"Нормативтік құқықтық актілер туралы" Қазақстан Республикасының 1998 жылғы 24 наурыздағы Заңының 28 бабына, "Әскери мiндеттiлiк және әскери қызмет туралы" 2005 жылғы 8 шілдедегі Қазақстан Республикасының Заңына сәйкес, Ұзынкөл ауданының әкімдігі ҚАУЛЫ ЕТЕДI:
1. "Қазақстан Республикасының Қарулы Күштеріне, басқа әскерлеріне және әскери құрылымдарына азаматтарды 2010 жылдың сәуір–маусымында, қазан – желтоқсанында мерзімді әскери қызметке кезекті шақыру жүргізуді ұйымдастыру және қамтамасыз ету туралы" әкімдіктің 2010 жылғы 26 сәуірдегі № 153 қаулысына (нормативтік құқықтық кесімдердің мемлекеттік тіркеу Тізілімінде № 9-19-132 тіркелген, 2010 жылғы 3 маусымында "Нұрлы жол" газетінде жарияланған) мынадай өзгерістер енгізілсін:
3 тармақ жаңа редакцияда жазылсын:
"Ұзынкөл ауданының селолық округтер, Ұзынкөл, Троебрат, Ряжский селоларының әкімдері шақыру комиссиясының отырысына әскерге шақырылушылардың келуін қамтамасыз етсін";
жоғары көрсетілген қаулының қосымшасы осы қаулының қосымшасына сәйкес жаңа редакцияда жазылсын.
2. Осы қаулы алғаш рет ресми жарияланған күннен кейін он күнтізбелік күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.
Ұзынкөл ауданы әкiмiнің
міндетін атқарушы Н. Болатов
КЕЛIСIЛДI:
"Қазақстан Республикасы
ішкі істер Министірлігі
Қостанай облысының ішкі
істер Департаменті
Ұзынкөл ауданының ішкі
істер бөлімі" мемлекеттік
мекемесінің бастығы
______________ А. Елисеев
2010 жылғы 17 қыркүйекте
"Ұзынкөл ауданының Қорғаныс
iстерi жөнiндегi бөлiмі"
мемлекеттiк мекемесiнің
бастығы
_____________ О. Уразалиев
2010 жылғы 17 қыркүйекте
"Ұзынкөл аудандық орталық
ауруханасы" мемлекеттiк
коммуналдық қазыналық
кәсiпорнының бас дәрiгері
______________ Қ. Ержанов
2010 жылғы 17 қыркүйекте
Ұзынкөл ауданы әкiмдiгiнiң
2010 жылғы 17 қыркүйекте
№ 298 қаулысымен бекiтiлген
Аудандық шақыру комиссиясының құрамы
Уразалиев Омарғали |
"Ұзынкөл ауданының қорғаныс |
Абиджанов Азамат |
"Ұзынкөл ауданы әкiмiнiң аппараты" мемлекеттiк |
Комиссия мүшелерi: | |
---|---|
Нұрмағамбетов Қанат |
"Қазақстан Республикасы ішкі |
Чиканаев Құдайберген |
"Ұзынкөл аудандық орталық |
Каплун Наталья |
"Ұзынкөл аудандық орталық ауруханасы" мемлекеттiк |