Ескерту. Күші жойылды - Қостанай облысы Қостанай ауданы мәслихатының 2012.12.20 № 75 шешімімен.
Қазақстан Республикасының "Нормативтік құқықтық актілер туралы" 1998 жылғы 24 наурыздағы Заңының 28-бабына, Қазақстан Республикасының "Салық және бюджетке төленетін басқа да міндетті төлемдер туралы" Қазақстан Республикасының кодексін (Салық кодексі) қолданысқа енгізу туралы" 2008 жылғы 10 желтоқсандағы Заңының 36-бабына, Қостанай ауданы бойынша салық басқармасының 2010 жылғы 9 қыркүйектегі № 39-08-ОАНП/4261 хатына сәйкес Қостанай аудандық мәслихаты ШЕШТІ:
1. Мәслихаттың "Бір жолғы талондардың құнын белгілеу туралы" 2009 жылғы 21 сәуірдегі № 182 (нормативтік құқықтық актілердің мемлекеттік тіркеу Тізілімінде 9-14-108 нөмірімен тіркелген, 2009 жылғы 5 маусымдағы аудандық "Көзқарас-Взгляд" газетінде жарияланды) шешіміне келесі өзгерістер енгізілсін:
осы шешімнің 1, 2-тармақтарындағы және қосымшаларындағы "жеке тұлғалар" сөздері "Қазақстан Республикасының азаматтары, оралмандар" сөздерімен ауыстырылсын.
2. Осы шешім алғаш рет ресми жарияланған күннен кейін он күнтізбелік күн өткеннен кейін қолданысқа енгізіледі.
Қостанай аудандық
мәслихатының кезектен
тыс сессиясының төрағасы С. Есментаев
Қостанай аудандық
мәслихатының хатшысы А. Досжанов
КЕЛІСІЛДІ:
"Қазақстан Республикасы
қаржы Министрлігінің салық
комитеті Қостанай облысы
бойынша салық Департаментінің
Қостанай ауданы бойынша салық
басқармасы" мемлекеттік
мекемесінің бастығы
_______________ Б. Сулейменов
2010 жылғы 22 қазанда
Қостанай ауданы әкімдігінің
"Қаржы бөлімі" мемлекеттік
мекемесінің бастығы
________________ В. Осадчая
2010 жылғы 22 қазанда