Қазақстан Республикасының Қарулы Күштеріне, басқа әскерлеріне және әскери құрылымдарына азаматтарды 2010 жылдың сәуір-маусымында, қазан-желтоқсанында мерзімді әскери қызметке кезекті шақыру жүргізуді ұйымдастыру және қамтамасыз ету туралы

Жаңартылған

Қостанай облысы Ұзынкөл ауданы әкімдігінің 2010 жылғы 26 сәуірдегі № 153 қаулысы. Қостанай облысы Ұзынкөл ауданының Әділет басқармасында 2010 жылғы 21 мамырда № 9-19-132 тіркелді

      "Әскери мiндеттiлiк және әскери қызмет туралы" 2005 жылғы 8 маусымдағы Қазақстан Республикасының Заңына, "Белгіленген әскери қызмет мерзімін өткерген мерзімді әскери қызметтегі әскери қызметшілерді запасқа шығару және Қазақстан Республикасының азаматтарын 2010 жылдың сәуір-маусымында және қазан-желтоқсанында кезекті мерзімді әскери қызметке шақыру туралы" Қазақстан Республикасы Президенттің 2010 жылғы 29 наурыздағы № 960 Жарлығын іске асыру туралы" Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2010 жылғы 15 сәуірдегі № 313 қаулысына сәйкес және нормативтік құқықтық актілердің мемлекеттік тіркеу Тізілімінде № 3714 болып тіркелген "Қазақстан Республикасының Қарулы Күштеріне, басқа әскерлеріне және әскери құрылымдарына азаматтарды 2010 жылдың сәуір–маусымында, қазан–желтоқсанында мерзімді әскери қызметке кезекті шақыруды жүргізуді ұйымдастыру және қамтамасыз ету туралы" Қостанай облысы әкімдігінің 2010 жылғы 15 сәуірдегі № 130 қаулысын іске асыру мақсатында, Ұзынкөл ауданының әкімдігі ҚАУЛЫ ЕТЕДI:
      1. Шақыруды кейінге қалдыруға немесе шақырудан босатылуға құқығы жоқ он сегізден жиырма жеті жасқа дейінгі ер азаматтар, сондай-ақ оқу орындарынан шығарылған, жиырма жеті жасқа толмаған және шақыру бойынша әскери қызметтің белгіленген мерзімін өткермеген азаматтардың Қазақстан Республикасының Қарулы Күштеріне, басқа әскерлеріне және әскери құрылымдарына мерзімді әскери қызметке кезекті шақырылуы жөніндегі іс-шаралар 2010 жылдың сәуір–маусымында, қазан–желтоқсанында ұйымдастырылсын.
      2. Қосымшаға сәйкес аудандық шақыру комиссиясының құрамы бекітілсін.
      3. Ұзынкөл ауданының селолық округтер, Ұзынкөл, Троебрат, Ряжский селоларының әкімдері шақыру комиссиясының отырысына әскерге шақырылушылардың келуін қамтамасыз етсін.
      Ескерту. 3-тармақ жаңа редакцияда - Қостанай облысы Ұзынкөл ауданы әкімдігінің 2010.09.17 № 298 (алғашқы ресми жарияланған күннен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енеді) қаулысымен.
      4. "Қазақстан Республикасы ішкі істер Министірлігі Қостанай облысының ішкі істер Департаменті Ұзынкөл ауданының ішкі істер бөлімі" мемлекеттік мекемесіне (келiсiм бойынша) ұсынылсын:
      1) Қазақстан Республикасының Қарулы Күштерi қатарына шақыруды жүргiзу мен шақырылушыларды жөнелту кезiнде шақыру пунктiнде қоғамдық тәртiптi қамтамасыз ету жөнiндегi жұмысты ұйымдастыру;
      2) "Ұзынкөл ауданының қорғаныс iстерi жөнiндегi бөлiмi" мемлекеттiк мекемесiне азаматтарды шақыруды өткiзуге және шақырылғандардың арасынан белгіленген әскери есептiң ережелерiн бұзғандарды анықтауға қажеттi көмек көрсету;
      3) әскери мiндетiн орындаудан жалтарып жүрген тұлғаларды іздестіруді және ұстауды жүргізу;
      5. "Ұзынкөл ауданының қаржы бөлiмi" мемлекеттiк мекемесiне шақыруды ұйымдастыру және жүргiзу және әскерге жiберу жөнiндегi iс-шараларды қаржыландыруды "Ұзынкөл ауданының қорғаныс iстерi жөніндегі бөлiмi" мемлекеттiк мекемесiнiң қаржыландыру жоспарында қарастырылған қаражат есебiнен 122-005-000 "Жалпыға бiрдей әскери мiндеттi атқару шеңберiндегi iс-шаралар" бағдарламасы бойынша жүзеге асыру ұсынылсын.
      6. Осы қаулының орындалуын бақылау аудан әкiмiнiң орынбасары М.В. Слесарьға жүктелсiн.
      7. Осы қаулы алғаш рет ресми жарияланған күннен кейін он күнтізбелік күн өткен соң қолданысқа енгізіледі және 2010 жылдың 1 қаңтардан туындаған іс–қимылдарға таратылады.

