Қазақстан Республикасының Қарулы Күштеріне, басқа әскерлеріне және әскери құрылымдарына азаматтарды 2010 жылдың сәуір-маусымында, қазан-желтоқсанында мерзімді әскери қызметке кезекті шақыруды жүргізуді ұйымдастыру және қамтамасыз ету туралы

Күшін жойған

Қостанай облысы әкімдігінің 2010 жылғы 15 сәуірдегі № 130 қаулысы. Қостанай облысының Әділет департаментінде 2010 жылғы 22 сәуірде № 3714 тіркелді. Күші жойылды - Қолданыстағы мерзімінің тоқтатылуымен байланысты Қостанай облысы әкімі аппараты басшысының 2011 жылғы 23 маусымдағы № 08-10/1744 хатымен

      Ескерту. Күші жойылды - Қолданыстағы мерзімінің тоқтатылуымен байланысты Қостанай облысы әкімі аппараты басшысының 2011.06.23 № 08-10/1744 хатымен.

      "Әскери міндеттілік және әскери қызмет туралы" 2005 жылғы 8 шілдедегі Қазақстан Республикасының Заңына, "Белгіленген әскери қызмет мерзімін өткерген мерзімді әскери қызметтегі әскери қызметшілерді запасқа шығару және Қазақстан Республикасының азаматтарын 2010 жылдың сәуір-маусымында және қазан-желтоқсанында кезекті мерзімді әскери қызметке шақыру туралы" Қазақстан Республикасы Президентінің 2010 жылғы 29 наурыздағы № 960 Жарлығын іске асыру туралы" Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2010 жылғы 15 сәуірдегі № 313 қаулысына сәйкес Қостанай облысының әкімдігі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:
      1. Қоса беріліп отырған облыстық шақыру комиссиясының құрамы бекітілсін.
      2. Қалалар мен аудандардың әкімдіктері:
      1) қалалық және аудандық шақыру және медициналық комиссиялардың жұмысын қамтамасыз етсін, қорғаныс істері жөніндегі бөлімдерге (басқармаға) қажетті мөлшерде медициналық мамандар мен техникалық жұмыскерлерді бөлсін;
      2) алыс жерлерде тұратын азаматтарды медициналық және шақыру комиссиясынан өту және оларды әскери қызметті өткеру үшін жіберілуіне жеткізілуін қамтамасыз етсін;
      3) әскери қызметті өткеру үшін жіберілген шақырылғандарды салтанатты шығарып салу жөніндегі іс-шараларды ұйымдастырсын;
      4) шақыру пункттерін жабдықтап, оларды дәрі-дәрмектермен, аспаптармен, медициналық және шаруашылық мүліктермен, автомобиль көлігімен, сондай-ақ байланыс құралдарымен қамтамасыз етсін;
      5) хабарлау, шақыруды жүргізу, медициналық куәландыру және шақырушыларды аудандық, қалалық шақыру пункттеріне, облыстық жиналу пунктіне медициналық комиссияға жеткізу және әскерге жіберу жөніндегі іс-шараларды орындауға байланысты шығыстарды аудандық және қалалық бюджет есебінен қарастырылған қаржы шегінде жүргізсін, сонымен қатар көрсетілген іс-шараларды уақытылы қаржыландыруды жүзеге асырсын;
      6) шақыру учаскелеріне және облыстық жиналу пунктіне жұмыс істеу үшін жіберілген шақыру комиссиялары мүшелерінің, медициналық, техникалық жұмыскерлердің және қызмет көрсететін тұлғалардың, яғни осы азаматтарды жіберіп отырған ұйымдарда олардың жалақысы, жұмыс орны және атқаратын лауазымы сақталатынын назарға алсын;
      7) қорғаныс істері жөніндегі бөлімдерге (басқармаға) жабдықталған шақыру пункттерін бөлу жөнінде шаралар қабылдасын.
      3. "Қостанай облысы әкімдігінің денсаулық сақтау басқармасы" мемлекеттік мекемесі облыстық, қалалық және аудандық медициналық комиссияларды қажетті мөлшердегі дәрігер мамандармен, медициналық аспаптармен және мүліктермен, оның ішінде флюорографиялық пленкамен және химиялық реактивтермен толықтыру жөніндегі жұмыстарды ұйымдастырсын.
      4. "Қазақстан темір жолы" ұлттық компаниясы" акционерлік қоғамының Қостанай жол бөлімшесі филиалы (келісім бойынша) "Қостанай облысының қорғаныс істері жөніндегі департаменті" мемлекеттік мекемесінің (келісім бойынша) өтінімі бойынша шақырушыларды қызмет орнына жөнелту үшін жолаушылар поезынан қажетті орын санын бөлуді ұсынамыз.
      5. "Қостанай облысының қорғаныс істері жөніндегі департаменті" мемлекеттік мекемесі (келісім бойынша) "Мемлекеттік сатып алу туралы" Қазақстан Республикасының 2007 жылғы 21 шілдедегі Заңына сәйкес облыстық жиналу пунктінде азық-түлік сату және ыстық тамақ беруді ұйымдастыруды ұсынамыз.
      6. "Қазақстан Республикасының Ішкі істер министрлігі Қостанай облысының ішкі істер департаменті" мемлекеттік мекемесіне (келісім бойынша) шақыруды өткізу және командаларды жөнелту кезеңінде:
      1) әскери міндетті орындаудан бас тартқан тұлғаларды іздестіру және ұстауды өзінің құзыреті шегінде жүзеге асыру;
      2) облыстық жиналу пунктінде, қалалық және аудандық шақыру пункттерінде шақырушылар арасында қоғамдық тәртіпті сақтауға қолдау көрсету жөніндегі жұмыстарды ұйымдастыру;
      3) шақырушыларды жөнелту және қайту кезінде облыстық жиналу пунктінде және темір жол вокзалында қоғамдық тәртіпті сақтауды қамтамасыз ету ұсынылсын.
      7. Орындалған жұмыс туралы ақпарат облыс әкімінің аппаратына 2010 жылғы 10 шілдеге және 2011 жылғы 10 қаңтарға дейін берілсін.
      8. Осы қаулының орындалуын бақылау облыс әкімінің орынбасары С.Ш. Бектұрғановқа жүктелсін.
      9. Осы қаулы алғаш рет ресми жарияланған күннен кейін он күнтізбелік күн өткен соң қолданысқа енгізіледі және 2010 жылғы сәуірден бастап туындаған іс-әрекеттерге таратылады.

