"Қазақстан Республикасының Қарулы Күштеріне, басқа әскерлеріне және әскери құрылымдарына азаматтарды 2010 жылды сәуір-маусымында, қазан-желтоқсанында мерзімді әскери қызметке кезекті шақыру жүргізуді ұйымдастыру және қамтамасыз ету туралы" аудан әкімдігінің 2010 жылғы 26 сәуірдегі № 153 қаулысына өзгерістер енгізу туралы

Жаңа

Қостанай облысы Ұзынкөл ауданы әкімдігінің 2010 жылғы 17 қыркүйектегі № 298 қаулысы. Қостанай облысы Ұзынкөл ауданының Әділет басқармасында 2010 жылғы 18 қазанда № 9-19-140 тіркелді

      "Нормативтік құқықтық актілер туралы" Қазақстан Республикасының 1998 жылғы 24 наурыздағы Заңының 28 бабына, "Әскери мiндеттiлiк және әскери қызмет туралы" 2005 жылғы 8 шілдедегі Қазақстан Республикасының Заңына сәйкес, Ұзынкөл ауданының әкімдігі ҚАУЛЫ ЕТЕДI:
      1. "Қазақстан Республикасының Қарулы Күштеріне, басқа әскерлеріне және әскери құрылымдарына азаматтарды 2010 жылдың сәуір–маусымында, қазан – желтоқсанында мерзімді әскери қызметке кезекті шақыру жүргізуді ұйымдастыру және қамтамасыз ету туралы" әкімдіктің 2010 жылғы 26 сәуірдегі № 153 қаулысына (нормативтік құқықтық кесімдердің мемлекеттік тіркеу Тізілімінде № 9-19-132 тіркелген, 2010 жылғы 3 маусымында "Нұрлы жол" газетінде жарияланған) мынадай өзгерістер енгізілсін:
      3 тармақ жаңа редакцияда жазылсын:
      "Ұзынкөл ауданының селолық округтер, Ұзынкөл, Троебрат, Ряжский селоларының әкімдері шақыру комиссиясының отырысына әскерге шақырылушылардың келуін қамтамасыз етсін";
      жоғары көрсетілген қаулының қосымшасы осы қаулының қосымшасына сәйкес жаңа редакцияда жазылсын.
      2. Осы қаулы алғаш рет ресми жарияланған күннен кейін он күнтізбелік күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.

      Ұзынкөл ауданы әкiмiнің
      міндетін атқарушы                          Н. Болатов

      КЕЛIСIЛДI:

      "Қазақстан Республикасы
      ішкі істер Министірлігі
      Қостанай облысының ішкі
      істер Департаменті
      Ұзынкөл ауданының ішкі
      істер бөлімі" мемлекеттік
      мекемесінің бастығы
      ______________ А. Елисеев
      2010 жылғы 17 қыркүйекте

      "Ұзынкөл ауданының Қорғаныс
      iстерi жөнiндегi бөлiмі"
      мемлекеттiк мекемесiнің
      бастығы
      _____________ О. Уразалиев
      2010 жылғы 17 қыркүйекте

      "Ұзынкөл аудандық орталық
      ауруханасы" мемлекеттiк
      коммуналдық қазыналық
      кәсiпорнының бас дәрiгері
      ______________ Қ. Ержанов
      2010 жылғы 17 қыркүйекте

Ұзынкөл ауданы әкiмдiгiнiң 
2010 жылғы 17 қыркүйекте  
№ 298 қаулысымен бекiтiлген 

Аудандық шақыру комиссиясының құрамы
 

Уразалиев Омарғали
Орымбайұлы

"Ұзынкөл ауданының қорғаныс
iстерi жөнiндегi бөлiм"
мемлекеттiк мекемесi, бастық,
комиссия төрағасы (келісім
бойынша)

Абиджанов Азамат
Нағашыбайұлы

"Ұзынкөл ауданы әкiмiнiң аппараты" мемлекеттiк
мекемесi, жалпы бөлiм бастығы,
комиссия төрағасының орынбасары

Комиссия мүшелерi:

Нұрмағамбетов Қанат
Абрайұлы

"Қазақстан Республикасы ішкі
істер Министірлігі Қостанай
облысының ішкі істер
Департаменті Ұзынкөл ауданының
ішкі істер бөлімі" мемлекеттік
мекемесі, бастықтың орынбасары
(келісім бойынша)

Чиканаев Құдайберген
Шаймерденұлы

"Ұзынкөл аудандық орталық
ауруханасы" мемлекеттiк
коммуналдық қазыналық
кәсiпорны, хирург (келісім
бойынша)

Каплун Наталья
Дмитриевна

"Ұзынкөл аудандық орталық ауруханасы" мемлекеттiк
коммуналдық қазыналық
кәсiпорны, жасөспірімдер
кабинетінің медбикесі,
комиссия хатшысы (келісім
бойынша)

Егер Сіз беттен қате тапсаңыз, тінтуірмен сөзді немесе фразаны белгілеңіз және Ctrl+Enter пернелер тіркесін басыңыз

 

бет бойынша іздеу

Іздеу үшін жолды енгізіңіз

Кеңес: браузерде бет бойынша енгізілген іздеу бар, ол жылдамырақ жұмыс істейді. Көбінесе, ctrl-F пернелері қолданылады