін.
      10. Қалалар мен аудандардың әкімдері Студентердің жеке iстерiн қалыптастыру жөніндегі уәкілетті органды белгілесін.
      11. Әлеуметтік көмек оқу орнының білім беру қызметінің құны шегіндегі жыл сайынғы төлемдерден және тамақтану мен тұру шығындарын ішінара өтейтін ай сайынғы әлеуметтік төлемдерден тұратын болып анықталсын.
      12. Әлеуметтiк көмек аудандық және қалалық жұмыспен қамту және әлеуметтiк бағдарламалар бөлiмдерi тарапынан Студентердің екiншi деңгейлi банктегi жеке есеп шотына аударылатын болып белгіленсін.
      13. Күші жойылды деп танылсын:
      1) «Білім ұйымдарының түлектеріне Қазақстан Республикасының жоғарғы оқу орындарында оқу ақысын төлеу үшін әлеуметтік көмек тағайындау туралы» Маңғыстау облысы әкімдігінің 2007 жылғы 6 тамыздағы № 272 қаулысының (Нормативтік құқықтық кесімдерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 1976 болып тіркелген, «Маңғыстау» газетінде 2007 жылғы 30 қазандағы № 182 жарияланған);
      2) «Маңғыстау облысы әкімдігінің 2007 жылғы 6 тамыздағы № 272 «Білім ұйымдарының түлектеріне Қазақстан Республикасының жоғарғы оқу орындарында оқу ақысын төлеу үшін әлеуметтік көмек тағайындау туралы» қаулысына өзгерістер енгізу туралы» Маңғыстау облысы әкімдігінің 2008 жылғы 27 наурыздағы № 224 қаулысының (Нормативтік құқықтық кесімдерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 2010 болып тіркелген, «Маңғыстау» газетінде 2008 жылғы 13 мамырдағы № 73 жарияланған).
      14. Осы қаулының орындалуын бақылау облыс әкімінің орынбасары Қ.Б. Жұмашевқа жүктелсін.
      15. Осы қаулы ол алғаш ресми жарияланған күннен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.

      Облыс әкімі                             Қ. Көшербаев

      «КЕЛІСІЛДІ»
      облыстық ауылшаруашылық
      басқармасының бастығы
      Т. Қалжанұлы
      04 қараша 2010 ж.

      Маңғыстау облысы білім
      басқарма бастығының уақытша
      міндетін атқарушысы
      Е. К. Өмірзақ
      04 қараша 2010 ж.

      Маңғыстау облысы денсаулық
      сақтау басқармасының бастығы
      С.Р. Мусинов
      04 қараша 2010 ж.

      Маңғыстау облысы жұмыспен
      қамтуды үйлестіру және әлеуметтік
      бағдарламалар басқармасының бастығы
      Г.М. Қалмұратова
      04 қараша 2010 ж.

      Маңғыстау облысының қаржы
      басқармасының бастығы
      М.Б. Әлібекова
      04 қараша 2010 ж.

      Маңғыстау облысының мәдениет
      басқармасының бастығы
      М.С. Ғұмарова
      04 қараша 2010 ж.

      Маңғыстау облысы туризм,
      дене шынықтыру және спорт
      басқармасының бастығы
      С.И. Пахомов
      04 қараша 2010 ж.

      Маңғыстау облысының экономика
      және бюджеттік жоспарлау
      басқармасының бастығы
      Х.Х. Нұрғалиева
      04 қараша 2010 ж.

1 – қосымша
Маңғыстау облысы әкімдігінің
2010 жылғы 04 қарашда
№ 384 қаулысымен бекітілген

Әлеуметтік көмек тағайындауға студенттерді іріктеу жөніндегі облыстық конкурстық комиссияның құрамы

      Ескерту. 1 - қосымшаға өзгерту енгізілді - Маңғыстау облысы әкімдігінің 2011.06.14 № 190 (жарияланған күннен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) Қаулысымен; 2011.09.02 № 265 (жарияланған күннен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі)Қаулысымен; 2012.08.13 № 197 (жарияланған күннен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі).

