2010 жылда міндетті сақтандыруға жататын, дәнді және майлы дақылдар бөлігінде егіс жұмыстардың басталуы мен аяқталуының оңтайлы мерзімдерін белгілеу туралы

Жаңа

Қостанай облысы Федоров ауданы әкімдігінің 2010 жылғы 23 сәуірдегі № 152 қаулысы. Қостанай облысы Федоров ауданының Әділет басқармасында 2010 жылғы 20 мамырда № 9-20-178 тіркелді

        "Өсiмдiк шаруашылығындағы мiндеттi сақтандыру туралы" Қазақстан Республикасының 2004 жылғы 10 наурыздағы Заңының 5-бабы 3-тармағының 3) тармақшасына сәйкес, "Қазақстан Республикасындағы жергiлiктi мемлекеттiк басқару және өзін-өзі басқару туралы" Қазақстан Республикасының 2001 жылғы 23 қаңтардағы Заңының 31-бабы 3-тармағының 5) тармақшасына сәйкес Федоров ауданының әкімдігі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:
      1. 2010 жылда Федоров ауданының аумағында дәнді және майлы дақылдарын егуді бастау мен аяқталуының оңтайлы мерзімдері белгіленсін:
      1) дәнді дақылдар:
      бидай, арпа, сұлы, тары, қарақұмық - 14 мамырдан 5 маусымға дейін;
      2) майлы дақылдар:
      жаздық рапс, зығыр, күнбағыс, арыш, қыша – 15 мамырдан 5 маусымға дейін;
      2. Осы қаулының орындалуын бақылау аудан әкімінің орынбасары С.М. Дощановқа жүктелсін.
      3. Осы қаулы алғаш ресми жарияланған күнінен кейін он күнтізбелік күн өткенінен соң қолданысқа енгізіледі.

      Аудан әкімі                                А. Корниенко

      КЕЛІСІЛДІ:

      "Федоров ауданының ауыл
      шаруашылығы және
      ветеринария бөлімі"
      мемлекеттік мекемесінің
      бастығы
      _________ В. Завгородний

Егер Сіз беттен қате тапсаңыз, тінтуірмен сөзді немесе фразаны белгілеңіз және Ctrl+Enter пернелер тіркесін басыңыз

 

бет бойынша іздеу

Іздеу үшін жолды енгізіңіз

Кеңес: браузерде бет бойынша енгізілген іздеу бар, ол жылдамырақ жұмыс істейді. Көбінесе, ctrl-F пернелері қолданылады