Азаматтарды 2010 жылдың сәуір - маусым және қазан - желтоқсан айларында кезекті мерзімді әскери қызметке шақыру туралы

Павлодар облыстық әкімдігінің 2010 жылғы 19 сәуірдегі N 103/7 қаулысы. Павлодар облысының Әділет департаментінде 2010 жылғы 20 сәуірде N 3162 тіркелген. Күші жойылды - Павлодар облыстық әкімдігінің 2011 жылғы 16 наурыздағы N 37/2 қаулысымен

      Ескерту. Күші жойылды - Павлодар облыстық әкімдігінің 2011.03.16 N 37/2 қаулысымен.

      Қазақстан Республикасының 2005 жылғы 8 шілдедегі "Әскери міндеттілік және әскери қызмет туралы" Заңы 19-бабының 3-тармағына, Қазақстан Республикасы Президентінің 2010 жылғы 29 наурыздағы "Белгіленген әскери қызмет мерзімін өткерген мерзімді әскери қызметтегі әскери қызметшілерді запасқа шығару және Қазақстан Республикасының азаматтарын 2010 жылдың сәуір - маусым және қазан - желтоқсанда кезекті мерзімді әскери қызметке шақыру туралы" N 960 Жарлығының 3-тармағына, Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2010 жылғы 15 сәуірдегі "Қазақстан Республикасы Президентінің 2010 жылғы 29 наурыздағы "Белгіленген әскери қызмет мерзімін өткерген мерзімді әскери қызметтегі әскери қызметшілерді запасқа шығару және Қазақстан Республикасының азаматтарын 2010 жылдың сәуір - маусым және қазан - желтоқсанда кезекті мерзімді әскери қызметке шақыру туралы" N 960 Жарлығын іске асыру туралы" N 313 қаулысына, Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2006 жылғы 30 маусымдағы "Азаматтарды әскери қызметке шақыруды ұйымдастыру және өткізу ережесін бекіту туралы" N 623 қаулысына сәйкес Павлодар облысында азаматтарды мерзімді әскери қызметке шақыруды ұйымшылдықпен өткізу мақсатында облыс әкімдігі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:
      1. Павлодар облысының азаматтарын 2010 жылдың сәуір - маусым және қазан - желтоқсан айларында мерзімді әскери қызметке шақыруды ұйымшылдықпен өткізу қамтамасыз етілсін.
      2. Облыс денсаулық сақтау басқармасы азаматтарды әскери қызметке шақыру кезінде қорғаныс істері жөніндегі басқармалар мен бөлімдердің өтінімдеріне сәйкес медициналық комиссиялардың құрамында тиісті санаттағы және әскери-дәрігерлік сараптамада тәжірибесі бар медицина қызметкерлерінің қажетті санын бөлсін.
      3. Облыс ішкі істер департаментіне (келісім бойынша):
      ішкі істер органдарында есепте тұрған және бас бостандығынан айырылмай айыпталған азаматтардың тізімдерін шақыру комиссияларына уақытында беру;
      әскерге шақырылған азаматтарды әскерге аттандыратын кезеңде облыстық жиналу пункті мен теміржол сапаржайында полиция жасақтарының  кезекшілігін ұйымдастыру ұсынылсын.
      4. Қалалар мен аудандар әкімдері:
      шақырылғандарды медициналық куәландыру және шақыру комиссияларының жұмыс істеуі үшін қорғаныс істері жөніндегі басқармалар мен бөлімдердің бастықтарына жабдықталған үй-жайлар берсін, өтінімдерге сәйкес көлікпен, сондай-ақ тиісті санаттардағы медициналық қызметкерлердің және техникалық қызметкерлердің қажетті санының жұмыс істеуін қамтамасыз етсін;
      азаматтарды әскерге шақыру және аттандыру кезінде әскерге шақыру пункттерінде жұмыс істеуге қатыстырылатын шақыру комиссиялары мүшелерінің, медициналық персонал мен техникалық қызметкерлердің жұмыс орындарының, атқаратын қызметтері мен орташа еңбекақыларының сақталуын қамтамасыз етсін;
      запасқа шығарылған әскери қызметшілерді жұмысқа орналастыруға жәрдемдессін.
      5. Облыс әкімдігінің  2009 жылғы 6 сәуірдегі "Азаматтарды 2009 жылдың сәуір - маусым және қазан - желтоқсан айларында кезекті мерзімді әскери қызметке шақыру туралы" N 94/6 қаулысының күші жойылды деп танылсын (2009 жылғы 8 сәуірдегі нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде N 3133 болып тіркелді, 2009 жылғы 14 сәуірде N 43 "Сарыарқа самалы", 2009 жылғы 14 сәуірде N 42 "Звезда Прииртышья" газеттерінде жарияланды).
      6. Осы қаулы алғаш ресми жарияланған күннен кейін 10 күнтізбелік күн өткеннен соң қолданысқа енгізіледі.
      7. Осы қаулының орындалуын бақылау облыс әкімі аппаратының басшысы М. М. Оспановқа жүктелсін.