Нұрғалиева
Халила Хабижанқызы

облыс әкімінің орынбасары, комиссия төрағасы

Қалмұратова
Гүлмира Мұратқызы

Маңғыстау облысы жұмыспен қамтуды үйлестіру және әлеуметтік бағдарламалар басқармасының бастығы, төрағаның орынбасары

Нұрмамедова
Қарашаш Ішбергенқызы

Маңғыстау облысы жұмыспен қамтуды үйлестіру және әлеуметтік бағдарламалар басқарма бастығының орынбасары, хатшы

комиссия мүшелері:

Әбжаппаров
Әбдімүтәліп
Әбжаппарұлы

Маңғыстау облыстық мәслихат депутаты, Ш. Есенов атындағы Каспий мемлекеттік технологиялар және инжиниринг университетінің ректоры

Әлібекова
Марина Борисқызы

Маңғыстау облысы қаржы басқармасының бастығы

Ғұмарова
Майра Смайылқызы

Маңғыстау облысы мәдениет басқармасының бастығы

Қалжанұлы Түменбай

Облыстық ауыл шаруашылығы басқармасының бастығы

Жұмашев
Қаныбек
Бекболатұлы

«Нұр Отан» Халықтық Демократиялық партиясы» қоғамдық бірлестігінің Маңғыстау облыстық филиалы төрағасының бірінші орынбасары, (келісім бойынша)»

Илмұханбетова
Шолпан
Лазарқызы

Маңғыстау облысы экономика және бюджеттік жоспарлау басқармасының бастығы

Бектубаев
Руслан Фаризунұлы

Маңғыстау облысы денсаулық сақтау басқармасының бастығы, Комиссия мүшесі

Жұмашева Динара Нагимуллақызы

Маңғыстау облысы білім басқармасының бастығы, Комиссия мүшесі

Пахомов
Сергей Иванович

Маңғыстау облысы туризм, дене шынықтыру және спорт басқармасының бастығы


2 – қосымша
Маңғыстау облысы әкімдігінің
2010 жылғы 04 қараша
№ 384 қаулысымен бекітілген
 

Әлеуметтiк көмек тағайындау үшiн студенттердi iрiктеу жөнiндегi облыстық конкурстық комиссия туралы Ереже 1. Жалпы ережелер

      1. Осы Ереже әлеуметтiк көмек тағайындау үшiн Студенттерді iрiкту жөніндегі облыстық конкурстық комиссияның (бұдан әрi - Комиссия) қызмет тәртiбiн белгiлейдi.
      2. Комиссия өз қызметiн Қазақстан Республикасының заңнамасына және Қазақстан Республикасының басқа да нормативтiк-құқықтық актiлерiне, сондай - ақ осы Ережеге сәйкес жүзеге асыратын тұрақты жұмыс iстейтiн орган болып табылады.
      3. Комиссияның жұмыс органы Маңғыстау облысының жұмыспен қамтуды үйлестiру және әлеуметтiк бағдарламалар басқармасы болып табылады.
      4. Комиссияның дербес құрамын облыс әкiмдiгi бекiтедi.

