Қазақстан Республикасының 2001 жылғы 23 қаңтардағы "Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару және өзін-өзі басқару туралы" Заңының 31-бабы, Қазақстан Республикасының 2005 жылғы 8 шілдедегі "Әскери міндеттілік және әскери қызмет туралы" Заңының 19–бабы, Қазақстан Республикасы Президентінің 2010 жылғы 29 наурыздағы № 960 "Белгіленген әскери қызмет мерзімін өткерген мерзімді әскери қызметтегі әскери қызметшілерді запасқа шығару және Қазақстан Республикасының азаматтарын 2010 жылдың сәуір-маусымында және қазан-желтоқсанында кезекті мерзімді әскери қызметке шақыру туралы" Жарлығы, Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2010 жылғы 15 сәуірдегі № 313 "Қазақстан Республикасы Президентінің 2010 жылғы 29 наурыздағы № 960 "Белгіленген әскери қызмет мерзімін өткерген мерзімді әскери қызметтегі әскери қызметшілерді запасқа шығару және Қазақстан Республикасының азаматтарын 2010 жылдың сәуір-маусымында және қазан-желтоқсанында кезекті мерзімді әскери қызметке шақыру туралы" Жарлығын іске асыру туралы қаулысы және Қостанай облысы әкімдігінің 2010 жылғы 15 сәуірдегі № 130 "Қазақстан Республикасының Қарулы Күштеріне, басқа әскерлеріне және әскери құрылымдарына азаматтарды 2010 жылғы сәуір-маусымында және қазан-желтоқсанында мерзімді әскери қызметке кезекті шақыруды жүргізуді ұйымдастыру және қамтамасыз ету туралы", Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізіліміндегі нөмірі 3714 қаулысына сәйкес Рудный қаласының әкімдігі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:
1. "Қостанай облысы Рудный қаласының Қорғаныс істері жөніндегі бөлімі" мемлекеттік мекемесіне (келісім бойынша) шақыру комиссиясының жұмысын ұйымдастыру және шақыруды кейінге қалдыруға немесе шақырудан босатылуға құқығы жоқ он сегізден жиырма жеті жасқа дейінгі еркек жынысты азаматтарды, сондай-ақ оқу орындарынан шығарылған, жиырма жеті жасқа толмаған және шақыру бойынша әскери қызметтің белгіленген мерзімін өткермеген азаматтарды 2010 жылдың сәуір-маусымында және қазан-желтоқсанында кезекті шақыруды жүргізуді қамтамасыз ету ұсынылсын.
2. Қостанай облысы әкімдігі денсаулық сақтау басқармасының "Рудный қалалық психиатриялық ауруханасы" мемлекеттік мекемесіне (келісім бойынша), Қостанай облысы әкімдігі денсаулық сақтау басқармасының "Рудный қалалық емханасы" мемлекеттік коммуналдық қазыналық кәсіпорнына (келісім бойынша), Қостанай облысы әкімдігі денсаулық сақтау басқармасының "Рудный қалалық тері-венерологиялық диспансері" мемлекеттік коммуналдық қазыналық кәсіпорнына (келісім бойынша), Қостанай облысы әкімдігі денсаулық сақтау басқармасының "Рудный қалалық ауруханасы" мемлекеттік коммуналдық қазыналық кәсіпорнына (келісім бойынша), Қостанай облысы әкімдігі денсаулық сақтау басқармасының "Рудный туберкулезге қарсы диспансері" мемлекеттік мекемесіне (келісім бойынша) қосымша тексеруге жіберілген әскерге шақырылушыларды тексеру бойынша жұмысты ұйымдастыру ұсынылсын.
3. "Қазақстан Республикасы Ішкі істер министрлігі Қостанай облысы ішкі істер департаментінің Рудный қалалық ішкі істер басқармасы" мемлекеттік мекемесіне (келісім бойынша) өз құзыреті шегінде әскери міндетін орындаудан жалтарып жүрген тұлғаларды іздестіруді және ұстауды жүзеге асыру ұсынылсын.
4. Қашар және Горняцк поселкелерінің әкімдері шақыру комиссиясы медициналық тексеру үшін жіберген әскерге шақырылушыларды хабарлауды ұйымдастырсын.
5. "Рудный қалалық мәдениет және тіл дамыту бөлімі" мемлекеттік мекемесі әскери қызметтен өту үшін жіберілетін әскерге шақырылушыларды салтанатты түрде шығарып салу жөніндегі іс-шараларды ұйымдастырсын.
6. Шақыруды хабарлау, өткізу, әскерге шақырылушыларды медициналық куәландыру және жеткізу жөніндегі іс-шараларды орындаумен байланысты шығыстарды қаржыландыру, сондай-ақ шаруашылық жұмыскерлердің жалақысы қалалық бюджет қаражаттары есебінен жүргізіледі.
7. Осы қаулының орындалуын бақылау Рудный қаласы әкімінің орынбасары А.А. Ишмұхамбетовке жүктелсін.
8. Осы қаулы оны алғаш ресми жарияланған күннен кейін он күнтізбелік күн өткен соң қолданысқа енгізіледі және 2010 жылғы сәуірден бастап туындаған қатынастарға таратылады.
Рудный қаласының әкімі Н. Денинг
КЕЛІСІЛДІ
Қостанай облысы әкімдігі денсаулық
сақтау басқармасының "Рудный қалалық
психиатриялық ауруханасы" мемлекеттік
мекемесінің бас дәрігері
________________ Н. Губенко
Қостанай облысы әкімдігі денсаулық
сақтау басқармасының "Рудный
туберкулезге қарсы диспансері"
мемлекеттік мекемесінің бас дәрігері
___________________ Қ. Міржақыпов
"Қазақстан Республикасы Ішкі істер
министрлігі Қостанай облысы Ішкі істер
департаментінің Рудный қалалық ішкі істер
басқармасы" мемлекеттік мекемесінің бастығы
________________ Қ. Сатыбалдин
"Қостанай облысы Рудный қаласының
Қорғаныс істері жөніндегі бөлімі"
мемлекеттік мекемесінің бастығы
________________ Ғ. Шалтықов
Қостанай облысы әкімдігі денсаулық
сақтау басқармасының "Рудный қалалық
ауруханасы" мемлекеттік коммуналдық
қазыналық кәсіпорнының бас дәрігері
__________________ Т. Қайкенов
Қостанай облысы әкімдігі денсаулық
сақтау басқармасының "Рудный қалалық
тері-венерологиялық диспансері"
мемлекеттік коммуналдық қазыналық
кәсіпорны бас дәрігерінің міндетін атқарушы
_________________ Н. Валяева
Қостанай облысы әкімдігі денсаулық
сақтау басқармасының "Рудный қалалық
емханасы" мемлекеттік коммуналдық
қазыналық кәсіпорнының бас дәрігері
______________________ П. Саенко