"Өсiмдiк шаруашылығындағы мiндеттi сақтандыру туралы" Қазақстан Республикасының 2004 жылғы 10 наурыздағы Заңының 5-бабы 3-тармағының 3) тармақшасына сәйкес, "Қазақстан Республикасындағы жергiлiктi мемлекеттiк басқару және өзін-өзі басқару туралы" Қазақстан Республикасының 2001 жылғы 23 қаңтардағы Заңының 31-бабы 3-тармағының 5) тармақшасына сәйкес Федоров ауданының әкімдігі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:
1. 2010 жылда Федоров ауданының аумағында дәнді және майлы дақылдарын егуді бастау мен аяқталуының оңтайлы мерзімдері белгіленсін:
1) дәнді дақылдар:
бидай, арпа, сұлы, тары, қарақұмық - 14 мамырдан 5 маусымға дейін;
2) майлы дақылдар:
жаздық рапс, зығыр, күнбағыс, арыш, қыша – 15 мамырдан 5 маусымға дейін;
2. Осы қаулының орындалуын бақылау аудан әкімінің орынбасары С.М. Дощановқа жүктелсін.
3. Осы қаулы алғаш ресми жарияланған күнінен кейін он күнтізбелік күн өткенінен соң қолданысқа енгізіледі.
Аудан әкімі А. Корниенко
КЕЛІСІЛДІ:
"Федоров ауданының ауыл
шаруашылығы және
ветеринария бөлімі"
мемлекеттік мекемесінің
бастығы
_________ В. Завгородний