2. Комиссияның негiзгi мiндеттерi мен функциялары

      5. Комиссияның мiндеттерi:
      әлеуметтiк тұрғыдан халықтың осал тобына жататын облыстың жастарын қолдау;
      ауылдық елдi мекенде орналасқан мемлекеттік бiлiм, денсаулық сақтау, агроөнеркәсіптік кешені, әлеуметтік қорғау, мәдениет, дене шынықтыру және спорт мекемелері мен қазынашылық кәсіпорындарын қамтамасыз ету үшін білікті мамандар даярлауға Маңғыстау облысы әкімдігінің грантын орналастыру.
      6. Комиссияның функциялары:
      1) ауылдық жерлердегі кадр қажеттілігін ескере отырып біліктілік сипаттамаларын бағалау критерийлеріне сәйкес келетін Студенттер қатарынан конкурстық iрiктеу жүргізу;
      2) халықтың әлеуметтiк тұрғыдан осал төмендегі топтарына жататын студенттерге Әлеуметтік көмек тағайындау туралы шешім қабылдау:
      бала жасынан мүгедектер, мүгедектер, мүмкіндігі шектеулі адамдар;
      тұлдыр жетiмдер, сонымен бірге ата - анасының бiрiнiң қамқорлығынсыз қалғандар;
      Маңғыстау облыстық балалар үйiнiң, Маңғыстау облыстық балалар аулының бұрынғы тәрбиеленушілері;
      3) ата - аналары және/немесе отбасы төмендегі әлеуметтік топтарға жататын студенттерге Әлеуметтік көмек тағайындау туралы шешім қабылдау:
      ата - анасының екеуі де зейнеткер болып табылатын;
      ата - анасының екеуі немесе біреуі мүгедек болып табылатын;
      ата - анасының екеуі немесе біреуі мемлекеттiк бiлiм, денсаулық сақтау, агроөнеркәсіптік кешені, әлеуметтiк қорғау, мәдениет және спорт мекемелері мен/немесе кәсiпорындарында жұмыс жасайтындар;
      төрт және одан көп кәмелетке толмаған балалары бар көп балалы отбасылар. Отбасының жоғары, техникалық және кәсіптік білім ұйымдарының күндізгі оқу түрі бойынша оқитын кәмелеттік жасқа толған балалары балалар санына ескеріледі;
      оралмандардың отбасылары;
      4) Әлеуметтік көмек – облыс әкімінің грантын алушылар тізімін қалыптастыру:
      5) жас мамандарды, жастарды, халықтың әлеуметтік тұрғыдан осал топтарын әлеуметтік қолдау жүйесін одан әрі жетілдіру жөнінде ұсыныстар енгізеді.

3. Комиссияның отырыстарын өткiзу тәртiбi

      7. Комиссия отырыстары ашық түрде өткізіледі. Комиссия отырсына жұртшылық, бұқаралық акпарат құралдары, жергілікті атқарушы органдар өкілдері шақырылуы мүмкін.
      8. Комиссия төрағасы:
      Комиссияны басқарады, Комиссия қызметіне дербес жауапкершілікте болады;
      Комиссия отырысын өткiзеді және онда қабылдаған құжаттарға қол қояды;
      Комиссия қызметіне байланысты басқа да функцияларды орындайды.
      9. Комиссия төрағасы болмаған жағдайда, оның міндеттері Комиссия төрағасының орынбасарына жүктеледі.
      10. Комиссия отырыстары қажеттілігіне қарай өткізіледі. Комиссия отырысының өткізілетін күнін Комиссия төрағасы белгілейді.
      11. Комиссия мүшелерiнiң кемiнде жартысы отырысқа қатысқан жағдайда, Комиссия шешiм қабылдауға құқылы. Комиссия хатшысының дауыс беруге құқығы жоқ.
      12. Комиссия мүшелерiнiң үштен екiсi дауыс берген жағдайда, шешiм қабылданған болып саналады. Дауыстар тең болған жағдайда, төрағаның дауысы шешушi болып табылады.
      13. Комиссия отырысында хаттама жүргізіледі. Комиссия шешiмi Комиссияның хатшысы жүргiзетiн хаттамамен ресiмделедi. Хаттамаға Комиссия мүшелерi қол қояды.
      14. Комиссия мүшелерi Маңғыстау облысының жұмыспен қамтуды үйлестіру және әлеуметтік бағдарламалар басқармасы әзірлеген қорытындыны зерттейді және конкурстық іріктеуді жүзеге асырады, Әлеуметтік көмек тағайындау туралы шешім қабылдайды.
      15. Комиссия мүшелерi қабылданған шешiмге дербес жауапкершілікте болады.
      16. Комиссия мүшелерiнің ерекше пікір білдіруге құқығы бар, ол білдірген жағдайда, жазбаша түрде мазмұндалуы және хаттамаға қоса берілуі тиіс.

