"Әскери мiндеттiлiк және әскери қызмет туралы" 2005 жылғы 8 шілдедегі Қазақстан Республикасының Заңына, "Белгiленген әскери қызмет мерзiмiн өткерген мерзiмдi әскери қызметтегi әскери қызметшiлердi запасқа шығару және Қазақстан Республикасының азаматтарын 2010 жылдың сәуiр-маусымында және қазан-желтоқсанында кезектi мерзiмдi әскери қызметке шақыру туралы" Қазақстан Республикасы Президентiнiң 2010 жылғы 29 наурыздағы № 960 Жарлығына, "Белгіленген әскери қызмет мерзімін өткерген мерзімді әскери қызметтегі әскери қызметшілерді запасқа шығару және Қазақстан Республикасының азаматтарын 2010 жылдың сәуір-маусымында және қазан-желтоқсанында кезекті мерзімді әскери қызметке шақыру туралы" Қазақстан Республикасы Президентінің 2010 жылғы 29 наурыздағы № 960 Жарлығын іске асыру туралы" Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2010 жылғы 15 сәуірдегі № 313 қаулысына сәйкес және Қостанай облысы әкiмдігінiң 2010 жылғы 15 сәуiрдегi № 130 "Қазақстан Республикасының Қарулы Күштерiне, басқа әскерлерiне және әскери құрылымдарына азаматтарды 2010 жылдың сәуір-маусымында, қазан-желтоқсанында мерзімді әскери қызметке кезекті шақыруды жүргізуді ұйымдастыру және қамтамасыз ету туралы" (2010 жылғы 22 сәуірдегі нормативтік–құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде нөмірі 3714 болып тіркелді) қаулысы негізінде Алтынсарин ауданының әкiмдігі ҚАУЛЫ ЕТЕДI:
1. Он сегіз жастан жиырма жеті жасқа дейінгі ер жынысты азаматтарын, шақырудан кейінге қалдырылу құқығынан айырылған немесе шақырудан босатылған, сондай-ақ оқу орындарынан шығарылған, жиырма жеті жасқа толмаған және шақыру бойынша белгіленген әскери қызметті өтемеген азаматтардың мерзімді әскери қызметке шақырылуы 2010 жылдың сәуір – маусымында және қазан–желтоқсанында ұйымдастырылсын және өткізілуі қамтамасыз етілсін.
2. Мерзімді әскери қызметке 2010 жылы шақыруды жүргізу кестесі қосымшаға сәйкес бекітілсін.
3. Селолық округтер мен селолардың әкімдері шақыруды өткізу кезеңінде шақырылушыларды "Қостанай облысы әкімдігінің денсаулық сақтау басқармасының Алтынсарин аудандық орталық ауруханасы" мемлекеттік коммуналдық қазыналық кәсіпорнына шақыру учаскесіне хабардар етуді және уақытылы келуді ұйымдастырсын және қамтамасыз етсін.
4. "Қазақстан Республикасы ішкі істер министрлігі Қостанай облысы ішкі істер департаментінің Алтынсарин ауданының ішкі істер бөлімі" мемлекеттік мекемесіне (келісім бойынша) шақыруды жүргізу кезеңінде медициналық және шақыру комиссиясынан өту кезеңінде шақырылушылар арасында қоғамдық тәртіпті қолдау үшін полиция нарядын бөлу ұсынылсын.
5. "Алтынсарин ауданы әкімінің аппараты" мемлекеттік мекемесі Қазақстан Республикасының Қарулы Қүштеріне, басқа әскерлеріне және әскери құрылымдарына азаматтарды мерзімді әскери қызметке 2010 жылдың сәуір – маусымында және қазан – желтоқсанында азаматтарды кезекті шақыруды жүргізуді ұйымдастыру және өткізу бойынша іс-шараларды 2010 жылға арналған көзделген қаражаттар шегінде қаржыландыруды қамтамасыз етсін.
6. Осы қаулының орындалуын бақылау аудан әкімі бірінші орынбасарының міндетін атқарушы А.А. Кенжеғаринге жүктелсін.
7. Осы қаулы алғаш рет ресми жарияланған күннен он күнтізбелік күн өткен соң кейін қолданысқа енгізіледі және 2010 жылғы сәуірден бастап туындаған іс-әрекеттерге таратылады.
Алтынсарин ауданының
әкімі А. Бондаренко
КЕЛІСІЛДІ
"Қостанай облысы Қостанай ауданының
қорғаныс істері жөніндегі
біріктірілген бөлімі"
мемлекеттік мекемесінің бастығы
_________________Д. Айсин
"Қазақстан Республикасы ішкі істер
министрлігіҚостанай облысы ішкі
істер департаментінің
Алтынсарин ауданының ішкі істер бөлімі"
мемлекеттік мекемесінің бастығы
________________Б. Шубаев
Әкімдіктің
2010 жылғы 28 сәуір
№ 137 қаулысымен
бекітілген
2010 жылға арналған азаматтарды мерзімді әскери
қызметке шақыруды жүргізу
КЕСТЕСІ
№ |
Селолық |
Барлығы |
Негізгі күндер |
Резевтік |
||||||
сәуір |
маусым |
маусым |
маусым |
|||||||
12 |
13 |
7 |
8 |
14 |
15 |
14 |
15 |
|||
1 |
Большечураков |
21 |
21 |
|||||||
2 |
Димитров |
17 |
17 |
|||||||
3 |
Докучаев |
19 |
19 |
|||||||
4 |
Красный Кордон |
8 |
8 |
|||||||
5 |
Лермонтов |
9 |
9 |
|||||||
6 |
Маяковский |
6 |
6 |
|||||||
7 |
Новоалексеев |
7 |
7 |
|||||||
8 |
Приозерный |
7 |
7 |
|||||||
9 |
Свердловка |
8 |
8 |
|||||||
10 |
Силантьев |
32 |
32 |
|||||||
11 |
Обаған селосы |
9 |
9 |
|||||||
12 |
Щербаков |
21 |
21 |
|||||||
Барлығы |
164 |
50 |
49 |
48 |
17 |
кестенің жалғасы:
Барлығы |
Негізгі күндер |
Резевтік |
|||||
қазан |
қараша |
||||||
11 |
12 |
13 |
14 |
15 |
18 |
19 |
|
32 |
32 |
||||||
18 |
18 |
||||||
26 |
26 |
||||||
12 |
12 |
||||||
14 |
14 |
||||||
6 |
6 |
||||||
14 |
14 |
||||||
8 |
8 |
||||||
15 |
15 |
||||||
38 |
38 |
||||||
6 |
6 |
||||||
35 |
35 |
||||||
224 |
50 |
49 |
46 |
44 |
35 |