Күші жойылды - Маңғыстау облысы әкімдігінің 2014 жылғы 16 қыркүйектегі № 224 қаулысы.
«Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару және өзін-өзі басқару туралы» Қазақстан Республикасының 2001 жылғы 23 қаңтардағы Заңына сәйкес және кадрлық өзгерістерге байланысты, облыс әкімдігі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:
1. «Өңірде қажет мамандықтар бойынша білім алушы студенттерге әлеуметтік көмек тағайындау туралы» Маңғыстау облысы әкімдігінің 2010 жылғы 4 қарашадағы № 384 қаулысына (Нормативтік құқықтық кесімдерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 2089 болып тіркелген, «Маңғыстау» газетінде 2010 жылғы 21 желтоқсанда № 210 (7853) жарияланған) мынадай өзгерістер енгізілсін:
көрсетілген қаулының 1-қосымшасында:
Әлеуметтік көмек тағайындауға студенттерді іріктеу жөніндегі облыстық конкурстық комиссияның (бұдан әрі – Комиссия) құрамына:
Илмұханбетова Шолпан Лазарқызы |
Маңғыстау облысының экономика және бюджеттік жоспарлау басқармасының бастығы, Комиссия мүшесі |
болып енгізілсін;
мына жолдар:
«Жұмашев Қаныбек Бекболатұлы |
облыс әкімінің орынбасары, комиссия төрағасы |
Нұрғалиева Халила Хабижанқызы |
Маңғыстау облысы экономика және бюджеттік жоспарлау басқармасының бастығы» |
мынадай редакцияда жазылсын:
«Нұрғалиева Халила Хабижанқызы |
облыс әкімінің орынбасары, комиссия төрағасы |
Жұмашев Қаныбек Бекболатұлы |
«Нұр Отан» Халықтық Демократиялық партиясы» қоғамдық бірлестігінің Маңғыстау облыстық филиалы төрағасының бірінші орынбасары, Комиссия мүшесі (келісім бойынша)»; |
Комиссия құрамынан Ж.А. Қараев шығарылсын.
2. Осы қаулының орындалуын бақылау облыс әкімінің орынбасары Х.Х. Нұрғалиеваға жүктелсін.
3. Осы қаулы әділет органдарында мемлекеттік тіркелген күнінен бастап күшіне енеді және ол алғаш ресми жарияланғаннан кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.
Облыс әкімі Б. Мұхамеджанов
«КЕЛІСІЛДІ»
Маңғыстау облысы жұмыспен
қамтуды үйлестіру және әлеуметтік
бағдарламалар басқармасының бастығы
Г.М. Қалмұратова
13 тамыз 2012 ж.
Маңғыстау облысының экономика
және бюджеттік жоспарлау
басқармасының бастығы
Ш.Л. Илмұханбетова
13 тамыз 2012 ж.