О назначении социальной помощи студентам, обучающимся по востребованным в регионе специальностям

Постановление акимата Мангистауской области от 04 ноября 2010 года № 384. Зарегистрировано Департаментом юстиции Мангистауской области 03 декабря 2010 года № 2089. Утратило силу постановлением акимата Мангистауской области от 16 сентября 2014 года № 224

      Сноска. Утратило силу постановлением акимата Мангистауской области от 16 сентября 2014 года № 224

       В соответствии с подпунктом 17) пункта 1 статьи 27 Закона Республики Казахстан от 23 января 2001 года «О местном государственном управлении и самоуправлении в Республике Казахстан», в целях обеспечения государственных учреждений, государственных казенных предприятий образования, здравоохранения, агропромышленного комплекса, социальной защиты, культуры и спорта, расположенных в сельской местности квалифицированными специалистами акимат области ПОСТАНОВЛЯЕТ:
      1. Установить социальную помощь студентам, обучающимся по востребованным в регионе специальностям (далее – Студенты) для оплаты образовательных услуг для получения академической степени бакалавра в учебных заведениях Республики Казахстан (далее – Социальная помощь).
      2. Установить, что Социальная помощь назначается молодежи Мангистауской области, обучающейся по очной форме.
      3. Установить, что решение о назначении Социальной помощи принимается на основании критериев оценки квалификационных характеристик Студентов.
      4. Критериями оценки квалификационных характеристик являются социальный статус, наличие спроса на специальность, по которой осуществляется обучение, выражение готовности по завершению обучения и получения степени бакалавра отработать не менее 3 (трех) лет по полученной специальности в организациях, расположенных в сельской местности.
      5. Установить, что решение о назначении Социальной помощи принимается областной конкурсной комиссией по отбору Студентов на назначение Социальной помощи (далее – Комиссия) на основании заключения Управления координации занятости и социальных программ Мангистауской области.
      6. Определить Комиссию уполномоченным органом акимата Мангистауской области по принятию решения о назначении Студентам Социальной помощи.
      7. Утвердить состав Комиссии согласно приложению 1.
      8. Утвердить Положение о Комиссии согласно приложению 2.
      9. Определить Управление координации занятости и социальных программ Мангистауской области уполномоченным органом акимата Мангистауской области:
      1) по утверждению перечня документов Студентов для назначения Социальной помощи;
      2) по проведению экспертизы документов, представленных Студентами на соответствие требованиям конкурсного отбора;
      3) по подготовке заключения на основании критериев оценки квалификационных характеристик;
      4) по подготовке заседаний Комиссии, формированию повестки, уведомлению членов Комиссии о дате и времени заседания;
      5) по уведомлению Студентов о принятом Комиссией решений о назначении Социальной помощи, об отказе с изложением оснований отказа;
      6) на основании решения Комиссии о назначении Студенту Социальной помощи по подписанию договора, предусматривающего взаимные обязательства сторон.
      10. Акимам городов и районов определить уполномоченный орган по формированию личных дел Студентов.
      11. Определить, что Социальная помощь состоит из ежегодных платежей в пределах стоимости образовательных услуг, предоставляемых учебным заведением, а также ежемесячных социальных выплат, частично покрывающих затраты на питание и проживание.
      12. Установить, что Социальная помощь перечисляется районными и городскими отделами занятости и социальных программ Студентам на лицевые счета в банках второго уровня.
      13. Признать утратившими силу:
      1) постановление акимата Мангистауской области от 6 августа 2007 года № 272 «О назначении социальной помощи выпускникам организаций образования для оплаты за обучение в высших учебных заведениях Республики Казахстан» (зарегистрировано в Реестре государственной регистрации нормативных правовых актов № 1976, опубликовано в газете «Огни Мангистау» от 30 октября 2007 года № 186);
      2) постановление акимата Мангистауской области от 27 марта 2008 года № 224 «О внесении изменений в постановление акимата Мангистауской области от 6 августа 2007 года № 272 «О назначении социальной помощи выпускникам организаций образования для оплаты за обучение в высших учебных заведениях Республики Казахстан» (зарегистрировано в Реестре государственной регистрации нормативных правовых актов № 2010,
      опубликовано в газете «Огни Мангистау» от 13 мая 2008 года № 75).
      14. Контроль за исполнением настоящего постановления возложить на заместителя акима области Жумашева К.Б.
      15. Настоящее постановление вводится в действие по истечении десяти календарных дней после дня его первого официального опубликования.

