Аудандық бюджет қаражаты есебінен, лауазымдық айлықақылары мен тарифтік ставкалары кемінде жиырма бес пайызға жоғарылатылған, азаматтық қызметші болып табылатын және ауылдық жерде жұмыс істейтін әлеуметтік қамсыздандыру, білім беру, мәдениет және ветеринария саласындағы мамандар лауазымдарының тізбесін айқындау туралы

Күшін жойған

Қостанай облысы Ұзынкөл ауданы әкімдігінің 2014 жылғы 11 мамырдағы № 85 қаулысы. Қостанай облысының Әділет департаментінде 2014 жылғы 29 мамырда № 4774 болып тіркелді. Күші жойылды - Қостанай облысы Ұзынкөл ауданы әкімдігінің 2015 жылғы 3 наурыздағы № 72 қаулысымен

      Ескерту. Күші жойылды – Қостанай облысы Ұзынкөл ауданы әкімдігінің 03.03.2015 № 72 қаулысымен (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі).
      Қазақстан Республикасының 2007 жылғы 15 мамырдағы Еңбек Кодексінің 18–бабына, 238-бабының 3-тармағына сәйкес, Ұзынкөл ауданының әкімдігі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:
      1. Аудандық бюджет қаражаты есебінен лауазымдық айлықақылары мен тарифтік ставкалары кемінде жиырма бес пайызға жоғарылатылған белгіленетін, азаматтық қызметші болып табылатын және ауылдық жерде жұмыс істейтін әлеуметтік қамсыздандыру, білім беру, мәдениет және ветеринария саласындағы мамандар лауазымдарының тізбесін айқындау туралы, қаулының 1 қосымшасына сәйкес.
      2. Осы қаулының 2 қосымшасына сәйкес әкімдіктің кейбір қаулыларының күші жойылды деп танылсын.
      3. Осы қаулы алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.

      Ұзынкөл ауданының әкімі Т. Ташмағамбетов

  Ұзынкөл ауданының әкімдігінің
2014 жылғы 11 мамырдағы
№ 85 қосымша 1

Аудандық бюджет қаражаты есебінен, лауазымдық айлықақырары мен тарифтік
ставкалары кемінде жиырма бес пайызға жоғарылатылған, азаматтық қызметші болып
табылатын және ауылдық жерде жұмыс істейтін әлеуметтік қамсыздандыру, білім беру,
мәдениет және ветеринария саласындағы мамандар лауазымдарының тізбесі

      1. Әлеуметтік қамсыздандыру саласындағы мамандар лауазымдары:
      1) жұмыспен қамту орталығы басшысы (директор);
      2) үйде көрсетілетін әлеуметтік көмек бөлімше меңгерушісі;
      3) әлеуметтік жұмыс жөніндегі маман;
      4) әлеуметтік жұмыс жөніндегі консультант;
      5) жұмыспен қамту орталығының маманы.
      2. Білім беру саласындағы мамандар лауазымдары:
      1) барлық мамандықтағы мұғалімдер;
      2) мектеп, шығармашылық үйінің директоры;
      3) мектепке дейінгі балалар мекемесінің, мектеп жанындағы интернаттың, өмір сүру орталығының директоры (меңгерушісі);
      4) дене тәрбиесінің басшысы;
      5) алғашқы әскери даярлық басшысы;
      6) жалпы білім беретін мектептердін, мектеп – интернаттардың және басқа да бастауыш, негізгі орта, жалпы орта, қосымша білім беру ұйымдарындағы директордың оқу, оқу-өңдірістік, оқу-тәрбие, тәрбие жұмысы жөніндегі орынбасары;
      7) логопед;
      8) әлеуметтік педагог;
      9) педагог-ұйымдастырушы;
      10) қосымша білім беру педагогы;
      11) педагог- психолог;
      12) аға тәрбиеші, тәрбиеші;
      13) музыкалық жетекші;
      14) аға жетекші;
      15) дене тәрбиесі жөніндегі нұсқаушы;
      16) оқу-өндірістік (оқыту) шеберханасының меңгерушісі;
      17) зертхананың, кабинеттің меңгерушісі;
      18) еңбек жөніндегі нұсқаушы;
      19) аға әдістемеші, әдістемеші;
      20) өндірістік оқыту шебері;
      21) аға шебері;
      22) медициналық бике;
      23) кітапханашы;
      24) кітапхана меңгерушісі;
      25) алғашқы әскери даярлық жөніндегі оқытушы-ұйымдастырушысы.
      3. Мәдениет саласындағы мамандар лауазымдары:
      1) басшысы (директор) мемлекеттік мекеменің және қазыналық кәсіпорын;
      2) бөлімше басшысы;
      3) мемлекеттік мекеме және қазыналық кәсіпорын басшысының орынбасары (директор);
      4) сектор, халық ұжымының басшысы;
      5) хормейстер, концертмейстер;
      6) техник-дыбыс операторы;
      7) бас кітапханашы, кітапханашы, библиограф;
      8) мәдени ұйымдастырушы;
      9) аккомпаниатор;
      10) көркемдік жетекші;
      11) хореограф;
      12) әдістемеші,нұсқаушы.
      4. Ветеринария саласындағы мамандар лауазымдары:
      1) мал дәрігері;
      2) мал фельдшері.