      Ұзынкөл
      ауданының әкiмi                            А. Сейфуллин

      КЕЛIСIЛДI:

      "Қазақстан Республикасы ішкі
      істер Министірлігі Қостанай
      облысының ішкі істер
      Департаменті Ұзынкөл ауданының
      ішкі істер бөлімі" мемлекеттік
      мекемесінің бастығы
      __________________ А. Елисеев

      "Ұзынкөл ауданының Қорғаныс
      iстерi жөнiндегi бөлiмі"
      мемлекеттiк мекемесiнің бастығы
      __________________ О. Уразалиев

      "Ұзынкөл аудандық орталық
      ауруханасы" мемлекеттiк
      коммуналдық қазыналық
      кәсiпорнының бас дәрiгері
      ______________ Қ. Ержанов

Ұзынкөл ауданы әкiмдiгiнiң
2010 жылғы 26 сәуірдегі 
№ 153 қаулысымен бекiтiлген

Аудандық шақыру комиссиясының құрамы

      Ескерту. Қосымша жаңа редакцияда - Қостанай облысы Ұзынкөл ауданы әкімдігінің 2010.09.17 № 298 (алғашқы ресми жарияланған күннен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енеді) қаулысымен.

Уразалиев Омарғали
Орымбайұлы

"Ұзынкөл ауданының қорғаныс
iстерi жөнiндегi бөлiм"
мемлекеттiк мекемесi, бастық,
комиссия төрағасы (келісім
бойынша)

Абиджанов Азамат
Нағашыбайұлы

"Ұзынкөл ауданы әкiмiнiң аппараты" мемлекеттiк
мекемесi, жалпы бөлiм бастығы,
комиссия төрағасының орынбасары

Комиссия мүшелерi:

Нұрмағамбетов Қанат
Абрайұлы

"Қазақстан Республикасы ішкі
істер Министірлігі Қостанай
облысының ішкі істер
Департаменті Ұзынкөл ауданының
ішкі істер бөлімі" мемлекеттік
мекемесі, бастықтың орынбасары
(келісім бойынша)

Чиканаев Құдайберген
Шаймерденұлы

"Ұзынкөл аудандық орталық
ауруханасы" мемлекеттiк
коммуналдық қазыналық
кәсiпорны, хирург (келісім
бойынша)

Каплун Наталья
Дмитриевна

"Ұзынкөл аудандық орталық ауруханасы" мемлекеттiк
коммуналдық қазыналық
кәсiпорны, жасөспірімдер
кабинетінің медбикесі,
комиссия хатшысы (келісім
бойынша)

Егер Сіз беттен қате тапсаңыз, тінтуірмен сөзді немесе фразаны белгілеңіз және Ctrl+Enter пернелер тіркесін басыңыз

 

бет бойынша іздеу

Іздеу үшін жолды енгізіңіз

Кеңес: браузерде бет бойынша енгізілген іздеу бар, ол жылдамырақ жұмыс істейді. Көбінесе, ctrl-F пернелері қолданылады