      Аким области                                  К. Кушербаев

      «СОГЛАСОВАНО»
      начальник областного управления
      сельского хозяйства
      _____________ Калжанов Т.
      «___»_____________2010 г.

      временно исполняющий обязанности
      начальника управления образования
      Мангистауской области
      _____________ Омирзак Е.К.
      «___»_____________2010 г.

      начальник управления здравоохранения
      Мангистауской области
      _____________ Мусинов С.Р.
      «___»_____________2010 г.

      начальник управления координации
      занятости и социальных программ
      Мангистауской области
      _____________ Калмуратова Г.М.
      «___»_____________2010 г.

      начальник управления финансов
      Мангистауской области
      _____________ Альбекова М.Б.
      «___»_____________2010 г.

      начальник управления культуры
      Мангистауской области
      _____________ Гумарова М.С.
      «___»_____________2010 г.

      начальник управления туризма,
      физической культуры и спорта
      Мангистауской области
      _____________ Пахомов С.И.
      «___»_____________2010 г.

      начальник управления экономики и
      бюджетного планирования
      Мангистауской области
      _____________ Нургалиева Х.Х.
      «___»_____________2010 г.

Приложение 1
утверждено постановлением акимата
Мангистауской области
от 04 ноября 2010 года № 384

Состав областной конкурсной комиссии по отбору
студентов на назначение Социальной помощи

      Сноска. Приложение 1 с изменениями, внесенными постановлениями акимата Мангистауской области от 14.06.2011 № 190 (вводится в действие по истечении десяти календарных дней после дня его первого официального опубликования); от 02.09.2011 № 265 (вводится в действие по истечении десяти календарных дней после дня его первого официального опубликования); от 13.08.2012 № 197 (вводится в действие по истечении десяти календарных дней после дня его первого официального опубликования).

Нургалиева
Халила Хабижановна

заместитель акима области, председатель комиссии

Калмуратова
Гульмира Муратовна

начальник управления координации занятости и социальных программ Мангистауской области, заместитель председателя комиссии

Нурмамедова
Карашаш Ишбергеновна

заместитель начальника управления координации занятости и социальных программ Мангистауской области, секретарь комиссии

Члены комиссии:

Абжаппаров
Абдумуталип Абжаппарович

депутат Мангистауского областного маслихата, ректор Каспийского государственного университета технологии и инжиниринга имени Ш. Есенова

Альбекова
Марина Борисовна

начальник управления финансов Мангистауской области

Гумарова
Майра Смаиловна

начальник управления культуры Мангистауской области

Калжанулы Туменбай

начальник областного управления сельского хозяйства

Жумашев
Каныбек
Бекболатович

первый заместитель председателя Мангистауского областного филиала общественного объединения «Народно-Демократическая партия «Нур Отан» (по согласованию)»

Ильмуханбетова
Шолпан
Лазаревна

начальник управления экономики и бюджетного планирования Мангистауской области

Бектубаева
Руслана Фаризуновича

начальника управления здравоохранения Мангистауской области, членом Комиссии

Жумашеву
Динару Нагимуллаевну

начальника управления образования
Мангистауской области, членом
Комиссии

Пахомов
Сергей Иванович

начальник управления туризма, физической культуры и спорта Мангистауской области


Приложение 2
утверждено постановлением акимата
Мангистауской области
от 04 ноября 2010 года № 384