      Қостанай облысының әкімі                   С. Кулагин
 

Әкімдіктің         
2010 жылғы 15 сәуірдегі  
№ 130 қаулысымен бекітілген 

Облыстық шақыру комиссиясының құрамы

Негізгі құрам:

Шоқпаров Марат
Мәдиханұлы

-

"Қостанай облысының қорғаныс
істері жөніндегі
департаменті" мемлекеттік
мекемесінің бастығы,
комиссия төрағасы (келісім
бойынша)

Бисимбаев Жаңабай
Жолтайұлы

-

"Қостанай облысы әкімінің
аппараты" мемлекеттік
мекемесі әлеуметтік - саясат
бөлімінің меңгерушісі,
комиссия төрағасының
орынбасары

Комиссия мүшелері:

Дүйсенов Сәлім
Айтбайұлы

-

"Қостанай облысының қорғаныс
істері жөніндегі
департаменті" мемлекеттік
мекемесі бастығының
көмекшісі - дәрігер,
медициналық комиссияның
төрағасы (келісім бойынша)

Жұмабаев Саиын
Көшерұлы

-

"Қазақстан Республикасының
Ішкі істер министрлігі
Қостанай облысының ішкі істер
департаменті" мемлекеттік
мекемесі бастығының
орынбасары (келісім бойынша)

Маевская Татьяна
Геннадьевна

-

Қостанай облысы әкімдігінің
денсаулық сақтау басқармасы
"Қостанай облыстық
ауруханасы" мемлекеттік
коммуналдық қазыналық
кәсіпорнының медбикесі,
комиссия хатшысы (келісім
бойынша)

Резервтік құрам:

Травин Игорь
Геннадьевич

-

"Қостанай облысының қорғаныс
істері жөніндегі
департаменті" мемлекеттік
мекемесі бастығының
орынбасары, пункт (жиналу)
бастығы, төраға (келісім
бойынша)

Шрамко Сергей
Иванович

-

"Қостанай облысы әкімдігінің
жұмылдыру дайындығы,
азаматтық қорғаныс, авариялар
мен дүлей апаттардың алдын
алуды және жоюды ұйымдастыру
басқармасы" мемлекеттік
мекемесі жұмылдыру даярлығы
бөлімінің бастығы

Комиссия мүшелері:

Бауэр Эммануил
Иванович

-

Қостанай облысы әкімдігі
денсаулық сақтау
басқармасының "Қостанай
облыстық ауруханасы"
мемлекеттік коммуналдық
қазыналық кәсіпорнының хирург
- дәрігері, медициналық
комиссияның төрағасы (келісім
бойынша)

Тұрыбаев Мұрат
Бисембайұлы

-

"Қазақстан Республикасының
Ішкі істер министрлігі
Қостанай облысының ішкі істер
департаменті" мемлекеттік
мекемесі штаб бөлімінің
бастығы (келісім бойынша)

Тобағабұлова Гүлсім
Серікқызы

-

"Қостанай облысының қорғаныс
істері жөніндегі
департаменті" мемлекеттік
мекемесінің әскерден тыс
дайындау бөлімшесі бастығының
көмекшісі (келісім бойынша)

Егер Сіз беттен қате тапсаңыз, тінтуірмен сөзді немесе фразаны белгілеңіз және Ctrl+Enter пернелер тіркесін басыңыз

 

бет бойынша іздеу

Іздеу үшін жолды енгізіңіз

Кеңес: браузерде бет бойынша енгізілген іздеу бар, ол жылдамырақ жұмыс істейді. Көбінесе, ctrl-F пернелері қолданылады