Біржолғы талондардың құнын белгілеу туралы

Күшін жойған

Қостанай облысы Лисаков қаласы мәслихатының 2009 жылғы 5 мамырдағы № 202 шешімі. Қостанай облысы Лисаков қаласының Әділет басқармасында 2009 жылғы 1 маусымда № 9-4-144 тіркелді. Күші жойылды - Қостанай облысы Лисаков қаласы мәслихатының 2013 жылғы 4 қаңтардағы № 86 шешімімен

      Ескерту. Күші жойылды - Қостанай облысы Лисаков қаласы мәслихатының 04.01.2013 № 86 шешімімен.

      "Салық және бюджетке төленетін басқа да міндетті төлемдер туралы" Қазақстан Республикасының кодексін (Салық кодексі) қолданысқа енгізу туралы" Қазақстан Республикасының 2008 жылғы 10 желтоқсандағы Заңының 36-бабына сәйкес Лисаков қалалық мәслихаты ШЕШТІ:
      1. Базарлардың аумағындағы дүңгіршектердегі, стационарлық үй-жайлардағы (оқшауланған блоктардағы) сауданы қоспағанда, Лисаков қаласының базарларында тауарлар өткізу жөніндегі қызметтерді жүзеге асыратын жеке тұлғалар, дара кәсіпкерлер мен заңды тұлғалар үшін біржолғы талондардың құны осы шешімнің 1-қосымшасына сәйкес белгіленсін.
      Ескерту. 1-тармаққа өзгерту енгізілді - Қостанай облысы Лисаков қаласы мәслихатының 2010.09.22 № 369 (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін он күнтізбелік күн өткен соң қолданысқа енеді) шешімімен.
      2. Қызметі дүркін-дүркін сипатта болып, қызметтің мынадай түрлерін жүзеге асыратын жеке тұлғалар үшін біржолғы талондардың құны белгіленсін:
      сату (стационарлық үй-жайда жүзеге асырылатын қызметтерді қоспағандарда):
      тұқым, сондай-ақ, отырғызылатын материал (екпелер, көшет) – 50 теңге;
      қосалқы ауыл шаруашылығы, бағбандық, бақшашылық және саяжай учаскелерінің өнімдері – 25 теңге.
      Ескерту. 2-тармаққа өзгерту енгізілді - Қостанай облысы Лисаков қаласы мәслихатының 2009.07.24 № 220 (қолданысқа енгізілу тәртібін 2-тармақтан қараныз); 2009.10.02 № 241 (қолданысқа енгізілу тәртібін 2-тармақтан қараныз); 2010.09.22 № 369 (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін он күнтізбелік күн өткен соң қолданысқа енеді) шешімдерімен.
      3. Осы шешімнің 2-қосымшасына сәйкес біржолғы талондардың құнын белгілеу мәселелері бойынша мәслихаттың кейбір шешімдерінің күші жойылды деп танылсын.
      4. Осы шешім оны алғаш рет ресми жарияланған күнінен кейін он күнтізбелік күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.

      Кезектен тыс
      сессияның төрайымы,
      қалалық мәслихатының хатшысы               Т. Кривошея

      КЕЛІСІЛДІ

      "Лисаков қаласы
      бойынша салық басқармасы"
      мемлекеттік мекемесінің бастығы             М. Ұржанов

Мәслихаттың        
2009 жылғы 5 мамырдағы  
№ 202 шешіміне 1-қосымша 

Базарлардың аумағындағы дүңгіршектердегі, стационарлық
үй-жайлардағы (оқшауланған блоктардағы) сауданы
қоспағанда, Лисаков қаласының базарларында тауарлар
өткізу жөніндегі қызметтерді жүзеге асыратын Қазақстан
Республикасының азаматтары мен оралмандар, дара кәсіпкерлер
мен заңды тұлғалар үшін біржолғы талондардың құны

      Ескерту. 1-қосымша жаңа редакцияда - Қостанай облысы Лисаков қаласы мәслихатының 2010.09.22 № 369 (алғашқы рет ресми жарияланған күнінен кейін он күнтізбелік күн өткен соң қолданысқа енеді) шешімімен.