  Ұзынкөл ауданының әкімдігінің
2014 жылғы 11 мамырдағы
№ 85 қосымша 2

Әкімдіктің күші жойылған кейбір қаулыларының тізбесі

      1) Ұзынкөл ауданы әкімдігінің 2009 жылғы 19 қаңтардағы № 19 "Аудандық бюджет қаражаты есебінен кемінде жиырма бес процентке жоғары лауазымдық жалақылар мен тарифтік ставкаларды алуға құқығы бар, ауылдық (селолық) жерде жұмыс істейтін әлеуметтік қамсыздандыру, білім беру, мәдениет саласының азаматтық қызметшілер лауазымдарының тізбесін анықтауы туралы" (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 9-19-90 тіркелген, 2009 жылғы 12 ақпанда "Нұрлы жол" газетінде жарияланған);
      2) Ұзынкөл ауданы әкімдігінің 2010 жылғы 22 желтоқсандағы № 365 "Аудандық бюджет қаражаты есебінен кемінде жиырма бес процентке жоғары лауазымдық жалақылар мен тарифтік ставкаларды алуға құқығы бар, ауылдық (селолық) жерде жұмыс істейтін әлеуметтік қамсыздандыру, білім беру, мәдениет саласының азаматтық қызметшілер лауазымдарының тізбесін анықтауы туралы" әкімдіктің 2009 жылғы 19 қаңтардағы № 19 қаулысына толықтыруларды енгізу туралы" (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 9-19-144 тіркелген, 2011 жылғы 10 ақпанда "Нұрлы жол" газетінде жарияланған);
      3) Ұзынкөл ауданы әкімдігінің 2013 жылғы 10 қазандағы № 244 "Әкімдіктің 2009 жылғы 19 қаңтардағы № 19 "Аудандық бюджет қаражаты есебінен кемінде жиырма бес процентке жоғары лауазымдық жалақылар мен тарифтік ставкаларды алуға құқығы бар, ауылдық (селолық) жерде жұмыс істейтін әлеуметтік қамсыздандыру, білім беру, мәдениет саласының азаматтық қызметшілер лауазымдарының тізбесін анықтауы туралы" қаулысына өзгерістер енгізу туралы" (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 4280 тіркелген, 2013 жылғы 14 қарашада "Нұрлы жол" газетінде жарияланған).

Егер Сіз беттен қате тапсаңыз, тінтуірмен сөзді немесе фразаны белгілеңіз және Ctrl+Enter пернелер тіркесін басыңыз

 

бет бойынша іздеу

Іздеу үшін жолды енгізіңіз

Кеңес: браузерде бет бойынша енгізілген іздеу бар, ол жылдамырақ жұмыс істейді. Көбінесе, ctrl-F пернелері қолданылады