Положение об областной конкурсной комиссии по отбору
студентов на назначение Социальной помощи 1. Общие положения

      1. Настоящее Положение определяет порядок деятельности областной конкурсной комиссии по отбору Студентов на назначение социальной помощи (далее - Комиссия).
      2. Комиссия является постоянно действующим органом, осуществляющим свою деятельность в соответствии с законодательством Республики Казахстан и другими нормативными правовыми актами Республики Казахстан, а также настоящим Положением.
      3. Рабочим органом Комиссии является управление координации занятости и социальных программ Мангистауской области.
      4. Персональный состав Комиссии утверждается акиматом области.

2. Основные задачи и функции Комиссии

      5. Задачи Комиссии:
      поддержка молодежи области, относящейся к социально-уязвимым слоям населения;
      размещение грантов акимата Мангистауской области для подготовки квалифицированных специалистов для обеспечения государственных учреждений и государственных казенных предприятий образования, здравоохранения, агропромышленного комплекса, социальной защиты, культуры и спорта, расположенных в сельской местности.
      6. Функции Комиссии:
      1) проведение конкурсного отбора из числа Студентов соответствующих критериям оценки квалификационных характеристик каждого Кандидата с учетом потребности в кадрах в сельской местности;
      2) принятие решения о назначении Социальной помощи Студентам, относящимся к следующим социально-уязвимым слоям населения:
      инвалиды с детства, инвалиды, лица с ограниченными возможностями;
      круглые сироты, а также лица, оставшиеся без попечения одного из родителей;
      бывшие воспитанники Мангистауского областного детского дома, Мангистауской областной детской деревни.
      3) принятие решения о назначении Социальной помощи Студентам, родители и/или семьи которых относятся к следующим социальным группам:
      оба родителя, которых являются пенсионерами;
      оба или один из родителей которых являются инвалидами;
      оба или один из родителей, которых работают в государственных учреждениях и/или предприятиях образования, здравоохранения, агропромышленного комплекса, социальной защиты, культуры и спорта;
      многодетные семьи, имеющие четырех и более несовершеннолетних детей. Совершеннолетние дети, обучающиеся по очной форме обучения в учебных заведениях высшего, технического и профессионального образования, учитываются в численности детей;
      семьи оралманов;
      4) формирование списка получателей Социальной помощи – гранта акимата области;
      5) вносит предложения по дальнейшему совершенствованию системы социальной поддержки молодых кадров, молодежи, социально-уязвимых слоев населения.

3. Порядок проведения заседаний Комиссии

      7. Заседания Комиссии проводятся открыто. На заседание Комиссии могут быть приглашены представители общественности, средств массовой информации, местных исполнительных органов.
      8. Председатель Комиссии:
      возглавляет комиссию, несет персональную ответственность за деятельность Комиссии;
      проводит заседания Комиссии и подписывает принятые на них документы;
      выполняет другие функции, связанные с деятельностью комиссии.
      9. В отсутствие председателя комиссии его обязанности возлагаются на заместителя председателя Комиссии.
      10. Заседания Комиссии проводятся по мере необходимости. Дата проведения заседания определяется председателем Комиссии.
      11. Комиссия провочна принимать решения при условии присутствия на ее заседании более половины членов комиссии. Секретарь Комиссии не имеет права голоса.
      12. Решение считается принятым, если за него проголосовало не менее двух третей членов Комиссии. В случае равенства голосов голос председателя считается решающим.
      13. На заседании комиссии ведется протокол. Решения оформляются протоколом, который ведется секретарем Комиссия. Протокол подписывается членами Комиссии.
      14. Члены Комиссии изучают заключение управления координации занятости и социальных программ Мангистауской области и осуществляют конкурсный отбор, принимают решение о назначении Социальной помощи.
      15. Члены Комиссии несут персональную ответственность при принятии решений.
      16. Члены Комиссии имеют право на особое мнение, которое в случае его выражения должно быть изложено в письменном виде и приложению к протоколу.