Базардың атауы,
орналасқан жері

Қызметтің түрі

Объектінің
алаңы

Біржолғы
талонның
құны
(теңге)

1

2

3

4

5

1.

Екінші шағын
ауданындағы 2
санатты "Довлан"
базары

Азық-түлік
тауарларын сату

Бір сауда
орны

140

2.

Екінші шағын
ауданындағы 2
санатты "Довлан"
базары

Азық-түлік емес
тауарларын сату

Бір сауда
орны

110

3.

Бірінші шағын
ауданындағы 3
санатты
азық-түлік емес
шағын базары

Шаруашылық
тауарларын,
автомобилдік
қосалқы
бөлшектерін
сату

Бір сауда
орны

25

4.

Бесінші шағын
ауданындағы 3
санатты әмбебап
шағын базары

Азық-түлік және
азық-түлік емес
тауарларын сату

Бір сауда
орны

25

5.

Алтыншы шағын
ауданындағы 3
санатты "Сауда
үйі" әмбебап
базары

Азық-түлік
тауарларын сату

Бір сауда
орны

140

6.

Алтыншы шағын
ауданындағы 3
санатты "Сауда
үйі" әмбебап
базары

Азық-түлік емес
тауарларын сату

Бір сауда
орны

110

Мәслихаттың        
2009 жылғы 5 мамырдағы  
№ 202 шешіміне 2-қосымша 

Біржолғы талондардың құнын белгілеу
мәселелері бойынша мәслихаттың кейбір күші
жойылған шешімдерінің тізбесі

      1. "Лисаков қаласының базарларындағы сатушылар үшін біржолғы талондардың құнын бекіту туралы" (нормативтік құқықтық актілерінің мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 1217 болып тіркелген, 2002 жылғы 22 ақпанда № 8 "Лисаковская новь" газетінде жарияланған) 2002 жылғы 7 қаңтардағы № 180 мәслихаттың шешімі.
      2. "Лисаков қаласының базарларындағы сатушылар үшін біржолғы талондардың құнын бекіту туралы" 2002 жылғы 7 қаңтардағы № 180 шешіміне толықтырулар енгізу туралы" (нормативтік құқықтық актілерінің мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 1560 болып тіркелген, 2002 жылғы 14 маусымда № 24 "Лисаковская новь" газетінде жарияланған) 2002 жылғы 23 мамырдағы № 212 мәслихаттың шешімі.
      3. "4 шағын аудандағы шағын базарда сатушылар үшін біржолғы талондардың құнын бекіту туралы" (нормативтік құқықтық актілерінің мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 1789 болып тіркелген, 2002 жылғы 17 қазанда № 42 "Лисаковская новь" газетінде жарияланған) 2002 жылғы 20 қыркүйектегі № 232 мәслихаттың шешімі.
      4. "Лисаков қаласының базарларындағы сатушылар үшін біржолғы талондардың құнын бекіту туралы" 2002 жылғы 7 қаңтардағы № 180 шешіміне өзгерістер енгізу туралы (мемлекеттік тіркеу нөмірі 1217)" (нормативтік құқықтық актілерінің мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 2196 болып тіркелген, 2003 жылғы 15 мамырда № 20 "Лисаковская новь" газетінде жарияланған) 2003 жылғы 16 сәуірдегі № 261 мәслихаттың шешімі.
      5. "Үшінші шағын аудандағы шағын-базарда сатушылар үшін біржолғы талондардың құнын белгілеу туралы" (нормативтік құқықтық актілерінің мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 9-4-20 болып тіркелген, 2005 жылғы 18 тамызда № 33 "Лисаковская новь" газетінде жарияланған) 2005 жылғы 11 шілдедегі № 169 мәслихаттың шешімі.

Егер Сіз беттен қате тапсаңыз, тінтуірмен сөзді немесе фразаны белгілеңіз және Ctrl+Enter пернелер тіркесін басыңыз

 

бет бойынша іздеу

Іздеу үшін жолды енгізіңіз

Кеңес: браузерде бет бойынша енгізілген іздеу бар, ол жылдамырақ жұмыс істейді. Көбінесе, ctrl-F пернелері қолданылады