      Облыс әкімі                                Б. Сағынтаев

      Келісілді:

      Облыс ішкі істер
      департаментінің бастығы
      2010.04.16                                 Н. Қыдырғожаев

      Облыс қорғаныс істері жөніндегі
      департаментінің бастығы
      2010.04.16                                 А. Алдажаров

Об очередном призыве граждан на срочную воинскую службу в апреле - июне и октябре - декабре 2010 года

Постановление акимата Павлодарской области от 19 апреля 2010 года N 103/7. Зарегистрировано Департаментом юстиции Павлодарской области 20 апреля 2010 года N 3162. Утратило силу постановлением акимата Павлодарской области от 16 марта 2011 года N 37/2

      Сноска. Утратило силу постановлением акимата Павлодарской области от 16.03.2011 N 37/2.

      В соответствии с пунктом 3 статьи 19 Закона Республики Казахстан от 8 июля 2005 года "О воинской обязанности и воинской службе", пунктом 3 Указа Президента Республики Казахстан от 29 марта 2010 года N 960 "Об увольнении в запас военнослужащих срочной воинской службы, выслуживших установленный срок воинской службы, и очередном призыве граждан Республики Казахстан на срочную воинскую службу в апреле - июне и октябре - декабре 2010 года", постановлением Правительства Республики Казахстан от 15 апреля 2010 года N 313 "О реализации Указа Президента Республики Казахстан от 29 марта 2010 года N 960 "Об увольнении в запас военнослужащих срочной воинской службы, выслуживших установленный срок воинской службы, и очередном призыве граждан Республики Казахстан на срочную воинскую службу в апреле - июне и октябре - декабре 2010 года", постановлением Правительства Республики Казахстан от 30 июня 2006 года N 623 "Об утверждении Правил организации и проведения призыва граждан на воинскую службу", в целях организованного проведения в Павлодарской области призыва граждан на срочную воинскую службу акимат области ПОСТАНОВЛЯЕТ:
      1. Обеспечить организованный призыв граждан Павлодарской области на срочную воинскую службу в апреле - июне и октябре - декабре 2010 года.
      2. Управлению здравоохранения области на период призыва граждан на срочную воинскую службу выделить, согласно заявкам управлений и отделов по делам обороны, для работы в составе медицинских комиссий необходимое количество медицинских работников соответствующих категорий, имеющих опыт военно-врачебной экспертизы.
      3. Рекомендовать департаменту внутренних дел области (по согласованию):
      своевременно предоставлять призывным комиссиям списки призывников, состоящих на учете в органах внутренних дел и осужденных к наказанию, не связанному с лишением свободы;
      организовать в период отправки в войска призывников дежурство нарядов полиции в областном сборном пункте и на железнодорожном вокзале.
      4. Акимам городов и районов:
      предоставить начальникам управлений и отделов по делам обороны оборудованные помещения для медицинского освидетельствования призывников и работы призывных комиссий, обеспечить, согласно заявкам, транспортом, а также необходимым количеством медицинских работников соответствующих категорий и техническими работниками;
      обеспечить членам призывных комиссий, медицинскому персоналу и техническим работникам, привлекаемым для работы в призывных пунктах на период призыва и отправки в войска призывников, сохранение мест работы, занимаемых должностей и средней заработной платы;
      оказать содействие в трудоустройстве военнослужащих, уволенных в запас.
      5. Признать утратившим силу постановление акимата Павлодарской области от 6 апреля 2009 года N 94/6 "Об очередном призыве граждан на срочную воинскую службу в апреле - июне и октябре - декабре 2009 года" (зарегистрировано в реестре государственной регистрации нормативных правовых актов за N 3133, опубликовано в газетах "Сарыарқа самалы" 14 апреля 2009 года, N 43, "Звезда Прииртышья" 14 апреля 2009 года, N 42).
      6. Настоящее постановление вводится в действие по истечении десяти календарных дней после дня его первого официального опубликования.
      7. Контроль за выполнением настоящего постановления возложить на руководителя аппарата акима области Оспанова М.М.

      Аким области                               Б. Сагинтаев

      Согласовано:

      Начальник департамента
      внутренних дел области
      16.04.2010 г.                              Н. Кыдыргожаев

      Начальник департамента
      по делам обороны области
      16.04.2010 г.                              А. Алдажаров