Ескерту. Күші жойылды - Қостанай облысы Лисаков қаласы мәслихатының 04.01.2013 № 86 шешімімен.
"Салық және бюджетке төленетін басқа да міндетті төлемдер туралы" Қазақстан Республикасының кодексін (Салық кодексі) қолданысқа енгізу туралы" Қазақстан Республикасының 2008 жылғы 10 желтоқсандағы Заңының 36-бабына сәйкес Лисаков қалалық мәслихаты ШЕШТІ:
1. Мәслихаттың "Біржолғы талондардың құнын белгілеу туралы" 2009 жылғы 5 мамырдағы № 202 шешіміне (нормативтік құқықтық актілердің мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 9-4-144 болып тіркелген, 2009 жылғы 4 маусымда "Лисаковская новь" газетінде жарияланған) мынадай өзгерістер енгізілсін:
1-тармақта "жеке тұлғалар" деген сөздер "Қазақстан Республикасының азаматтары мен оралмандар" деген сөздермен ауыстырылсын;
2-тармақта "жеке тұлғалар" деген сөздер "Қазақстан Республикасының азаматтары мен оралмандар" деген сөздермен ауыстырылсын;
көрсетілген шешімнің 1-қосымшасы осы шешімнің қосымшасына сәйкес жаңа редакцияда жазылсын.
2. Осы шешім оны алғаш рет ресми жарияланған күнінен кейін он күнтізбелік күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.
Кезектен тыс сессияның
төрайымы, қалалық
мәслихатының хатшысы Т. Кривошея
КЕЛІСІЛДІ
"Лисаков қаласы бойынша
салық басқармасы"
мемлекеттік мекемесінің
бастығы
_____________ М.Уржанов
Мәслихаттың
2010 жылғы 22 қыркүйектегі
№ 369 шешіміне қосымша
Мәслихаттың
2009 жылғы 5 мамырдағы
№ 202 шешіміне 1-қосымша
Базарлардың аумағындағы дүңгіршектердегі, стационарлық
үй-жайлардағы (оқшауланған блоктардағы) сауданы
қоспағанда, Лисаков қаласының базарларында тауарлар
өткізу жөніндегі қызметтерді жүзеге асыратын Қазақстан
Республикасының азаматтары мен оралмандар, дара кәсіпкерлер
мен заңды тұлғалар үшін біржолғы талондардың құны
№ |
Базардың атауы, |
Қызметтің түрі |
Объектінің |
Біржолғы |
1 |
2 |
3 |
4 |
5 |
1. |
Екінші шағын |
Азық-түлік |
Бір сауда |
140 |
2. |
Екінші шағын |
Азық-түлік емес |
Бір сауда |
110 |
3. |
Бірінші шағын |
Шаруашылық |
Бір сауда |
25 |
4. |
Бесінші шағын |
Азық-түлік және |
Бір сауда |
25 |
5. |
Алтыншы шағын |
Азық-түлік |
Бір сауда |
140 |
6. |
Алтыншы шағын |
Азық-түлік емес |
Бір сауда |
110 |