Ауылдық жерде жұмыс істейтін, әлеуметтік қамсыздандыру, білім беру, мәдениет мамандары лауазымдарының тізбесін анықтау туралы

Күшін жойған

Қостанай облысы Ұзынкөл ауданы әкімдігінің 2009 жылғы 19 қаңтардағы № 19 қаулысы. Қостанай облысы Ұзынкөл ауданының Әділет басқармасында 2009 жылғы 27 қаңтарда № 9-19-90 тіркелді. Күші жойылды - Қостанай облысы Ұзынкөл ауданы әкімдігінің 2014 жылғы 11 мамырдағы № 85 қаулысымен

      Ескерту. Күші жойылды - Қостанай облысы Ұзынкөл ауданы әкімдігінің 11.05.2014 № 85 қаулысымен (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі).

      Ескерту. Тақырыбы жаңа редакцияда - Қостанай облысы Ұзынкөл ауданы әкімдігінің 10.10.2013 № 244 қаулысымен (алғашқы ресми жарияланған күнінен бастап күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі).

      Қазақстан Республикасының Еңбек кодексінің 238-бабының 3-тармағына, 18-бабының 2-тармағына сәйкес, Ұзынкөл ауданының әкімдігі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:
       1. Ауылдық жерде жұмыс істейтін, әлеуметтік қамсыздандыру, білім беру, мәдениет мамандары лауазымдарының тізбесі қосымшаға сәйкес анықталсын.
      Ескерту. 1-тармақ жаңа редакцияда - Қостанай облысы Ұзынкөл ауданы әкімдігінің 10.10.2013 № 244 қаулысымен (алғашқы ресми жарияланған күнінен бастап күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі).
       2. Ұзынкөл ауданының әкімдігінің 2008 жылғы 10 желтоқсандағы № 255 "2009 жылға арналған аудандық бюджет қаражаты есебінен кемінде жиырма бес процентке жоғары лауазымдық жалақылар мен тарифтік ставкаларды алуға құқығы бар, ауылдық (селолық) жерде жұмыс істейтін әлеуметтік қамсыздандыру, білім беру, мәдениет саласының азаматтық қызметшілер лауазымдарының тізбесін келісім туралы" қаулысының күші жойылсын.
       3. Осы қаулы алғаш рет ресми жарияланған күннен бастап он күнтізбелік күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.

      Ұзынкөл
      ауданының әкімі                            А. Сейфуллин

      КЕЛІСІЛДІ

Ұзынкөл ауданының әкімдігінің 
2009 жылғы 19 қаңтардағы   
№ 19 қаулысына         
қосымша            

Ауылдық жерде жұмыс істейтін, әлеуметтік қамсыздандыру,
білім беру, мәдениет мамандары лауазымдарының тізбесі

      Ескерту. Қосымшасының тақырыбы жаңа редакцияда - Қостанай облысы Ұзынкөл ауданы әкімдігінің 10.10.2013 № 244 қаулысымен (алғашқы ресми жарияланған күнінен бастап күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі)..

      1. Әлеуметтік қамтамасыз ету мамандарының лауазымдары:
      1) күту бойынша бөлімнің меңгерушісі;
      2) күтуші әлеуметтік жұмыскер.

      2. Білім беру мамандарының лауазымдары:
      1) барлық мамандықтағы мұғалімдері;
      2) мектеп, шығармашылық үйінің  директоры;
      3) мектепке дейінгі балалар мекемесінің , мектеп жанындағы
         интернаттың, өмір сүру орталығының директоры (меңгерушісі);
      4) дене тәрбиесінің басшысы;
      5) алғашқы әскери даярлық басшысы;
      6) оқу, оқу-өндірістік, оқу–тәрбие, тәрбие жұмысы жөніндегі,
         қосымша білім берудің басқа да ұйымдарының директордың
         орынбасары;
      7) логопед
      8) әлеуметтік педагог;
      9) педагог-ұйымдастырушы;
      10) қосымша білім беру педагогы;
      11) педагог-психолог;
      12) аға тәрбиеші, тәрбиеші;
      13) музыкалық жетекші;
      14) аға жетекші;
      15) дене тәрбиесі жөніндегі нұсқаушы;
      16) оқу-өндірістік (оқыту) шеберханасының меңгерушісі;
      17) зертхананың, кабинеттің меңгерушісі;
      18) еңбек жөніндегі нұсқаушы;
      19) аға әдістемеші, әдістемеші;
      20) өндірістік оқыту шебері;
      21) аға шебері;
      22) медициналық бике;
      23) кітапханашы;
      24) кітапхана меңгерушісі;
      25) алғашқы әскери даярлық жөніндегі оқытушы-ұйымдастырушы.

      3. Мәдениет мамандарының лауазымдары:
      1) ұйымның директоры, басшысы, бастығы;
      2) бөлімше басшысы;
      3) директордың, басшының, бастықтың орынбасары;
      4) сектордың, бөлімнің меңгерушісі;
      5) сектор, халық ұжымының басшысы;
      6) суретші-ресімдеуші, суретші-киімші;
      7) бейне-дыбыс ресімдеу маманы;
      8) кітапханашы, бас кітапханашы, библиограф;
      9) мәдени ұйымдастырушы;
      10) аккомпаниатор;
      11) басшы суретші;
      12) хореограф;
      13) әдістемеші, аға әдістемеші, жетекші әдістемеші, нұсқаушы
          әдістемеші;
      14) хормейстер;
      15) техник-дауыс операторы;
      16) концертмейстер.

Егер Сіз беттен қате тапсаңыз, тінтуірмен сөзді немесе фразаны белгілеңіз және Ctrl+Enter пернелер тіркесін басыңыз

 

бет бойынша іздеу

Іздеу үшін жолды енгізіңіз

Кеңес: браузерде бет бойынша енгізілген іздеу бар, ол жылдамырақ жұмыс істейді. Көбінесе, ctrl-F пернелері қолданылады