Ескерту. Күші жойылды - Қостанай облысы Ұзынкөл ауданы әкімдігінің 11.05.2014 № 85 қаулысымен (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі).
Қазақстан Республикасының 2007 жылғы 15 мамырдағы Еңбек кодексінің 18 бабының 2) тармақшасына, 238 бабының 3 тармағына сәйкес, "Нормативтік құқықтық актілер туралы" Қазақстан Республикасының 1998 жылғы 24 наурыздағы Заңының 28 бабына сәйкес, Ұзынкөл ауданының әкімдігі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:
1. "Аудандық бюджет қаражаты есебінен, қалалық жағдайда қызметтің осы түрімен айналысатын азаматтық қызметшілердің жалақыларымен және ставкаларымен салыстырғанда кемінде жиырма бес процентке жоғары лауазымдық жалақылар мен тарифтік ставкаларды алуға құқығы бар, ауылдық (селолық) жерде жұмыс істейтін әлеуметтік қамсыздандыру, білім беру, мәдениет саласының азаматтық қызметшілер лауазымдарының тізбесінің анықтауы туралы" Ұзынкөл ауданы әкімдігінің 2009 жылғы 19 қаңтардағы № 19 қаулысына (мемлекеттік нормативтік құқықтық актілердің тіркеу Тізілімінде 9-19-90 болып тіркелген 2009 жылғы 12 ақпандағы "Нұрлы жол" газетінде жарияланған) келесі толықтырулар енгізілсін:
жоғарыда көрсетілген қаулының қосымшасының 3 тармағын келесі мазмұнының 14), 15), 16) тармақшаларымен толықтырылсын:
"14) хормейстер";
"15) техник-дауыс операторы";
"16) концертмейстер".
2. Осы қаулы алғаш рет ресми жарияланған күннен кейін он күнтізбелік күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.
Ұзынкөл ауданының әкімі Т.Ташмағамбетов
КЕЛІСІЛДІ:
Ұзынкөл аудандық
мәслихатының хатшысы
________ В. Вербовой
Ұзынкөл аудандық
мәслихатының IV
шақырылымның кезекті
он бесінші сессиясының
төрайымы
_________ А. Қуанышева