"Өңірде қажет мамандықтар бойынша білім алушы студенттерге әлеуметтік көмек тағайындау туралы" Маңғыстау облысы әкімдігінің 2010 жылға 4 қарашадағы № 384 қаулысына өзгерістер енгізу туралы

Күшін жойған

Маңғыстау облысы әкімдігінің 2011 жылғы 14 маусымдағы № 190 шешімі. Маңғыстау облысы Әділет департаментінде 2011 жылғы 12 шілдеде № 2101 тіркелді. Күші жойылды - Маңғыстау облысы әкімдігінің 2014 жылғы 16 қыркүйектегі № 224 қаулысы.

      Күші жойылды - Маңғыстау облысы әкімдігінің 2014 жылғы 16 қыркүйектегі № 224 қаулысы.

       «Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару және өзін - өзі басқару туралы» Қазақстан Республикасының 2001 жылғы 23 қаңтардағы Заңына сәйкес және кадрлық өзгерістерге байланысты, облыс әкімдігі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:
      1. «Өңірде қажет мамандықтар бойынша білім алушы студенттерге әлеуметтік көмек тағайындау туралы» Маңғыстау облысы әкімдігінің 2010 жылғы 4 қарашадағы № 384 қаулысына (Нормативтік құқықтық кесімдерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 2089 болып тіркелген, «Маңғыстау» газетінде 2010 жылғы 21 желтоқсанда № 210 (7853) жарияланған) мынадай өзгерістер енгізілсін:
      көрсетілген қаулының 4 - тармағы мынадай редакцияда жазылсын:
      «4. Студенттің әлеуметтiк мәртебесі, оқу жүзеге асырылатын мамандыққа деген қажеттілік, оқуды аяқтап, бакалавр академиялық дәрежесін алғаннан кейін мамандығы бойынша ауылдық жерде кемінде 3 (үш) жыл жұмыс істеуге дайындығын білдіруі біліктілік сипаттамаларын бағалау критерийлері болып табылады.»;
      көрсетілген қаулының 1 - қосымшасында:
      Әлеуметтік көмек тағайындауға студенттерді іріктеу жөніндегі облыстық конкурстық комиссияның (бұдан әрі – Комиссия) құрамына:

Бектубаев
Руслан Фаризунұлы

Маңғыстау облысы денсаулық сақтау басқармасының бастығы, Комиссия мүшесі

Қасымбеков
Ермек Қасымбекұлы

Маңғыстау облысы білім басқармасының бастығы, Комиссия мүшесі

болып енгізілсін;
      Комиссия құрамынан С.Р. Мусинов, Е.К.Өмірзақ шығарылсын.
      2. Осы қаулының орындалуын бақылау облыс әкімінің орынбасары Қ. Б. Жұмашевқа жүктелсін.
      3. Осы қаулы ол алғаш ресми жарияланғаннан кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.
 

      Облыс әкімі                             Қ. Көшербаев
 

      «КЕЛІСІЛДІ»
      Маңғыстау облысы білім
      басқармасының бастығы
      Е.Қ.Қасымбеков
      14 маусым 2011 ж.

      Маңғыстау облысы денсаулық
      сақтау басқармасының бастығы
      Р.Ф.Бектубаев
      14 маусым 2011 ж.

      Маңғыстау облысы жұмыспен
      қамтуды үйлестіру және әлеуметтік
      бағдарламалар басқармасы
      бастығының міндетін атқарушы
      Б.А.Жылқыбаева
      14 маусым 2011 ж.

Егер Сіз беттен қате тапсаңыз, тінтуірмен сөзді немесе фразаны белгілеңіз және Ctrl+Enter пернелер тіркесін басыңыз

 

бет бойынша іздеу

Іздеу үшін жолды енгізіңіз

Кеңес: браузерде бет бойынша енгізілген іздеу бар, ол жылдамырақ жұмыс істейді. Көбінесе, ctrl-F пернелері қолданылады